Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


-тарау. Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар



бет9/16
Дата19.12.2022
өлшемі57,14 Kb.
#58121
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
8-тарау. Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар

119. Объектілерде нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізіледі.


120. Объектілерде жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін жағдайлар жасалады.


Қол жуу үшін ыстық және салқын су келтірілген, қолды жууға және кептіруге арналған құралдары бар жуынатын раковиналар орнатылады.


121. Объектілерде қызмет көрсететін персонал (тәрбиешілердің көмекшілері, техникалық персонал), ас блогының жұмыскерлері кемінде 2 жиынтығы бар арнайы киіммен (костюм немесе халат, орамал, қалпақ, алжапқыш), ауыстыратын аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.


122. Объектілердің қызметкерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды, объектіден шығар кезде және дәретханаға барар алдында арнайы киімді шешеді, жұмысты бастар алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және ластанған заттармен жанасқаннан кейін қолды сабынмен жуады.


123. Ас блогының жұмыскерлері мынадай жеке гигиена қағидаларын сақтайды:


1) жұмыс басталар алдында сырт киімді шкафқа салады, қолдарын сабынмен мұқият жуады;


2) таза арнайы киімде жұмыс істейді, шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жинайды;


3) жұмыс процесінде сақина, алқа, сағатты шешіп қояды;


4) ас блогынан шығатын кезде, дәретханаға барған кезде арнайы киімді шешеді, асханаға қайтып келгенде қолды ыстық сумен, сабынмен және жөкемен мұқият жуады, содан кейін арнайы киімді киеді.


Ұзын тырнақ өсіруге және оны лакпен бояуға, арнайы киімді түйреуішпен түйреуге жол берілмейді.


124. Терінің іріңді аурулары, іріңдеген кесілген жерлері, күйіктері, жаралары бар адамдар, инфекциялық аурулармен ауыратын науқастар немесе олардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар, сондай-ақ науқастармен немесе тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар тиісті медициналық зерттеп-қарау жүргізілгенше және дәрігердің қорытындысына дейін жұмысқа жіберілмейді.


125. Объектілерде қызмет көрсететін персонал және ас блогы жұмыскерлері медициналық тексеріп-қараудан және гигиеналық оқытудан өтеді. Жеке медициналық кітапшасы және жұмысқа жіберілгені туралы белгісі жоқ адамдар жұмысқа қабылданбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет