ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ БОЙЫНША МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ
КБҚ шеңберіндегі мектеп мұғалімдерінің командалық жұмысы педагогтерге өз қызметі мен әріптестерінің қызметін бағалауға, педагогикалық қызметтің сапасын арттыруға, қарым-қатынас арналарын жақсартуға және КБҚ ішіндегі байланыстарды орнатуға көмектеседі. КБҚ тиімділігі педагогтердің мектепішілік кәсіби дамуы шеңберінде педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының нәтижесі болып табылады.
КБҚ-ның жұмыс істеуі мен дамуы мектеп ішінде де, мектептен тыс жерлерде де әртүрлі процестерге байланысты жүзеге асырылады. Ғалымдар басым процестер ретінде мыналарды ажыратады: оқу процестеріне назар аудару; ең жақсы адами және әлеуметтік ресурстарды құру; құрылымдық ресурстарды басқару; кең кәсіби даму, мектепті жақсарту және өзгерістер менеджментін жетілдіру мен әлеуетті арттыру мәнмәтінінде сыртқы агенттермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық жүргізу.
Тиімді оқытудың қажетті шарты тәжірибеде оқу немесе жұмыс орнында оқу болып табылады. Себебі ол өзін-өзі дамытуға және тәжірибедегі терең рефлексияға негізделген. Мұндай оқу эксперименттік оқу, рефлексивті тәжірибе, таным процесі, танымдық және проблемалық кәсіптік оқу, кәсіби әлеуметтену сияқты оқу теорияларының ережелеріне негізделген. Тәжірибеде оқудың үлкен инновациялық құралдары бар.Олар кәсіби дамудың жеке бағытын модельдеу мен құруды, іс-әрекеттегі зерттеуді, іс-әрекеттегі оқытуды, коучинг, менторинг және т.б., кәсіби дамуға арналған стипендиялар мен шығармашылық демалыстарды қамтиды. Заманауи мектептепте ресми бағдарламалары мен курстарға негізделген ересектерге білім берудің формалары мен әдістер арсеналы мол (мысалы, кіріспе бағдарламасы, кәсіби даму күндері). Сонымен қатар, күнделікті жеке және жұптық жұмыс кезінде бейресми оқыту, мысалы, бірлескен жоспарлау немесе топтар мен тұтас мектептің командалық жұмысы. Демек, КБҚ дамуының маңызды факторлары жұмыс орнында оқыту, рефлексиялық практика және өз тәжірибесін зерттеу болып табылады.
Педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқыту екі негізгі формада іске асырылады: жеке және ұжымдық.
Жеке формалары:
педагогика, психология және басқа ғылымдар әдістемесінің теориялық мәселелерін өз бетінше зерделеу;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
ғылыми мақалаларды, монографияларды рефераттау;
оқу бағдарламаларын, сабақтардың, тәжірибелік сабақтардың мазмұнын, көрнекі материалдарды қамтитын оқу-әдістемелік кешендерді өз бетінше дайындау, бақылау құралдарын (сауалнамалар, тесттер және т. б.) әзірлеу;
авторлық бағдарламалар мен курстарды, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын әзірлеу;
жеке педагогикалық тәжірибені есеп, өзін-өзі талдау, баяндама, хабарлама, презентация, мақалалар түрінде рәсімдеу;
шығармашылық материалдарды (өзінің білім беру қызметінің тұжырымдамаларын, сценарийлерін, ашық сабақтарын, эсселерін, БАҚ-та жазбалар мен мақалаларын және т. б.) әзірлеу;
Интернет-курстар, форумдар, блогтер, семинарлар, вебинарлар және т. б. арқылы өздігінен білім алу;
ғылыми-әдістемелік өнімдерді сараптау;
"ашық" іс-шаралар өткізу;
өзін-өзі бағалау және өз тәжірибесіне диагностика жасау;
өзінің білім беру қызметі мен мекеме қызметінің жарнамалық жобаларын (буклеттерін) жасау және т. б.
Субъектілердің тең құқылы өзара іс-әрекет негізінде педагогтердің ғылыми- әдістемелік құзыреттілігін дамытудың ұжымдық формалары:
ғылыми-әдістемелік конференциялар, педагогикалық оқулар және әр түрлі деңгейдегі проблемалды талқылау, талдау семинарлары;
пәндік комиссиялар, әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтар шеңберінде тұрақты жұмыс істейтін семинарлар;
ұжымдық эксперименттік жұмыс жүргізу;
әдістемелік, ғылыми-әдістемелік кеңес отырыстары;
ашық іс-шаралар;
педагогтің жұмысын зерделеу немесе тәжірибе алмасу мақсатында сабақтарға өзара қатысу;
педагогтерді аттестаттау;
кеңестер;
ғылыми диспуттар, дискуссиялар, талқылаулар, іскерлік ойындар, коучингтер, тренингтер;
ғылыми-әдістемелік және педагогикалық шеберлік байқаулар мен фестивальдер;
ақпараттық шолулар және т. б.
әдістемелік кабинет жұмысына қатысу.
Әдістемелік кабинет - ақпараттық қызметтің негізгі құрауышы. Басты рөлі өзінің және қаланың, өңірдің, республиканың, басқа да елдердің оқу орындарының білім беру қызметі туралы ақпаратты жинау мен жинақтау.
Әдістемелік кабинеттің қызметі: аналитикалық, диагностикалық, жобалау, консалтингтік, зерттеу, қамту, үйлестіру және сараптама түріндегі негізгі функцияларына сай ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |