Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы Жоспары



бет9/13
Дата15.12.2023
өлшемі106,24 Kb.
#137959
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тест тапсырмалары
1.«Қырғыз хестоматиясы» еңбегінің авторы:
A) С.Елубай
B) Ш.Ахметов
C) А.Байтұрсынов
D) Ы.Алтынсарин
E) М. Жұмабаев
*****
2.К.Д.Ушинскийдің «балалар әлемі » атты еңбегін қазақ тіліне аударды:
A) А.Құнанбаев
B) Ы.Алтынсарин
C) М.Ауезов
D) А.Байтұрсынов
E) М.Жұмабаев
*****
3.А. Байтұрсыновтың «Бастауыш мектеп және мектепке керектері туралы » атты мақаласы қай газетте жарияланды?
A) жас алаш
B) шығыс жұлдыздары
C) егемен Қазақстан
D) огни Алатау
E) қазақ газеті
*****
4.Жүсіпбек Аймауытовтың атақты еңбегі:
A) тәрбиеге жетекші
B) әдебиет танытқыш
C) оян қазақ
D) батыр Баян
E) оқу құралы
*****
5.1923 жылы Ташкентте басылып шығарылған М. Жұмабаевтың еңбегі:
A) Психология
B) Оқу құралы
C) Шолпан
D) Педагогика
E) Ертегілер жинағы
*****
6.«Балалар әлемі » атты еңбектің авторы:
A) Аристотель
B) Жан Жак Руссо
C) К.Д.Ушинский
D) Ы.Алтынсарин
E) М.В.Ломоносов
*****
7. Эстетика ... , ..., ... тәрбиелейді:
A) әдемілік, сыпайылық, сезімталдық
B) Отансүйгіштікке
C) Ақыл-ойын дамытады
D) Сабақ оқуға
E) Дұрыс емес
*****
8.Балабақшаға қай жастағы балалар алынды
A) 5-12ж
B) 3-6ж
C) Туғаннан – 3ж
D) 12-17ж
E) 1-10ж
*****
9.«Республикадағы мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жұмысын жақсарту, балабақшалар санын арттыру» туралы қаулы қашан шықты?
A) 1980 ж 27 маусым
B) 1983 ж 26 қыркүйек
C) 1975ж 29тамыз
D) 1969 ж 20 маусым
E) 1960 ж 1 қаңтар
*****
10.Қай жылы «М.д мекемелер қызметкерлерін дайындауды жақсарту » туралы қаулы шықты.
A) 1951ж 16қазан
B) 1952 ж 21 қаңтар
C) 1948 ж 21 қараша
D) 1928 ж 3 желтоқсан
E) 1945 ж 3 қазан



1

№ 8
дәріс

Мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар
Жоспары
1.Бағдарлама – мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру, тәрбиелеу және оқыту туралы негізгі құжат.
2.Мектепке дейінгі балаларды оқуту мен тәрбиелеу бағдарламасының қалыптасу тарихы (1932, 1934, 1938, 1953, 1962, 1964, 1970, 1989)
3.«Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы қаулы және тұжырымдамалары.
Мектепалды даярлау бағдарламаларының (1998 (Астана), 1999 (Семей), 2000 (Алматы)) мазмұны жағынан ерекшелігі. Балабөбек» бағдарламасы.
Балабақшалардағы тәлім-тәрбие мазмұнын жетілдіру бағыттарын анықтау Халық Ағарту Комиссариаты мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің 1919 жылғы «балабақшаны басқару туралы» арнайы нұсқауынан басталды. Онда мектепке дейінгі бес жастан алты жасқа дейін білім беру стандартында мектепке дейінгі тәрбиесінің негізгі принциптері, балабақша, ондағы тәрбие жұмысы дене шынықтыру, еңбек тәрбиесін ұйымдастыру, табиғат, еңбек арқылы баланың ақыл ойын дамыту, бала өміріндегі педагогикалық істі дұрыс ұйымдастыру үшін баланың қабілетін толық анықтау, оның қоғамдық әдет дағдысын қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысын жыл бойы үзіліссіз жүйелі жүргізу тәртібі белгіленді.
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 025 бюджеттік бағдарлама төңірегінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 628 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі – ҚР МЖМБС -2009) талаптарына сәйкес 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған қазақстандық білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – бағдарламалар) мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірледі:
1) Мектепке дейінгі ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы;
2) Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы;
3) Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы.
Аталмыш мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы А. Жақыповтың 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен бекітілді.
Бағдарламалар облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, БЖ БҒПКБАРИ-ның, Ы. Алтынсарин атындағы ҚазҰБА-ның, облыстық және қалалық БАИ-тарының мамандарымен келісілді. Сонымен қатар, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, «Step by step» корпоративтік қорының өкілдерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілерінің, ЖОО мен колледждердің мектепке дейінгі тәрбиелеу факультеттерінің оқытушыларының, жалпы білім беру мектептерінің мектепалды сыныптары мен шағын орталықтары педагогтерінің қатысуымен Алматы қаласында «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне жаңа стандартты енгізу» тақырыбында өткізілген республикалық семинар-тренингте талқыланды.
Бағдарламалар мектепке дейінгі білім беру мазмұнының функционалды тасымалдаушысы болып табылады. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға жаңа тәсілдерін іске асыруды қамтамасыз етуге бейімделген, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың классикалық және отандық мектепке дейінгі педагогика тәсілдеріне, «Балабақшаларда тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасы» мен «Балбөбек» бағдарламасының мазмұнына, принциптеріне сүйенеді.
Бағдарламалар түрлі жас кезеңдерінде бала тұлғасы құзыреттілігінің даму Тұжырымдамасын, А.В.Запорожецтің бала дамуы амплификациясының (байыту) жан-жақты (танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әлеуметтік, дене күшінің) өзара байланыстары туралы ғылыми ережені негізге ала отырып әзірленді.
Бағдарламаның мақсаты 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың толыққұнды, құзыретті дамуын, физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау болып табылады.
Білім беру бағдарамаларының құрылымы:
түсіндірме жазба;
мектеп жасына дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру;
балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктерінің сипаттамасы;
күн тәртібінің үлгісі;
бес білім беру саласының бағдарламалық мазмұны;
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің базалық мазмұны;
қосымша:
8. қимылды ойындар тізімінің үлгісі;
9. ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары;
10.сурет салу, жапсыру және мүсіндеу сабақтарының тақырыптық үлгісі;
11.музыкалық репертуарлар мен әуенді дидактикалық ойындар.
Педагогикалық процестерді ұйымдастыру негізгі үш принципті: кіріктіру, жіктеу және жекешелендіруді іске асыруды болжайды.
Бағдарламалар мазмұнын іске асыру әрқайсысының жеке бөлімдері мен мақсатты бағыттары бар негізгі білім беру салаларымен тығыз байланысты жұмыстарды қарастырады.
«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салты ережелерін саналы сақтауды қалыптастыруға, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері мен өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларын жетілдіруге, дене және ерік қасиеттерін дамытуға ықпал жасайтын шешімдер мен педагогикалық жұмыстардың мазмұны, шарттары, міндеттері анықталған.
«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуді дамыту, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетіне деген жеке қабілеттерін, мазмұнды монолог пен диалог құра білу іскерлігін, сауат ашуды меңгеруге дайындық жасау мақсатында тілдік шығармашылықты көрсету жұмыстарының мазмұндары мен міндеттері енгізілген.
«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортаны бағдарлай білуін кеңейту мен толықтыру; қарапайым іздену әрекетімен айналысу, модельдеу, байқап көру, жалпылау, талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту; табиғатты қорғау әрекеттерінің кейбір тәсілдері мен ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеу дағдылары бойынша педагогикалық жұмыстың шарттары мен мазмұнын, міндеттері көрсетілген.
«Шығармашылық» білім беру саласында балада әлемге деген, ұлттық және классикалық өнерге деген көркемдік эстетикалық қатынасты біртұтас қалыптастыру; балалар шығармашылығы мен әртүрлі көркемдік әрекеттерін кіріктіру қабілеттерін қалыптастыру қарастырылған. Балалар шығармашылығы балалардың өзіндік жеке мүмкіншіліктері мен қоршаған ортасын танытатын, оған деген қатынастарын білдіре алатын ерекше әлем.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласында балалардың әлеуметтік тәжірибелерін әрі қарай дамыту мен меңгерту процесі ретінде, оны қоғамға кіргізуді қажет ететін әлеуметтендіруді қарастыра отырып, жеке басының еңбек дағдысын, білімін, нормасын, құндылығын, салт-дәстүрін, ережесін, әлеуметтік қасиетін қалыптастыру қарастырылған.
Бағдарлама жұмысының оң нәтижесін беретін кезеңдерге:
- балалар өмірін қатаң тәртіппен белгілеуден шығу;
- балалар әрекеттерінің түрі мен олардың құралдарын тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын кең көлемде тәжірибе жасауды, ұжымдық жұмысты қолдану жатады.
Бағдарламалар мектеп жасына дейінгі балалардың үш жас аралығындағы кезеңдеріне сәйкес құрылған. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілеріне, әдіскерлеріне, тәрбиешілеріне және мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына ұсынылады.
Сонымен қатар жаңа бағдарламаларға қосымша етіп әдістемелік тәсілдері, нұсқаулықтары, барлық білім беру салаларының перспективалық жоспарлары мен сабақ конспектісін алмастыратын технологиялық картасының үлгі тізімі берілген әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді. Дидактикалық материалдар мен индикаторлар банкі де қоса әзірленуде.

4.Шетелдердегі және ТМД елдеріндегі мектепке дейінгі бағдарламалар. Баламалы бағдарламалар. Бейінді бағдарламалар. «Тәй-тәй» бағдарламасы (1996), оның ерекшелігі.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1.Қазақстан Республикасы көлеміндегі мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі салаларының зерттеулері.
2.Тәрбиеші - мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық үрдісіндегі негізгі тұлға.
3.Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері, жұмысының ерекшелігі, шығармашылық сипаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет