Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы Жоспары


XVII – XVIII ғасырлардағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуы



бет2/13
Дата15.12.2023
өлшемі106,24 Kb.
#137959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
XVII – XVIII ғасырлардағы мектепке дейінгі тәрбие теориясының қалыптасуы
Жоспары
1.Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуда ұлы педагог Ян Амос Коменскийдің еңбектері. «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектерінің маңызы. «Ана мектебі» туралы ілімі.
2.Француз ағартушы педагогтарының мектепке дейінгі тәрбие туралы көзқарастары. Жан Жак Руссоның педагогикалық теориясы.
3.Иоганн Генрих Пестолоцидің кішкентай балаларға арналған мектебі.
4.Роберт Оуэн мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалық қызметі.
5.Ф.Фребельдің балабақшасы.
1.Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуда ұлы педагог Ян Амос Коменскийдің еңбектері. «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектерінің маңызы. «Ана мектебі» туралы ілімі.
Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретінде бастамасы XVII-ғасырға тән. Бұл кезде славян педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Я.А.Коменский өз еңбектерінде бала тәрбиесінің дамуындағы прогресшіл идеяларды басшылыққа алып, тәрбиеде баланың жеке басының дамуы мен ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеген. Оның «Әлемді суреттеп бейнелеу», «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» (оқулықтар), «Ана мектебі» атты еңбектері бар.
Баланы дамыту мен тәрбиелеуде сезім тәжірибесінің роліне ең алғаш баға берген Я.А.Коменский болған. «Аналар мектебі» еңбегінде сөзбен тәрбиелеуді іс-әрекетпен тәрбиелеуге қарсы қоя отырып, сыртқы дүние құбылыстарын барлық сезім мүшелерінің қатысуымен қабылдауын есепке алған. Дидактикалық принциптерді алғаш қалыптастырған — славянның ұлы педагогі Я.А.Коменский XVII ғасырда жазылған «Ұлы дидактика» деген еңбегінде оқытудың түсініктілік, жүйелілік, біртінділік, көрнекілік, белсенділік, т.б. принцнптерін ұсынған.
2.Француз ағартушы педагогтарының мектепке дейінгі тәрбие туралы көзқарастары. Жан -Жак Руссоның педагогикалық теориясы.
Атақты француз жазушы-педагогы, философы, аса ірі ағартушыларының бірі Жан-Жак Руссо (1712-1778) тәрбиенің өзіндік теориясын жасаған. «Эмиль немесе тәрбие» туралы еңбегінде баланың жетілуін жас шамасына қарай кезеңдерге бөлуге, әр кезеңдегі тәрбие міндеттерін, мазмұнын, оқу тәрбие әдістерін белгілеуге әрекет жасаған.
Ж.Ж.Руссо баланың дамуын 4 кезеңге бөлді. Ж.Ж.Руссо дидактикасының негізі – баланың өзіндік әрекетін, зеректілігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту, білімді өмірмен, тәжірибемен байланыстыру.
Ж.Ж.Руссоның пікірінше, нашар, дұрыс жүргізілмеген тәрбие бала табиғатына тән жағымды қасиеттерді жойып, оның ішкі жан дүниесін бүлдіреді. «Осылайша бала табиғатының бүлінуіне тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бір-біріне диктатор және құл ретіндегі қарым-қатынасына сүйенген авторитарлық тәрбие әсер етеді. Бұндай тәрбие еркін ойлайтын, саналы әрекет ететін адамдарды тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан тәрбиеші тәрбиеленушіні жақсы көруі және адамды тәрбиелеу оның өзіндік табиғатына сүйене отырып жүргізілуі қажет. Табиғат балаларды біз жақсы көріп, оларға көмектесу үшін жаратты», - деп жазды.
3.Иоганн Генрих Пестолоццидің кішкентай балаларға арналған мектебі.
Иоган –Генрих Песталоцци (1746-1827) – Швецарияның ұлы демократ –педагогы. И.Г.Песталоцци 1746 ж 12 қаңтарда Швейцариядағы Цюрих қаласында дүниеге келеді. 5-жасында әкесі қайтыс болып, үш бала шешесінде қалады. Ол 6 жасында немістің элементарлық мектебіне барады. Содан кейін латын мектебінде және гуманитарлық колледжде оқиды. 1764ж заң ғылымын оқып, саясатқа араласу үшін басқа колледжге – Каралинизмге ауысады.
Мектептегі сабақ оны қызықтырмады, сондықтан ол еш ынтасыз оқыды. Генрих өте сезімтал, қайырымды болды. Бірде ол қайыр сұраған адамға аяғындағы башмақтың күміс бауын шешіп береді.
Ол адамды адам ететін тәрбие деген пікірге сенген, баланың табиғи дамуына ерекше мән берген. И.Г. Песталоцци ана тілі, есеп өлшеуді оқыту әдістемесін жасап, «Аналар кітабы» «Бақылау әліп-биі» т.б. еңбектер жазған. Ол тәрбиенің негізгі міндеті баланың адамгершілік қасиетін қалыптастыру, адамгершілікті өндірістегі еңбекпен ұштастыру. Бала тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда отбасының әсіресе, ананың ролін жоғары бағалаған. Тәрбиені алғашқы күннен бастаған жөн, сол себепті әр ананы тәрбие әдістемесімен қаруландыру қажет деп есептеген. И.Г.Песталоцци «Көріп қабылдау әліппесі» деген еңбегінде баланың сезім тәжірибесіне сүйенеді (санау мен есептеуді меңгерту).
4.Роберт Оуэн мектепке дейінгі тәрбиедегі педагогикалық қызметі.
Роберт Оуэн (1771-1858) қолөнершінің отбасында дүниеге келіп, жастайынан өз еңбегімен өмір сүрді. Оның қабілеті күшті болды. Жиырма жасында ірі өндіріс орнының жетекшісі болды.
1800 ж Оуэн қағаз жасап шығаратын фабриканы басқарды. Бұл Шотландиядағы Нью-Ленарк қаласында.
Р.Оуэн «Адам айналасын қоршаған ортаның нәтижесі, ендеше алдымен жұмысшылардың тұрмысын жақсарту керек» деп есептеді.
Ол фабрика жанынан оқу-тәрбие мекемелерін, «Сәбилер мектебі» (1 жастан 6 жасқа дейін), ясли, балабақша, ойын алаңы, бастауыш мектеп (6-10 жас) кешкі мектеп (өндірісте жұмыс істейтін өспірімдер үшін) ашты.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель.
2.Рим педагогі Марк Квинтилиан.
3.Құлдық қоғамдағы мектепке дейінгі тәрбие. Феодалдық қоғамдағы мектепке дейінгі тәрбие.

Тест тапсырмалары


1.4-5 жастағы балаларды дамыту бағдарламасы?
A) Қайнар
B) Қарлығаш
C) Тәй тәй
D) Балбөбек
E) Зерек бала
*****
2. Мектепке дейінгі мекеменің ( ұйымның ) балама моделі:
A) шағын балабақша
B) орта топ блабақшалары
C) мектепалды даярлық топтары
D) авторлық балабақшалар
E) отбасылық « жанұя » атты балабақшалар топтары
*****
3.Семей мемлекеттік университеті базасында ашылған ғылыми – зерттеу институты:
A) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
B) бастауыш буын оқулықтарын шығару
C) балабақша және мектеп
D) педагогтар біліктілігін арттыру
E) ана мен бала
*****
4. М.Жұмабаевтың балаларға арнаған ертегісі:
A) Бала би
B) Ақшақар
C) Бір уыс мақта
D) Жүсіп хан
E)Орындалған арман
*****
5.А.Құнанбаевтың жыл мезгілдерін сиппатаған өлеңдері:
A) жаз, қыс, жазғытұры
B) орындалған арман
C) көзімнің қарасы
D) ғылым таппай мақтанба
E) қараша ,желтоқсан сол бір екі ай
*****
6. 1948 ж. 1 қаңтардан музыкалық аспаптары бар балабақшаларға ... алу ұйғарылды.
A) Музыка жетекшісін
B) Психологты
C) Дәрігерді
D) әдіскерді
E) Меңгерушіні
*****
7. «Жоғарғы білім беруді дамыту жайындағы» қаулысымен қанша оқу орны ашылды.
A) 5
B) 6
C)17
D) 7
E) 10
*****
8. Мектепке дейінгі мекемелердің жүйесін дамытудың ең басты мәселесі
A) Мұғалім дайындау
B) Білікті маман, педагог, тәрбиеші дайындау
C) Білікті психолг дайындау
D) Медбикелерді жан-жақты даярлау
E) Оқу-құралын шығару.
*****
9.Балабақша қолданатын оқу құралдары:
A) Математика, қазақ тілі, сауат ашу
B) Қарапайым математика, қазақ тілі , ана тілі
C) Сауат ашу, қарапайым математика, тіл дамыту
D) Дүниетану, математика
E) Сауат ашу, ана тілі
*****
10. И.И.Новиковтің «Балаларды тәрбиелеу және ұстаздық ету туралы трактаты» атты еңбегінде не туралы айтылған?
A)мектеп туралы
B) балабақща туралы
C) дене тәрбиесі турралы
D) ақыл-ой, адамгершілік туралы
E) эстетикалық тәрбие туралы



2

№ 3
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет