Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы Жоспары



бет10/13
Дата15.12.2023
өлшемі106,24 Kb.
#137959
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тест тапсырмалары
1.«Балабақша ережесі» және «Балабақша тәрбиешілеріне нұсқау атты басылым қай жылы шықты?
A) 1945ж
B) 1941 ж
C) 1938 ж
D) 1929 ж
E) 1949 ж
*****
2.Мектепке дейінгі тәрбие саласында алғаш қырғыз (қазақ) курстары қай қалаларда ашылды?
A) Орынбор, Қызылорда
B) Торғай, Семей
C) Орынбор, Семей
D) Семей
E) Қызылорда
*****
3. А.С.Симоновичтің тұңғыш шығарған журналы қалай аталады?
A) «мектеп ауласы»
B) «балалар бақшасы»
C) «алтын ұя»
D) «отбас және балабақша»
E) «денсаулық»
*****
4.Балалар бақшасы жұмысының табысты болуы кімге байланысты?
A) меңгерушіге
B) әдіскерге
C) тәрбиешіге
D) балаларға
E) ата – аналарға
*****
5. «Балаларға ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесін беру» еңбегінің авторы:
A) Е.Н.Водовозова
B) Ф.Фребель
C) Л.С.Выготский
D) Н.П.Сакулина
E) Я.А.Коменский
*****
6.«Халық денсаулығы туралы кітапшалар» еңбегінің авторы:.
A) М.В.Ломоносов
B) Л.К.Шлегер
C) А.М.Леушина
D) С.Ғ.Бәтібаева
E) Р.Оуэн
*****
7. «Балалар бақшасы» еңбегінің авторы:
A) А.С.Симонович
B) К.Д.Ушинский
C) Е.Н.Водовозова
D) Я.А.Коменский
E) Н.П.Сакулина
*****
8. Шетелдегі мектепке дейінгі педгогикасында қай ғасырда елеулі өзгерістер болды?
A) XX ғасыр
B) XVIII ғасыр
C) XXI ғасыр
D)& XIX ғасыр
E) XVI ғасыр
*****
9.Швейцарияда мектепке дейінгі тәрбиемен бала .......... бастап қамтылды.
A) 2 Жастан
B) 3 Жастан
C) 4 Жастан
D) 5 Жастан
E) 1 Жастан
*****
10. Баланың табиғи жағынан жетілуіне ерекше мән берген итальян педагогі:
A) П.Кергамер
B) Э.Кей
C) М.Мантессори
D) С.Уильдерспин
E) Л.К.Шлегер



2

№ 9
дәріс

Ресейдегі балабақшалардың қалыптасу тарихы
Жоспары
1.Тастанды балаларға арналған үйдің ашылуы. 1871 жылығы алғашқы балабақшалардың ашылуы. 2.Фребельдік балабақшалардың пайда болуы. 1900 жылғы Ресейдегі балабақшалардың типтері.
ХІХ ғасырдағы Петербургте М.Симонович пен А.С. Сименовичтің балабақша ашуы және оның ерекшеліктері.
3. Қазіргі заман тұсындағы балабақшалардың өрлеуі.
4.Ресейдегі бүгінгі балабақша типтерінің пайда болуы.

Ресейдің мемлекеттік жағынан ортандылатындырылуы, ол әсіресе І Петрдің патшалық еткен тұсында панасыз балалар көбейіп, оларға қамқорлық жасауға мемлекеттік сипат беру қажет дегенге жеткізді.


1706 жылы «тастанды балаларға арналған үй» ашылды немесе ол «некесіз туған балалар үйі»-деп аталған. І Петрдің бұйрығымен кейбір моностырлер жанынан өзіндік тәрбие беру үйлері ашыла бастаған. XVІІІ ғасырдың екінші жартысында Петербург пен Москвада тастанды балалар мен панасыздар үшін мемлекетттік жетімханалар ұйымдастырылды. 1763 жылы Москвада тәрбие үйі ашылып,кейіннен оның филиалдары бірқатар қалаларда ашылы бастайды. Жетімханалар мен тәрбие үйлерінде, әсіресе емшектегі балалар арасында өлім өте көп болған. Тәрбие үйлерінде, жетімханаларда өлімнің болуының басты себебі педиатрияда қолданылатын «госпитализм» деген терминге байланысты. Бұл жабық мекеме, госпитализмнің негізгі себептерінің бірі жоғары нерв қызметінің дұрыс дамуына қажетті жағдайлардың жеткіліксіздігі, тәрбие ісі баланы тамақтандырумен, жай күтүмен шектелген. Бала отбасындағы сияқты мәпеленіп, табиғи маңызды тәрбие құралдарынан айрылған. Осы кезеңнен бастап патриоттық тәрбие жүйесі кіреді. Балаларды отбасына тәрбиелеуге беріп, мемлекет тарпынан болмашы жәрдем төленген. Балалар өмірін сақтауда тәрбиенің бұл түрінің де тиімділігі аз болған.
Үзіліссіз тәрбиелеу және білім беру негізі саналатын балабақшалардың шетелдерде дүниеге келуі ағылшын педагогы Роберт Оуэннің (1771-1858)есімімен байланысты. Ол 1802 жылы пролетариат балаларына қоғамдық тәрбие беретін «мектеп-балабақша» ашып, «қоғамдық тәрбие ғана жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруға мүмкіндік тудырады» - деп тұжырымдаған. Кейіннен неміс педагогы Фридрих Фребель (1782-1852) 1837 жылы мектепке дейінгі мекеме ұйымдастырып, оны «балабақша» деп атаған. Сондай шетелдік тәжірибелер негізінде Ресейде де балабақшалар XІX ғасырдың 60 жылдары ең алғаш дүниеге келе бастаған. Ф.Фребель ұсынған жүйеде құрылған балабақша тәрбиешілері үшін фребельдік курстар мен балабақша мамандарын дайындайтын институттар ашылған. Қазан революциясынан кейін мектепке дейінгі тәрбие мемлекеттік халық білім жүйесінің бір бөлімі болды. Қазан төңкерісіне дейін балабақшалар қысқа мерзімдік 3-4 сағаттық болса, 1920 жылдары мектепке дейінгі мекемелердің 3 түрі болды – жетім балалар үйі, балалар ошағы (завод – фабрика жұмысшыларының балалары үшін) және 7, 9, 12 сағаттық балабақшалар. Балабақшалардың осы типтерінен кейін балалар алаңы, тәулік бойы жұмыс жасайтын балабақшалар ашыла бастады.
1920 жылдары кеңестік кезкңде (РСФСР) 5 мыңға жуық балабақшалар ашылды. Москвада Халық ағарту комитетінің бірінші тәжірибелік станциясында балабақша ашылып, оны Л.К Шлегер басқарған. Станция Калужская губерниясы Малоярославская уезінде бірнеше балабақша ашқан. Тәжірибелік станция қабырғасында мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне арналған көрме, семинарлар, консультациялар ұйымдастырылған. Негізінен курстарда оқытушылар Л.К Шлегер, Е.А Флериналар болған. Балбақшаларда әңгімелеу методикасы бойынша көп жұмыстар жүргізіліп, оның нәтижесінде М.Х Свентицская «Сурет бойынша әңгімелеу» кітабын жазған.
Тәрбиенің тарихпен сабақтастығының ашылуы, қажеттігі мектепке дейінгі мекемелердің қалыптасу, даму заңдылықтарын, қоғам талаптарымен салыстыра зерттеудің, ғылыми негізде зерделеудің көкейкестілігін көрсетеді. Себебі оқыту мен тәрбие – қоғамдық үрдіс, сондықтан, ол қоғаммен бірге дамып, бірге өзгеріске түсіп отырады.
Осыған орай, мекткепке дейінгі ұйымдардың қалыптасу және даму кезеңдерін, онда жинақталған ғылыми - әдістемелік, теориалық және практикалық мол тәжірибелерді, озық идеяларды, оқыту мен тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерін жаңа парадигма тұрғысынан зерттеу бүгінгі педагогика ғылымының басты міндетттерінің бірі болып саналады.
Мектепке дейінгі тәрбиені дамыту, балабақшаларды көптеп ашу мәселесі қашанда үкіметтің қаулы – қарарларында, мемлекеттік құжаттарда басты назарда болды. Сонымен бірге бұл мәселеге Н.К Крупская, А.В Луначарский, Л.С Выготский, А.С Макаренко, П.П Блонский, В.А Сухомлинский еңбектерін арнаған. Мектепке дейінгі тәрбиенің даму тарихы кезеңдерін зерттеуге қатысты М.Ф. Шабаева, Л.И Красногорская, Е.И Волкова, Л.К Савинова және т.б жүргізген тарихи – ғылыми зерттеулер нәтижесі мектепке дейінгі тәрбие ісінде елеулі орын алады.
Кеңестік дәуірдегі мектепке дейінгі тәрбиенің даму тарихын зерттеу мәселесі 1950- 1990 жылдары кең өріс алды. Осы кезеңде балабақшалардың даму тарихы жөнінде Е.Г Андреева «Развитие общественного воспитания в Белоруссий ССР» (1917-1941 ж), М.К Корнеева «Очерки по истории общественного дошкольного воспитания в Татарской АССР» (1917-1941ж), В.С Крылова «Становление и развитие дошкольного воспитания в Чувашии» (1917-1941 ж), Г.А Савенкова «Становление и развитие дошкольного воситания в Якутской АССР» (1917-1941 ж), М.Бадалова «Из истории развития дошкольного воспитания Узбекской СССР» (1946-1965 ж), М.Р Рахимова «Очерки развития дошкольного воспитания в Киргизии» ( 1945-1965 ж),.Ученые записки, М.Р Рахимова «Очерки развития дошкольного воспитания в Киргизии» (1945-1965 гг.) Ученые записки, М.Р. Рахимова «Научно-педагогические основы становления и развития дошкольного воспитания в Киргизии и перспективы его дальнейшего совершенствования » (1917-1967гг).
ТМД елдерінде жүргізілген зерттеулерде қоғам дамуындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайларды ескере отырып, мектепке дейінгі мекемелердің даму кезеңдері, тәлім-тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кездескен қиындықтар, балбалақшаларда қалыптаса бастаған озат тәжірбиелерді өмірге енгізу тәсілдері жайлы ғылыми тұжырымдар жасалған.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1.Тәрбиеші туралы шет елдік, ТМД, отандық әдебиеттердегі, зерттеулердегі ой-пікірлер.
2.Мектепке дейінгі балаларды оқу, тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы
3.Шетелдердегі және ТМД елдеріндегі мектепке дейінгі бағдарламалар. Баламалы бағдарламалар. Бейінді бағдарламалар. «Тәй-тәй» бағдарламасы (1996) оның ерекшелігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет