Байланысты: КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,
ІІ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЛКЕНІҢ ТАБИҒАТЫ 2.1. Жергілікті өлкенің табиғатын қорғау және зерттеу Адамның құдіреттілігі табиғатты тануынан, оны кұбылыстарын дүниені диалектиалық-маералистік негізде алдын ала болжауынан көрінеді,табиғаттың бәрі заңды түрде, белгілі бір тәртіппен болып жатады, дүниедегі барлық нәрсе қозғалады, дамиды, өзгеріп отырады. Табиғат заңдары жеке құбылыстадың өзара байланысын білдіреді. Табиаты тану олардың обьектілері мен құылыстарының арасындағы себеп-салдарлы байланысты жете білу-ойлауды жетілдіреді де, ғылыми дүние танымды калыптастыруға ыкпал етеді.Табиғатпен қоян-қолтық араласу, оның құпиясын білу – адамды ізгілендіреді, оны негұрлым сергек етеді. Өз еліміздің табиғатын көбірек білген сайын, сондай сүйе бастаймыз. Адамдар табигатты ерте заманнан бері бакылап, ол жөніндегі білімдерін байытуда. Адам табигат кұпиясына, әсіресе бiздің заманымызда терең бойлады. Ол атом ішіндегі энергияны ашты да, ғарыш кеңістігін игере бастады. Бұл – табигат күштерін меңгеру және оларды адамдардың игілігіне пайдалану үшін көп мүмкіндік береді. Елімізде табиғатты қорғауды және оның ресурстарының тиімді пайдаланылуын жақсартуда кажетті шаралар қолданылуда, қоршаған ортаны сауықтыру және табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мақсатында табиғатты ғылыми негізде корғауға және өзгертуге баса көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде табиғатты зерттеу және оны қолайсыз жағдайлардан қорғау саласындагы халықаралық ынтымак бағдарламасын жасаса және оны жүзеге асыруға белсене қатысып келеді. Табигатка деген ынта-ықыласты тәрбиелеу қажет. Тәрбиеші жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы түріне, қимылына-кылықтарына балаларды назарын аударып. Соның негізіне нысаналылық пен зерттегіштік рефлекс жатады, ал рефлекстің дамуын И.П.Павлов адамның ерекше сипаты деп есептеді. Мектеп жасына дейінгі балаларда бұл рефлекс, олардың үлкен адамдарга коятын :«Бұл не? Қалай? Неліктен?» деген сұрақтардан айқын көрінеді. Балалардың білуге деген құмарлыгын канағаттандыра отырып, мүмкін болған жерде, олардың өздерiн катыстырып, әр түрлі сұрақтарға жауапты өздеріне айттыру керек. Қойылған сұрақтарға жауап беруге балалардың белсене қатысуы, олардың білуге деген құмарлығын арттырады және табиғатқа деген ықыласын анагұрлым тұрақты етеді. Сонгы жылдары зерттеу мәліметтері ересек топтардағы балалардың білуге деген құмарлыгынын арта түсуін, балалардың өсімдіктер мен жануарлардағы негізгі белгілерді, өсімдіктер мен жануарлардан жекелеген мүшелерінің құрылымы мен өмір сүру жағдайлары арасындағы қатынасты таба білу шеберлігіне байланысты екендігін көрсетеді.