Тест тапсырмалары 1.Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың топ саны: A) 6 B) 4 C) 3 D) 7 E) 5 ***** 2.1870 – 1952ж.ж. өмір сүрген итальян педагогы: A) Марья Монтессори B) В.Одаевский C) Н.Крупская D) Г.Лескова E) М.Маркова ***** 3.Оқытудың негізгі формасы: A) факультатив B) сабақ C) компьютер D) калькулятор E) қаламсап ***** 4.ХVІІІғасырдың екінші жартысында ашылған мемлекеттік жетімханалар қай қалаларда: A) Орынбор мен Омбы B) Петербург пен Москвада C) Ленинград, D) Волгоград, Целиноград E) Мәскеуде ***** 5.«Тәй-тәй» бағдарламасы қай сәйкес жас ерекшелігіне арналған? A) туғанан -12 ж B) 3-7 ж.ж C) 2-7 ж.ж D) 2-6 ж.ж E) 3-5ж.ж ***** 6.Ресейлік «Радуга» бағдарламасының негізінде даярланған бағдарлама? A) Қаралығаш B) Зерек бала C) Тәй тәй D) Қайнар E) Біз мектепке барамыз ***** 7.«Стандарт» қай жылы белгіленді? A) 1999 B) 2003 C) 2005 D) 2009 E) 2008 ***** 8.«Жанұя» бағдарламасы қай жастағы балаларға арналған? A) 5-6ж B) туғаннан -1ж C) 3-4ж D) 3-5ж E) 2-6 ж ***** 9.Әл - Фарабидің психологиялық көзқарасы білдірілген атақты еңбегі: A) жан туралы B) метафизика C) психология D) музыка және жан E) вакум туралы ***** 10.Абай Құнанбаевтың балаларды оқу мен білімге шақырған өлеңі: A) өнер , білім бар жұрттар B) жазғытұры C) ғылым таппай мақтанба D) мектептен мектепке E) жасымда ғылым бар деп ескермедім
2
№ 7
дәріс
Тәрбиеші мамандығының тарихы Жоспары 1.Тәрбиеші - мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық үрдісіндегі негізгі тұлға. Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері, жұмысының ерекшелігі, шығармашылық сипаты. 2.Педагог мамандығының тарихы. Тәрбиеші туралы шет елдік, ТМД, отандық әдебиеттердегі, зерттеулердегі ой-пікірлер. 3.Ұлы ойшылдардың педагогикалық, психологиялық көзқарастарындағы (Әл-Фараби, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құбайбердиев, М.Әуезов, Ә.Алдамұратов, М.Мұқанов, Т.Тәжібаевтың) тәрбиеші – мұғалім туралы ой-тжырымдары. 4.Мектепке дейінгі кадрларды дайындау мәселелері. Еліміздегі тәрбиешінің білімін арттыру жүйесі, жолдары. 1921жылы 1 шілдеде Қазақстанда 4 халық ағарту институттары жұмыс істей бастады. Онда барлығы 593, яғни Орынбор орыс институтында- 130, Орынбор татар институтында -233, Орынбор қазақ институтында-140, Семей аралас институтында -90 адам оқиды.
Жер-жерде осындай арнайы институттардың ашылуы маман дайындау, бастауыш мектептерде, балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтарды қайта дайындау, білімін жетілдіру сияқты аса маңызды жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туғызды.
Жаңадан ашылған осындай бөлімдердің басшылығымен, 1920жылғы 22 наурыздан төрт және екі айлық курс ашылып, оған 40 адам қатысты.
Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі 1922 жылғы 1 ақпаннан бастап 6 айлық арнайы курс өткізді.
1922 жылы Орынбор, 1924 жылы Қызылорда қалаларында мектепке дейіегі тәрбие саласында алғаш қырғыз (қазақ) курстары ашылған.
Өскелең өмір талабы әр тәрбиешінің, педагогтың, жетекшінің алдына өз білімін көтеру, педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгерту, озат тәжірибені зеттеу, оны нығайту, шығармашылық тұрғыда жетілдіру міндетін қояды.
1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш білім ордасы, жоғарғы оқу орны Абай атындағы педагогикалық институты ашылған. Осы институттың жанынан мектепке дейінгі тәрбие мамандарын дайындайтын факультет ашылып, кейіннен түрлі себептермен бұл факультет жабылып қалады.
1939-1940 жылдары Алматы, Семей, Орал қалаларында педагогикалық техникумдар ашылды. Алматыдағы техникумның күндізгі бөлімінде екі жүз, кешкі техникумда жүзден астам қазақ қыздары арнайы орта білімді тәрбиешілік мамандық алған.
1945 жылы (Балабақша ережесі) және (Балабақша тәрбиешілеріне нұсқау) жаңадан басылым тауып, оны балабақшадағы тәрбие ісіне жүйелі енгізу мақсатында Қазақстан Оқу министірлігі мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін 1946-1947 жылыдары әдіскерлер мен әдістемелік орталықтардың бысшыларына тоғыз, менгерушілер мен тәрбиешілер үшін жиырма бес семинар ұйымдастырған.
Сондай-ақ Қазақ ССР Оқу министірлігіне 1947 жылғы 3 шілдедегі № бұйрығы бойынша жылы қыркүйектен бастап Орал және Семей педучилищелерінде мектепке дейінгі тәрбие білімі ашылды. Оның әрқайсысында отыз адамнан болашақ тәрбиешілер даярлайтын болды. Жоғарда аталған бұйрықта қосымша ретінде ( 1947 жылы 21 шілде ) Қазақ ССР Оқу министірлігі мына міндеттемеледі.
1949-1950 оқу жылы Орал педучилещісін 49 тәрбиеші, оның 32 орыс, 17 қазақ қыздары бітіріп, балабақшаларға жолдама алды. Қызылорда педагогикалық училещесі дайындайтын.
Осыған орай жылы қаңтарда Халық Ағарту Министірлігінің (балабақша жұмысына педагогикалық басшылық жасауды жақсарту туралы) бұйрығы бойынша барлық білім жетілдіру институттарына
- оқу әдістемелік жұмысын басқару нақты шараларын белгілеу, жоспарлау
- педагогикалық кеңестер өткізу сапасын жақсарту, бақылау жолдарын ұсыну
- мектепке дейінгі тәрбие мәселелері бойынша педагогикалық оқулар өткізу
- ғылыми зерттеу институтында балабақша менгерушілерінің, тәрбиешілердің және инспекторлардың білімін жутілдіру, жақсарту шараларын белгілеу
- озат тәжірбиелерді зерттеу, жинақтау, талдау жұмыстарына еңбек дайындау сияқты жұмыстар міндеттеледі.
- 1964 жылы Қазақстан республикасы бойынша балабақшаларда жұмыс істейтін 14 мың менгеруші, тәрбиешілердің -5 мыңның арнайы білім жоқ, орта білімді 2280- нің білімі ортадан төмен болған.
1969 ылы республикадағы қазақ балабақшаларында педагог қызмет істеген, оның ішінде 197 менгерушінің педагогикалық білімі жоқ, 82 тәрбиеші орта білімді, 100 тәрбиешінің білімі ортадан төмен, 328 тәрбиеші ешбір курстан өтпеген.
1970 Жылдан бастап педагогикалық институттар мен педагогикалық училищелерде мамандар дайындау жұмысы жанданып, мұғалімдер білімін жетілдіру институттары елеулі жұмыс жасады.
1983 жылы 26 қыркүйекте 1980-1990 оқу жылдары бір жылдық педкласта дайындалатын тәрбиешілер саны жоспарланып, қамтамасыз ету қаржылары жергілікті бюджет есебінен бөлінетіні жайлы Н.Ә. Назарбаев қол қойған № 369 жарлық жарияланды.
Аталған жарлыққа сәйкес республика бойынша 100 педкластары жұмыс істеп жылына 3 мың тәрбиеші дайындалады. (жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарын) жүзеге асыруда тәрбиешілердің атқаратын рөлізор болды. Мектепке дейінгі мекемелер сананың, жедел өсуіне байланысты мамандардың жутіспеушілігі ескеріліп, жылы педагогика училищелеріне қабылданатын оқушылар саны адамға жеткізу, педагогика және психология факултеттерін ашу көзделген.
1976 жылы 21-23 қыркүйекте Бастауыш білім беру жөнінде Совет-Италия симпозиумы Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім берудің қалыптасуы ( Баяндамашы К.Б. Балахметов.)
1978 жылы 1-3 ақпан Алматы қаласында Республикалық семинаркеңес мектепке дейінгі тәрбие секциясында 16 баяндама жасалған.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие ұйымының ашылуы және тәрбие беру үрдісін ғылыми – педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру мәселелері.
2.Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушы ғалымдарының педагогикалық ой – пікірлері.
3.«Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» атты Нәзипа Құлжанованың еңбектерінің маңызы.