Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


-тарау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет12/16
Дата19.12.2022
өлшемі57,14 Kb.
#58121
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
сан пин каз

11-тарау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

141. МДҰ-да мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:


1) қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен (термометрлермен, қалақшалармен, маскалармен) қамтамасыз ете отырып, медициналық кабинет және изолятор (күнделікті температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, оқшаулау, сырқаттанған адамдар анықталған жағдайда) жұмыс істейді;


2) жұмыскерлер арасында жеке және (немесе) өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажеттігі туралы апта сайын нұсқама жүргізіледі;


3) температураны өлшеу және жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) симптомдарының болуын бақылау жүргізіледі;


4) еріп жүрушілердің балабақша ғимаратына кіруін шектеу;


5) учаскелік педиатрдан алған денсаулық жағдайы туралы анықтамасы бар балаларды қабылдау (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда);


6) түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған маскаларды, қолғаптарды, сулықтарды кәдеге жаратуға арналған арнайы орындар ұйымдастырылады;


7) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамдар тағайындалады (температураны жанаспайтын термометрмен өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын, термометрияны жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);


8) сырқаттанушылық тіркелген кезде топқа немесе МДҰ-ға карантин белгіленеді;


9) персоналдың маска режимін сақтауы;


10) персоналға арналған тері антисептигі бар диспенсерлерді орнату;


11) тамақ ішкенге дейін, көшеде серуендегеннен, санитариялық торапқа барғаннан кейін және басқа да ластанған жағдайларда балалардың қолын уақтылы жуу (қолды сұйық сабынмен жуу);


12) жабдыққа берілетін нұсқаулықты сақтай отырып, кейіннен аптасына кемінде 1 рет желдете отырып, топтардың үй-жайларын зарарсыздандыру (кварцтау);


13) топта балалар болмаған кезде өтпелі желдетуді қамтамасыз ету. Желдету балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады;


14) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып топтарда есік тұтқаларын, баспалдақ марштарының таяныштарын, терезе алды тақтайларын, горшоктарды, сантехникалық жабдықтарды 2 рет өңдеу (топтық үй-жайларда балалар болмаған кезде дезинфекциялық құралдарды пайдалану);


15) термометрлердің және дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, маскалардың шексіз қорының (кемінде 5 күн) болуын қамтамасыз ету;


16) ауыз су режимін сақтау;


17) ас блогы үй-жайын, ас үй ыдысын, жабдықты және мүкәммалды күнделікті дезинфекциялау;


18) балаларды тамақтану кезінде кемінде 1 метр қашықтықта отырғызу;


19) міндетті өтініш – бақшаға баруға ата-ананың (заңды өкілдің) жеке жауапкершілігі көзделген келісімі;


20) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген санитариялық-эпидемиялық талаптарды сақтау.


142. МДҰ-ға инфекциялық аурулар (респираторлық, ішек, дене қызуы жоғары) белгілері бар балалар мен қызметкерлерге жол берілмейді.


143. Балабақша қызметкерлері мен балалар арасында балалардың таңертеңгі сүзгісін (қабылдауын) және жіті респираторлық инфекциялар симптомдарының болуын бақылауды медицина қызметкері штатта немесе шарт бойынша болған кезде жүргізеді.


144. Жатын үй-жайлардағы кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болады.


145. Үлгілік МДҰ-дағы топтардың толықтырылуы ойын аймағындағы 1 (бір) балаға (жатын аймақты және тамақ қабылдауды есепке алмағанда) 3 м
2 есебінен, бірақ топтағы 15 баладан асырмай айқындалады.

146. Бейімделген ғимараттардағы топтардың толықтырылуы (ойын және жатын орындары біріктірілген) 1 (бір) балаға 4 м
2 есебінен анықталады.

147. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес топтардың толықтырылуы және әлеуметтік қашықтыққа қойылатын талаптар республикадағы "қызыл" және "сары" аймақтардағы тиісті аумақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өзгереді.



"Мектепке дейінгі ұйымдарға
және сәбилер үйлеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
1-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет