1. Қызығушылықты ояту сатысы - тақырып бойынша ойлана отырып оқушы өзінің іс-әрекеті ары қарай қалай
болатындығын анықтайды.
2. Мағынаны тану сатысы- оқушы түсінігінің қалыптасуы, қажет болса мәтінді қайта оқуы, ескі білім мен жаңа білімді
көрнекі салыстыруы орын алады. Оқушы бұл кезеңде зерттеу, білімді толық іздеумен айналысады. Бұл кезеңдеИнсерт
стратегиясынқолданамын (түртіп алу жүйесі) Бұл әдіс мұғалімге әр оқушының жұмысын жеке қадағалауға мүмкіндік
береді. Мәтінмен жұмыс алдында әр оқушы дәптерлеріне төмендегідей кесте сызады.
I know (мен білемін)
I’d like to know(білгім келеді)
I’ve known (білдім)
3. Ой-толғаныс сатысы - Оқушыларға 2 тапсырманың біреуін орындауға болады.
1.Write an essay. Бұл кезеңде әңгіме-эссе жазу арқылы өз түсінігімен бөліседі. Сабақ басында берілген сұрақтарды негізге
ала отырып жазуларына да болады. Эссе –ой-толғаныс, тақырыптан кейінгі шағын өз ойлары. Эсседен ең бастысы қате
емес, ой-пікірін іздеу керек. 2.Write cinquin. (Бес жолды өлең) Әр оқушы тақырыптан ұққандарын қысқа түрде береді.
/тақпақ мазмұны әр оқушыда әр түрлі болуы мүмкін,тек құрылым сақталады\
1 Noun whale 2 Verbsto swim to breathe
3 Adjectives big long fat 4 They live in water 5 Not fish
Қорыта келгенде, сабақтарымда түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы пайдалана отырып өткізуде оқушыларымның іс-
әрекетінен көптеген өзгерістерді байқадым: оқушылардың жаппай тілдік әрекетке түсуі, ағылшынша сұрақтар қойып, оған
жауап беруге тырысуы, бірлесіп топта жұмыс істеуге, білгендерін жарыса ортаға салуға үйренді. Менің ойымша ең бастысы
оқушының өзіне деген сенімі артты,өз беттерінше шешім қабылдауға төселді.Үлгерімі төмен деген оқушылардың да
сабаққа деген көзқарасы өзгеріп, оларда да талпыныс, ынта-жігерлері қалыптасып келеді. «Егер балалар бірдемені
түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»,- деп
халқымыздың біртуар азаматы, ұлы педагогЫ.Алтынсарин айтқандай, оқушыларды ынталандыру үшін үзбей еңбектеніп,
үнемі ізденісте болғанымыз міндетті деп ойлаймын.
35
Сабақтың тақырыбы: A street in a big city. Grammar: “there is/there are”.
Сабақтың білімділік мақсаты: “there is/there are”.құрылымын енгізу,оның жекеше және көпше түрде қолданылуын үйрету,
“there is/there are” құрылымымен сөйлем құрай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, олардың ауызша және жазбаша тілін байыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – сипаттамалы, репродуктивті әдіс, сұрақ – жауап, кітаппен жұмыс.
Оқыту үрдісінің формалары: Жалпы сыныптық оқыту формасы.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі.
Көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, түрлі – түсті суреттер.
Plan of the lesson
I . Organization moment
24)
Greeting
25)
Marking absentees
26)
Warm up with physical exercises “ Clap, clap, clap” and “A ball,
ball, ball”
III . Checking up the pupil’s knowledge
27)
Checking up the pupil’s knowledge of the verb “to be” (revision
singular and plural forms of the verb)
He is happy - “to be”______ “is”_______ singular form
We are fine - “to be”______ “are” ______ plural form
She is a pupil -/ where is the verb “to be” ? singular or plural?
They are friends -/ where is the verb “to be” ? singular or plural?
IV . Setting the aim
To report the theme and the aim of lesson
V . New lesson
Introduction and of new words:
A museum A theatre A hospital A bank A café A square
Rule:
We use “there is/there are” to say that something
Look, read, remember!
Positive Sentences
We use there is for singular
Explaining with some examples:
There is a…… in my street
We use there are for plural
Explaining with some examples:
There are …… in my streetNegative Sentences
We use there isn’t for singular and there aren’t for plural
Explaining with some examples:
There is not a …… in my street
There aren’t …… in my street
Interrogative Sentences
We use is there…? for singular and are there…? for plural
Explaining with some examples
Is there a…… in my street?
Are there …… in my street?
Yes. there is/ No, there isn’t Yes. there are/ No, there aren’t
VI . Checking up the pupil’s assimilate of a new material
Exercise 1. Learn the new words.
•
A museum A theatre
•
A hospital A bank
•
A café A square
Exercise 2. Listen and read
To find out sentences with the structure there is/are
VII . Conclusion of the lesson
Exercise 3. Look at the pictures and answer the questions
•
Is there a theatre in his street?
•
Is there a café in his street?
•
Is there a square in his street?
•
Is there a bank in his street?
Exercise 4. Learn to read
Kn [n]
Know, knee, knock, knit, knife.
VIII . Giving home work.
Exercise 3. P 37 by Workbook. Talk to your partner.
To learn new vocabulary words
Giving marks
The lesson is over. Good-bye!
36
ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ: ҚАБІЛЕТТІ ҰЛТ БОЛУДЫҢ САТЫСЫ
Өміржанова Р.Қ. Ағылшын тілінің мұғалімі
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII
құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің
үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын
жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі –
ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу
тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді
меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін
кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін
мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ,
бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни,
бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші
баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде
де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. “Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші
құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық
ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-
үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі
мен процесіне қойылатын талаптарды күшейту керек.
Біз бүгінгі мақаламызда сәлемдесу мен танысу мәселесі туралы сөз қозғағанды жөн көрдік. Себебі, сәлем сөздің – атасы
екендігі хақ. Ең әуелі адамның сәлем беруінен, онымен алғаш танысқан сәттен бастап оның қандай адам екендігін бірден
байқай аламыз. Амандасудың өзінің әр түрлі жолдары бар. – «Сәлеметсіз бе?» сөзімен біз ресми немесе ресми емес
жиналыстарда, таныс немесе өте таныс емес адамдармен амандасқанда, ал жақын туысымызбен былайша амандасамыз:–
Сәлеметсің бе, Мағжан! Сонымен қатар, «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!», «Қайырлы таң!» (Қайырлы таңыңызбен!) және
де «Сәлем!», «Амансың ба!». Тағы да басқа түрлері бар. Ал ресми нұсқада «Сәлем бердік сізге!», «Сізді көргеніме
қуаныштымын!», «Сіздерді таныстыруға рұқсат етіңіз!» Біз сәлемдесумен қоса өмірін, жұмысын, денсаулығын қоса
сұраймыз: «Қалай тұрып жатырсыздар?», «Жұмысыңыз қалай өтіп жатыр?», еркін сөйлескенде: «Өмір қалай?», «Қал
қалай?», «Денсаулығың қалай?». Егер адамның жақын танысы болса онда: «Не жаңалық?», «Табыс қалай?», «Сенде не
жаңалық бар?» Сізге жақсы әңгіме құру үшін, жасын, мамандығы бойынша жоғары ма, қоғамдық өмірдегі орнын білуіңіз
қажет. Ауызекі сөйлеу мәдениетінің мынадай ұстанымдары бар. Егер де «Сәлем» деп айтса, онда ол сіздің жасыңыздағы
адам, яғни, сізге де солай жауап беруіңізге болады. Ал үлкен жастағы адамға сіз «Сәлеметсіз бе!» деп айтасыз. Ал оған
жауап ретінде: «Сізге сәлем бердік!». Демек үлкен немесе құрметті адамға сізге «Қалың қалай?» деп сұрақ қоюға болмайды.
Бұлай амандасу тек өзіңізбен жасты адамға тиесілі. Егер де орыстармен таныссаңыз олар жауап ретінде мына тіркесті
қолданады: «Өте жағымды!» немесе одан да сыпайы түрде «Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын!». Ағылшындар бір-
біріне ілікпе сөз ретінде: «How do you do?» орыс тіліндегі мағынасы «Сәлеметсіз бе?». «How do you do?» тіркесі ресми
орындарда да «Сәлеметсіз бе» деген нұсқамен дәл келеді. Бұл айтылым танысу кезінде де пайдаланылады. Достарыңызбен
немесе жолдасыңызбен кездескенде: «Hullo» /”Hello”/ ”Hallo”деп айтады. Мынаған назар аударыңыз, бұл сөздер әр түрлі
жазылғанымен дұрыс деп саналады. Бұлай тек дос-жарандарды ғана емес, жай таныстарыңызды да қарсы алуыңызға
болады. Қазіргі заманғы ағылшын тілінде ”Hallo” сөзі «Сәлем» сөзінен бейтарап қаралынады. Бейтараптық немесе
сәлемдесудің формасы ретіндегі сөз: “Good-morning!” (“Good-afternoon!”, ”Good-evening”). Бұл өте таныс емес адамдардың
арасында, бірақ та бұлайша көршілермен де, бірге тұратын адамдармен де, қонақтармен де сәлемдесуге болады. Күннің
уақытын осылайша ажыратуға болады. Good-morning!-таңертеңнен түске дейін! Good-afternoon!-12-ден кешкі 6-ға дейін
Good-evening!-кешкі 6-дан түнге дейін. Кей кезде орыстар ағылшындарды: “Good-day” деп қарсы алады. Ағылшындарға
бұлайша жағымсыз естіледі. Орыстар тек «Қайырлы күн!» деген тіркесті орысшаға аударып қолданады. Ал ағылшындарда
мұндай тіркес қолданылмайды. “Good-morning”( afternoon, evening) сәлемдесу түрінен кейін “How are you?” (Көңіл-күйіңіз
қалай?), ”How things with you?” (“Қалыңыз қалай?») немесе” How are you getting on?” (“Жағдайыз қалай?”). Әңгімелесуші
бұл сұрақты өзінің достық ықыласын білдіру үшін сұрайды. Сәлемдесуге жауап беру - Quite well, thanks. – Өте жақсы, үлкен
рахмет - So, so, thanks. – жақсы, рахмет. - I am not well. – Көңіл-күйім болмай тұр - I am so glad to meet you. – Сізді көргеніме
қуаныштымын!
•
Quite
well,
thank
you
–
Жақсы,
рахмет
and How are you? – Өзің қалайсың? • Not bad, could be much worse -Жаман емес! Бұдан да жаман болуы мүмкін!
Міне, сіздерге осыны білу қажет, ағылшынша сәлемдесе білу және оған жауап қайтара білу:
- Good-morning!
- Good-afternoon!
- Good-evening!
- Hullo/Hello/Hallo.
- Cheerio, Nick!
- Nice to see you!
(Glad to see you!)
Сәлемдескенде сіз не айтасыз
- How are you?
- How are you getting along?
- How are things?
- How are you feeling?
- Haven’t seen you forages!
37
- How nice to see you again!
Сәлемдесуге не деп жауап бересіз!
- Fine!
- Very well, indeed!
- Quite well, thanks.
- And what about you?
- Not so bad.
- So, so, thanks.
Танысу – мағынасы адаммен байланыс жасау дегенді білдіреді, сол адаммен болашақта қарым-қатынас жасау үшін
қолданылады. Өзің танысуға немесе үшінші таныстыратын адам арқылы танысуға болады.
Танысуда мынадай сөздер жиі қолданылады: «Сізбен танысуға бола ма?», «Қанеки, танысайықшы!», «Сізбен танысқым
келіп тұр!», «Менің сізбен танысқым келіп еді!»
Ресми орындарда біз былайша танысамыз:
Сізбен танысуға рұқсат етіңіз.
Сізбен танысуға мүмкіндік беріңіз.
Сізге таныстыруыма бола ма?
Сізге таныстыруыма мүмкіндік беріңіз.
Ресми түрдегі танысу болса, онда осы тіркестерден кейін аты-жөнін қосып танысуға болады. Орыстардың сөйлеу
мәдениетінде аты-жөнімен танысу ресми түрге айналған. Егер танысу сәтінде арадағы адам: «Өтінемін, танысып
қойыңыздар!» немесе «Танысып қойыңыздар» деп танысушылардың аттарын атайды.
Егерде арадағы адам таныстыруға өзінің қатты тілегі болса.
А) Арадағы адамсыз танысу
Мұндай жағдайда мынадай айтылымдарды қолдануға болады:
- May I introduce myself (to you)?
- Allow me to introduce myself.
- Let me introduce myself.
Осындай сөздерден кейін өзіңнің атыңды немесе тегіңді атауыңыз қажет:
- May I introduce myself?
- My name is John Smith (немесе My name is John).
Егер де жұмыс тарапынан танысу болса, онда жай тегіңізді атауыңызға болады.
- What is your name?
- My name is Rogers.
Достарыңыздыњ ортасында өзіңіздің бірінші атыңызды атауыңызға болады:
- Hullo, boys! Bill’s my name.
- My name’s John, and what’s yours?
- My name’s Ben.
- May I ask your name?
- I am Mary
Б) Арадағы адам арқылы танысу
Бір адамды біреумен таныстыру үшін Сіз ең алдымен “to present” және ”to introduce” (таныстыру) сөзін білуіңіз қажет. «To
present” бұл көбінесе ресми түрде, ”to introduce”, бірақ ”to introduce” салтанатты жиындарда қолданылады. ”to introduce”
орнына ”meet”сөзін қолдануға болады:
- Meet my friend, Doctor M.
- I’d Like you to meet Miss Jones.
Американдықтардың ортақ таныстыруларына қарамай-ақ, таныстырудың өзіндік түрлері бар: кішкентайды үлкенге
таныстыру; ер адамды-әйел адамға; қонақтарды – иесіне; бір адамды топқа таныстыру.
- “Mrs. Gray, this is my younger sister Janet”.
(“Миссис Грей, мынау менің кіші сіңілім Жанет»). Сөйлесудегі еркін орындарда ер адам мен ер адамды былайша
таныстырады:
- Mr. Walters. Mr. Jackson. немесе
- Mr. Walters, this is Mr. Jackson.
Б) ер адамды әйел адамға
- Miss Blake. Mr. Jackson немесе
- Miss Blake, this is Mr. Jackson.
Формальді түрде танысқанда:
А) ер адам мен ер адамды былайша:
- Mr. Walters, may I introduce Mr. Jordan? немесе
- Mr. Walters, I’d Like you to meet Mr. Jordan.
Б) ер адамды әйел адаммен:
- Miss Blake, may I introduce my assistant Jack Jordan? немесе
- Miss Blake, I’d Like you to meet my assistant – Jack Jordan.
Тансудың ресми түрі:
А) ер адам мен ер адамды:
• Mr. Walters, may I present Mr. Jordan?
Allow me to present…
Б) ер адам мен әйел адамды:
- Miss Blake, may I present Mr. Jordan?
Танысудың тағы да көптеген түрлері кездеседі.
38
Міне сіздерге танысу немесе таныстыру үшін осы нәрселерді білуіңіз қажет.:
- May I introduce myself, my name is…
- Таныуға мүмкіндік беріңіз, менің атым...
- Let me introduce myself, I am Smith.
- Танысуға рұќсат етіңіз, Смит.
- My name is John. May I ask yours?
- Менің атым Джон, ал сіздікі ше?
Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып
табылады. Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін
әрдайым есте ұстауды қалап отыр.
Сыныбы: 6 А
Мұғалімі:Өміржанова Р.Қ
Сабақтың атауы
Which country would you like to visit?(қайталау)
Мақсаты
Өткен сабақты еске түсіре отырып,әртүрлі елдерге барғысы келетінін ағылшын тілінде айта
білуге үйрету.Сөйлеу және тыңдау дағдысы арқылы лексикасын толықтыру.
Оқыту нәтижесі
Топтық,диалоктік жұмыс,сөйлеу әдебіне көңіл бөлу, сыни көзқарасын білдіру арқылы
оқушыны ынталандандыру, өз бетінше жұмыс істеуге қалыптастырады.
Негізгі идеялар
Оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,сөйлеу қабілетін дамытады.Сұраққа жауап
беруді үйренеді және топта жұмыс жасауға дағдыланады.
Ресурстар
Интер белсенді тақта оқулықтармен жұмыс.
Мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1.Сыныптағы
атмосфераны
қалыптастыру
Оқушылармен амандасу топта жұмыс істеу
ережесі бекітіледі. Екі топка бөлу.
Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
Оқушыларды психологиялық дайындау;
Оқу құралдарын алып сабақа
әзірленеді.
Екі мемлекет атауымен екі топқа
бөлінеді.
Қызығушылығын ояту
C is the first,
N is the middle,
O is the second
R is the before Y
U is the between O-N
T is the next N
Оқушылар сөз жұмбақ шешеді.
Үй тапсырмасы
«Ортадағы қаламсап» әдісі
Үйден дайындап келген формаларды
жазып ортаға салады
Мағынаны тану
Base Past simple Past participle
Do Did
Cut
Find
Go
Make
Sid
«Миға шабуыл» әдісі
Ex 1 P 123
Үй тапсырмасын айту
Ойтолғаныс
Match the countries with the flags
Оқушылар көрсетілген жалаулар қай
мемлекеттікі екенін ажырата білу
дәптерге жазу
«Кім алғыр?» әдісі
I топ The USA
II топ Kazakhstan
Оқушылар мәтінді оқиды,аударады
Рефлексия Кері байланыс
39
ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС
Бастауыш сынып мұғалімі. Айдарбаева Қ.Ө.
Ұстаз – үйрену барысында ғана ұстаз, ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды, деп
К.Д.Ушинский айтқандай қоғамдық қатынастардың жахандану жағдайында жеке тұлғаға жаңаша
талаптар қойылуда, адамдық потенциалдың мәні жоғарылауда. Жаңаша өмір салтын таңдай
отыра, ұлттық құндылықтарды жоғалтпай тәрбие жұмысын ұйымдастыру, саналы ұрпақ
тәрбиелеу – шеберліктің шыңы мен әр мұғалімнің, тәрбиелеушінің басты мақсаты деп санаймын.
Тұлға үнемі даму үстінде болу үшін әрекет шығармашылық байланыста болу қажет. Бұл –
оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттырады. Қазіргі
заманның мұғалімі шығармашыл болу қажет. Сонымен қатар педогогика мен психологияны жетік
меңгерген білімді, ғылыми ізденістегі ұстаз ғана жеке дара және өмір ағынына қарай бейімдей
алатын тұлға қалыптастыра алады.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде білім мен тәрбие беру жүйесі тікелей баланы
дамытуға және дарындылығын анықтауға, жұмыс істеуге бағытталған. Ал, мұндағы баланы
дамыту процессі төрт бағыт негізінде жүзеге асатыны белгілі: өзін-өзі тану, қоршаған ортаны
тану, қоғамдық қатынастар, мен және әлемдегі мен.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында жоғарыда айтылған бағыттарды басшылыққа
алып қарастыруға тырыстым. В.В.Давыдов «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр: жеке тұлғаның маңызы
оның жасампаздыққа мұқтаждығына жеке қабілеттілігіне, дарындылығына байланысты» деп есептеген.
Шығармашылық-бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің қайталануы емес,
өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені
туғызатын шығармашылық пен дарындылық. Әрине, мәселе тек басты ұғымның мәнін түсіну мен шектелмей, оның
мүмкіндіктері деп зерттелген. Айталық оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В.В.Давыдов пен В.В.Реткин
еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса
бастайды, бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі-қиял елес болып есептеледі.
Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттерді оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі – «Оқуға құштарлық, ынталылық. Жас
өспірімді кезеңінде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субектісі ретінде дами бастайды.» В.В.Давыдов шығармашылық тұлға
болып қалыптасуын В.В.Давыдов тұлғаны: ерекше шығармашылық әрекеттің субектісі, адамның дамуының өзі-оның
еркіндікке деген қозғалысы деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы оның
шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.Жүсіпбек Аймауытовтың пікірінше, адам
өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқу
мен тәрбие. Дарындылық адамға мінез-құлықтың үш негізгі класстерінің өзара байланысы арқылы беріледі: орта деңгейдің
жалпы мүмкіндіктері, жоғарғы деңгейдің тапсырмаға беріктілігі және үшінші деңгейдің шығармашылық мүмкіндіктері.
«Шығармашылық, дарындылық белгілері байқалатын балалар стандартты оқыту бағдарламысынан тыс кеңейтілген
деңгейде оқыту мүмкіндіктерін қажет етеді», - дейді Д.Ж.Рензули. осы орайда біздің қоғамда дарынды балаларға арналған
арнайы мектептер мен гимназиялар ашылуда. Демек, дарынды балаларды арнайы оқыту немесе бағдарламалар тиімділігін
арттыру, дарынды балалар үшін жасалған бағдарламалар нағыз «лобаратория» және оқытудың тәжірибесі болып табылады.
Сонымен бүгінгі таңдағы дарынды балаларға арналған бағдарлама-балалардың көпшілігі үшін жарқын болашақ бағдары
болып табылады. Осыған байланысты дарынды балаларды оқыту жолында жетістіктерге жету үшін белгілі бір мөлшерде
жағдай жасалса, бағдарламаға сай «вундеркинд» - балаларды ғана емес, өз жасына сәйкес орташадан жоғары даму
деңгейіндегі балаларды арнайы бағдарлама арқылы дамыту нәтижесінде олардың қабілеттілік деңгейіе жоғарғы
көрсеткіштерге жетеді екен.
Дарындылар үшін көптеген арнайы бағдарламалар түйіні болып табылатын еңбектерді қабылдау барлық оқушыларды
дамыту мақсатында оқу үрдесінде пайдалану маңызды. Қабілетті және дарынды балалардың даралық ерекшеліктерін, жан –
жақты қызығушылығын, мінез-құлқының айырмашылықтарын есепке ала отырып, дарындылығын және қабілетті
оқушылармен жұмыс жүйесін төмендегідей кезеңдерге бөліп, өз жұмысымды жоспарлаймын.
1. Дарындылық пен қабілеттілікті айқындау кезеңі. Арнайы психологиялық-педогогикалық әдістер мен тәсілдер арқылы
оқушының ерекше қабілетін анықтау жүзеге асады.
2. Дарындылық пен қабілеттіліктің бағытын анықтау кезеңі мұнда оқушының қабілеттілігі мен дарындылығы түрлері мен
типтеріне қарай жіктеледі.
3.Жұмыс жоспарын құру кезеңі. Бұл кезеңде оқушының дарындылық, қабілеттілік бағытын, жас ерекшелігін, жеке
психологиялық-эмоциялық жай –күйін, әлеуметтік жағдайын ескере отыра, жұмыс жоспары құрылады.
4.Дарындылықты, қабілеттілікті дамыту кезеңі. Дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы нәтижеге
қол жеткізу.
5.Дарындылық пен қабілеттіліктің көрініс табу кезеңі. Түрлі байқаулар, білім сайыстарындағы нәтижелер.
Зерттеушілердің пікірінше балалардың дарындылығын анықтауға қаншалықты кешенді түрде қарағанмен қателеспеу
мүмкін емес. Баланы дарынды деп бағалау өзіндік мақсатқа айналмауы тиіс. Оқушылардың дарындылығын пайымдау үрдісі
неғұрлым сапалы және тиімді нәтижеге жету үшін педогогтарға арнайы құрастырылған оқыту әдістерін қолдану қажет.
Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім болғандықтан, ұстаздың алдында кәсіби шеберлік пен қатар
оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдану, дарындылықты айқындау, ақыл-ой, интеллектуалдық
шығармашылығын дамытудағы өзекті мәселелердің бірі. Мұғалім оқушының табиғи қасиеттерін анықтап, ашуға және
оларды дамыту негізінде оқыту жүйесін құрастыру қажет. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы
оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып,
қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асу барысында,осы тұста өз жеткіншегін жан-жақты
жетілген,парасатты азамат етіп тәрбиелеу,тиісті мамандық беру кез-келген мемлекеттің естен шығармайтын негізгі
40
мақсаттарының бірі. Қазіргі кезде орын алып отырған қиыншылықтарды,келеңсіздіктерді жеңетін де,жаңаша жол табатын
да,нарықтық қатынастардың дұрыс бағытын анықтыйтын да тек іскер,білгір мамандар болатындығына дау жоқ. Ел
Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденеді,біздің
балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі,білім өресі биік, денсаулығы
мықты өкілдері болады»-деген сенімі жай айтылған сөз емес.Бүгініг күн талабына орай білім беру мазмұны,мақсаты қайта
қаралып,түбегейлі жаңартылуы тиіс.Еліміздің болашағы көркейтіліп,өркениетті елдер қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ
бейнесінен көрінеді.Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру, қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Кез келген
елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына
да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі тудырмайды.Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми
негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардыңиесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі
мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға
күш жұмсап,еңбектенетін бала деп қарастыратын,осыған орай көп қырлы құрылымды білім- тәрбие мазмұнын анықтап
құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы алынады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дегендей, ұрпақ
тәрбиесі- қай кезеңде де халықтық мәселе болған.
Достарыңызбен бөлісу: |