5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту 76. Бір жыл бойы балалар дыбыс күшейткіш жеке есту аппараттарын өз бетімен киіп, шешуді, олары қосып, өшіруді, жұмыс істейтін, істемейтінін тексеруді үйренеді; аппараттарындағы дыбыс реттегіштерін орнатуды; кохлеарлы имплантпен қолдануды үйренеді; есту аппараттары мен кохлеарлы импланттардың нашар естіліп тұрғандығы туралы хабарлайдые. 77. Оқудың үшінші жылында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру; сөздің дыбыстық-буындық құрылымын сақтап айту жұмыстары жалғасады; Балаларға сөздерді дәлме-дәл немесе шамалап айту ұсынылады. Балалар 2-4 таныс сөзден құралған сөзді тіркестіреді. 6-параграф. 1 - жартыжылдық 78. Тілдік емес дыбыстау: 1) есту арқылы дыбыс бағытын анықтау; 2) есту және естіп-көру негізінде 5-тен дыбыстаулардың санын анықтау; 3) есту және естіп-көру арқылы үш буынды ырғақтарды дәл айту; 4) жануарлардың дауыстарын ажырату (4-тен таңдау бойынша); 5) есту арқылы үш буынды ырғақтарды тану, дәл айту; 6) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы (жалаң құлақпен). 79. Тілдік дыбыстау: 1) естіп-көру және есту арқылы екі буынды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындау; 2) есту арқылы сабақты, тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану; 3) есту арқылы үш буынды ырғақтарды дәл айту; 4) есту арқылы сабақты, тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалдыажырату; 5) ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік дыбыстауға деген реакциясы (жалаң құлақпен); 6) топтағы балалардың дауыстарын тану; 7) екпіні, дауыс ырғағы өзгертілген буындардың тізбегін есте сақтау, айту білігі; 8) еркін ойын және сөйлеу әрекетінде есту арқылы дыбыс, буын, сөз, сөйлемдегі артикуляциялануы бойынша ұқсас дауыссыз дыбыстарды ажырату. 80. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру: 1) буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру); 2) буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру); 3) сөздердің дыбыстық-буындық құрамын бұзбай айту; 4) жағдаятты, былдыр, толық сөздермен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсету; 5) буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау); 6) дауыс биіктігін өзгерту: ақырын, қатты, қаттырақ; 7) қалыпты биіктіктегі дауысты қолдану; 8) өз дауысынының күші мен биіктігін бақылау, қадағалау; 9) сөздермен сөз тіркестерін қалыпты, жоғары, төмен биіктіктегі дауыспен айту; 10) қалыпты, жылдам, баяу темппен әртүрлі дауысты, дауыссыз дыбыстармен буындарды айту; 11) тілдік материалды бірге, айқын екпінмен, артық дыбыссыз, бір қарқынмен, шынайы дыбыстауға жақын айту; 12) 1 - концентр бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстарды айту; 13) сөздер мен қысқа сөз тіркестерін қалыпты, баяу, жылдам темппен айту; 14) әртүрлі буындық күрделі сөздерді айту; 15) буындарды біртіндеп жылдамдатып, баяулатып айту; 16) таныс 2-4 сөздің ішінен сөз тіркестерін біріктіріп айту; 17) сөзделогикалық екпінді сақтау; 18) сөйлеуде қалыпты қарқынды сақтау (еліктеу арқылы); 19) жаттығулар, өлеңдер, күлдіргі әңгімеде ересектердің сөздерін, сөз тіркестерін сөйлемдерін аяқтау біледі; 20) екі буынды ашық буындардан тұратын сөздерді бөлу; 21) көру арқылы екі буыннан тұратын сөздердегі дауыссыз дыбыстарға дыбыстық толықтырулар мен ырғақтық сипаттама беру білігі. 81. Күтілетін нәтижелер: 1) сөздердің дыбыстық-буындық құрамын бұзбай айтады; 2) естіп-көру және есту арқылы екібунды нұсқаулықтар мен тапсырмаларды орындайды; 3) жағдаятты, былдыр, толық сөздермен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсетеді; 4) дауыстың күші, қарқыны, биіктігін өзгертеді; 5) есту арқылы сабақ, балалардың тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды таниды; 6) есту арқылы 5 дыбыстаулардың санын, дыбыс бағытын анықтайды; 7) қалыпты, жылдам, баяу қарқынмен сөздерді толық, жақын айтады; 8) есту арқылы сабақты, тұрмыс жағдайын ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады; 9) жануарлардың дауыстарын ажыратады (4-тен таңдау бойынша); 10) есту арқылы үш буынды ырғақты таниды; 11) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік сигналға деген реакциясын білдіреді (жалаң құлаққа); 12) сөйлемшедегі логикалықекпінді сақтайды; 13) топтағы балалардың дауыстарын таниды.