сурет. Мектеп педагогикалық ұжымының ғылыми-әдістемелік қызметін басқару циклі
оқушылардың жеке және академиялық жетістіктерінің өсуі;
мұғалімнің кәсіби деңгейін арттыру.
Ғылыми-әдістемелік жұмысты (ҒӘЖ) жоспарлау және ұйымдастыру;
жоспарлау негізінен басқарудың басты шешімдерінің бірі болып табылады. Жоспарлау үдерісі келесіні қамтиды:
жалпы мектеп жоспарының бөлімі ретіндегі ҒӘЖ жоспарын;
зерттеу қызметінің тұжырымдамасын (таңдалған тақырып бойынша);
зерттеу бағдарламаларын(жалпы және жеке);
кафедралар мен әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарларын;
тәжірибеге енгізу мақсатына жүргізілетін іс-шаралар жоспарын.
қызметті ұйымдастыру жоспарды кезең-кезеңмен іске асыру сценарийін, мысалы, білім алушылардың өзіндік жұмысында АКТ-ны пайдалануды; жалпы формативті бағалауды жүргізуді қамтиды.
Іске асыру
Осы кезеңде жоспарланған зерттеуге/сабақты зерттеуге/іс-әрекетегі зерттеуге/бағдарламаға/оқу процесіне/тәрбие процесіне сәйкес білім беру процесінде зерттеуді іске асыру бойынша ғылыми-әдістемелік қызмет орындалады.
Ғылыми-әдістемелік қызмет нәтижелерін талдау және қорыту
Зерттеу нәтижелері талданады және қорытынды жасалады, ғылыми - әдістемелік қызмет бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жүргізіледі.
Түзету.
Талдау нәтижелері бойынша ғылыми-әдістемелік қызмет пен педагогикалық процесті одан әрі жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар мен нұсқаулықтар әзірленеді.