Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ


Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі



бет32/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
KAZ Srednyaya gruppa-1-1

Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі
(ІІІ апта)

Дене шынықтыру
1. Қимыл бағытын сақтап, саптізбекте бір бірден жүгіру. Аяғын бірге, аяғын алшақ қойып ырғақты секіріп, басынан асыра қол шапалақтау. Допты екпінмен итеру және доп қимылының бағытын сақтау.
2. Баяу қарқынмен жүру және жүгіру. Допты екпінмен итеру және доп қимылының бағытын сақтау. Секіруде аяқты қою күйін біртіндеп ауыстыру.
3. Аяқтың ұшымен белгі бойынша жүру, жүгіру. Секіруде аяқты қою күйін біртіндеп ауыстыру. Арқанның астынан оған басын тигізіп алмай төрт тағандап еңбектеу.



Сөйлеуді дамыту
Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті дыбысталуын бекіту.


Көркем әдебиет
Кейіпкерлерге жанашырлық таныта білу біліктерін, баяндау ерекшелігін байқауды жетілдіру. Шығарма мен өлеңді ажырата білуді үйрету.


Драма
Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау дағдыларын қалыптастыру.



ҚМҰҚ
Тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, күндер: бүгін, кеше, ертең, жылдам, баяу ұғымдарын атайды.


Құрастыру
Конструктормен ойындар үшін құрылыстарды құру дағдыларын жетілдіру, бөлшектерді бекіту мен құрылыстарды құру тәсілдерін дамыту.



Сурет салу
Балалардың эстетикалық қабылдауын дамыту, болмыстың құбылыстарын әр түрлі тәсілдермен көрсете білуге үйрету. Түстерді үйлестіру дағдыларын қалыптастыру.
Аппликация
Балаларды өз жұмыстарының мазмұнын ойластыруға үйрету. Бейнелеу үшін пішіні мен түсі лайық қағаздың кішкентай кесектерін іріктеу дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.
Музыка.
Дыбыстың табиғаты туралы (музыкалық дыбыстар және шу дыбыстары), оның жоғарлығы және ұзақтығы туралы түсініктерін дамыту. Ән салуға, жаттығуларға, билеуге, ойнауға қызығушылықтарын тудыру.
Музыка.
Хорда және жеке өлең айту дағдыларын дамыту, созып үн шығару, кварта шегінде таза дауыс ырғағын келтіру. Би қимылдарымен таныстыруды жалғастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет