«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта



бет7/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Байланысты:
Оқу құралы 5-модуль

Оқу үшін қолайлы ахуал. Ұйымның әрбір қызметкері үшін негізгі жұмыс принципі – не істеп жатқаныңызды әрдайым зерттеуге және жетілдіруге тырысу. Кез келген қызметкер қателік жіберуі мүмкін. Қызметкерлерге тәжірибені талқылауға және талдауға, өз тәжірибесі арқылы үйренуге уақыт бөледі.

  • Әрбір қызметкердің өзін-өзі тұрақты түрде дамытуы. Әрбір қызметкерге өзін-өзі дамыту үшін белгілі бір бюджет бөлінеді; ол өзіне қажетті тақырыптарды өз бетінше таңдайды. Ұйымда өзіне жауапкершілік алу мадақталады. Әрбір қызметкердің жеке оқу қажеттіліктері оның мансабын жоспарлаудың негізгі буыны болып табылады.

    Басшыдан мұғалімдер тобын оқыту аясында мектепте білімді басқарудың тиімді тетіктерін құру талап етіледі. Қазіргі заманғы зерттеулер үздіксіз кәсіби даму қажеттілігі оқыту және оқу тәжірибесі мұғалімнің тікелей қатысуымен, оның өзі жүргізген зерттеу нәтижелері негізінде қалыптасатын білім беру қоғамдастығы жағдайында мұғалімнің өзіндік ұстанымын талап ететіні туралы идеяны растайды. Ішкі психологиялық ұстанымына, адамгершілік көзқарастарына негізделген мұғалімдер механикалық түрде білім алмайды, білімді өздері қалыптастырады; бұл жағдайда көшбасшылық көзқарас тұрғысынан әрекет етеді, әріптестеріне және өзінің айналасына әсер етеді, түпкілікті оқытуға тұрақты назар аударады. Мұғалімдерге оқыту және оқу тәжірибесін дамытуда жан-жақты әдістемелік қолдау көрсету мақсатында мектептердегі тәжірибелі көшбасшы мұғалімдер оқыту мен өзара оқытудың әртүрлі әдістері мен нысандарын іске асырады.
    М.Фуллан осыған байланысты табысты мектептер кәсіби корпоративтік мәдениет қалыптастырғанын және оларға негізгі назарды даралықтан (мысалы, сіңірген еңбегі, мансап сатысы бойынша жоғарылауы және т.б.) мектеп мәдениеті, мектептегі бөлінген көшбасшылық, әдістемелік көшбасшылық және басшыларға, сыртқы сарапшы- әдіскерлерге әдістемелік қолдау көрсету негізінде кәсіби білім алушы қоғамдастық ретінде мектепті дамытуға аударғаны жөн екенін атап көрсетеді (Fullan, M. 2001).




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет