VII. ЖЫЛДЫҢ ӘР МЕЗГІЛІНДЕГІ ТАБТҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫМЕН БАЛАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУ
7.1. Балаларды жылдың әр мезгіліндегі табиғатпен т аныстыру
Табиғаттағы маусымдық күз мезгіліндегі өзгерістерді (күн қысқарды, түн ұзарды, жапырақтар түсу, тұман, қырау, жаңбыр, жел, шыбын-шіркейлердің біртіндеп жоғалуы, жыл құстарының жылы жаққа ұшып кетуі, кейбір жануарлардың ұйқыға кетуі, астық жинау, қысқа жеміс-жидектерді дайындау), қыс мезгіліндегі маусымдық өзгерістерді (күн қысқарып, түн ұзарады, аяз. қар
жауу, өзендер мен су қоймаларына мұз қату, қарлы жер, жапырақсыз ағаштар мен бұталар, қалалар мен елді мекендер көшелерді қардан тазалау, жабайы аңдар мен қыстап қалган құстарды қоректендіру), коктемдегі маусымдық өзгерістерді (күн ұзарып, түн қысқара бастайды, агаштар бүршік жарады, алғашқы шоптер, бәйшетек шыгады, жыл құстары ұшып келеді, жәндіктер пайда бола бастайды, кейбір жабайы аңдар қысқы ұйқыдан оянады, жан-жануарлар төлдейді. дәнді дақылдар мен көкөністерді сеуіп, кошеттерінотыргызады), жаздагы маусымдық өзгерістерді (күн өте ұзақ, түн қысқа, күннің ысуы, өсімдіктердің осуі, жануарлардың, жәндіктердің, құстардың тіршілігі,бақшадагы мәдени осімдіктерді күтіп-баптау) бақылап, ерекшеліктерін
ажыратып айта білу дағдыларын қалыптастыру. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы. оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табигатпен
байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақтытүсініктер бойынша қалыптасқан жогары денгейге жеткізетін қор болыптабылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады. Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастагы баланың
бойында табигатпен эстетикалық қарым қаты ас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлгасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен келемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала
жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табигат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлгалық сапаларды қалыптастыру алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындагы өзара байланыс пен олардың
пайдасын жете түсінгенде гана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табигатқа қарым-қатыпасын бақылау барысында біздің байқаганымыз: табиғат құбылыстарының барлыгы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің
қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем корініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай бейнелеуге де жете көңіл болмегені байқалды, Табигаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ
халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну кошпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы тәрбие багдарламасына сәйкес балаларды табигатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табигатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жагдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, багып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соган дагдылануга үйретеді, сондай-ак бала бойында
бәртіндеп тапсырылган іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табигат
- баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша
қалыптасқан жогары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиги құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады. Табигатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табигатпен эстетикалық қарым-қатынас жаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қоргай, аялай білуге үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |