"Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 12-қосымша
Объектілердің медициналық құжаттамасы Медициналық құжаттама: 1) инфекциялық ауруларды есепке алу журналы; 2) соматикалық сырқаттанушылық журналы; 3) жіті инфекциялық аурулармен байланыстарды есепке алу журналы; 4) профилактикалық егулер картасы; 5) Манту сынамаларын тіркеу журналы; 6) Манту сынамасы бойынша тексеруге жататын тәуекел тобындағы балаларды тіркеу журналы; 7) фтизиопедиатрда тексеруге жататын туберкулинге оң нәтижелі адамдар журналы; 8) бақыланатын химиялық профилактиканы жүргізу журналы; 9) гельминттерге тексерілген адамдарды тіркеу журналы; 10) баланың денсаулық паспорты; 11) тәуекел тобындағы балалардың тізімі; 12) тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы; 13) ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау журналы; 14) тамақтану нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесі; 15) тәрбиеленушілердің жеке медициналық карталары; 16) тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналы; 17) "С" витаминдеу журналы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ- 59 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі 1. "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15893 болып тіркелген). 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17501 болып тіркелген). 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 10-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген).