Мектептегі білім беруді



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата03.03.2017
өлшемі4,34 Mb.
#6066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қызығушылықты   ояту  –   бұрынғы   білетін   және   жаңа   білімді   ұштастырудан   тұрады.   Білім   алушы   жаңа   ұғымдарды,

түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы

тұрған мәселе жайлы білім алушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту,

ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану»,

«Жұпта талқылау», «Болжау, «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің

екінші


 

мақсаты


 

 



білім

 

алушының



 

белсенділігін

 

арттыру.


Білім алушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға

салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Білім алушы

бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Мағынаны тану- бұл кезеңде білім алушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар

орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Білім алушының тақырып бойынша

жұмыс  жасауына  көмектесетін оқыту стратегиялары  бар.  Соның бірі INSERT.  INSERT  – оқығанын  түсінуге,  өз ойына

басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете

түсіну   –   күрделі   жұмыс.   Сондықтан   да,   білім   алушылар   арасында   оқуға   жеңіл-желпі   қарау   салдарынан   түсіне   алмау,

өмірмен   ұштастыра   алмау   жиі   кездеседі.   Мағынаны   түсінуді   жоғарыдағыдай   ұйымдастыру   –   аталған   кемшіліктерді

болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет

арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.



Ой-толғаныс–бұл  кезеңде   күнделікті  оқыту процесінде   білім   алушының   толғанысын   ұйымдастыру,   өзіне,  басқаға   сын

көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Білім алушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.

Бұл   сатыда   білім   алушылар   бір-бірімен   әсерлі   түрде   ой   алмастыру,   ой   түйістіру,   өз   үйрену   жолын,   кестесін   жасау

мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын

кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т

кестесі», «Эссе жазу» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. 

Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете

түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді. Енді сол әдіс – тәсілдердің

өзім   жиі   қолданатындарыма   тоқталсам:   Тақырыпты   толық   ашып   түсінуде   көмектесетін   оқыту   стратегиясы  «INSERT»

стратегиясын жиі қолданамын. 

«V»- білемін;

«-»- білмеймін

«+»- мен үшін жаңа ақпарат

«?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық 

етуге, ойын ашық білдіруге үйрететін ұтымды құрал.

«РАФТ» стратегиясы– бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат,

хабарландыру,  жеделхат,  өтініш, бұйрық,  жарнама.  Оқушы  жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің  мазмұнын жетік  түсінуге

тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз

ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

«Жуан-жіңішке сұрақтар»  стратегиясы  -  оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың

сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз,

түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап,

сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.



«Куббизм стратегиясы» – ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. 

Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.

Сипатта (түрі, түсі, көлемі)

Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)

Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-

Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)

Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)

Ой толғау (бұл неден жасалған?)

Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.

Сыни тұрғысынан ойлаудың   және бір бағыты – тәрбиелік. Оқушылар өзгелердің пікірімен санасуға, әр адамның пікірі

маңызды екенін бағалауға, өз ісіне есеп беруге  үйренеді. «Адамға  ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі  тиіс. Тәрбиесіз

берілген білім – адамзаттың  қас жауы»,  - деп Әбу – Насыр әл – Фараби айтқандай әр сабақта баланы адамгершілікке

тәрбиелеу өте маңызды. 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде сабақта оқушылар арасында:

— бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланады;

— өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

— бір-біріне құрметпен қарауға;

— өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

— өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

— мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

— достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

— белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады.

13


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген

болатын. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-

тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы

қажет.  Жас жеткіншектердің ақыл-ой әлеуетін барынша дамыту үшін олардың санасына өз халқының тарихи тамырын,

рухани және адамгершілік қағидаларын, азаматтық және отансүйгіштік идеяларын сіңіруіміз қажет. Осының бәрі әдебиет

пәні арқылы жүзеге асатындықтан да, егеменді еліміздің еркін ойлы азаматын қалыптастырудағы әдебиет пәнінің маңызы

зор екенін ескере келе, оны оқыту мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет. 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру

2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2016ж.

3. С. Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Қарағанды, 2011



БІЛІМ БЕРУДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ - МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢАША ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мырзалиева А.Б. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге

көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой

өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы

өмірге  бейім  жаңашыл  ұрпақ  тәрбиелеуді   басты  фактор ретінде   қарастырып   отыр.  Сонымен

қатар мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі

ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз. 

Білім беруді модернизациялау мектептегі білім берудің мақсатына сәйкес білім беру нәтежиесін

жоспарлауды,   оны   қайта   қарап,   жаңаша   қалыптастыруды   талап   етеді.   Елбасы   Нұрсұлтан

Әбішұлы   Назарбаев   ұлттық   білім   саласына   өте   жоғары   талап   қойып   отыр.   Қазақстан

мектептеріндегі   білім   беру   сапасы   өте   жоғары,   бәсекеге   қабілетті   болу   керек.   Іле   ауданы

«Өтеген батыр» кентінде орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері маусым

айында   «Қазақстан   Республикасы   орта   білім   беру   мазмұнын   жаңарту   аясында   орыс

сыныптарында  қазақ тілін оқыту» бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырды. Біз, 1 ай

көлемінде   қазақ   тілін   жаңа   мазмұнда   оқыту   бойынша   дәріс-тренингтер   тыңдап,   көптеген   оқу   стратегияларын,   тілді

үйретудің әдіс-тәсілдерін, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білудің егжей-тегжейін үйрендік. Сонымен қатар бұл курста

білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне де назар аудардық.  Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын

өлшемдер,   атап   айтқанда,   оқушылар   жұмыс   барысында   орындайтын   іс-әрекеттер   тізбесі.   Критериалдық   бағалау  –   бұл

білімнің   мақсаты   мен   мазмұнына   сәйкес   келетін,   оқушылардың   оқу-танымдық   біліктілігін   қалыптастыруға   себепші

болатын,   айқын   анықталған,   ұжыммен   шығарылған,   білім   процесінің   барлық   қатысушыларына   алдын   ала   белгілі

критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. 

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;

• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

              Критериалды бағалаудың міндеттері:

• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;

• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз 

етуге қол жеткізу болып саналады.

Бұл курстың мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерін енгізіліп отырған жаңа бағдарламамен таныстырып, жаңа

методикалық  әдіс-тәсілдерді   үйретіп,  тәжірибе  алмасу,   алдағы  уақытта  білім  саласында   болып  жатқан өзгерістер,  яғни

үштілділік   білім   беру   бағдарламасымен   таныстыру.   Әлемдік   білім   беру   жүйесінің   көшінен   қалмай,   дамудың   басым

бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. Қазіргі білім беру

жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму

мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда.

«Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті

білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы

ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, өткізе отырып, тұлғаның жүрегіне сара жол табуы, өмір бойы оқып жемісін көре

білуінде. Мен курста  бұрын білмеген, қолданбаған әдіс – тәсілдерді меңгеру арқылы еңбек жолымды заман талабына сай

жаңаша  бастауға   , нағыз  педагог  ретінде  танылуыма  бірден  –  бір  жол  аштым   деп  ойлаймын.  Мен  өз  іс  – тәжірибеме

өзгерістер енгізе отырып, оқушыларымды жаңа қырынан таныдым. Болашақта барлық үйренгендерімді үнемі жетілдіріп,

әрбір   сабақтарымда   қолданамын   деп   нық   айтамын.   Курста   мен   оқушылармен   ынтымақтастық   атмосферасын   құруға,

рефлексия  жасауға   қол  жеткізе  алдым.  Өзімнің  көңіліме   жағып,  бірден меңгеріп  алған әдіс  –  тәлілдерімнің бірі:   блум

таксаномиясы, хикая картасы, проблемены айқындау кезеңінде қолданылатын әдіс –тәсілдер, проблеманы шешу кезеңінде

қолданылатын әдіс – тәсілдер, проблема шешімін қолдану кезеңінде қолданылатын тәсілдер, жазу тәсілдері.   Білім беруде

оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де

қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге  үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен

жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді.

14


Бала   өз   білімін   өзі   тексере   алады,   оқушы   өз   бетінше   оқуға   қызығады,   өз   білімін   көтеруге   ұмтылады.   Қазіргі   таңда

компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірбиелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналды



 Бұл бағдарламаның ерекшелігі: оқушылар табысты оқуы үшін мұғалімдер үш компонент білім беру бағдарламасы,оқыту

тәсілдерімен   бағалау   жүйесі   қалай   үйлесе-тінін   толық   білуінің   маңызды   екені.   Демек,   білім   беру   бағдарламасының

мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс (Roach er al., 2008). Яғни бұл

үйлесім   оқушылардың   табысын   арттырады.     Тілді   меңгеру   деңгейлерінде   үнемелі   реттілік   бар:   тілді   жаңа   үйреніп

жүргендер   менөзге   тілде   еркін   сөйлеушіге   дейін.   Үш   деңгейде   бөліп   топтайды.   Бастапқы   деңгей,   тәуелсіз   дееңгей,

тәжірбиелі деңгей. Әр деңгейдің өзі екі деңгейшелерге бөлінеді. Мысалы бастапқы А1 деңгейде нені білуі тиіс. Белгілі бір

бағытттағы   қажеттілікті   қанағатттандыруға   бағытталған   күнделікті   өмірдегі   таныс   сөздер   мен   сөз   тіркестерін   түсінеді,

қолданады, өзі таныстыра  алады, сұраққа жауап  береді .А2 деңгейде сөйлемдер мен сөз тіркестерін түсінеді. Қарым  –

қатынас   жасағанда   ақпарат   алмасуға   қажетті   қарапайым   күнделікті   міндеттерді   шеше   алады.   В1   жұмыста,   мектепте,

демалыста..   т.б.   жағдайларда   тұрақты   түрде   талқыналатын   таныс   тақырыптарды   түсінеді.   Өзіне   таныс   немесе   өзін

қызықтыра алатын тақырыптарға байланысты хабарларды түсіне алады. Өзінің көзқарасы мен жоспарын түсіндіре алады.

В2 Күрделі мәтіндердің, техникалық мазмұндағы мәтіндерді талқылаулардың негізгі идеясын түсінеді. Өз ойын еркін анық

білдіре алады. С1 әр түрлі тақырыптардағы көлемді мәтіндерді түсінеді. Ойын тез жеткізе алады, тілді әлеуметтік, ғылыми,

кәсіби қызметінде шебер және тиімді қолданады және грамматикалық бірлікткрді меңгергенін көрсетеді. С2 кез келген

оқыған   хабарламаларды   оңай   түсінеді   және   қорытып   талдай   алады.   Ойын   еркін   жеткізеді.   Міне,   қазіргі   таңда   тіл

үйренушілерді   осы   деңгейге   сүйеніп   тілдік   деңгейін   анықтайды.   Күн   сайын   танысқан   жаңа   идея,   түрлі   әдіс-тәсілдер

мемлекеттік тілді өзге тілді ұлт өкілдеріне үйретудің ерекше құралы екендігін аңғартты. Қазақ тілін тек грамматикалық

ұғымдар негізінде үйретіп келген әдістеменің бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда біржақты екендігіне көзіміз жетті. Топ

тренері   тарапынан   ұйымдастырылатын   ширату   жаттығулары,   тілді   меңгертудің   табиғи   тәсілдері,   тілдік   ортаға   енгізу

арқылы  аудармасыз  қазақ тілін үйрету сияқты  жаңашыл,  өміршең идеялар мұғалімдерге  тың серпіліс әкелді.  Сонымен

қатар,   топтық,   жұптық   жұмыстарды   ұйымдастыру,   сын   тұрғысынан   ойлауға,   функционалдық   сауаттылықты   арттыруға

бағытталған жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін бере отырып, мұғалімнің бағыт беруші,

сабақты ұйымдастырушы менеджер-көшбасшылық рөлімен де таныстырып отырды.

Өмірдегі көптеген мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжан-дылықты,

мейірімділікті   қажет   ететін   мамандық   –   ұстаздық.   Олай   дейтінім,   мұғалім   -   біріншіден,   адамзат   қоғамы   тарихында

жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, «білсем,

үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық. 

Заман   ағысына   сай   біліммен   қаруланған   ой-өрісі   жоғары,   зерделі,   жан-жақты   дамыған   мұғалім   болу   -   уақыт   талабы.

«Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.

Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Жалпы

қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық

белсенділігін   арттыруға,   өз   бетінше   білім   алуға,   шығармашылығын   қалыптастыруға   ықпал   етеді,   оқушылар   оқудың

қызықты   жеңіл   өтетіндігін,   ұжымда   бірлесіп   жұмыс   жасауға   үйрететіндігін,   білімнің   тереңдігі,   әрі   тиянақтылығы

артатындығын   баяндайды.   Яғни,   оқушы   өз   ой-пікірін   ашық   еркін   айтады,   бір-бірін   тыңдауға   үйренеді,   сыныпта

ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. 

Күні


5-сынып (қазақ тілі) орыс сыныбы

1-сабақ


Сабақтың 

тақырыбы:



I модуль Менің отбасым

Сілтеме:


Жоспар, мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Жалпы мақсаттар:

    Оқушыларға   ана   тілінің   қызметі   туралы   лингвистикалық   білім   беру  арқылы,   оқушылардың

өздігінен ізденуіне, сыни тұрғыдан ойлауына, өзін – өзі, өзара бағалауына, тақырыпты игеруіне

бағыт-бағдар   беру.Оқушыларды   сабақтың   мазмұны   арқылы   адамгершілікке,   ұлтжандылыққа

тәрбиелеу. «Менің отбасым» тақырыбында жаңа сөздер үйрету.

Оқыту нәтижелері:

Оқушылар:

Оқушылардың  тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа белсенділігі арта түседі;



Өз пікірін айтуға төселеді, ойлау қабілеттері артады;

Топтық жұмыс кезінде іскерлік, көшбасшылық қасиеттері артады;



АКТ-мен жұмыс істеулері жанданады.

Түйінді идеялар:

Өз ойларын еркін айтуға, тез қабылдауға жол ашады. Оқушылар топта жұмыс жасайды, сыни

тұрғыдан   ойлануға   дағдыланады,   бағалайды.   Тапсырманы   орындауға   қажетті   стратегияларды

біледі.


Ақпарат көздері

Интерактивті тақта,  Ғаламтор желісі, «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы, электронды оқулық т.б.

                                    Сабақты жүргізудегі іс-әрекет (сабақ 45 минутқа арналған)

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Алғашқы   рефлексивтік   кезең  ДМ1  Сәлемдесу,  кезекшімен

сұхбат, топқа бөлу, назарларын сабаққа аудару (1 минут)

  «Шаттық шеңбері» психологиялық тренинг(2 минут)

     ДМ2 Жас күніңде салсаң жанды азапқа,

     Өскеніңде игілікке жетерсің.

     Жетерсің де бөленерсің ғажапқа,

    Бұл тірліктен өкінішсіз өтерсің.

   С.Оспанның өлеңін оқып, адам ойлаған мақсатына жету үшін не

істеуі   керектігі   жөнінде   өзара   пікірлеседі.   «Шаттық   шеңберіне»

тұрып бір-біріне сәттілік тілейді.?

Жаңа сабаққа дайындық(1 минут)

a.

Оқушылар   сәлемдеседі,   назарын  сабаққа



аударады;  Құрал-жабдықтарын түгендейді, бірден

беске дейін санау арқылы топқа бөлінеді;

 Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. Өз ойларын

ортаға салады.

  

15


    ДМ3   Сабақтың   тақырыбы   интерактивті   тақтадан   көрсетіледі.

Оқушыларға  тақырыпты  не туралы деп ойлайсыңдар, тақырыпқа

байланысты біз бүгінгі сабақта не істеуіміз мүмкін? Деген сұрақтар

арқылы   әр   топтың   жауабын   тыңдап   сабақ   тақырыбын   өздеріне

аштырып, мақсат қойдыру. «Отбасы» сөзінің мәнін аштыру

Жаңа сабақты енгізу (15 минут) 

 ДМ4  Ана  тілі  сол  тілде  сөйлейтін  халықпен  бірге  өмір  сүреді

және   сол   халықтың   өкілдері   үшін   қатынас   құралы   ретінде

қызмет  етеді. Тілінен  айрылған  халық өзіне  тән  барлық  қасиетін

жоғалтып,  халық  болудан  қалады. Тіл  ана  тілі  атануы  үшін, ол

күнделікті  өмірде  ұдайы  қолданыста  болуы  керек.

   Тілдің  ең  негізгі  қызметі  адамдардың  бір – бірімен  сөйлесу,

бір   нәрсе    жайында    пікір   алысу   үшін   қызмет   етуі.  Екінші

қызметі – адамдардың қоршаған орта  жөніндегі  өз  ойларын  тіл

арқылы    жеткізуі.     Үшінші    қызметі   – адам     өзінің    бір    нәрсе

туралы  көзқарасын,  күйініші  мен  сүйінішін,  жақсы  көру  жек

көру  сезімдерін  тіл  арқылы  білдіруі.

ДМ5   Ал   енді,   балалар,   ана   тілі   туралы   қандай   мақал   –   мәтел

білесіңдер? Ортаға салайық. Шағын сайыс ұымдастыру.

Енджеше бізбүгін «Менің отбасым» тақырыбына сөздік жұмысын

жасайық.


ДМ6 Сөздікпен жұмыс

ДМ7 мәтінмен жұмыс



Сабақты түсінгенін тексеру мақсатында (15 минут)

1.Оқулықпен жұмыс   1-жаттығу, 4-бет. 

ДМ8  Оқулықпен жұмыс. 1-  жаттығу, 4- бет.

ДМ9 2-жаттығу, 5-бет. Түсініп оқып, мәтіндеайтылған негізгі ойды

анықтайды, өзара пікір алмасады.

ДМ10 Сергіту сәті (2 минут)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосамыз,

Қатты-қатты соғамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Қанат жайып тұрамыз.

Қарлығаш болып ұшамыз,

Ұшып-ұшып келеміз.

Сабақты бекіту мақсатында 5 минут): 

ДМ11 1. «Инсерт» кестесін толтыру

Инсерт әдісі

Білемін 


Мен үшін жаңалық

Білгім келеді

ДМ12 Рефлексия кезеңі: «Аяқталмаған 

сөйлем»: Бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым...

ДМ13 « Жүректен- жүрекке» 

Бағалау (3 минут) 

Бағалау парағы арқылы білімдерін бағалатады.



Өзін-өзі бағалау парақтарын таратады.

Мұғалімдердің жеке оқушыларды бағалауы



Жиналған балл саны

Баға

10-12

«5»

7-9

«4»

5-6

«3»

0-4

«2»

Үйге тапсырма. (1 минут) 

1.3- жаттығу, 5-бет.

2.4- жаттығу, 6-бет.

Оқушылар   сабақтың   тақырыбы   мен   мақсатын

бірлесе отырып ашады. 

         

            

Шағын   сайыс   ұымдастыру   арқылы   топтар   мақал

айтудан жарысады.

   


 І топ  «Қазақ тілінің кешегісі»

    ІІ топ  «Қазақ тілінің бүгіні»

    ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы» 

1.Оқулықпен жұмыс

 1-жаттығу,4 -бет. 

Оқиды,   сөйлеу   тілі   мен   жазба   тілдің   өзіндік

ерекшеліктері   неде   екенін,   сөйлеуге,   жазуға

қойылатын талаптардың автордың қай сөздерінен

байқауға болатынын айтады.

Түсініп   оқиды,   мәтінде   айтылған   негізгі   ойды

анықтайды, өзара пікір алмасады.

Оқушылар жаттығу жасайды.

Инсерт әдісі

Білемін 

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді

ДМ12 Рефлексия кезеңі: «Аяқталмаған 

сөйлем»:Бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым...

«Жүректен-   жүрекке»     Оқу   сабағын   аяқтау

мақсатында     мұғалім   оқушылармен   бірге   үлкен

шеңберге жиналып, бір-біріне жылы тілек айтады.

Топтағы   үздік   оқушыны   және   сыныптағы   үздік

оқушыны анықтайды.

Топтық бағалау. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет