4
226
5919
Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.
Тел: 8(7242) 40-06-68
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде 19. 06.
2014 ж. қайта тіркеліп, №14405-Г куәлігі берілген.
«Толқын» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті
жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.
ей
Газет редакцияның компьютер орталығында
теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаха-
насында басылды. Тел: 8 (7242) 40-06-68.
Газеттің таралымы бойынша 8(72433) 2-18-42
немесе 8 (7242) 70-14-08 телефонына хабар-
ласуға болады. Қызылорда қаласы, Бейбарыс
Сұлтан көшесі, 4. А.
Кезекші редактор
Оңталап ЖОЛДАСОВ
·
Мұғалім мінбері
·
Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі. Ел ертеңі
жастармыздың қолында. Егемендігіміз бен
елдігіміздің тұрақ ты, мәңгілік ғұ мыр лы
болуы саналы ұрпаққа тікелей бай ла-
ныс ты. Жаңа қоғамның дамуындағы
ең маңызды орын алатын негізгі фак-
тор лардың бірі де осы білім беру са-
ласы, оның дамуы мен нәтижесі.
Бұл нәтижені біз шәкірт те рі міз-
дің жетістіктерімен анық көрсете
аламыз. Білімге, ғылымға деген
тал пынысы жо ғары, ынталы жет-
кін шектерге бү гін гі таңда толық-
қанды жағдай жа сал ған. Тек осы
жолда мұғалім мен оқу шы ның екі
жақты еңбек етуі тиіс. Сонда ғана
нәтижеге қол жеткізіп, бо ла шаққа
барар сәулелі жолдан адас пай алға
жылжимыз. Талапты шәкірт тер дің
талантын арттыру-басты міндет.
Осындай талантты шә кірт тердің
бірі-Арал қа ла сын дағы №220 орта
мек тептің 3 «В» сыныбының үз дік
оқу шысы Ер ке наз Серғалиева. Ер ке-
наз қазіргі таң да ал ғыр лығымен өз мұ-
ға лім дерін қуан тып қа на қоймай, атал ған
мектептің мақ таныш та рының біріне ай-
нал ды. Бі рінші сы нып оқу шылары ара сын да
аудандық пәндік олим пиада да өз оқу орда сы нан
дараланып шы ғып, мектебінің намысын қор ғаған
ол математика пә ні нен алған І орынды же ңіп алды.
Бұл білімге құш тар қыздың жеңіс те рінің
алғашқысы бола тын. Бұдан кейін де Ер-
кеназ мектепішілік, ау дан дық, рес пуб-
ликалық жа
рыс
тар мен интернет-
олим пиа да лардың жеңімпазы, жүл-
де гері атанды.
Тарих қойнауына ен іп үлгерген
2016 жылы Қа зақ стан Республи-
ка сы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
қарсаңында 3 «В» сыныбының
жетекшісі, жо
ғарғы санатты
мұғалім Гүл
нар Ибраймованың
ұйым дас ты руы мен сыныпішілік
жарыс ұйым дас тырылған бо ла-
тын. 25 қа ра ша мен 16 желтоқсан
аралығында ұйым дастырылған
осы сайыста он күн діктің ішінде
33 бестік ба
ға ал
ған Еркеназ
сынып үздігі атан ды.
Иә, «Ұстазы талаптының шә-
кірті талантты» деген сөз осы дан
шықса ке рек. Шәкірттер сана сы-
на сапалы білім сіңіріп келе жат-
қан, «Алтын белгі» ие герлерінің қо-
лы на алғаш әліппе ұстатып, түлетіп
ұшырған Гүлнардың әлі талай қанаты
талмайтын шәкірттер тәрбиелейтініне,
сол шәкірттерінің бірі шынашақтай ғана
Еркеназ бо ла рына кәміл сенеміз.
Оңталап ЖОЛДАСОВ.
Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды
медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша
пилоттық жоба іске асырылуда
Қоғам болған соң түрлі мәселелер, түрлі түйткілдер орын
алмай тұрмайды. Ондай мәселелерді сауатты, салиқалы, байып-
пен шешудің оңтайлы жолы сот процестерінде татуластыру рә-
сімдерін кеңінен қолдану болып табылады. Осы ретте, елімізде
даулы мәселені оңтайлы шешудің баламалы тәсілі ре
тінде
медиация институты енгізіліп, медиатордың құқықтық тетік-
терін реттейтін 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Заң
қабылданып, қолданысқа енгізілді.
Медиация-тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге
асы рылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақ-
сатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы
дауды реттеу рәсімі.
Медиацияға жүгінсе, дауласушылардың бірінікі дұрыс,
екіншісі бұрыс демей, оның алатын ортасын іздейді, сол арқылы
екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім шығады. Түптеп айт-
қанда, медиация әр түрлі қиын жағдайға тап болған адамдар ара-
сын да келісімге келудің ізгілікті жолы деуге болады.
Азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны ен гізу
және одан әрі дамыту мақсатында, Қазақстан Респуб
ли
ка-
сы Жоғарғы Соты төрағасының 26.01.2017 жылғы өкімі мен
«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жан-
жал дар ды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді ен гізу
бой ынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» Ереже бекі тіл-
ді. Бұл ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық про цес-
тік кодексіне және «Медиация туралы» Заңға негізделіп, әзір-
ленген. Пилоттық жоба 2017 жылдың ақпан айынан бас талып,
шілде айына дейін жалғаспақ. Пилоттық жобаның мақ саты
даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиа ция
тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүр гізуге
енгізу болып табылады. Ал, жобаның міндеттері, тату лас тыру
рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығын-
дарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жан жал-
ды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады.
Ереже бойынша медиация баланың мүдделеріне қатысты,
еңбек дауларына, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер
учас кесінің шекараларын анықтау, пәтерден шығару туралы, не-
кені бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісімшарттары бойынша,
сақ тандыруға қатысты даулар санаттарына қолданылады.
Бұл жоба тараптар арасындағы дау-дамайлардың неғұрлым
тиiмдi, балама тәсiлмен шешілуіне, татуластыруға зор ықпалын
тигізбек.
Қуаныш ӨТЕПБЕРГЕНОВ,
Арал аудандық сотының бас маманы,
Заңгерлер Одағының мүшесі.
Рефлексия (лат.refl exio-артқа жү-
гіну)-өзіндік танымға өз эмоциялары
мен сезімдерін, жағдайларын, қа бі-
лет терін, мінез-құлқын талдауға ба-
ғыт талған ойлау үдерісі. Рефлексия
кіші мектеп жасынан қалыптаса бас-
тайды, ал жасөспірім жаста мі нез-
құлық пен өзін-өзі дамытуды рет-
теудің негізгі факторына айналады.
Қазақстан Республикасында орта
білім беру мазмұнын жаңарту ая-
сын да «Тәжірибедегі рефлексия»
жал пы білім беретін мектептердегі
педа го ги ка лық
кадрларының
кә-
сіби даму бағ дар ламасы болып та-
былады. Осы мақ
сатта Қызылорда
қа ласындағы «Пе да гогикалық ше-
бер
лік орталығы» меке
месінде өт-
кен жылдың қараша айының 21-і
мен желтоқсанның 2-сі аралығында
«Мектеп тренерлері» курсынан бі-
лік тілігімді арттырдым. Осы курс ба-
рысында мұғалімдерді оқыту үде рі-
сінде өз білімімді тәжірибеде қолда-
нуды, табысты және сенімді оқыту -
дың дағдылары мен түсініктерін
да мытуды үйрендім. Атап айтқанда,
оқу шылардың
шығармашылығын
зерт теу, сын тұрғысынан, логикалық
ой лау және проблемаларды шешу
дағ ды ла рын дамытуға көмектесетін
пе да гоги ка лық әдіс-тәсілдерді мең-
гер дім. Ең алғашқы күннен бастап
тре неріміз Гүлнар Тәңірбергенқызы
түр лі тренингтер өткізу арқылы
тың дау шыларды бір-бірімен та ныс-
тыра отырып, психологиялық жа-
ғым ды ахуал орнатты. Ол әр күн-
гі сабақ алдында бізбен өткізген
бір-бірін қайталамайтындай сергіту
жаттығулары өте қызықты өтті
және сабақтың тақырыбын, мақса-
тын, маңыздылығын аша білді. Тре-
нер тыңдаушыларды «Тәжі ри бе дегі
рефлексия» бағдарла ма ма те риал-
дарымен, оның мазмұнымен, мақ-
сатымен және оқу моделімен та ныс-
тырды. Сонымен қатар, мен курс
ба рысында әр түрлі тренингтер
және оның оқыту әдістерімен, кері
бай ланыс пен рефлексия, т.б. тура-
лы көптеген мәліметтерді алдым.
Тре
нер жұмыс барысында өзімізді
ұс тай білу, дұрыс сауатты сөйлеу,
МАН әдістемелік нұсқаулықпен
бай ла ныс ты сөйлеуді баса назарда
ұс тауы мыз керек екендігін айт ты.
Соның ішінде, тренердің жауын-
гер лік, сиқыршы, данагөй мен дос-
тың дауыстары тренердің негізгі
құ ралы болып табылатынын топтық
жұ мыс жасау барысында түсіндік.
Мұ ға лімнің ұстанымы оның көз қа-
ра сының қалыптасуына зор ықпал
ете тінін, ал, көзқарасы белгілі бір
ше шім қабылдауына, сыныптағы
іс-әре кеттерді түсіндіру көзі болып
та бы лады. Сондықтан да мен үшін
не маңызды? Маған не тән? Мен
не істеуім керек? Осы сұрақтарды
тың дау шылар өзімізге қоя отырып,
тре нер ге тән құндылық, қасиет, дағ-
ды ларды модерация әдісі арқылы
бір-бі рінен ажыратуды білдік. Соның
нә ти же сінде, жасаған «Мінсіз тре-
нер» тақырыбындағы постеріміз сәт-
ті шықты деп ойлаймын. Біз Эй зен-
хауер матрицасының уақытты бо-
сату арқылы едәуір қосымша ресурс
алудың тамаша мүмкіндігі және өзі-
міздің алдағы уақытта қойған мақ са-
ты мызға тез жетудің жолы екендігін
түсіндік.
Ықшам сабақ деген не, оның ар-
тық шылығы неде, проблемалары
қан дай және оны қалай жоспарлау
керек деген сұрақтар аясында курс
тың даушылары арасында тал қылау -
лар жүргізілді, ықшам сабақ өткізу
кезінде әріптестерім өз де рі нің ше-
бер ліктерін көрсете білді. Өз тәжі-
рибеміздегі оқудағы мен оқы ту дағы
жетi модульдердi біле тін діктен, сол
түсiнiгiміздi «Тәжірибедегі реф лек-
сия» бағдарламасы бойынша оқу
кур сында әріптестеріммен бір лесе
отырып, сабақтардың жос
па
рын
құр дық. Жеті модульді тың дау шы-
ларға үйрету және өз сабақтарында
тәжірибеде қолдануды баса назарда
ұстау біздің басты қағидамыз болмақ.
Менің сабағым-«Диалогті оқытудың
мәні». Әңгімелесу- мұғалімдер бала-
лар
дың оқуға деген ынтасын оята
ала тын пәрменді тетік. Сыныпта диа-
логті қолдану арқылы мұғалімдер ба-
лалардың білім алу сапасына үл кен
ықпал ете алады. Балалардың бі лімі
мен идеясын анықтауға бағыт тал ған
шынайы әрекет оларды оқы ту үде-
рісіне мейлінше тартуға көмек те седі.
Биылғы жыл ерекше жыл, тың-
дау шыларыма «ЭКСПО-ға келген қо-
нақтар біздің салт-дәстүрімізді білуге
міндетті ме?» деп сұрақ тастаймын.
Сол сұрақ барысында әңгіменің үш
тү рінен рольдік ойындар арқылы
көр сетіп ажыратады. Өйткені, қазiргi
таңда «диалог»сабақ барысында сұ-
рақ тың дұрыс қойылуы, оқушы-мұ-
ға
лім,оқушы оқушымен диа
лог
қа
тү
су білімді игерудің көзі. Барнс/
МАН/ «сыныпта тіл қан
ша
лық
ты
қол данылса, білім алу мүм кін ші лі гі
соншалықты болады» де ген. Сұ рақ-
тар
дың жүйелі қойы
луы, әсіресе,
ашық сұрақтар, пікірталастар Мер-
сер дің /МАН/ әңгіменің үш түрінің
бе лең алуы дұрыс жүр гізіл се, топта
жұмыстың дұрыс жүргені. Диалогті
оқытудың мәні ықшам сабағында ер-
кін тақырыпта бес сұрақ та жаз ды ра-
мын. Ол сұрақтарды өздері табады.
Өйткені сабақ барысында ашық, жа-
бық, түрткі, сынама, кекесінді сұ рақ-
тармен танысып, өздері сабақ ба ры-
сын да қолданып та жүр.
Бізге берілген «Үлестірме мате-
риал дардан» және тренеріміз ұсын-
ған ресурстардан өзімізге қажетті дү-
ниені таптық. Мектеп тренерінің оқу
жоспарындағы сабақтарды топтағы
мұғалімдер бөліп алып, ықшам сабақ
жоспарын құрастырдық. Оны курс
жос парының шаблонына салып, ал-
ды мен өз топтарында, артынан ауди-
тория да тамашаладық.
Мектеп тренері ретінде басты
на зарда ұстау керек «Оқуды жеке
тұл ғаға бағыттаудың 10 тәсілін» үй-
рен дік. Әр тренерге керек «Оқы ту-
ды қадағалау нысанын» іс жү зін де
ықшам сабақтарды талдау ба
ры-
сында қолданып, жоспарлау-оқыту-
оқу-бағалау пункттерінің маңыз-
ды лы ғын ескеруге машықтандық.
Жа ңа форматтағы сабақ беруде тың-
дау шы ларымызды бұрынғы дәстүрлі
са бақ тан арылтып, жаңа өзгерістерді
қа был дау ларына дәнекер боламыз
деп ойлай мын.
Алдағы уақытта «Тиімді оқыту»
бағ
дарламасы аясында өткізілетін
тре нинг барысында мұғалімдердің
білім деңгейін жетiлдiре түсетiндей
сұ рақ тар мен тапсырмалар берудi
одан әрi дамыта беремiз. Бұл біз дің
жұмысымыздың нәтижесiн жақ сар-
та ды. Мұғалімдердің бойында қалып-
та суға тиiстi дағды мен шеберлiк мем-
лекеттiк стандарт талабына сәйкес
бо лу үшiн тренер оқу-бiлiм үрдiсiнде
қиындықтарды жоюға бағытталған
жүйелi жұмыс жүргiзу арқылы бiлiм
сапасын арттыруға болады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
де гендей, заманауи ұстаздың сана-
сы на бір ауыздан «өзгеремін» де ген
талап қоя білуі қажет. Кейбір мұ ға-
лім дер білім жүйесіндегі рефор ма-
ны түсінбей, «маған не қажеті бар»
де ген дей немқұрайлы көзқараспен
қарай тыны жасырын емес, сондық-
тан, за ман талабымен ілесіп жүрсе
дей мін.
Айман ӘБІЛОВА,
№60 орта мектебінің
I деңгейлі мұғалімі,
Сазды ауылы.
Бұдан қырық жылдан астам уақыт бұрын орталау мектеп болып
ашылып, 1992 жылы орта мектеп болып өзгерген №230 мектептің ғимараты
әбден ескіргендіктен, әсіресе, қыс айларында жылуы да оңайға соқпайтын.
Ата-аналар да жыл сайын «Жаңа мектеп ғимараты салынса» деген тілеуде
жүретін.
Көптің тілегі орындалып, 2014 жылы 100 орындық мектеп ғимаратының
құрылысы басталып, өткен жылы, яғни Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық
мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылын екі қабатты
еңселі мектепте бастаған мұғалімдер мен оқушылардың қуанышында шек
болмады.
Ғимарат құрылысы басталғаннан демалысты ұмытып, басы-қасында
жүріп қадағалаған мектеп директоры Әлібек Шораев:
-Қазіргі таңда 130 оқушы екі ауысымда білім алуда. Биылғы оқу жылында
5 мұғаліміміз жаңартылған бағдарлама бойынша қайта даярлықтан, ал 5
мұғалім деңгейлік курстан өтті. Аудандық пән олимпиадасында 4 оқушымыз
жүлделі орынды иеленді. Сондай-ақ, өткен оқу жылында 2 түлегіміз жоғары
оқу орындарының грантын иеленсе, бір шәкіртіміз «Серпін» бағдарламасы
бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы колледждің студенті атанды.
Бұрынғыдай емес, қазіргі уақытта дайындық жұмыстарын жүргізуге
қолайлы жағдай туып отыр. Физика, химия, биология және информатика
кабинеттері зертханалық жабдықтармен қамтылып, интерактивті
тақталар орнатылған. Ал, Президентіміз биылғы Жолдауында білім беру
жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс екендігін айта келе, алдағы уақытта білім беруді
экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру міндеті
тұрғандығына, сондай-ақ, оқу бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және
өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігіне айрықша
тоқталғаны белгілі. Бұл мұғалімдерден ізденісті еңбекті талап етеді,-дейді
екпінді үнмен.
Тағы бір айтарлығы, аз қамтылған 35 отбасының балалары ыстық
тамақпен қамтамасыз етілген. Заманауи қондырғылармен жабдықталған
асхана іші аудан орталығындағы асханалардан артық болмаса кем емес.
Жаңаның аты жаңа екені білініп тұр. Сонымен бірге, оқушылардың жазғы
демалыс кезіндегі тынығуларына да жете көңіл бөлініп, мектеп жанынан
ашылған лагерьде 30 бала, Қамбашта 5 бала, ал демеушілік арқылы Оңтүстік
Қазақстан облысындағы «Таң нұры» лагерінде 1 бала тыныққан.
...Шеткері ауылға сән беріп тұрған зәулім мектеп ғимараты
алыстан көз тартады. Үкіметіміздің елдің болашағы жастарға деген
қамқорлығы мен қолдауының ауданымызда нәтижелі жүзеге асып
жатқанын осыдан-ақ байқауға болады.
Л. ИМАНБАЙҚЫЗЫ.
Мешін жылы әлеуметтік салада да айтарлықтай жетістікке
толы болды. Шалғай ауылдағы талапқа сай салынған қос қабатты
мектеп ғимараты шәкірттердің ғана емес, тұрғындардың да ең-
се сін бір көтерген еді. Міне, ақпанның аязды күндерінің ызғарын
Жіңіш ке құмның жеткіншектері елемей, жылы да жарық бөлмелерде
талап қа сай білім алуда.
Бүгінгі таңда діни экстремизм
мен терроризм сөздерін естімеген
адам аз шығар. Баспа немесе ғалам-
тор беттерінен шет елдердегі жә-
не Қазақстандағы діни ахуал, со ның
ішінде, діни экстремизм мен тер ро-
ризм тақырыптарына қатысты мә-
лімет тер жетерлік. Бұл-аталған мә се-
ле нің ғаламдық деңгейде орын алып
отыр ғандығының белгісі.
Қазірде діни экстремизм мен
тер
ро
ризм ұғымы ислам дініне та-
ңыл ған қауіпті қосымша екендігі
өкі ніш ті ақиқат болып отыр. Ғасыр
ба сын дағы
қарулы
қақтығыстар
жиі орын алған Ауғанстан, Ирак, Из-
раиль-Палестина аймақтарындағы
те рак ті лік актілерді ислам атын жа-
мыл ған ра дикалды топтардың өз мой-
ында рына алуы ориенталистік бағыт
ұстанушылардың «ислам тер ро ризмі»
теориясын іс жүзінде дәлелдеп бер-
ген дей болды. Бұл жағдай Қазақ стан-
дағы діни экстремизмнің таби ға тын
айқындай түседі. Өйткені, тәуел-
сіз дік алғаннан кейінгі діни жа ңару
ха лықтың басым бөлігінің ис лам ға
бет бұруы ата дінімізге үлкен сұ ра-
ныс туындатты. Тұрғындардың ара-
сын да, әсіресе жастардың өз ге лер ге
еліктеуі, белгілі бір топтың мү ше сі
болуға деген ынтасы соқыр се
нім-
ге негізделген діншілдікке әке
леді.
Мұндай соқыр сенім діни фун да мен-
тализмнің, сәйкесінше, діни фана-
тизм нің алғышарттары болуда. Фун да-
мен талисттік көңіл-күй экстремизмге
апарар жол. Өйткені, экстремистік
пайым да өзінің ғана діни ұстанымы
ең шынайы, ақиқат әрі таза деп ұғы-
ны лады. Сәйкесінше, өзге дін өкіл де-
ріне төзімсіздік, қысым көрсету се-
кілді көңіл-күй туындайды. Мұндай
ұстаным өз сенімін, көзқарасын мей-
лін ше кең тарату, қажет болса, күштеп
таңу әрекетіне саяды. Осы жағдайда,
діни мотивтегі терроризм көрінісі мен
оның өкінішті салдары орын алады.
Ғаламтор кеңістігіндегі экс
тре-
мис тік идеялар тарататын сайттардың
еркін қолжетімділігі де маңызды се-
беп тердің бірі болып табылады. Мұн-
дай сайттарды екіге бөліп қарас ты-
руға болады. Мысалы, кейбір сайт тар
мұсылмандардың қысымға ұшы рауы,
әсіресе, АҚШ, Еуропа, Из
раи
льдегі
мұсылмандар туралы ақпа рат тар, қан-
ға бөккен адамдардың су
рет
терін,
бей нематериалдарды ашық көр сету
ар қы лы күллі әлемді мұсыл ман дарға
жау ретінде көрсетуге ұм ты лады.
Сон дай-ақ, сайттағы түрлі шейх тар-
дың уағыздары бейнежазба түрінде
та ра тылады. Уағыздарда зайырлы би-
лік тің исламға жат екендігі, мұндай
мемлекет басқарушылары, дін қыз-
мет керлері «діннен шыққандар» деген
пікір мейлінше дәлелді айтылып, олар-
ға бағынбауға шақырылады. Мұндай
ақпараттар сауаты төмен, өзін мұ-
сыл ман санайтын адам санасында қы-
сым дағы мұсылмандарды құтқару мен
халифат сипатындағы мемлекет құру-
ға қатысу, қажет болса, құрбан болу
ту ралы ой туындатады.
Ғаламтордағы экстремистік сайт-
тар дың ықпалымен бірге, шет елден
діни білім алған псевдошейхтардың,
псев доғалымдардың уағызы арқылы
«ахи лер» мен «ухтилерден» немесе
«браттар» мен «сестралардан» құрал-
ған жамағаттарда қаншама сана ула-
нып, келер ұрпақтың қазақ емес, тек
мұсылман болып, дәстүрден, діл
ден
сусындамай өсіп жатқандығы ой лан-
ды ратын жағдай.
Сол себепті, мұндай мәселені ше-
шу ұлттың келбетін сақтаудың кепілі
болмақ. Бір ұлттың діни ұстанымдар
негізінде бөлінуі салдарынан тұтас
мем лекеттердің тұрақтылығы шай-
қал ғандығын тарих көрсетіп бер ді.
Аталмыш мәселенің алдын алу-ке-
зек күттірмейтін шара. Бұл бағыт та,
заңдар қайта қаралып, толық ты рыл-
ды, арнаулы орталықтар құ
рыл
ды.
Ақпараттық түсіндіру жұ
мыс
тары
күшейтілді. Алайда, діни экс
тре-
мизммен күресте ең маңызды қа дам
бұл діни сауаттылық екендігі дау-
сыз. Діни сауатты болу үшін бел гілі
бір діни курсты бітіру шарт емес.
Ді ни сауаттылық ұлттық тарих, дәс-
түр мен қатар, әлемдік деңгейдегі
үр
діс
терден хабардар болудан құ-
ра ла ды. Өз Отанын сүю мен дәс тү-
рін ұстану, тарихын қастерлеу-діни
сауаттылықтың бір қыры. Өйт
кені,
қазақ тарихына үңілген кез кел-
ген адам қазақ халқында өзге ел
ді
жаулау, өзге ұлт пен дінді кем
сіту
секілді көріністердің орын алма ған-
дығын көреді. Сондай-ақ, ұлт
тық
дәс түрдің ислам шарттарына қар сы
кел мейтіндігін, тіпті, үндесіп тұ ра тын -
дығын байқау үшін де асқан сауат ты-
лық тың қажеті жоқ.
Діни сауаттылық дін туралы бі-
лім ретінде жалпы сауаттылықтың
құ рам дас бөлігіне айналуы тиіс. Бар-
лық әлемдік, дәстүрлі, жаңа пайда
бол ған діни ағымдардың тарихын,
ілі мін, құндылықтар жүйесінен та-
нып-білу мен жалған діндердің, экс-
тре мистік
топтардың
белгілерін
ажы рата алу дағдысы қалыптасқан
адам да радикалды идеяларға қар сы
«ақпараттық иммунитет» қалып
та-
са ды. Осы тұрғыдан алғанда, жас тар
арасында діни сауаттылықты қалып-
тас тырудың негізгі құралы ретінде
«Дінтану» курсы өзекті бола түседі.
Ор
таңғы білім беру мектептерінде
2009 жылдан бастап оқытылып келе
жат
қан аталмыш пән қазіргі таңда
жа
ңарту мен толықтыруды қажет
ете ді. Өйткені, қазіргі таңдағы діни
аху ал күрделене түсті. Сәйкесінше,
«дін тану» пәнінің оқулығына әлемдік
діндер мен дәстүрлі емес діни ағымдар
туралы объективті мәліметтер беру-
мен қоса діни экстремизм туралы тү-
сінік, оның белгілері, ғаламтордағы
кө ріністері секілді күрделі бөліммен
то лықтырылуы тиіс. Аталмыш пән-
нен сабақ беретін мұғалімдерге ар-
нал ған әдістемелік құралдар дайын-
да лып, біліктілікті көтеру курстары
ұйым дастырылуы
қажет.
Мұндай
курс тарда арнаулы мамандар мұға-
лім дерге экстремизмнің табиғаты, ал-
ғышарттары туралы мағлұматтар бе-
ріп, экстремистік сайттарды анықтау,
салыстыру жолдарын үйретеді. Бұл
шара ұстаздардың оқушылармен жұ-
мыс істеуге дайындығын арттырады.
«Аудандық ішкі саясат бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жуырда Жақсықылыш кентінде бүкіл әлем-
дік ХХVШ Универсиаданы қолдау және са-
лауатты өмір салтын насихаттау мақсатында
кент тұрғындары арасында волейболдан ашық
біріншілік өтті.
Жарысқа кент және «Аралтұз» акционерлік
қо ғамы жұмысшы жастарынан құралған 5
команда, атап айтқанда, «Аралтұз» АҚ-ның
«Фаб рика», Жақсықылыш кентінің «Әкім ші лік»,
«Жастар-94», сондай-ақ, №19 орта мектеп пен
№20 балалар мен жасөспірімдер спорт мек те-
бінің командалары қатысты.
Тартысты өткен жарысқа Евгений Курбатов
бас төрешілік етті. Нәтижесінде, І орынды «Фаб-
рика», ІІ орынды «Әкімшілік», ал ІІІ орын
ды
№20 балалар мен жасөспірімдер спорт мек те-
бінің командалары иеленді. Сондай-ақ, Шо қан
Әбдіразақов «Үздік байланыстырушы», Бақыт-
бек Өтеуов «Үздік шабуылшы», Жанел Марат
«Үз дік қорғаушы» және Елшат Бақытжанов «Үз-
дік ойыншы» атанды.
Жеңімпаз командалар мен үздік ойын
шы-
ларға мақтау грамоталары мен ақшалай сый лық-
тар тапсырылды. Айта кетерлігі, жарысқа Жақ-
сы қылыш кентінің спорт нұсқаушысы Ыбы рай
Оспанов демеушілік жасады.
Орынбай ӘБДІКЕРОВ,
Жақсықылыш кенті.
·
·
Спорт
АШЫҚ БІРІНШІЛІК
ТАРТЫСТЫ ӨТТІ