«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта


ACTION RESEARCH ТӘСІЛІН ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДАН ІСКЕ АСЫРУ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет46/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62
Байланысты:
Оқу құралы 5-модуль

ACTION RESEARCH ТӘСІЛІН ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДАН ІСКЕ АСЫРУ АРҚЫЛЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Іс-әрекеттегі зерттеу қолданбалы сапалы зерттеу болып табылады. "Іс-әрекеттегі зерттеу" терминін алғаш рет Курт Льюин енгізді (1946). (Курт Льюин 1946). Льюин іс- әрекеттегі зерттеуді жоспарлау, іс-әрекет және осы іс-әрекет нәтижелерін бағалау кезеңдерін қамтитын спиральді процесс ретінде сипаттады (Kemmis, S. and McTaggart, R. 1990).


Өткен ғасырдың 60-жылдарында Іс-әрекеттегі зерттеу Англияда, содан кейін бүкіл әлемде тарала бастады. Қазіргі уақытта Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімнің кәсіби дамуының қуатты стратегиясы ретінде қарастырылады. Коллинз пен Дигид (1989) Іс-әрекеттегі зерттеуді "жағдаятық оқыту" деп атайды: жұмыс орнында оқыту және жұмыс орны туралы оқыту. (Collins, J. S. and Duguid, P. 1989) Мун (2006) іс-әрекеттегі зерттеуді "мұғалімдер жұмыс істейтін ортадағы тәжірибе қызметі" ретінде қарастыруға болатындығын баса айтады. Сонымен, проблемаларды өз бетінше анықтап, оларды зерттей отырып, мұғалім өз тәжірибесін жақсы түсінеді және оны өзгертеді. (Moon, J. 2006).


Іс-әрекеттегі зерттеуді анықтау


Мектеп контекстінде іс-әрекеттегі зерттеу спиральді процесс ретінде қарастырылады. Мұғалімдер, мектеп әкімшілігі проблемаларды зерттейді және зерттеу нәтижелері бойынша мектептің жұмысын жақсартады. Одан соң, олар проблеманы енгізілген түзетулермен қарастырады және қажет болған жағдайда зерттеу және жетілдіру циклын қайта жүргізеді. Зерттеудің бұл түрі мектепте немесе мектеп туралы емес, мектеп үшін қарастырылады. Кеммис (2007) Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдердің тәжірибесін, олардың өз тәжірибелерін және олар жұмыс істейтін жағдайларды түсінуін өзгертетінін айтады.
Уилсон (2013) Іс-әрекеттегі зерттеудің бірнеше негізгі идеяларын анықтайды. Біріншіден, Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибені жетілдіру мақсатында қабылданған іс- әрекеттер туралы ақпарат беру үшін жалпыға бірдей танылған зерттеу әдістері мен мәліметтерді жинау қолданылатын ғылыми танымның бір түрі болып табылады. Екіншіден, Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалі-практиктерге олардың тәжірибесін зияткерлік және моральдік бақылауды қамтамасыз етеді. Мұғалімдер өз тәжірибесін бағалайды және жүргізілген зерттеу негізінде түзетулер енгізеді. Зерттеуді практикада қолданатын мұғалімдер зерттеу әдістерін қатаң ғылыми түрде қолдануы керек. Бұл жағдайда мұғалімдердің өз тәжірибесін іс-әрекеттегі зерттеулері академиялық зерттеудің басқа түрлеріне тән критерийлерге сәйкес келеді: зерттеу өзара бағалануы керек, түпнұсқалы, маңызды болып, деректер жарамды болуы керек, зерттеу нәтижелері бойынша кез келген тұжырымдар жиналған мәліметтермен расталуы керек. (Wilson, E. 2013)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет