Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе



бет41/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

Интеграциялап оқыту. Интеграциялап оқыту технологиясы - топ ішінде алмастырушы құрам. Интеграциялап оқыту - оқу жобаларының, балалардың бірлесіп жұмыс жасауын ұйымдастырудың болуын талап етеді, тек сонда ғана білімдерін интеграциялау білім жүйесін қалыптастыруға. балалардың жалпы дамуына тиімді әсер ете алады. Интеграция оқытудың мақсаты мен міндеті балалар мен тәрбиеші бірлесе отырып анықтайды. Оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асырудың негізгі кезендері оқу үрдісінің құрылымымен қарастырады. Дидактикалық құрылымдық құрамы: - бұрын алған білімдерін және балалардың іс- әрекетіндегі амал-тәсілдерін өзектендіру; жаңа ұғымдарды және балалардың іс-әрекетіндегі әрекет амал-тәсілдерді қалыптастыру: - жаңа шеберлік пен дағдыны қалыптастыру және оны іс жүзінде қолдана білу. Интеграциялап оқыту технологиясы үшін оқу қызметінің әрбір кезеңінде (кайталау, жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қорытындылау) екі оқу қызметінің сараптамалары (синтез) қажет болады. Мысалы: шығарма оқу және сурет салу интеграциялау барысында тұтас топтастыру есебінен бағдарлама мазмұнына қосымша балалар әдебиетінен мағлұмат және шеберлігін қалыптастыруға түрлі жаттығулар, бағдар беру, эстетика, этикадан түрлі материалдар енгізуге болады. Ұйымдастырылған оқу кызметінде балалар әдеби мәтінді тыңдайды, оларды талдайды, сонан соң әдеби шығарма негізінде ойыншық жасап, спектакль қояды, сурет салады, өлең, ертегі шығарады. Интеграциялық оқу қызметінің мазмұны - хабарлама және пайдалы әрекетті құрылым негізінде ерекше құрастыру, Интеграциялап оқытуға педагогикалық талаптарды жүзеге асырулың басты құралдарының бірі болып есептеледі. Бұл жағдайда оқу қызметінің интеграциялық құрылымы ерекше дәлдік пен нақтылықты, интеграцияланған сабақтың өзара қисынды байланысын және жете ойланып істеуді талап етеді. Ұйымдастырылған оқу қызметіне қойылатын шарттар: - оқу қызметінің анық қалыптасқан оқу-танымдық мақсаты болуы керек, ол үшін басқа пәндерден алған білімдерін жұмылдыру қажет, - оқу қызметінде алған білімдерін қолданғанда жоғары дәрежедегі белсенділікті қамтамасыз ету қажет; - нәтижелік байланысты түсіндіруге бағытталуы қажет; - алған білімдерінің байланысына сүйенген кеңейтілген сипаттамасының қорытындысын қамтуы қажет: - балалардың жағымды көзқарасын, олардың білімдерінің ара қатынасын тануға деген қызығушылығын ояту қажет; - интеграцияланған ұйымдастырылған оқу қызметінің оқу іскерлігінің деңгейін дамытуға мүмкіндік береді. Кең тараған ұйымдастырылған оқу қызметі: саяхат оқу қызметі, ертегі оқу қызметі, театр оқу қызметі, ойлау оқу қызметі.
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дарежеге жетелеу. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 жылдан бастап қолданысқа енді. Профессор Ж.Қараевтың денгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен балалардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін менгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында бала тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды. Осы бағытта педагог алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияны қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұрады. Педагогикалық технология - казіргі талапқа сай анықталған, іріктеліп, реттелген окытудын жаңа мазмұнын, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялык-педагогикалық жиынтығы. Педагогика ғылымының докторы, профессор Қараев. Жауынбай Амантұрлыұлы Қараевтың педагогикалық технологиясы «Әртүрлі деңгейде оқыту технологиясы»-оқытуды дифференциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі тәрбиеші мен баланың, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдарын, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның ең басты ерекшелігі: алдымен педагог смес, баланың әсерлену жүйесін қалыптастырады. Оның өзіндік ерекшеліктері мынандай: - білім стандартына сай толық нәтиже береді: мақсатты диагностикага қарай ден қою жане оқу нітижесін шынай, дәл бағалауга қол жеткізеді, - дидактикалық үрдістің тұтастығы, - баланың оқу- танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы Ж.Қараев жемісі сол, ол баланы күштеп окудан аулақтатып, өз бетімен оқуына,ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде баланы өз ойын еркін. тұжырымды жинақтап, шешен сөйлеуге қалыптастырады.Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы баланың өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр баланың ой-өрісі кеңейеді Балаларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі- балалардың ұйымдастырылған оқу қызметі барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында
Бірінші деңгей - тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай баланың жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен балалар толықтай жұмыс жүргізе алады. Мысалы: бірінші деңгейде балаларға таныстыратын объектіні белгілейді, сол туралы мағлұмат беру, атын айту, сурет арқылы көрсету.
Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде күрделене түседі. Баланы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді, Бала бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды, Балалар алгоритмдік сатыға көтерілгенде объектінің атын айта алатын болады.
Үшінші деңгей- балалардың шығармашылыққа деген мотивтерін айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Бала талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстар жүргізеді. Эвристикалық (танымдық-іздену) түріндегі жұмыстарды педагог көмегінсіз өз бетімен орындайды. Эвристикалық сатының ерекшелігі - Балалар белгілі бір объетіні басқасымен салыстырады, сонымен катар сол туралы ертегі тындап, белгілі бір жануардың бейнесіне еніп театр ойының көрсетеді.
Төртінші деңгей - қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты балаларға арналған саты. Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы балалар ғана көтеріле алады, Мысалы: белгілі бір объектіге тақпақ шығару. Шығармашылық денгейдің тапсырмасын бала бойында қызығушылық туу үшін баланың әр алуан мүмкіндігін ескере отырып, түрлі тапсырмалар беріледі. Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы баланың ақыл-ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар баланың оқу қызметіне деген ыньасын және жауапкершілігін артырады.
Дамыта оқыту технологиясы Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский 17 ғасырда "Ұлы дидактикасында» айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д. Ушинский, Л.С. Выготский еңбектерінде карастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л. В. Занков көтереді. Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері баланы «субьект»ретінде тануға бағытталды. «Даму»ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет