Ойыншықтармен ойын көрсету (қуыршақ театры)
Ойыншықтар ойынында ертегінің мазмұны қуыршақтар мен ойыншықтар арқылы қайталанады. Ойыншықтар ойыны тартымды шығуы үшін тәрбиеші көп дайындық жұмысын жүргізеді.
Қажетті ойыншықтар алдын ала дайындалады, ойыншықтардың тартымды, сәнді болуы ескеріледі. Ертегі бойынша қажетті ойыншық бөлек бір столға қойылады. Бет орамалымен жабылады. Екінші столға тәрбиеші ертегінің мазмұнына қарай ойыншықты рет-ретімен қойып көрсетіп, ертегіні мазмұндап береді. Ал ересектер тобы мен мектепке дайарлайтын топтың балалары ертегінің мазмұнын өздері айтып бере алады.
Көлкеңке театры (теневой театр)
Ертегінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетуден бұрын оқиғаға қажетті көріністі бейнелйтін суреттер алдын ала картон қағаздан қиылып жасалынады. Олар қара бояумен боялады, сөйтіп оқиғаның ретімен төрт бұрышты кергіштей керілген дәкенің сыртынан көрсетіледі.
Ертегіні драмалау.
Оған ересек мектепке даярлайтын топтың балалары қатысады.Өздерінің қалаған ертегісін кейіпкерлендіреді-сөзін жатқа айта отырып,өзі қалап алған кейіпкерлерінің мінез-құлқын,іс-әрекетін беруге тырысады.Қажетті костюм жасауға көмектеседі.
Алдын ала үнтаспаға жазылып алынған ертегіні тыңдатуға болады.Үнтаспаға радио арқылы берілген ертегілер,көркем сөз шеберлерінің оқыған,тәрбиешілердің айтқан ертегілері жазылады.
2.3. Балалардың ой-өрісін,тілін дамытудағы жұмбақтардың орны
Жұмбақ-халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі.Жұмбақ деген ат алақанды жұмудан шыққан,яғни қолдың ішінде біт нәрсені жасырып,жұмып тұрып,соны тап дегеннен шыққан.Жұмбақ жасырғанда айтылар анық нәрсені ойда бүгіп қалып,соған ұқсас нәрселерге теңеп,тұспалмен сипаттап айтамыз.Халық ауыз әдебиетін зерттеудің негізін салушылардың бірі-ғалым-жазушы М.Әуезов жұмбақтың өмір тыныштық, тәлім-тәрбие берерлік маңызын көрсете келіп,былай дейді: «Сырт қарағанда соңғы уақыттарда жазба әдебиетінің күшеюімен қатар,жұмбақ азайған шығар,жаңадан жасалмайтын шығар деген ойлар болушы еді.Анығында,бұл теріс боп шықты.Жұмбақтар қазақ халқының арасында да және барлық басқа халықтар арасында да әлі тыңнан туып,молайып,дамып келеді.Олай болса,халықтың жұмбақ деген фольклор қорын жинап басып,тексеріп тану- ғылымдық зор міндет болады»
«Жұмбақтың көлеміне кіретіндер:табиғат жайы,адамның денесі,хайуанат пен өсімдік, бақташы,егінші елдің еңбек процесі,еңбек құралы,азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады» (М.Әуезов.Шығар.ІІ том,199-бет.) Әдетте бір затқа жұмбақталған заттың мынадай белгілері,қасиеттері салыстырылып,ұқсатылады:
1.Заттың сыртқы тұлғасы мен түр-түсі;
2.Заттың тұрақты саны мен көлемі (мөлшері);
3.Заттың қызметі (функциясы) мен қимылы;
4.Заттың неден жасалатындығы,қайдан шығатындығы;
5.Заттың даусы,дыбысы т.б.
Жұмбақтар балаларға олардың дүние тану қабілетін дамыту,тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі.
Жұмбақ оқу жеке сабақ түрінде емес,баланың білімін тиянақтау үшін сабақ процесінде оқылады.Әсіресе заттану сабақтарында қолдану тиімді.
Балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды.Олай болса,бақылау кезеңі мазмұнды,нәтижелі өтуіне баса назар аудару керек.Балалар мекемесі тәжірибесінде көп байқалып жүрген жай:тәрбиешілер көбіне серуеннің бақылау кезеңінен үстірт өтетіндігі. Мысалы, «Балалар,қараңдаршы бүгін қар жауыпты,ол аппақ».Балалар «Иә»- деп жауап береді.Әңгіме одан әрі жалғаспайды.
Осы ретте қардың түсіне ғана көңіл аударып қоймай, қардың суық болатындығы,күннің көзіне шағылысып тұрса, оны ақша қар деп атайтынын айтып,қарды ұстатуға болады. Оны қолға ұстағанда еритінінен де көңіл аудару керек. «Балалар,қар қолға ұстағанда ери бастайды екен,себебін кім айта алады? Иә, қол жылы, жылылықтан қар ериді.Бөлмеге апарып қойсақ та ериді,мына ыдысқа қарды толытырп салайық,бұл әзір далада тұрсын, серуен біткен соң, бөлмеге апарып қоямыз. Артынан не болғанын көреміз».Бұдан кейін тәрбиеші қар туралы тақпақ айтып беруіне болады.
Келесі серуенге шыққанда,тәрбиеші қар туралы балалар білетін жұмбақты айтқызып, шешімін сұрайды. Содан 3-4 естіген жұмбақ туралы алғашқы түсінік беріледі, осылай түрлі іс – әрекет кезінде жатталады. Жұмбақ оқу, шешірту жеке сабақ ретінде емес, тіл дамыту сабақтарында, экскурсия, бақылау, ойын т.б жұмыстарға қоса жоспарланады.
Мысалы, тәрбиеші найзағай туралы жұмбақты балаларға айтуы керек болды дейік:
Жөңкиді бұлттар дүркіреп,
Жауады жаңбыр күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті,
Ақ найза жерге сарт етті. (найзағай.)
Мұндай жағдайда мынадай дайындық жұмыстары жүргізіледі: бақылау кезінде аспанда бұлт болатыны, ол бұлттың әр түрлі болатыны: қою бұлт,сұрғылт бұлт,ақ бұлт,олардың қозғалып отыратындығын мұқият бақыланады. Ақша бұлт күні жаңбыр жаумайды, бұлт қоюланғанда, арты нөсер жаңбырға айналатыны сөз болады. Мұның бәрі бөлмедегі табиғат календарында шартты белгілермен көрсетіледі.
Бұдан кейін бұлт туралы, жаңбыр туралы тақпақтарды айтуға болады.
Қайдан көшіп келесің?
- Мұхит жақтан келемін,
Жел үрлесе,желемін.
- Қайдан, қайтіп нәр алдың,
Қайдан қалай жаралдың?
- Теңіз,мұхит,суданмын,
Бу боп содан туғанмын!
Ай бірге жүреді,
Жүзіме үңіліп, күледі! - дейді. Енді мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер жақсылап тыңдап, жауабын беріңдер:
Әдемі түнде
Мен жүрсем, бірге жүреді,
Ол не?
Қане балалар, ойланыңдар.
Балалардың көбі: «Жаңағы оқыған – Ай туралы», - деп жауап береді. Балалардың осылай жұмбақпен таныстыруға болады. Бұдан кейін мектепке даярлық тобы балаларының өздеріне жұмбақ құрастыруға, олармен жұмбақ кештерін ұйымдастырып тұруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |