Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


"Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары



бет2/16
Дата19.12.2022
өлшемі57,14 Kb.
#58121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
сан пин каз

"Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 16-тармағы 132-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және объектінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауа баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтану жағдайларына, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, балаларды медициналық қамтамасыз етуге, меншік нысанына қарамастан балалар толық, толық емес, тәулік бойы болатын барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардағы (бұдан әрі – МДҰ) және сәбилер үйлеріндегі персоналды медициналық тексеріп-қарауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.


2. Осы Санитариялық қағидалар МДҰ және сәбилер үйлеріне (бұдан әрі – объектілер) қолданылады.


3. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында көзделген рұқсат беру құжаттары болған кезде объектіні пайдалануға жол беріледі.


4. Объектілерде осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер жүргізіледі.


5. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:


1) арнайы санитариялық киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен ластанудан және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;


2) балалардың ойын алаңы (бұдан әрі – ойын алаңы) – жабдықты және балалардың ойын алаңына арналған жабынды қамтитын балалардың ойынына арналған арнайы жабдықталған аумақ;


3) балалардың ойын алаңдарына арналған жабдық – пайдаланушылар онымен немесе онда жеке немесе топпен өздерінің қалауы және қағидалары бойынша ойнау алатын балалардың ойын алаңында орнатылған жабдық;


4) балалар толық емес уақыт болатын МДҰ – тамақтандыруды және ұйқыны ұйымдастырмай, төрт сағаттан аспайтын уақытқа балалар болатын МДҰ;


5) бракераж – органолептикалық көрсеткiштері бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тағамдардың сапасын бағалау;


6) дене тәрбиесі – денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс;


7) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін дербес құжат;


8) изолятор – инфекциялық науқастарды, сондай-ақ айналасындағыларға эпидемиялық қауіп төндіретін инфекциялық ауруға күдікті адамдарды уақытша орналастыруға арналған үй-жай;


9) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – балалардың дене, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамыту, олардың әлеуметтік жетістігі мен бүкіл өмірінің бойында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі құзыреттілігін қалыптастыру;


10) мектепке дейінгі ұйымдар – мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ерекше қызмет түрлерін есепке ала отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың міндетті оқу бағдарламаларын іске асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша қызметтерді көрсететін ұйымдар;


11) оңтайлы микроклиматтық жағдайлар – балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылу жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;


12) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар;


13) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі – САҚ) – орталықтандырылған кәрізбен байланысы жоқ, объектінің аумағында орналасқан жер үстіндегі бөлігі мен қазылған шұңқыры бар дәретхана;


14) санитариялық қорғаныш аймағы – елді мекендегі арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін жақын жатқан селитебті аймақтардан, тұрғын-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін әлсірету мақсатында бөлетін аумақ;


15) сәбилер үйі – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға, олардың үш жасты қоса алғанға дейін, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикалық және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған мемлекеттік медициналық ұйым;


16) септик – тұрмыстық сарқынды судың аз мөлшерін тазалауға арналған құрылыс;


17) технологиялық жабдық – өндіріс жұмысы үшін қажетті тетіктер, машиналар, құрылғылар, аспаптар жиынтығы;


18) технологиялық карта – тамақ өнімдерінің құрамы, тізбесі мен технологиялық операцияларды қамтитын өндіріс процесін сипаттау көрсетілген тамақ өнімінің атауы бар, тамақ өнімі негізделіп дайындалатын құжат;


19) топтық үй-жайлар (топтық ұяшық) – объектінің бір жас ерекшелік тобындағы балаларына арналған объектінің үй-жайлары;


20) тиімді тамақтандыру – тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;


21) топтық оқшаулау – топтарды әкімшілік-шаруашылық, тұрмыстық үй-жайлардан және бір-бірінен оқшаулау;


22) топтардың толықтырылуы – топтағы балалардың нормаланған саны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет