Мектепке дейінгі мекемелерде «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру Нұсқаулық



бет11/25
Дата06.01.2022
өлшемі116,54 Kb.
#16156
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
Шығармашылық білім беру саласы бойынша

Музыка

Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қолдап, дамыту.

Міндеттері:

1. Есту қабілеттерін шоғырландыруды, әннің тек әуенін тыңдап қана қоймай, сонымен бірге сөзін тыңдауға, әуенді қимылдармен, дыбыстармен сүйемелдей білуді дамыту.

2. Бастапқы әншілік икемділігі мен музыка әуенімен ырғақты қарапайым қимылдар жасай білуді дамыту.

3. Балаларды бейнелі рөлді ересек адам қолындағы ойыншық атқаратын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау.


Мазмұны:

Ересектердің айтқан әнімен жүре білуді қалыптастыру, ойын қимылдарын орындау, би әуендеріне жеңіл қимылдармен көңілді сипат беру: аяқтан аяққа ауысу, аяқты тарсылдату, алақандарын шапалақтау, қол буындарын айналдыру, орнында айналу, музыкаға қосылып сылдырмақпен ойнау, шапалақпен музыканың ақырын және қатты дыбысын белгілеу, ересектерге еліктеп, қарапайым бейнелі қимылдарды көрсету.

Педагогтің артынан топпен жүру іскерліктерін қалыптастыру; үлкендердің көрсетуімен би қимылдарын орындау.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- әндердің әуені мен сөзін тыңдауы, оларды тануды;

- музыкалық аспаптарды дыбысталуы арқылы ажыратуды;

- ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауды, оларға қосылуды;

- музыка әуенімен жүре білуді, жүгіре білуді;

- тәрбиешінің көрсетуімен би қимылдарын орындауды;

- заттармен қарапайым қимылдарды орындауды;

- ойындарға белсенді араласуды;

- 1-2 таныс билерді дербес орындауды білуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет