Байланысты: КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,
Экология (грек сөзі oikos – үй, мекен және logos – ілім). Экология – тірі ағзалардың тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биология ғылымына «э» терминін 1866 жылы биолог Э.Геккель ұсынған. Экологияның негізі ағзасы мен ортаның бірлестігі және ағзалардың эволюциялық үрдісінде өзгеруі деген ұғымынан туындаған. Қазіргі экология ортаның жеке әсерлерінің және олардың жиынтығының өсімдік пен жпнуарлар ағзасына тигізетін әсерін популяция санын сақтау жолын, оның құрылымын, биогеценоз және экожүйе әрекеттері заңдылықтарын зерттейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша жыл сайын маусым айының бесінші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп те аталып өтіліуіде. Қазіргі кезде барлық елдерде бүкіл адамзат қауымына, оның ішінде жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде. Педагогикалық бұл бағыттағы соңғы жылдардағы ізденіс, зерттеу нәтижелері (Я.С.Сабев, Л.А.Родова, А.П.Момотова) жастардың табиғат қорғау жұмыстарына белсене қатысатынын дәлелдейді. Табиғаттағы қорғауға бағытталған тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруда балалардың жас шамасын және олардың психологиялық ерекшеліктерін ескерудің мәні зор. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруді барлық тәрбие саласы бойынша кешенді жүргізіп, әрбір жұмыстың нақты мазмұны сүйене отырып, іске асыру қажет. 1974 жылы америка экологы Гарри Коммонер «Замкнутый круг» деген кітабында экологиялық заңдылықтарын атап көкірегін қарумен тілгілеп, қопарыс жасап, ойрап салудан табиғат әсемдігінен асып; бүкіл әлемдік қасіретке, проблемаға айналып отыр. Мысалы: бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекеленген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік мәселеге айналады. Біздің елімізде 160-қа жуық қала күрделі экологиялық жағдайда – табиғи орта ластанған. Балхаш өзеңі жоғалып кетуіне қауіпінде тұр. Өзен суларында зиянды өнімдер бар. Бүгінгі таңда табиғатты қорғап қалу шешуін талап етіп отырған мәселе. Атап айтсақ, ол Арал тағдыры. Арал теңізінің суының тартылып, балығының азайғаны дүние жүзінде сирек кездесетін жағдай. Онда 34 түрлі балық болған, қазір олардың бәрі жойылып бітті. Табиғат-ананы қорғау – адамзаттың парызы. Осыны жас ұрпаққа ұғындыра тәрбиелеу – балабақша мен мектептің міндеті. Экологиялық тәрбие бала шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезіну мен бірге тәрбиеленуі керек. Түпкі мақсаттың бірлігі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жүйелілігін, оқу-тәрбие мазмұнының құралдарымен әдістерінің бір жүйеге ыңғайлануын қарастыруды талап етеді. Оның бәрі табиғатқа біртұтас көзқарасты қалыптастырып, жас адамның бойында қамқорлық, аяушылық, жауапкершілік сезімін оятады. Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттерін шешу, олардың қоршаған ортаны ой және сезім арқылы түсініп, тәжірибелік іс-әрекеттерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Теориялық таным мен эмоциялық сезіну және тәжірибелік белсенділік балалардың табиғатпен қатынасының әртүрлі жақтарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін. Мөлдірлігін көре, түсіне, сезіне, сүйе білуге үйрету, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жаңашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен, қатынас жасауға тәрбиелеу. Табиғат қазынасын ұқыпты пайдаланып, аялауға, үнемдеп жұмсауға үйрету. Жас ұраққа табиғатты қорғау мен байлығын ысырап етпеудің ғылыми негіздерін, басты заңдылықтарын үйрету: - дүниедегінің бәрі барлығымен байланысты; - дүниедегі бар материя жоғалмайды, бір орыннан екінші орынға (желмен, сумен) ауысады, бір молекулалы формадан екінші бір формаға айналады; - табиғат бәрінен де артық екенін білуі; - ешнәрсе тегін істелмейді, бәрінің өтеуі болады. Ұтыс, ұтылыс болмайды; - шындық тазалайды. «Шындықтың маңдайы» жарық. Экологиялық тәрбие берудегі осы біртұтас байланысты шартты түрде бөле отырып, ең соңғысына, балалардың табиғаттағы жаңартуға бағытталған тәжірибелік іс-шараларының кейбір педагогикалық аспектісі қарастырылады. Экологиялық міндеттер: - табиғи ортаны сақтау: жануарларға, құстарға, балықтарға қамқорлық жасау, қоректендіру, ұялар жасап, оны орнату; - табиғи ортаны жақсарту: алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көзднрін ашу, айналасына ағаш егу, көшелерді, аулаларды, айналаны көгалдандыру; - эстетикалық бағалы өңірлерді сақтау; - экология тақырыбына кештер, кездесулер өткізу; - табиғатқа саяхаттар ұйымдастыру, викториналар жасау, шештіру.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері. Балаларды ақыл-ой дамыған, адам етіп тәрбиелеудің әр түрлі құралдары бар. Соның бірі табиғатпен таныстыру. Табиғаттың әр алуан, бай әдемі балаларды өзіне тартады. Тартып қана қоймай балалардың бойында айналаға қызығушылық, білуге құштарлық сезімдерін туғызады. Оларды ойынға, еңбекке құлшындырып, көркем өнерге жетелейді. Баланың тірі табиғатқа деген жеке көзқарасының бәрі, олармен жеке қарым-қатыннасы да ылайым түзу бола бермейді. Балаларды таңғажайып өсімдіктер әлеміне қызықтыру, оның болмыстары туралы шынайы түсініктер қалыптастыру, туған өлкенің әсем табиғатын танып білуге, оған зор сүйіспеншілікпен қарауға тиіс.