«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта


Стратегияны әзірлеудегі «оқып-үйрену» тәсілі



бет6/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Оқу құралы 5-модуль

Стратегияны әзірлеудегі «оқып-үйрену» тәсілі. Компанияның стратегиясы мен саясаты үздіксіз жүретін процестер ретінде қарастырылады. Бизнес-жоспарлар үнемі өзгеріп отырады, пайда болатын факторларды ескере отырып жетілдіріледі.

  • «Партисипативтік» басқару саясаты. Ұйым қызметкерлері компанияның стратегиясы мен саясатын әзірлеуге қатысады.

  • Ақпараттық ашықтық. Ақпарат сыйақы немесе жазалау үшін негіз ретінде емес, не болып жатқанын түсіну үшін, дұрыс шешімдер қабылдау мақсатында көбірек пайдаланылады.

  • Ұйымның қызметін есепке алу және бақылау. Есепке алу, бюджеттеу және талдау жүйелері әрбір қызметкер өзінің иелігіндегі ресурстар үшін жауапкершілікті сезінетіндей етіп құрылады.

  • Ішкі қызмет алмасу. Әрбір бөлімше қызметтерді жеткізеді және тұтынады

  • Икемді сыйақы тетіктері. «Сыйақы» ұғымы еңбекке ақы төлеуден гөрі кеңірек ұғымда қарастырылады. Сыйақы тағайындаудың басты принципі – қызметкердің ұйым қызметінің ортақ нәтижелеріне қосатын үлесі.

  • Қызметкерлерге мүмкіндіктер беретін құрылым. Ұйым бөлімшелері мен элементтерінің басқа "шекаралары" қажет болған жағдайда өзгертуге болатын уақытша құрылым ретінде қарастырылады. Ұйымдағы лауазымдар мен рөлдер эксперимент жүргізу және даму үшін жағдай жасалатындай етіп бөлінеді.

  • Қоршаған ортаны әрдайым тексеріп отыру («сканерлеу»). Әр қызметкердің міндетіне ұйымнан тыс жерде не істеліп жатқаны туралы ақпарат жинау кіреді. Қызметкерлердің әр жиналысында компаниядан тыс оқиғалар қарастырылады.

  • Ұйымның және онымен байланысты топтардың бірлескен жобалары. Ұйым қызмет ұсынушылармен және тұтынушылармен серіктестік қатынастар қалыптастырады және бірлесе оқу мүмкіндігін жіберіп алмай, тұтынушылармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда бастамашы болады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет