Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


Ортанғы топта балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру



бет43/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

6.4. Ортанғы топта балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру.

Ортаңғы тобындағы балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру Бағдарламаның мазмұны Балаларға үй жануарларына тән белгілерді (сыртқы түрі, мінез-қылыгы, сондай-ақ олардың адамдарға тигізетін пайдасын және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек) ажырата білуді үйрету, осындай нақтылы түсініктер негізінде «үй жануарлары» деген қарапайым қорытынды жасай білуге үйрету, балаларды үй жануарларын (үй қояндар, тауықтар) күте білуге үйрету.


Жануарларды бақылау Ортаңғы тобындағы балаларды үй жануарларымен таныстыруды, кіші тобындағы сияқты жануарларды көрсетуге болатын әр жыл мезгілінде өткізу керек. Ұйымдастырылған оқу қызметі балалардың бұрынғы тәжірибесіне есептеліп құралады. Мысықты бақылау кіші тобындағылар тәрізді ұйымдастырылады. Алайда балаларға мысықтың жұп-жұмсақ. бүгіліп- жазылатын тырнақтары бар табанын көрсетіп: оның ақырын және неліктен олай жүретінін тыңдауды тапсырады. Мысық ойнап жүрген кағазды жоғары көтеріп, оны жануардың тырнақпен қалай берік ұстайтынын көрсетеді. Сиырды бақылау үшін балалармен бірге саяхат жасайды немесе мақсатты серуенге шығады. Балаларды жұмыртқадан шыққан балапандармен таныстыру үшін құс фермасына мақсатты серуен жасайды. Алдын ала балалардан қайсысының үйінде балапан бар екенін, олардың қандай екенін сұрайды. Құс фермасында балаларға балапандардың жұмыртқадан қалай жарып шығатынын, сыртқы түрінің қандай екенін, жемшашардағы жемді қалай шоқып жейтінін, егер балапандар ересек болса, олардың жерді қалай қазып, шөпті қалай шоқып жейтінін көрсетеді. Балапандар өздерін күтуші құскерді білетініңе балалардың назарын аудару керек.
Сурет бойынша әңгіме Кіші тобындағы балалар «Үй жануарлары» деп аталатын суреттер жинағынан: «Күшіктер мен ит", «Мысықайлар мен мысық» және «Тауықтар» деген суретті қарап көреді. Орталығы тобында сурет бойынша балалардың түсінігін нақтылап, кеңейту үшін әңгіме өткізіледі. Мысалы, «Күшіктер мен ит" суреті бойынша әңгіме өткізген кезде балаларға иттің не жейтінін, олардың пайдасын, адамның оларға қалай қамқорлық жасайтынын, суреттің сюжетін ойлантып, түсініктерін нақтылау керек, Ұйымдастырылған оқу қызметінде әңгімені шамамен мына сұрақтар төңірегінде өткізеді: Мына суретте не салынған? Ит жатқан үйшікті қалай деп атайды? Үлкен ит алдыңғы аягымен не ұстап жатыр? Ит пен күшіктер неменеге қарап жатыр? Торғайлар не істеп жүр? Торғайлар нені шоқиды? Тамагы бар ыдыс қайсысына қойылған? Итке тамақты кім қойгап? Иесі итке неліктен қамқорлық жасайды? Тәрбиеші былай түсіндіреді: «Ит - адамның досы, ол иесінің үйін күзетеді, ал адам оған қамқорлық жасап, тамақтандырады, оған үйшік жасап береді, сондықтан итті үй жануары дейді». Білімді шыңдау үшін әңгіме соңынан жұмбақтар пайдалануға болады: «Сөйлей алмайды, ән салмайды, бірақ несіне кім келе жатқаның білдіреді». Бұл мақсатта көркем шығарманы, мысалы, Л.Н. Толстойдың «Розканың күшіктері болды", С.Аксаковтың «Савка» деген әңгімелерін оқып береді.Балаларға ит немесе тауық туралы және олардың жануарларға қалай қамқорлық жасайтыны туралы айтып беруді болады, Бұлай суретті, оқыған әнгіме жайында және басқа үй жануарлары туралы әңгімелеседі Ит, мысық, сиыр, жылқы, туралы, олардың қайда тіршілік ететіні, не жейтіні, оларға кім қамқорлық жасайтыны туралы түсініктерді қорытындылау арқылы балалардың одан әрі "үй жануарлары" қарапайым алуына мүмкіндік туады. Үй жануарларын танып-біліп, аттарын атиуга жаттықтыру үшін "Бұл қай жануар» - деген ойын өткізеді. Тәрбиеші үй жануарлары (суреттегі бейне бірнеше балада болуы мүмкін) бейнеленген суретті балаларға үлестіріп беріп, солардың біреуінің сыртқы түріне тән ерекшелікті, қимылын, не жейтінін, қандай пайда келтіретінін сипаттайды, Балалар жануарлардын қайсысы скенін табады.
Жануарларды күту Егер балабақшада ұсақ үй жануарлары болса (мысық.
ит, тауык, үйрек), оларга ат қойып, балаларды күнделікті тапсырмаларды орындату ретінде соларға жем беріп, бақылауға тартып қызықтырады.
Ересек топтағы балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру Бағдарламаның мазмұны бағдарлама бойынша балаларға өздері тұрған жерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен (түйе, бұғы, есек - олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы) таныстырып, жабайы аңдар (қасқыр, кірпі, қоян, түлкі, аю - олардың мекендейтін жері, қорегін аулау әдісі) туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талап қойылады. Жануарларды қараған кезде балаларға олардың денесіндегі жеке бөлімдерді (бас, арқа, құрсақ, аяқ, табан, қанат, көз, құлақ) ажыратып, дұрыс атауға, жүрістерінің сипаты (қасқырдың жүгіріп, қоянның секіруі) аяқ құрылысының ерекшеліктеріне байланысты екенін түсіндіру керек. Балаларға үй жануарларын күтуді таныстырып, табиғат мүйісіндегі жануарларын күтуді таныстырып, табигат мүйісіндегі жануарларға қамқорлықпен қарауға, оларды тамақтандыруға үйретеді, жануарларды күту мен олардың жай-күйі арасындагы байланысты орнықтырады.
Балаларға үй жануарлары мен жабайы жануарларды таныстыру Ересек топта балаларға жергілікті үй жануарлары туралы түсінікті байыта түсу одан әрі жалқ-жалғастырылады. Ол - балалардың ұйымдастырылған оқу қызметінде жануарларды бақылау үрдісінде, табиғат мүйісіндегі жұмыс кезінде, құс қорага, қоян үйшіктеріне, жайылымға саяхат жасау кезінде жүзеге асырылады, Қала жагдайында саяхат жасауга мүмкіндік бола бермейді, осындай жағдайларда жұмысты суреттен қарап негіздеп куру керек, «Үй жануарлары» жинағындағы «Қозылы қойлар" суретпен жұмыс істеу: мұнда малдың срекше белгілеріне балалардың назарын аударады, Бұл суретті пайдаланудың ең жақсы тәсілі - тәрбиешінің сол суретті көрсетіп, сипаттауы болып табылады.
E. Чарушинның "Қошқар" деген әңгімесін сипаттау үшін мынадай үлгі алуға болады: «Ой, мүйізі неткен иір де сүйкімді! Бұл жай емес, жақсы қошқар. Бұл қошқардың жүні қалың, түктері жіп-жіңішке, оның жүнінен шұлық қолғап, тікті барлық киімді де тоқуга, пима да басуға болады. Оның барлыгы жып- жылы болып шығады". Сурет ауылдық жерлерде де қолданылады. Алайда мұндай жағдайда әңгімесі жануарлардың ерекше белгілеріне балалардың назарын аудару үшін әңгімелесуге ауысады. Сондай әңгімелесуге арналған қой туралы сұрақтар үлгісі: Суретте кай мал салынган? Қойлар. қошқарлар, қозылар не істеп жүр? Қойларды қайда жаяды? Қошқардың, саулық қойдың жүні қандай? Қойдың аяғында, басында не бар? Қойлар не жейді? Дөңлің үстінде тұрған пе? Қойшы қолдарына не ұстап отыр? Қойлар қайда мекендейді? Қойдың адамдарға қандай пайдасы бар? Қойдың ешкіден қандай айырмашылыгы бар? Әңгімелесуден кейін жұмбақ шешкізуге болады: «Тау мен сайды аралап, шекпендік тон жүр шарлап". Ересек топтагы балаларга сол жерде кездейспейтін үй жануарларын (түйе, есек, бұғы) алгаш рет таныстырады. Зообаққа саяхат жасаған кезде де жабайы аңдармен бірге, үй жануарларын да бақылауға болады. Оған ең қолайлы мерзім - көктем мен жаздың аяқ шеті немесе күздің басы, өйткені бұл кезде жануарлар жазғы қора-жайларда болады. Тәрбиеші алдып-ала зообаққа барып, көрсетілуге тиісті аңдардың қайда тұрғанын көріп, саяхат маршрутын белгілеп алуға тиіс. Балаларды торға жақындаған соң тәрбиешінің созін естіп, андарды көре алатындай етіп орналастыру керек. Жануарларды көрсеткен кезде оның сыртқы түріне (жүнінің түсі, тұлғасы, басы және аяқтарының құрылысы), қимылына, қоректенуіне, мінез-қылығына назар аударған жөн. Зообаққа саяхат жасауға болмай қалса. онда слайд көрсетіп пемесе мультфильм көрсете отырып, әңгімелесу керек. Тікелей бақылау мүмкіндігі болмайтын жабайы андармен балаларды таныстыруда «Жабайы андар» сурет жинағы пайдаланылады, тәрбиеші сол бойынша әңгімелеседі. Балалардың аңдарды танып-біліп, атын айтуы және сипаттап беруі үшін «Бұл қандай айып" - деген ойын өткізеді. Тәрбиеші балаларға таныс андар бейнеленген (бір жануар суретінің бірнеше балада болуы да мүмкін) суреттер үлестіріп беріледі де оларды сипаттайды немесе сол туралы жұмбақ айтады, мысалы: «Жазда - сұр. қыста - ақ, құйрығы шолақ, орманды мекендеп, оңтайлы секіреді, сәбізді жақсы көреді. Ол қай жануар?» Балалар жұмбақты шешіп, соңынан оздері әр түрлі жануарларды кезек-кезек сипаттап береді немесе солар туралы жұмбақтар айтады, ал басқалары жұмбақты шешіп, жануарлардың атын атап береді.
Жануарларды күту Егер балабақшада мысық, ит, тауық, үйрек асыраған бөлек, балаларды жануарларды бақылауға азықтандыруға үйретеді. Тәрбиешінің бақылауымен олар тек жануарларды ғана азықтандырып қоймай, жемшашарды жуып, ересектермен бірге торды тазалайды. Осы кезде балалар жануарлардың мінез-қылығын бақылайды, оларды күту мен жай-күйлері арасындагы байланысты анықтайды,
Мектепалды даярлықта балаларды үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру Бағдарламаның мазмұны Бағдарламада балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін баянды етіп, кеңейту, сөйтіп, олардың "үй жануарлары", «жабайы аңдар". «жыртқыштар» және "шөп жейтін жануарлар" жайында қалыптасқан ұғымдарын жинақтау қарастырылған. Жабайы андармен - тиін, аю, түлкі, қасқыр, қоян, жолбарыс,арыстан,піл,маймыл (сыртқы түріне тән белгілері, қайдатіршілік ететіні, немен қоректенетіні, мінез-қылықтарының қандай екені) таныстыру одан әрі жалғастырыла береді. Балалар жануарларды сүйе білуге және өз учаскесіндегі, тірі табиғат қамқорлық жасай білуге танысу барысында балалардың бақызағыштығы, құштарлығы, ойлауы дамиды.Бар түсінігін мал фирмасына саяхат жасау кезінде нақтылап, кеңейігуге, малды багып-күтумен, пайдасы туралы болады. Базабақшада жер учаскесінде тауық үйрек, краликті ұстайды немесе мекиенге үйректі жұмыртқа бастырып,балаларға балаландардың шығатынын және үлкен құстарға айналуын бақылауды тапсыруға болады. Сондай-ақ көжектердің өсіп жетілуін де (жүнінің шығуы, ашылуы, шығуы, жемді өздігінен жей бастағанда) біраз бақылаган жақсы.Серуендеп жүрген кезде балалар мысық пен итті кездесіп қалады. Олардың мен кейбір мінез-қылығын (мысалы, ит жүгірген басын алға созып, ал еркелегенде құйрығын бұлғандатуы, қорыққанда тақымына қысып алуы) бақылауға болады.
Үй жануарлары туралы түсінікті баянды ету,аяқтау және қорытындылау Балалардың бұрыннан белгілі үй жануарлары туралы білімін суреттер бойынша пысықтап, нақтылауға балады.Тәрбиеші «Үй жануарлары» жинағынан кез келген бір суретті іліп, балаларға оның атын ойластыруды,онда бейнеленген жануарлар туралы шағын әңгіме құрастырып,бұларды бұрынғылармен салыстыруды ұсынады. Тәрбиеші үй жануарлары туралы алынған білімді нақтылап, әңгімелесу барысында қорытындылаған, мынадай сұрақтар қояды: Сендер үй жануарларының қайсысын білесіңдер? Бұл жануарларды неліктен үй жануарлары деп атайды? Адам мысыққа, итке, сиырга,тауыққа неліктен қамқорлық жасайды? Қай малдан түбіт, жүн алынады? Үй жануарларының қайсысы жұмыртқалайды? Үй жануарының қайсысы суда жүзіп, қайсысы секіреді. Қай малдың мүйізі мен тұяғы болады?Үй жануарларының қайсысы шөппен пішен жейді? Осы жануарлардың бәрін қалай деп атайды? Жануардардың қайсысы басқа жануарлардың етімен қоректенеді? Мұндай жануарларды қалай деп атайды?
Жабайы аңдармен таныстыру Балалардың бұрыннан белгілі аңдары туралы білімін қорытып, кеңейту үшін, ыстық жақтағы жабайы аңдермен - арыстан, жолбарыс, піл, маймылмен таныстыру үшін оларды зообаққа саяхатқа апару керек. Балаларға бұрыннан таныс аңдарды –қасқыр түлкі, аюды көрсетуден бастаған дұрыс соңынан жолбарыс,арыстанды көрсетіп,ең соңында ,балаларды ерекше тартатын маймылмен және пілмен таныстыру керек. Аңдарды көрсету кезінде балалардың назарын олардың үй жануарларына ұқсастығына (жалбарысты, арыстанды, олардың сыртқы түрі, қозғалуы,нені қалай жейтіндігі жағынан мысыққа ұқсастығын)аударған жөн. Балаларды зообаққа немесе өлкетану мұражайына апаруға болады.Егер балаларға ынғайлы болмаса, деректі фильмді слайд көрсету керек. Балалардың саяхатта немесе бейнефильмді көрген кездеалған әсерлерін нақтылап, пысықтау үшін «Жабайы аңдар жинағындағы суреттерді анықтап қаратып,тәрбиеші оны әңгімелеу немесе әдеби шығармаларды оқу арқылы ұластыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет