Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


Мектепке дейінгі ұйымдарында балаларды табиғатпен таныстыру тәрбиелік және білімділік міндеттері



бет4/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
1.2. Мектепке дейінгі ұйымдарында балаларды табиғатпен таныстыру тәрбиелік және білімділік міндеттері

Балалар әрқашан және барлық жерде табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады. Жасыл ормандар мен жайылымдар, әдемі гүлдер, көбелектер, қоңңыздар, құстар, аңдар. Көшпелі бұлттар,жапалақтап жауған қар, бұлақтар, тіпті жазғы жаңбырдан кейінгі шалшықтар – соның бәрі балалардың көңілін аударады, қуантады, олардың жетілуіек мол азық береді. Табиғатқа үңіле қараудан, балалар ойнайтын орындарға құштарлықтан өз өлкесіне, туған табиғатына, Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болып, жетіле түседі, патриоттық сезімге тәрбиеленеді. Гүлдер мен жемістердің түрі, пішіні, иісі, құстардың сайрауы, бұлақтардың сылдыры, судың шалпылы, шөптің сыбдыры, құрғық жапырақтың судырлауы, қардың аяқ басқан сайын сықырлауы – осының бәрі балалардың табиғатты сезінуіне мүмкіндік береді және олардың эстетикалық сезімін, сенсорлық тәрбиесін дамытудағы бай материал қызметін атқарады. Табиғатты шын мәнінде қандай болса, сол қалпында көріп, еститінбала кездегі ептілік – балалардың оған деген қызығушылығын арттырады, білімін кеңейтіп, мінез-құлқын, ынта-ықыласын қалыптастыруға ықпал етеді. Бағдарламаға сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру үрдісіне өзара тығыз ңбайланысты білімдік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті – балаларға өлі табиғат туралы, өсімдіктер, жануарлар жіне балалардың сезімімен қабылдай алатын объектілері мен құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстар жөнінде білім беру. Ақыл-ой тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі – сенсорлық мәдениет. Ол анализаторды (талдауларды) жетілдіруге, балаларда сезімдік тәжірибе жинақталуына бағытталған, ол келесі талдаулардың, табиғаттанудағы қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың негізі болып саналады. Балалардың білімді меңгеруі – олардың танымдық қабілеттерінің, сенсорлық аппаратының, логикалық олауының, зейінінің, тілінің, байқағыштығының, білуге құмарлғының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс. Ойды дамыту және материалистік дүниетанымдылықтың негізін қалыптастыру үшін балаларды табиғаттағы заттармен және құбылыстармен таныстыру, байқаған құбылыстарына түсініктер іздестіруге үйрету және олардың арасындағы байланыстылық пен өзара қатынастарды жете түсінуге балаларды баулу. Ақыл-ой табиғат құбылыстарының арасындағы өзара себеп-салдарлық қатынасты түсіну үрдісінде жетіледі. Бақылауға, яғни табиғат құбылыстарына белгілі бір мақсатпен қарауға үйрете отырыпщқ, балалардың жалпы ақыл-оййының жетілуімен тығыз байланыста болатын және балалардың оқуға дайындығының елеулі шарты болып табылатын зейінін дамыту. Табиғатқа деген ынты-ықыласты да тәрбиелеу қажет. Тәрбиеші жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы түріне, қимылына, қылықтарына балалардың назарын аударып, қалай бақылау керектігін көрсете отырып, балалардың табиғат жөніндегі білімін ғана емес, жасын ескерту қажет және оның көңілін сол заттың немесе құбылыстың иесі қызықтыратынын да білу керек. Балаларды табиғатпен таныстыру үрдісінде адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру қажет. Баланың адамгершілігін жетілдіруде оны туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке және тірінің бәріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу ерекше орын алады. Балаларға әсіресе, өздерінің өсіргендері жақын әрі қымбат. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-күтіп жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы – оларды табиғатқа ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға, тапсырылған іске жауапкешілік сияқты тәрбиелеуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасының жас ұрпақтарға экологиялық білімі мен тәрбие берудің мақсаты. Экология саласындағы қордаланған өзекті мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді. Экологиялық санаға экологиялық білм жатады: фактілер, деректер, жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі және олардың өмір сүру ортасы жайында, жалпы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың өзара қарым-қатынасының қорытындысы мен талдауы. Эстетикалық сезім және экологиялық жауапкершілік оның құрамдас бөлігі болып табылады. Олар адам баласын табиғатты сақтауда қырағы болуға түрткі болады, табиғи сулар, жер қойнауын, атмосфера және орман, тоғайларды өңдіріске пайдалануда келенсіз оқиғаларға тап келуін болдырмауды алдын-ала ескертеді. Адамнан табиғатты пайдалануда ондағы экологиялық ойлау қабілетінің жоғары болуын талап етеді. Ол өндірістік және ауылшаруашылық нысандарды құруда экологияялық білімді нәтижелі қолдану барысында және таиһбиғатқа кері әсер етіп өндірістегі кейбір технологиялық үрдістерге шығармашылықпен қарым-қатынас оргату барысында пайда болады. Адамның экологиялық санасына тағы да оның табиғаты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өзіндік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті жатады. Сондықтан да экологиялық сана қоғамдық санасының формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Ағартушылық қызметі – ол балаларға табиғатты адамның өмір сүру ортасы ретінде және эстетикалық тұрғыдан жетілуіндегі оның маңызын түсінуге көмектеседі.
Дамытушылық қызметі – ол балаларды экологиялық құбылыстарды ұғыну, табиғат жағдайына талдау жасау, табиғатпен ақылға сиятындай орынды қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыру үдерісінде жүзеге асады.
Тәрбиелік қызметі – ол балаларға табиғатқа адамгершілік және эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрініс табады. Олардағы ақиқат өмірдің ұлылығын және сұлулығын шаттана сезіну барсында бірлікте жүзеге асады. Бұл балаларда табиғатты қорғау әрекетін жандандыруға түрткі болады.
Ұйымдастырушылық қызметі – ол балаларда табиғатты қорғау әрекетін ынталандыруды көздейді.
Алдын-ала болжау қызметі – ол балаларда адамның табиғатқа жасаған қайсы бір әрекетінде мүмкін болатын зардаптарын немесе экологиялық үрдістердің бұзылу жағдайының неге алып келетінің, ол үшін қандай шараларды ұйымдастырк керектігін алдын-ала болжай білуді көздейді. Экологиялық алдын-ала болжай білу ауыл шаруашылығын сауатты түрде жоспарлай білуі тиіс. Нәтижесінде экологиялық сана болашақ қоғамының барлық минералдық байлықтарды сақтап қалуға септігін тигізеді. Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыруда – Қазақстанда білім берудің жаңа жүйелері стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарын жасау, балабақшаның алдыңғы өзекті мәселесі. Бұл мәселе қазіргі әрбір балбақшаның алдында тұрған міндеттердің бірі.
Экологиялық білім негіздері. Экологиялық тәрбие экологиялық білім берудің құрамдас бөлігі. Экологиялық тәрбие – табиғаттың барлық субъектілеріне қатысты ізгілікті қайырымдылықты, парасаттылықты қалыптастыруды көздейді. Балалардың физиолгоиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды табиғатпен таныстыру жөніндегі бағдарламанын ұтымды принциптерін пайдалана білу. Әр түрлі жас топтарында білім көлемін кеңейтуде түсініктің үш деңгейі бар:
Бірінші ең төменгі деңгейі деп атайды. Ол жекелеген фактілерді бір-біріне байланыссыз күйде алып таныстыруды мақсат етеді. Педагогикалық үрдісті құрастыру барысында балалар тірі және өлі табиғаттың құрылысы мен ерекшеліктері туралы білімге ие болып, қажетті еңбек операцияларын атқара алады. Осы бірінші деңгейде меңгеру үшін нәрестелерден бастап кішітобындағыдарда тартуға болады. Өйткені осы жастағы балалардың өмірлік тәжірибелері болымсыз, ойлау қабілеттері де көрнекі – әрекеттік дәрежеде ғана. Олардан сәл ересек балалар үшін де бірінші деңгейлік мәні зор. Ол обьектімен құбылыс жөніндегі білім көлемін кеңейте беруіне әсер етеді.
Екінші деңгейде балалар табиғат объектілерінің өзара түрлі қатынастармен, себеп-салдар байланыстарынын орнығуымен танысады. Бұл деңгейде сөйлей білетін, көрнекі-әрекеттік ой өрісі көрнекі-бейнелік сатыға көтерілген балаларды оқытқан қолайлы. Әдетте ол екінші кіші тобынан басталады. Тура алғашқы деңгейдегі сияқты табиғатпен таныстыру үрдісі ортанғы тобында өзінің маңызын жоғалпай, керісінше барынша күрделі түсініктермен ұғымдарды меңгеруге мүмкіндік берді.
Табиғатпен таныстырудың ең жоғары деңгейіне барлық обьектілер мен құбылыстар өзара және айналаны қоршаған ортамен тығыз байланысты қарастырылады. Балалар табиғаттағы барынша күрделі себеп-салдар байланыстарды анықтап, өздерінің жастарына лайықты табиғат құбылыстарының жалпы заңдылықтарын саналарына орнықтырады. Олар заттар мен құбылыстардың жұмбақ сырлары жайлы ой түюді үйренеді.
Тәрбиешіге қойылатын талаптар. Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарының педагогынан, балаларды табиғатпен таныстыру үшін табиғат жөніндегі әр түрлі ғылымдар саласынан білімінің мол қоры болуы, оның даму заңдылықтарын түсіну, табиғаттағы заттар мен болып жатқан құбылыстардың арасындағы өзара байланысты материалистік диалектика тұрғысынан дұрыс түсіндіре білу талап етіледі. Әсіресе өзі тұратын жердің табиғатымен танысу маңызды: мерзімдік өзгерістерді бақылап отыру, күтізбелік жасау, көбірек таралған өсімдіктер мен жануарларды анықтап, тануды үйрену оларды қайдан кездестіруге болатынын білу. Баларды табиғатқа белсенділікпен және ұқыпты түрде қарауға тәрбиелеу балабақшадағы жануарлар мен өсімдіктерді күтуге көмектеседі. Тәрбиешіден тірі табиғат мүйісін ұйымдастыра білу, өсімдіктер мен жануарлар табиғатта қалай өмір сүрген болса, соған ұқсас жағдайларды жасау талап етіледі. Мұнан басқа оның балабақша учаскесі мен тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді өсіруге агротехникалық әдістерін және



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет