Мемлекет жəне құқық теориясы құқық салаларының жəне заң ғылымдарының



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата22.12.2016
өлшемі1,59 Mb.
#266
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

 Құқық принциптері (қағидаттары) 
Құқық  принциптері  -  құқықтың  мəнін  білдіруде  оған  негіз  болатын  идеялар  мен 
бастаулар.  Ол  идеялар  əділеттік  пен  бостандықтың  сара  жолын  қорытындылау  арқылы 
шығарылады. 
Құқық  принциптері  əділдік,  дұрыстық  көрсеткіші  болғандықтан,  тұрақтылығымен 
ерекшеленеді,  олардың  ұзақ  уакыт  бойы  өзгермеуі  құқықтық  нормалардан  айырмашылығы 
болып табылады. 
Құқықтық принциптер нормаларда, заңдарда тікелей немесе жанамалай білінеді. 
Əділет  жəне  бостандық  идеяларын  дамытатын  құқықтык,  принциптердің  ең  бастылары  - 
демократиялық,  ұлтаралық  пəтуа  (келісім),  заңдьшық,  адамгершілік,  азаматтардың  заң 
алдында тең болуы (теңқұқықтылығы). 
 
 №14 дəріс 
Тақырып: Құқық нормалары 
Дəрістің
 мазмұны: 
1.Құқық нормасының түсінігі.  
2.Құқық  нормасының белгілері 
3.Құқық  нормасының логикалық құрылысы.  
4. Құқық нормасының түрлері. 
Құқық—күрделі  құбылыс.  Құқықтың  негізгі  кызметі  –  коғамдық  қатынастарды  реттеу, 
тəртіпті  сақтау,  қорғау,  Құқық  —  жалпыға  бірдей  міндетті  мемлекет  қамтамасыз  ететін 
нормалардың жиынтығы. 
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже, қағидасы.  Мысалы, құқықты үй 
деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, бір торшасы. 
Құқықтық  норма  —  мемлекет  таныған,  жəне  оны  өзі  қамтамасыз  ететін,  қоғамдық 
қатынастарға  араласып  түсушілердің  құқықтары  мен  міндеттерін  туындататын,  олардың 
əрекеттерін  үлгі,  эталон,  масштаб,  өлшем  есебінде  реттей  алатын  жалпыға  бірдей  міндетті 
ереже, норма. 
Құқықтық  норма  —  заңға  сəйкес  келетін  мінез,  жүріс-тұрыстың  айырымдылық  белгісін 
білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мəнге ие болады. Оның өзі 
заң. Жөнмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді. 
Əрбір  құқықтық  норманың  үш  элементі  (бөлігі)  болады:  диспозиция  (мінез-құлық 
ережесі), гипотеза (жорамалы) жəне санкция (жаза, шара). 
Құқықтық  норманың  гипотезасы  (жорамалы)  —  құқықтық  норманы  қолдану  (немесе 
қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мəн-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың 
бөлігі.  Гипотезаның  көмегімен  мінез-құлықтың  қиялдағы  нұсқасы  өмірдегі  жағдаймен, 
белгілі адаммен, мерзіммен жəне орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза 
құқықтық  нормаға  жан  бітіреді.  Мысалы,  бұзақылық  үшін  жауапқа  тартылатын  адам 
қоғамдық  тəртіп  бұзған  болуы  керек.  Егер  осындай  іс-əрекет  жасаса  ғана,  заң  бұзушы 
жауапқа тартылады. 
Егер гипотезада (жорамалда) бір ғана мəн-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма 
қолданылатын  болса,  оны  қарапайым  жорамал  дейді.  Мысалы,  егер  бала  туғанда  ата-анасы 

 
Қазақстан  Республикасының  азаматы  болса,  бала  да  Қазақстан  Республикасының  азаматы 
болып  саналады.  Егер  құқықтық  норманы  қолдану  үшін  екі,  одан  да  көп  мəн-жай  қажет 
болса, ондай гипотезаны күрделі жорамал дейді. 
Егер  құқықтық  норманың  қолданылуы  бірнеше  мəн-жайдың  біреуіне  байланысты  болса 
оны балама жорамал дейді. 
Құқықтық  норманың  диспозициясы  –  құқықтық  қатынастарға  қатысушылардың  мінез-
құлқы  қандай  болуы  керек  екенін  анықтайтын  құқықтық  норманың  бөлігі.  Диспозиция  — 
құқықтық  норманың  ұйтқысы,  мазмұны,  өзегі.  Бірақ  құқықтық  норма  тек  қана 
диспозициядан  тұрмайды.  Жорамал  санкциямен  байланысқанда  ғана  диспозиция  өзінің 
реттеушілік  қызметін  атқара  алады.  Диспозиция  –  мінез-құлықтың  үлгісі.  Диспозиция  үш 
түрлі  болады:  а)  қарапайым  диспозиция,  егер  мінез-құлықтың  мазмұны  ашылмаса;  б) 
сипаттамалы диспозиция — мінез-құлықтың барлық мəнді белгілері анықталса; в) сілтемелі 
диспозиция  —  егер  құқықтық  норма  диспозициясы  анықталған  басқа  құқықтық  нормаға 
сілтеп нұсқаса. 
Құқықтық норманың санкциясы — құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда 
қолданылатын  жағымсыз  шараны  көрсететін  құқықтық  норманың  бөлігі.  Санкцияда 
мемлекет  қандай  іс-əрекеттерді,  мінез-құлықты  қолдамайтынын  көрсетеді.  Санкцияның 
түрлері: а) абсолютті-анық, б) баламалы, в) салыстырмалы. 
Заң  (басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілер)  —  нормативтік  акт  болып  саналады.  Оның 
құрылымы  ерекше.  Заң  баптардан  тұрады.  Бір  заңда  бір,  бірнеше,  ондаған  баптар  болуы 
мүмкін.  Ал  заңның  бабы  бір  немесе  бірнеше  құқықтық  нормалардан  тұруы  мүмкін.  Егер 
заңның  бабында  бір  норма  болса,  бап  пен  норма  сəйкес  келеді.  Бапта  екі  норма  да  болуы 
мүмкін.  Онда,  əрине  баптың  мазмұны  норманың  мазмұнынан  кең  болады.  Мысалы, 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады: 
1.  Əркім  Қазақстан  Республикасы  Конституциясын  жəне  заңдарын  сақтауға,  басқа 
адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті. 
2. Əркім Республиканың мемлекеттік рəміздерін құрметтеуге міндетті. 
Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін. 
Заңның  бабында  кейде  норманың  тек  бір  бөлігі  ғана  болады,  ал  басқа  бөліктерін  тағы 
екінші,  үшінші  баптардан  немесе  басқа  нормативтік  актілерден  іздеуге  тура  келеді.  Бұдан 
құқық  нормасын  заңның  бабынан  ажыратудың  қажеттілігі  туындайды.  Мұның  өзі  сірə 
нормативтік  актінің  бір  бабында  кейде  екі,  үш  жəне  одан  да  көп  нормалардың  кездесуінен 
болады.  Кейбір  актілер,  мысалы,  құқықтың  басқа  салаларында  қызмет  ететін  актілер 
санкцияларын білдіруге маманданған болып келеді. 
Егер де құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбірі болмаса, 
онда  ол  өзінің  реттеуші  рөлін  орындай  алмайды.  Сондықтан  да  нормаларды  жасағанда  заң 
шығарушы оның əрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасауы 
жөн.  Ал  ол  норманы  жүзеге  асырушы  өзінің  істерін  заң  жөнімен  сауатты  құру  үшін  норма 
элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс. 
Құқық  нормасы  құқықтың  басқалай  да  көріністерінен  өзінің  құрылымымен,  сондай-ақ 
маңызды  белгі-нышандарымен  ерекшеленеді.  Құқық  нормасы,  оның  ішінде  бəрінен  бұрын 
жеке-дара  көрсетілген  ұйғарымнан  ерекшеленеді.  Жеке-дара  ұйғарым  нормаға  негізделеді 
жəне бір рет қолданылуымен тəмəмдалады. Жеке-дара ұйғарым дəлме-дəл белгілі бір оқиғаға 
ғана, жалғыз бір жолғы əрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана арналады. Басқа 
жағынан  алып  қарағанда  құқық  нормасы  құқықтың  жалпы  принциптерінен  ерекшеленеді. 
Құқық  принциптері  нормативтік  сипатта  болса  да,  өзін  құқық  нормасы  арқылы  көрсетеді, 
жəне де өзін анықтап дəлелдеуді қажет етеді, жорамал мен санкцияға тікелей шықпайды яғни 
байланыспайды.  Онсыз  құқықтық  реттеудің  айқындылығын  көз  алдымызға  елестетудің  өзі 
қиын. 
Қандай  бір  норма  болмасын  оның  қайсы  түрге  жататынын  айқындап,  анықтап  алуға 
қызмет  ететіндер  құкықты  жақсылап  түсіну  толығынан  алғанда  не  үшін  қажет  болатынын 
анықтауы,  реттеушілік  мүмкіншіліктерінің  қандай  дəрежеде  екендіктерін  біліп  алуы  қажет. 

 
Заң  нормаларын  жіктеуде  оларды  реттеуші  жəне  қорғаушы  деп  бөлу  жіктеудің  ең  бастысы 
болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі, əрбір 
норма  адамдардың  еркі  мен  ықтиярына,  санасына  ықпал  ете  отырып,  оның  мінезін,  жүріс-
тұрыстарын  реттейді.  Соның  өзімен  олардың  мінездері,  жүріс-тұрыстары  тікелей 
реттелінетін  тəрізді.  Қорғау  нормалары  заң  алдындағы  жауаптылықтың  жəне  субъективті 
құқықтарды  қорғаудан  басқалай  да  мəжбүрлеу  шараларын  белгілейді.  Оларды  қолданудың 
тəртіптік  реттері  мен  жөн-жосықтарын  анықтайды.  Мұнда  адамдардың  мінездерінің,  жүріс-
тұрыстарының реттелінуі жанамалай түрде жүргізілетін сипатта болады. Сонымен алдын-ала 
қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына байланысты құқық 
қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары, əкімшілік құқық қорғау нормалары, 
қылмыстық құқық қорғау нормалары жəне т.б. құқық қорғау нормалары деп сараланады. Нақ 
осы  аталған  құқық  салаларының  нормалары  негізінен  алғанда  коғамдық  қатынастарды 
сақтап, қорғауға маманданған болып келеді. 
Реттеу  нормалары  міндеттеу,  тыйым  салу  жəне  құқықты  белгілеу  нормаларына  бөлінеді. 
Жалпы  алғанда  осы  бөлініп  көрсетілген  нормалардың  қайсысы  болса  да  осы 
көрсетілгендердің  сипатында  жасалып  құрылуы  мүмкін.  Ал  кейбір  нормалар  табиғи  түрде 
өздері əртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс 
қозғау,  тергеушінің  əрі  құқығы  əрі  міндеті  болып  табылады.  Сонымен  бірге,  кейбір 
нормаларда  алдыңғы  қатарға  жеке  адамның  міндеті  ғана  шығады.  Ал  басқа  нормаларда 
олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым салынуына 
ерекше назар аударылады. 
Міндеттеу жəне тыйым салу нормалары əдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. 
Яғни  ережеден  ешбір  ауытқымайтын,  сөзсіз  орындалатын  сипатта  болады.  Белгілеу 
(құқықты  белгілеу)  нормалары  жиі  түрде  диспозитивтік  категориядағы  нормаға  жатады, 
былайша  айтқанда  норманың  күші  бағытталған  адамның  мінезі,  жүріс-тұрысы  оның 
серіктесінің (əріптесінің) келісімімен өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді. 
Осы  тəрізді  негіздерге  сүйеніп  факультативтік  нормалар  да  бөлектеп  көрсетіледі.  Ол 
белгілі  бір  жағдайларда  мінез,  жүріс-тұрыстың  басты  нұсқасынан  ауытқытуға  мүмкіндік 
жасайды.  Сөйтіп  бұл  жағдайда  негізгі  емес,  яғни  қосалқы  нұсқаны  таңдап  алуға  мүмкіндік 
береді. 
Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан 
біреуін  ғана  артықтау  немесе  тəуірлеу  деп  кеңес  береді.  Егер  де  норма  ережені 
қалыптастыруда оның əрекет етуі мен санкциясын мейлінше толық түрде жасап, əрі қарайғы 
қолданыстарда  қандай  бір  жаңаша  нұсқауларға  немесе  анықтап,  айқындай  түсуге  жол 
берілмейтіндей  етілген  болса,  онда  ол  абсолюттік  айқын  норма  делінеді.  Керісінше 
айқындылығы  салыстырмалы  нормаларда  нұсқаулар  болмайды  жəне  нақты  жағдайларға 
байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз 
кезегінде  ситуациялық  жəне  баламалық  деп  жіктелінеді.  Бұлардың  алғашқылары  норма 
адресатының  (арналған  тағайынының)  қалауын  өзінің  білігінше  істеуін  немесе  істемеуін 
жағдайға  қарап  шешуіне  мүмкіндік  береді.  Ал  екіншілері  –  нормативтік  актіде  көрсетілген 
нұсқаулардан  қалауынша  таңдауына  мүмкіншілік  жасайды.  Нормалардың  негізгі  жəне 
туынды, тұрақты жəне уақытша деген түрлері де болады. 
Ерекше  топқа  мадақ  нормалары  жатады.  Бүл  нормалар  адамдардың  мінез,  жүріс-
тұрыстарын  мадақтау  шараларымен  (санкцияларымен)  дем  беріп,  ынталандырады. 
Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан да табуға болады. 
Реттеу  мен  қорғау  (сақтау)  нормаларының  арасынан  мамандандырылғандарын  бөліп 
арнайы қарастыруға болады. Бұларға: анықтамалық-пайымдық яғни дефинитивтік нормалар 
жатады. Мұнда мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нышандары мен анықтамалары 
келтіріледі;  2)  қағидаттық  (принципті  білдіретін)  нормалар;  оперативтік  (жеделдікті 
білдіретін)  нормалар  актілердің  күшін  жоюға  бағытталған.  Олардың  күшін  жанама  болған 
қатынастарға  таратуға  бағытталған  жəне  т.с.с.  Коллизиялық  нормалар  —  нормалардағы 
қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар. 

 
 
№15 дəріс 
Тақырып: Құқықтың (қайнар көздері) формалары 
Дəрістің
 мазмұны: 
1. Құқықтың (қайнар көздері) формаларының түсінігі. 
2.Құқықтың (қайнар көздері) формаларының түрлері. 
Заң  ғылымында  түрлі  философиялық  -  нысан  (форма),  мəн,  қызмет  (функция),  мазмұн 
деген сияқты санаттар (категориялар) жиі қолданылады. Мысалы, нысан (форма) деп заттың, 
пəннің, құбылыстың ішкі мəнің білдіретін сыртқы көрінісі ұғынылады. 
Мəн  -  пəннің,  заттың,  құбылыстың  негізгі  тағайыны,  оның  не  үшін  қажет  екендігінің, 
қандай пайдаға асыруға болатындығының көрсеткіші. 
Қызмет  -  сан  алуан  пəннің,  заттың  немесе  кұбьшыстың  негізгі  тағайыны,  оның  іс-
өрекетінің негізгі бағыггары. 
Мазмұн  пəннін,  заттың  немесе  кұбылыстың  осы  нысан  шегіндегі  аясының  ішіндегісі, 
ішкергі жағындағы бары-нəрі. 
Құқық қоғамдык құбылыс ретінде ішкі жəне сырт нысанды болып келеді. Құқықтың ішкі 
нысаны - оның құрылысы (құрылымы), элементтерінің жүйесі. Бұлар осы құбылыстың (яғни 
құқықтың) мазмұнын құрайды. 
Құқықтың сыртқы нысаны - деп формалды түрде құқықтық құбылыстарды баянды ететін 
зандық  негіздердің  кешені  ұғынылады.  Осы  заңдык  негіздердің  кешені  құқықтық 
нормалардың  адресаттарына  олардың  нақты  мазмұнымен  танысуына  жəне  оларды 
пайдалануына мүмкіндік туғызады. 
"Құқық  нысаны"  жəне  "құқық  негіздері"  деген  ұғымдар  бір-бірімен  тығыз  байланысты, 
бірақ  біріне  бірі  дəл  келмейді.  "Құқық  нысаны"  құқықтың  мазмұны  сыртының  қалай 
құрылғанына  жəне  білдірілгенін  көрсеткен  болса,  онда  "құқық  негіздері"  ұғымы  құқықтың 
қалыптасу  бастауларын,  оның  мазмұнын  алдын  ала  анықтайтын  қозғаушы  күштер  жүйесі 
(факторлар) мен жазылу (білдірілу) нысанын көрсетеді. 
Міне  осыған  байланысты  құқық  негіздерін  материалдық,  идеалдық  жəне  заңдық  деп 
жіктейді. 
Материалдық  құқықтық  негіздер  -  мұның  тамырлары  коғам  дамуының  объективтік 
мұқтаждықтарында, экономикалық қатынастарында     жатады. 
Идеалдық құқықтық негіздер - бұларға заң шығарушының қоғам дамуы мұқтаждықтарын 
идеологиялык  тұрғыдан  жете  түсінуі  жатады.  Осының  негізінде  де  құқықтық  нормалар 
қабылданады.  Заңдық  құқықтық  негіздер  -  бұған  мемлекетің  өзі  шығарған  немесе  таныған, 
сөйтіп  оларға  жалпыға  бірдей  міңдетті  ресми-құқықтық  түр  беріп  баянды  еткен  құқық 
нормалары  жатады.  Заң  əдебиетінде  темендегідей  құқық  негіздері  атап  көрсетіледі: 
Құқықтық  əдет-ғұрып  -  құқық  нысандарының  ең  ежелгілерінің  бірі,  ол  -  ұзақ  мерзімнің 
ішінде  қайталанулар  барысында  дағдыға  айналған,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  отырған 
мінез-құлық  (жүріс-тұрыс)  ережелері.  Бұл  ережелер  мемлекеттін  мəжбүрлеу  күшімен 
қорғалып  отырады.  Рулық  кауымның  əдет-ғүрыптары  өзгерулердің  барысында  бірте-бірте 
мақұлданған əдет-ғүрыпқа ұласқаны тарихқа мəлім болған жағдайлар. Рулық қауымда ең көп 
таралған əдет-ғүрыптар ішіндегі жиі кездесетіндері: - "кекті қанмен жуу" ("қанды кек", "қан 
төгіп  өш  алу")  жəне  "жанға-жан",  "қанға-қан",  "көзге-көз",  "басқа-бас",  "тұяққа-тұяқ"  деген 
"талион  кағидаты"  деп  аталатындар.  Бірте-бірте  бұл  əдет-ғұрыптар  айып-анжы  төлеумен 
алмастырыла  бастаған.  Қоғамның  бірте-бірте  топтарға  жіктеле  бастауына  байланысты 
"айып-анжы" (төлету, төлеу де) дифференцияланған сипатқа ауыса бастайды. 
Қазақ мемлекетінің хандық дəуір кезіндегі көшпелі қазақ қоғамында əдет-ғұрыптар құқық 
негіздерінің тұғыры қызметін атқарған. Осыған сəйкес көшпелі өмір кешкен қазақ қоғамында 
құқықтың негізгі нысаны мақұлданған (санкцияланған) құқыктық əдет-ғұрып болған. 
Құқықтық əдет-ғұрыптардың жинақтарының қазіргі заманға жеткені Тəуке ханның "Жеті 
жарғы"  атты  заңдар  жинағы.  Əрине,  бұл  жинақ  өзінен  бұрынғы  "Есім  ханның  ескі  жолы", 

 
"Қасым  ханның  қасқа  жолы"  атанған  əдет-ғұрып  заңдарынан  бастау  алғанын  тарихи 
мағлұматтар мен заңгер ғалымдардың зерттеу-талдаулары көрсеткен жəйттер. 
Сот  үлгі  ісі  (сот  прецеденті)  -  мемлекеттің  өзі  жалпыға  бірдей  міндетті  күші  бар  деп 
мəн берген ұқсас істерді шешуде үлгі бола алатын соттың нақты іс бойынша қабылдаған 
шешімі. 
"Сот  үлгі  ісі"  Англияда,  АҚШ-та,  Үнді  елінде  жəне  басқа  да  мемлекеттерде  кеңінен 
қолданылады. Мұның өзі ұқсас болып келетін басқа істерді шешуде эталон (үлгі ретіндегі 
өлшеуіш) балып табылатын соттың сəтті, əділ қабылдаған шешімі. 
"Үлгі  іс"  соттық  та,  сондай-ақ  əкімшіліктік  те  болуы  мүмкін.  Ол  судьяға  немесе 
лауазымды  тұлғаға  өзінің  білігінше  дербес  шешім  қабылдауға,  жəй  ғана  мүмкіндік  беріп 
қоймайды,  қайта  болмыстағы  ахуалдың  ұқсастығы  толық  болмаған  жердегі  жағдай  мен 
ахуалдың  қаншалықты  деңгейде  ұқсастығын  бағалау  құқығы  тек  судьяларға  ғана  тəн 
болғандықтан  беріледі.  Жəне  де  үлгі  істегі  бұрынғы  шешімдердің  барлығы  бірдей  міндетті 
емес.  Тек  алғашқы  шешімді  немесе  үкімді  қабылдаған  соттың  құқықтық  позициясының 
(көзқарасының) мағынасы ғана міндетті болып келеді.  
Нормативтік  шарт  -  бұл  екі  немесе  одан  да  көп  жақтардың  жасасқан  шешімі.  Мұның 
өзі жалпыға бірдей міндетті болады жəне мемлекет күшімен кепілдендіріледі. 
Нормативтік  шарттар  бірте-бірте  конституциялық,  еңбек,  азаматтық,  халықаралық 
жəне  құқықтың  басқа  да  салаларында  кеңінен  таралып  қолданыла  бастады.  Олар  мемлекет 
ішінде қолданылатын жəне халықаралық, құрылтайлық жəне əдеттегі, типтік жəне ағымдық 
деген түрлерде болады. 
Ең  жиі  таралған  түрі  кəсіпорын  əкімшілігі  мен  еңбек  ұжымының  өкілі  болып  табылатын 
кəсіподақтың  арасында  жасалған  ұжымдық  шартты  мысалға  келтіруге  болады.  Бұл  шарт 
еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл атқарады. 
Нормативтік  құқықтық  актілер  осы  заманғы  құқықтық  ең  жетілдірілген  түрі  болып 
табылады. 
Нормативтік  құқықтық  акт  -  мемлекеттің  құзырлы  органдары  қабылдаған,  жалпыға 
бірдей міндетті заңды нормалары балатын ресми құжат. 
Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар жəне заңға негізделген 
актілер деп бөлінеді. 
Заң  -  ең  жоғары  заңдық  күші  бар  нормативтік  құқықтық  акт,  мұны  заң  шығарушы  ең 
жоғары орган белгілі рəсім бойынша қабылдайды. 
Булардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен) анықталады: 
1.  Заң  мемлекеттік  биліктің  (яғни  өкіметтің)  заң  кабылдаушы  (өкілді)  органдары  немесе 
тікелей халықтың өзі бүкілхалықтық сұрау салу (референдум) арқылы қабылданады, күші де 
жойылады жəне өзгертіледі. 
2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тəртібі бойынша кабылданады. 
3.  Тəуелді  нормативтік  құқықтық  актілердің  бəрі  зандарға  қайшы  болмауы  тиіс,  егер  де 
ондай  қайшылықтар  болса,  бұл  актінін  орнына  одан  тікелей  жоғары  тұрған  заң  күшіне 
сүйене отырып əрекет етуге болады. 
4.  Заңда  алғашқы  негіз  сипатындағы  норма  болады.  Барлық  басқа  актілер  зандардан 
туындайды жəне олар зандардағы нормаларды егжей-тегжейлі талдауы, нақтылауы тиіс. 
5. Заң ең маңызды негізге алынатын қатынастарды реттейді. 
Заңдар конституциялық жəне ағымдық болып жіктеледі. 
Конституциялық заңдар қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыстын негіздерін баянды етеді, 
ағымдык заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді. 
Бұларға  конституция  мен  оған  өзгерістер  мен  толықтырулар,  сондай-ақ  оның  мазмұнын 
нақтылайтын заңдар жатады. 
Конституция  -  мемлекеттің  негізгі  заңы.  Ол  нормативтік  құқықтық  актілер  жүйесінде 
басты орын алады, барлық заңдардын заңдық тұғыры болып табылады. 
Конституциялық зандардың тізімі жеткілікті толық түрде Конституцияда анықталған. 

 
Ағымдық  (əдеттегі)  заңдар  конституциялық  зандардың  негізінде  жəне  соларды  орындау 
мақсатында  қабылданды.  Ағымдык  зандар  елдің  экономикалық,  саяси,  мəдени  өмір 
болмысының түрлі жақтарын реттейді. 
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер - мемлекеттің атқарушы - орыңдаушы 
органдарының  заңдар  негізінде  қабылдайтын  актілері.  Олар  зандарды  орындау  мақсатында 
қабылданады. 
Заңға негізделген актілерге жататындар: 
    -          Президенттің жарлықтары; 
-
 
Үкіметтің қаулылары мен шешімдері; 
-
 
Министрліктер,  ведомстволар,  комитеттердің  нұсқаулары,  ережелер  жиынтығы 
(кағидалар), бұйрықтар жəне т.б. түріңдегі нормативтік актілері; 
-
 
жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері; 
-
 
локалдық  нормативтік  актілер,  яғни  ұйымдар,  кəсіпорындар  мен  мекемелердің 
актілері. 
 Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің сатысы (ҚР 
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңның 4-бабы). 
1) Конституция – жоғары заң күші бар; 
2) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар; 
3)ҚР 
Конституциялық 
заңдары 
мен 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
конституциялық заң күші бар Жарлыктары; 
4) ҚР Кодекстері; 
5) ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары; 
6) ҚР Парламентінің нормативтік Жарлықтары; 
7) ҚР Президентінің нормативтік қаулылары; 
8) ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары; 
9)  министрлерді  мен  орталык  мемлекеттік  органдардың  нормативтік  құқықтық 
бұйрықтары, қаулылары; 
10)  мəслихаттар, əкімдіктер мен əкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. 
Құқықтың қандай құбылыс екенін жалпы түрде анықтадық. Ежелден құқықпен қатар заң 
деген  ұғым  да  қалыптаскан.  Екеуі  дербес  екі  əлеуметтік  құбылыс  болғанымен,  бірімен-бірі 
тонның ішкі бауындай  өте тығыз байланысты. Жоғарыда айтылғандай, құқық нормалардан, 
ережелерден,  қағидалардан  тұрады.  Ал  құқықтық  нормалар  ресми  түрде  қабылданады. 
Дəлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативтік актілердің 
түрлері  сан  алуан.  Мұны  Қазақстан  Республикасының  Конституциясынан  да  анық  көруге 
болады.  Конституцияның  өзі  де  жүйелендірілген  мемлекеттің  негізгі  заңы.  Казақстан 
Парламенті  заңдар  кабылдайды.  Олар  –  конституциялық  жəне  жай  заңдар.  Президент 
жарлықтар  қабылдайды.  Жарлықтар  –  заң  күші  бар  жəне  жай  жарлықтар  түрінде  болады. 
Қазакстан  Үкіметі  қаулылар,  шешімдер,  ережелер,  қабылдайды.  Министрліктер  мен 
мемлекеттік  комитеттер  бұйрықтар,  нұсқаулар,  т.б.  нормативтік  актілер  қабылдайды. 
Жергілікті мемлекет органдары да шешімдерін, қаулыларын кабылдайды. 
Осы аталған нормативтік-құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері – заңдар. Айта кету 
керек, əдебиетте заң "кең" тұрғыдан жəне "тар" тұрғыдан түсіндіріледі. Кең тұрғыдан алсақ, 
заңға нормативті актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, 
бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. жатады. Ал "тар" тұрғыдан қарайтын болсақ, 
заңға тек кана "заң" деп аталатын нормативті-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мəнінде 
алатын  болсақ,  нормативті-құқықтық  актілердің  арасында  ерекше  орны  бар,  ерекше  қызмет 
атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, "заң" - төрағасы сияқты, басқа нормативті-
құкықтық  актілердің  төрінен  орын  алатын  акт.  Оның  себебі  неде?  Біріншіден,  заңды 
мемлекеттің  ең  жоғары  заң  шығаратын  органы  -  Парламент  шығарады.  Екіншіден,  заң 
қоғамдағы  ең  күрделі  қатынастарды  реттеуге  бағытталады.  Заң  реттейтін  қоғамдық 
қатынастардың  бүкіл  қоғам  мүдделеріне  қатысы  бар.  Үшіншіден,  заңның  ең  жоғары 
құқықтық  күші  бар.  Зандар  өз  ішінде  түріне  байланысты  бірнеше  топтарға  бөлінеді: 

 
Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұның ішінде ең жоғары құқықтық күші бары 
-  Конституция.  Мемлекеттегі  барлық  нормативтік  актілер  Конституция  негізінде,  соған 
сəйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы бойынша конституциялық заң 
Конституциядан құкықтық күші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп 
аталса  да,  Конституцияға  өзгерістер,  косымшалар  енгізе  алмайды.  Конституциялык  заң 
Конституцияға  сəйкес  жасалып,  қабылданады.  Құқықтық  күшіне  қарай  конституциялық 
заңнан кейін жай заң тұрады. 
Өзара  құқықтық  күші  əр  дəрежеде  болса  да,  аталған  заңдар  ең  маңызды  нормативтік 
актілер  болып  саналады.  Басқа  нормативтік  актілер  заңдарға  тəуелді  актілер  қатарына 
жатады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет