4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы 19. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеу тілін дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметіндеіске асырылады. 20. Мақсаты жақын және таныс адамдармен сөзсіз және сөзбен қарым-қатынас жасауға ынталандыруды қалыптастыру, тыңдау мәдениет дағдыларын, қарапайым ертегілерді және тақпақтарды қабылдауын қалыптастыру, балалар көркем әдебиет шығармаларына және халық ауыз әдебиетіне эмоционалды ілтипатын дамыту. 21. Міндеттері: 1) балалардың сөйлеу тілін дамытуға алдын ала жағдай жасау және тілдік қабілеттіліктерін қалыптастыру; 2) балаларды өзі және жақын ортасы жөнінде қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету; 3) халық ауыз әдебиетінің түрлерімен: ертегілермен, тақпақтармен, өлеңдерментаныстыру, ертегілерді, тақпақтарды тыңдауға және қабылдауға үйрету; 4) халық ауыз әдебиеті шығармаларының интонациялық мәнерлігін қабылдауын дамыту, сөйлеу тіліне еліктеуін белсендіру; 5) халық ауыз әдебиетіне және көркем шығармаларға қызығушылығын қалыптастыру. 5-параграф. 1-жартыжылдық 22. Сөйлеу тілін дамыту: 1) балаларда сөзсіз қарым-қатынас нысандарын дамыту: серіктестің бетіне көз қырын салу икемі, қарым-қатынас жасау кезінде серіктестің көзіне қарау, көз бен қолдың қимылдарын келістіріп, сілтеу ымын пайдалану; 2) педагогтің нұсқауы бойынша заттарды, ойыншықтарды, дене мүшелерін табу, тану және көрсету білігін үйрету; 3) қарапайым нұсқауларды түсіну және орындау біліктерін қалыптастыру; 4) балаларды "бер", "ал", "бар", "отыр" сөздерін түсіну білігіне үйрету; 5) біржақты диалогты жүргізу икемін бекіту (педагог сюжеттік суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, ал бала оған ыммен жауап береді); 6) ата-анасын, жақын туыстарын (ана, әке, әже) атау икемін дамыту; 7) сұрақтарға жауап беру икеміне үйрету. 23. Күтілетін нәтижелер: 1) сөзсіз қарым-қатынас нысандарын пайдаланады; 2) ересек адамдардың сөз сөйлеулерін, әңгімелерін, өлеңдерін, тақпақтарын, әндерін тыңдайды және қызығушылық танытады; 3) таныс дауыстарға және былдыр сөздерге еліктеуді жүзеге асырады. 24. Көркем әдебиет: 1) тыңдау және түсіну: мазмұны қолжетімді ертегілерді, өлеңдерді, тақпақтарды тыңдауға, қабылдауға үйрету; оқу кезінде ойыншықтарды, суреттерді (фланелеграфта), үстел үсті театры және саусақ қуыршақтарын қоса көрсету; көркем шығарманың иллюстрацияларымен таныстыру, суреттерді қарауға үйрету; 2) шығарманың интонациялық ырғағын қабылдау: сөйлеу тілінің мәнерлілігін: көркем шығарманың мазмұнына қатысты сұраулы интонацияны қабылдауға үйрету; ертегілердің, ойын-өлеңдердің ырғағына және әуезділігіне қарай эмоциональді әрекет етуге үйрету; 3) әңгімелеу және жаттау:оқу кезінде ақындық шығармаларды кішігірім ойын іс-әрекеттерімен қостау;шығармаларды оқу кезінде еліктеу әрекетін орындауға үйрету, дыбыстық жесттерді қайталауға ынталандыру. 25. Күтілетін нәтижелер: 1) қысқа, қарапайым ертегілерді, тақпақтарды тыңдайды; 2) көркем шығармалардың сұраулы интонациясын қабылдайды; 3) кішігірім ертегілерге, өлеңдерге, тақпақтарға эмоциональді әрекет етеді.