Жоғары және орта буын менеджерлері: мектеп директоры, директордың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, тәлімгерлер, үйлестірушілер, коучтер, әдістемелік бірлестік басшылары,
көшбасшы мұғалімдер, мектеп психологтері, кітапхана қызметі, мұғалімдер, шығармашылық зертханалар және т.б.
Жұмыс мазмұны
Ақпараттық-талдамалық қызмет негізінде әдістемелік жұмысты жедел басқару. Білім беру сапасы мен педагогикалық процестің тиімділігін мониторингілеу. Педагогтерге әдістемелік қолдауды тұрақты бақылау, бағалау, мониторингілеу және талдау, реттеу және түзету, іске асыру. Педагогикалық рефлексия, өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетінше жобалау, өз бетінше болжау және мұғалімнің білім беру субъектілерімен өзара іс-қимыл жасаудағы көшбасшылығына негізделген ғылыми-әдістемелік қызмет. Өз тәжірибесі мен әріптестердің тәжірибесін жинақтап қорыту және тарату. Педагогикалық тәжірибені белсенді зерттеу, оқыту мен тәрбие сапасын сараптау және супервизия, қолданылатын педагогикалық және ғылыми-әдістемелік құралдардың тиімділігін рефлексиялық тұрғыдан талдау. Инновацияны әдіснамалық түсінуге бағытталған тұжырымдамалық кәсіби ойлаудың негізінде рефлексия жүргізу.
Педагогтерді тренинг, нұсқаулар, коучинг және тәлімгерлік негізінде оқыту.
Жедел жоспарлау. Жүктемені бөлу, кестеге сәйкес ағымдағы қызметті үйлестіру. Бақылау, ауытқулар мен олардың себептерін анықтау, білім беру процесі мен әдістемелік жұмысты түзету. Диспетчерлеу. Сабақ кестесін құрастыру. Білім беру процесі мен оқыту әдістемесіне инновациялар мен жаңашылдықтар негізінде өзгерістер енгізу. Мақсат қоюдың әртүрлі технологиялары негізінде қызметкерлерді ынталандыру. Мектепішілік педагогтердің біліктілігін арттыру және кәсіби дамыту процесін ұйымдастыру. Қызметкерлерді таңдау және іріктеу. Сыртқы және ішкі келіссөздер жүргізу. Топ мүшелеріне міндеттерді жүктеу. Мектептен тыс жерде ұйымның өкілі болу.
Тактикалық басқару: тактикалық жағдайды модельдеу (проблеманы анықтау); мақсат қою, шешім қабылдау және жоспарлау; ынталандыру; ұйымдастыру және орындау (стратегияны іске асыру); білім беру процесінің тактикасына бақылау жасау және түзетулер енгізу. Авторлық педагогикалық жүйенің/технологияның/әдістеменің және ғылыми-әдістемелік қызмет бойынша рефлексия және жинақтап қорыту. Мектеп, мектептер желісі, аудан, қала, облыс, ел деңгейінде Іс-әрекеттегі зерттеу, Сабақты зерттеу, кейс-стади және ғылыми- әдістемелік қызметтің басқа да түрлері бойынша зерттеу ұйымдастыру және жүргізу. Әдістемелік кеңестер мен бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру. Мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік қызметі мәселелері бойынша коучинг пен тәлімгерлікті
ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Жауапкершілік
Білім беру ұйымының мақсаттарына қол жеткізу мақсатында педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігі үшін
Жұмыс ерекшеліктері
Жоғары буынмен алқалы шешім қабылдауына қатысу; ұйымның жұмысын жоспарлау;
нормативтік құжаттармен жұмыс; бөлімшелердің қызметін үйлестіру және түзету; кеңестерге қатысу