Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы Жоспары


– 1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы



бет6/13
Дата15.12.2023
өлшемі106,24 Kb.
#137959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1917 – 1960 жылдардағы кеңестік мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы
Жоспары
1.Балаларға бір жастан тегін қоғамдық тәрбие беру мәселесі. Мектепке дейінгі тәрбие – білім беру жүйесінің алғашқы буынының мәні.
2.Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері.
3.С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, Л.К.Шлегер, Е.И.Тихеева, Н.К.Крупская, Е.А.Флерина, А.С.Макаренко, А.П.Усова, В.А.Сухомлинский мектепке дейінгі тәрбие туралы көзқарстары және еңбектері.
Мектепке дейінгі педагогика-жалпы педагогиканың бір саласы. Мектепке дейінгі педагогика-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогика жалпы педагогиканың басты қағидаларына сүйенеді оны басшылыққа алады.
Мектепке дейінгі педагогика пәні мектеп жасына дейінгі баланы физиологиялық және психологиялық жағынан жетілу ерекшеліктерін қарастыратындықтан оның мазмұны да жалпы педагогикадан өзгеше. Бұл кезеңде бала ағзасының дамуы тез үдемелі болғандықтан, әлсіз-де нәзік, кінәмшіл келеді алайда бала осы шақта қимылдауды, ойлауды, сөйлеуді меңгереді.
Мектепке дейінгі педагогика пәні жеті жасқа дейінгі балаларды үй іші мен балабақшада өмір талабына сай жетілдіру процестерін зерттеп, оларды оқыту мен тәрбиелеуді ең тиімді әдіс тәсілдерін, сондай-ақ балабақшадағы тәрбие жұмыстарын жан-жақты ұйымдастырудың теориялық, практикалық жақтарын ойын, оқу, еңбек әрекетін, күн тәртібі, бөбекжаймен, балабақша тәрбиешілерінің ата-аналармен өткізілетін жұмыстарының түрлерін де қарастырады.
Н.К.Крупская (1869-1939). Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жұмысын ұйымдастырған, оның негізін қалаған, баланың дамуыда тәрбиенің рөлін аса зор бағалаған педагог. «Век ребенка» еңбегін, «Жұмысшы әйел», «Отбасы және мектеп», «Біздің балаларымыз туралы» мақалалар жазған. 3-4 жастан бастап жақсы тәрбие беретін тәрбие орындарын, балабақшалар ашу қажетекендігін айтқан. Н.К.Крупская мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берді.
А.С.Макаренко (1888-1939) Мектепке дейінгі педагогикаға үлес қосқан. Ол мектепке дейінгі балалардың мінез-құлқына басшылық жасаудың қажеттілігі туралы айта келіп бала дүниеге келген алғашқы күннен бастап, оның жеке басының қалыптасуының негізі қаланатынын дәлелдеген. Баланы еңбекке ойын арқылы тәрбиелеу, балалар ұжымы жайлы тамаша пікірлер айтқан.
А.С.Макаренко балалар тәрбиесі туралы лекцияларында балалардың үй шаруашылығына араласуы, оларды коллективизмге, қамқорлықпен қарауға, ұқыптылыққа, өзінің жеке заты мен қоғамдық меншікті сақтауға, өз жұмысы мен уақытын дұрыс бөлуге үйретеді деген.
Тәрбиешілер ұжымы болуы керек, - деп жазды. А.С. Макаренко- тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие процесі болуы мүмкін емес.
Луиза Карловна Шлегердің (1863-1942) педагогикалық қызметі 1882 жылы басталып, ал 1905 жылы Москва кедейлерінің балалары үшін тәрбие шараларын жүргізетін «Сетлемент» және «Бала еңбегі мен тынысы» қоғамдарының белсенді қатысушысына айналды.
Л.К.Шлегердің бірқатар еңбектерінде («Кішкентай балалармен әңгіме өткізуге арналған материалдар», «Балалар бақшасындағы практикалық жұмыс» және т.б.) мектепке дейінгі балалармен әңгіме өткізуді ұйымдастыру методикасы, балаларды зерттеу, жеке-даражұмыс істеу, сезім органдарын дамыту үшін арнаулы жаттығулар қолдану жөнінде бағалы ақыл кеңестер бар. Л.К.Шлегермектепке дейінгі теорияны дамытуға елеулі ықпал жасады. Ұлы Октябрь социалистік революциясынанкейін кеңестік мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен практикасын дамытуға ат салысты.
Елизавета Ивановна Тихеева (1867-1943) мектепке дейінгі тәрбие проблемасымен 1907 жылдан бастап айналыса бастады. Ол 1913-1917 жылдары мектепке дейінгі тәрбиеге жәрдемдесетін Петербург қоғамының балалар бақшасын және сол қоғамның мектеп комиссиясын басқарды. Е.И.Тихеева К.Д.Ушинскийдің жолын қуушы және оның идеяларын насихаттаушы болды, балаларды мектепке даярлауға, балалар бақшасымен бастауыш мектеп программаларының үйлесімділігіне және сабақтастығына ерекше көңіл бөлді. Е.И.Тихеева өз еңбектерінің («Ана тілі және оны дамыту жолдары», «Қазіргі балалар бақшасы, оның маңызы және жабдықталуы», «Римдегі балалар үйлері, олардың теориясы мен практикасы» және т.б.) ол өзінің мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытты, соның өзінде М.Монтессоридің жүйесін сынға алды. Е.И.Тихеева балалар үйлеріндегіге қарағанда, балалар бақшасындағы атмосфера көңілді болуға тиіс, бұл ойындарды жандандыра сөйлеуді және жұмыстың коллективтік түрлерін кең пайдаланған жағдайда мүмкін болады деп есептеді.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту мәселесіне үлкен үлес қосқан педагогтардың бірі А.П.Усова. Ол көптеген зерттеулерге сүйене отырып, Мектепке дейінгі балалардың оқу әрекеті барысында дамуын үш деңгейге бөлді. А.П.Усованың пікірінше сабақ өткізуге ең қолайлы кезең күңнің бірінші жартысы, себебі балаларға сурет салу, құрастыру, мүсіндеу, жапсыру, т.б. үшін күндізгі жарықтың пайдасы зор, себебі әрі баланың таңертеңгі тамақтан кейін шаршамай, ойынға кіріспей тұрған уақыты өте ыңғайлы. 1970 жылы ол «Обучения в детском саду» атты еңбегін жазды.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1.Ресейдегі мектепке дейінгі педагогиканың қалыптасуы.
2.ХІХ ғасырдың екінші жартысында мектепке дейінгі педагогика ғылымының педагогика ғылымынан бөлінуі. Ресейде алғашқы балабақшалардың пайда болуы.
3.К.Д.Ушинскийдің мектепке дейінгі тәрбие туралы пікірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет