Әділдік.Барлық қорытындыларды бағалау; ықтимал көзқарастар мен даму келешегін талдау және тану; балама түсініктерге ашық болуға ұмтылу.
Пайымдау.Дәлелдердің маңыздылығын, балама болжамдар мен даму келешегің орындылығы мен маңыздылығын мойындау.
Тәртіп.Дәлдікке, жан-жақты және егжей-тегжейлі қарауға тырысу (барлық қолда бар дәлелдемелерді есепке алу және барлық көзқарастарды ескеру).
Өзін-өзітану.Жеке болжамдар, көзқарастар мен эмоциялардың субъективтілігін түсіну.
Төменде өзіңіздің оқуыңыз бен оқушыларыңызды оқытуда сыни тұрғыдан ойлауға негіз болатын әрекеттер тізбегі келтірілген:
Оқушылардың оқу процесін қадағалау нәтижесінде алынған дәлелдермен танысыңыз.
Тапсырмалар жүйесін құрылымдайтын оқу мақсаттарын қарастырыңыз.
Бір жағынан, оқу мақсаттары мен екінші жағынан, оқушылардың жұмыс тәсілдері мен олардың жетістіктері арасындағы байланысты талдаңыз.
Жеке оқушылар көрсеткен әр түрлі дағдылар деңгейлері мен түсіну дәрежелерін салыстырыңыз.
Бүкіл сынып бойынша тұтас қызмет нәтижелерінен ой қорыту үшін дереккөздерден алынған ақпарат пен бақылауларыңыздың нәтижелерін жинақтаңыз, салыстырыңыз.
Балалардың оқу нәтижелеріне қатысты салыстырмалы жетістіктер немесе сәтсіздік туралы аралық қорытынды жасау арқылы бағалаңыз.
Келесі тапсырманы немесе жобаны жоспарлау кезінде осы сыни бағалау нәтижесінде алынған тұжырымдар мен түсініктерді қолданыңыз.
Дәлелдерді толықтыру, әлеуметтік ғылымдарда оқыту мен оқуға қажетті қорытындылар мен тұжырымдар жасау үшін сыни ойлауды қолдануды негіздеңіз.
Педагогикалық рефлексияның мәні мен рәсімдерін түсіну оның құрылымын түсінуге ықпал етеді. Педагогикалық рефлексия құрылымын қарастыруды педагогикалық процестің құрылымын, педагогикалық өзара әрекеттесуді ескере отырып жүргізу орынды деп санаймыз. Педагогикалық процесс педагог пен білім алушылардың іс-әрекеттерімен алмасуды көздейтініне баса назар аудара отырып, біздің ойымызша, рефлексия құрылымында оның мына компоненттерін бөліп көрсетуге болады: педагогтің оқушы іс- әрекетіне жасаған рефлексиясы; педагогтің өз іс-әрекетінің рефлексиясы; педагогтің педагогикалық өзара іс-әрекет рефлексиясы; білім алушылардың өз іс-әрекетінің рефлексиясы; білім алушылардың педагог іс-әрекетінің рефлексиясы; педагогикалық өзара іс-әрекетте орын алған оқушы рефлексиясы.
Білім алушылардың дамуы үшін жағдай жасау мақсатында педагогикалық процесті педагог өзі ұйымдастырып іске асырады. Бұл педагогикалық процесте рефлексияның барлық компоненттері оқушының педагогикалық процестегі өз іс-әрекетінінің рефлексиясымен байланысты екенін білдіреді. Бұл жағдай педагог қызметінің, жүзеге асырылған өзара әрекеттесу рефлексиясының орындылығын анықтайды.
Педагогикалық процесте рефлексия функцияларын бөлу педагогикалық процеске қатысушылардың дамуын оңтайландырудың маңызды шарты болып табылады.