Мемлекет жəне құқық теориясы құқық салаларының жəне заң ғылымдарының



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата22.12.2016
өлшемі1,59 Mb.
#266
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

 
№18 Дəріс 
Тақырып: Құқық жүйесі жəне заңдар жүйесі 
Дəрістің
 мазмұны: 
1. Құқық жүйесі ұғымы жəне оның құрылымдық элементтері  
2.Құқықтық реттеу пəні мен əдістері 
3.Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі 
Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы  мен үйлестігі түрінде 
жəне  олардың  салашалар,  салалар  мен  институттарға  логикаға  сəйкес  орналасқандығынан 
көрінетін құқықтың ішкі құрылымы. 
Құқық жүйесі: 
а) құқықтық нормалардан; 
б) құқық салаларынан; 
в) құқық салашаларынан; 
г)  құқықтық институттардан тұрады. 
Құқық  жүйесі  -  құқықтың  өзінің  құрылысы,  өзінің  құқық  салашаларына,  салаларына 
жəне институттарға жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған 
иерархиялық  (сатылық)  байланыстары  бар,  өзара  қисынды  орналасқан  көптеген 
элементтерден тұратын біртұтас құрылым. 
Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері: 
1) жүйенің  бастапқы  элементі  болып  құқықтың  нормасы  алға  шығады,  олар  іріленген 
құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді; 
2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, 
іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді; 
3) жүйенің мұндай болуы əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи 
факторлармен байланысты болып келеді; 
4) құқық  жүйесі  объективтік  түрде  бар  қатынастарға  байланысты  туындайды, 
адамдардың  субъективтік  еркінше  жасалуы  мүмкін  емес.  Құқықты  реттейтін  не  –  деген 
сұраққа  пəн  жауап  берген  болса,  онда  қалай  реттейді  деген  сұраққа  –    əдіс    жауап  береді. 
Енді осыдан шығарып құқықтық реттеудің əдісіне анықтама беріп көрейік. 
Құқықтық  реттеудің  əдісі  дегеніміз  біркелкі  сипатты  қоғамдық  қатынастардың 
құқықтық реттелуін жүзеге асыратын заңдық құралдардың жиынтығы. 
Құқықтық реттеудің мынандай негізгі əдістері болады: 
1) Иперативтік əдіс - бұл өкілдік ұйғарымдар мен субординациялар арқылы тыйымдар, 
міндеттер мен жазалар беру нормаларына негізделеді. 

 
2) Диспозитивтік əдіс - бұл əдіс келісімге келуші жақтардың теңдігі (теңқұқықтылығы), 
субординациялар арқылы рұқсат ететін (ерік беретін) нормаларға негізделеді. 
3) Мадақтау - бұл лайықты мінез-құлқына байланысты анықталған сыйлық беру əдісі. 
4) Ұсынылатын, кеңес беретін - бұл əдіс қоғам мен мемлекет үшін қажетті нақты мінез-
құлықтың болуын жүзеге асыруға кеңес беруге негізделеді. 
Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері: 
Құқықтық  норма  -  мемлекеттің  өзі  бекітіп  кепілдендірген,  нормативтік  актілер 
нормасында  көрсетілген,  коғамдық  қатынастарды  реттейтін  жеке  түрде  жалпыға  бірдей 
міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі. 
Құқық  институты  —  белгілі  қоғамдық  қатынастар  топтамасын  реттейтін  заң 
нормаларының,  тəртіпке  салынған  жиынтығы.  Құқық  институты  —  құқықтық 
нормалардың  салыстырмалы  түрде  алғанда  көп  емес  орнықты  жиынтығы.  Құқықтық 
институттар  қоғамдық  болмыстың  жекелеген  тұстарын,  фрагменттерін  (үзіктері  мен 
үзінділер), жақтарын ретке келтіріп тəртіптеуге бағытталған. Институт — саланың құрамдас 
бөлігі,  топтамасы,  звеносы  (үзбесі).  Құқық  саласының  əрқайсысында  көптеген  институттар 
болады.  Мысалы,  қылмыстық  құқықта  тағайын,  жаза  беру,  қылмыстық  жауапкершіліктен 
босату  институттары  болады;  отбасы  құқығында  -  неке  институты,  бала  асырап  алу 
институты,  некені  бұзу  институты  болады;  азаматтық  құқықта  –  сатып  алу  –  сату  шарты 
институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты жəне т.с.с. 
Барлық  институттар  бір-бірімен  тығыз  байланысты  түрде  бір  саланың  аясында  немесе 
одан  тысқары  да  қызметтерін  атқара  береді.  Құқықтық  институттардың  арасында  кешенді 
күрделілері  де  болады.  Бұлар  өз  құрамдарында  субинституттар  деп  аталатын  тым  майда 
құрылымдардан  тұратын  құқықтық  нормалардың  аса  ірі  жиынтықтары.  Мысалы,  азаматтық 
құқықтағы жеткізіп тұрушылық институты өзіне айып институтын, айып төлеу (неустойка), 
жауапкершілік институттарын біріктіреді. 
Қандайда  болсын  бір  жиынтықтың  нақты  құқықтық  институтқа,  жекеленуі  үшін  заңды 
айырымдық үш нышаны (белгі) қызмет етеді: 
1) құқық нормаларының заң тұрғысынан тұтастығы; 
2) қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығын реттеудің толықтығы; 
3) құқықтық  институттарды  құрайтын  нормалардың  заңдар  жəне  басқа  нормативтік 
құқықтық  актілер  тарауларында,  бөлімдерінде  жəне  басқалай  да  құрылымдық  бірліктерінде 
жекеленуі. 
Құқық  саласы  –  құқықтық  норманың  жиынтығы  болып  табылатын  қоғамдық 
қатынастардың  сапалық  жағынан  біркелкі  аясын  өзіне  тəн  құқықтық  реттеу  əдісімен 
реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі. 
Құқық  салашасы  -  құқық  саласымен  салыстырғанда  құқықтық  нормалардың  аздаған 
ғана топтамаларын біріктіреді жəне тектес қоғамдық қатынастарды реттейді. Мысалы, 
кəсіпкерлік құқығы – азаматтық құқықтың салашасы. 
Құқық салаларының белгілері (нышандары): 
-  əрбір саланың өз пəні болады; 
-  өзінің заңдары, қағида бойынша дербес кодекстері немесе ірі заңдары; 
-  құқық  нормаларын  мүлтіксіз  орындауға  бағытталған  құқық  жəне  міндеттерді, 
мемлекеттік құқықтық шараларды жүзеге асыру тəсілдерін белгілейтін өзінің заңдық ерекше 
режимі болады. 
Құқық салаларын жіктеу: 
1)  басты  құқықтық  режимдерді  қамтитын  профильдеуші  негізгі  салалар  жəне  де  бүкіл 
құқық  саласы  жүйесінің  үстінде  конституциялық  құқық  болады,  содан  кейін  барып 
материалдық  салалар  –  азаматтық,  əкімшілік  қылмыстық  құқық  жəне  соларға  сəйкес  іс 
жүргізу салалары - азаматтық іс жүргізу құқығы, əкімшілік іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс 
жүргізу құқығы болады; 

 
2)  арнайы  салалар  —  мұнда  құқықтық  режимдер  қоғамның  ерекше  аясына;  еңбек 
құқығына,  жер,  қаржы  құқығына,  əлеуметтік  қамсыздандыру  құқығына,  отбасы  құқығына 
ыңғайластырылады; 
3)  профильдеуші  жəне  арнайы  салалардың  əртекті  институттарын  біріктіруі  оларға  тəн 
болып  келетін  кешенді  салалар:  аграрлық  құқық,  экологиялық  құқық,  сауда  құқығы, 
прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы. 
Заң əдебиеттерінде құқық салаларынан мыналарды атап көрсетеді: 
1)  Конституциялық құқық; 
2)  Азаматтық құқық; 
3)  Əкімшілік құқығы; 
4)  Қылмыстық құқық; 
5)  Жер құқығы; 
6) Еңбек құқығы; 
7)  Неке-отбасы құқығы; 
8)  Қылмыстық іс жүргізу құқығы; 
9)  Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы; 
10) Қылмыстық іс жүргізу құқығы; 
11) Экологиялық (табиғи қорғау) құқығы; 
12) Қаржы құқығы; 
13) Азаматтық іс жүргізу құқығы; 
14) Халықаралық құқық. 
Қалыптасу кезеңін өткізіп жатқан құқықтарға кəсіпкерлік, салық, кеден, муниципалдық, 
компьютерлік, ғарыштық құқықтарды жатқызуға болады. 
Құқықтың  негізгі  салаларына  сипаттама  беру  дегеніміз  конституциялық,  əкімшілік, 
азаматтық,  қылмыстық,  неке-отбасылық,  еңбек  жəне  т.б.  құқықтардағы  нақты  пəнді  жəне 
олардағы  құқықтық  реттеудің  басым  əдістерін  талдап  қарастыру  болып  табылады.  Кейбір 
құқық салаларын қарастырып көрейік. 
Конституциялық құқық саласы - жетекші құқықтық сала Конституциялық құрылыстың 
негіздері,  тұлғаның  құқықтық  жағдайы,  басқару  формасы  жəне  конституциялық  құрылыс 
осы  құқықтың  реттейтін  пəні  болып  табылады.  Бұл  құқықтық  салада  құқықтық  реттеудің 
əдісі – императивтік əдісі басым түрде қолданылады. 
Азаматтық  құқық  саласы  -  мүліктік  жəне  мүліктік  емес  жеке  құқықтық  қатынастарды 
реттейді. Бұл құқықтық сала құқықтық реттеуде негізінен диспозитивтік əдісті қолданады. 
Əкімшілік  құқық  саласы  -  мемлекет  органдарының  атқару-орындау  қызметінің 
барысында  туындайтын  құқықтық  басқару  қатынастарын  реттейді.  Бұл  құқықтық  салада 
құқықтық реттеудің көпшілігінде императивтік əдісін қолданады. 
Қылмыстық  құқық  саласы  -  адам  жəне  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарын, 
конституциялық  құрылысты,  меншіктің  жекелік  жəне  мемлекеттік  нысандарын  жəне  т.б. 
қылмыстық  қол  сұғулардан  қорғауда  туындаған  құқықтық  қатынастарды  реттейді.  Бұл 
құқықтық саланы құқықтық реттеуде императивтік əдіс үстем болып келеді. 
 Неке-отбасы  құқығы  саласын  —  отбасын  құру  негізінде  туындаған  жəне  отбасы 
мүшелері  арасындағы  қатынастарды  құқықтық  жолмен  реттейді.  Бұл  құқықтық  саланы 
құқықтық реттеуде негізгі қолданылатыны диспозитивтік əдіс. 
Еңбек  құқығы  саласы  -  еңбек  аясы  мен  еңбек  ету  яғни  жұмыс  атқару  барысында 
туындайтын  құқықтық  қатынастарды  реттейді.  Бұл  құқықтық  саланың  құқықтық  реттеуде 
қолданатыны – императивтік əдіс. 
 
 
 
 
 
 

 
 
№19 Дəріс 
Тақырып: Құқықтық қатынас 
 Дəрістің мазмұны: 
1.Құқықтық қатынас ұғымы жəне оның түрлері 
2.Құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері. 
3.Құқықтық қатынас пен құқықтық норманың өзара байланысы  
Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық 
қатынастарға  мынадай  белгілер  тəн.  1)  Құқықтық  қатынас  —  бұл  қоғамдық  қатынас, 
былайша  айтқанда,  адамдардың  арасындағы  қатынас  жəне  олардың  іс-əрекетімен,  мінез-
құлқымен  тікелей  байланысты.  Меншік  иесінің  өз  заттарына  хақысы  бар,  бірақ  бұл 
құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады. 2) Құқықтық қатынас 
тек  қана  адамның  мінез-құлқына  құқықтық  норма  əсер  еткенде  пайда  болады.  Құқықтық 
норма  мен  құқықтық  қатынас  арасында  бұлтартпастық  байланыс  бар,  өмірде  тек  қана 
құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген 
жағдайда  да  қатынас  құқықтық  сипатқа  ие  болуы  мүмкін.  Мысалы,  құқықтық  ұқсастық 
болған  жағдайда  құқықтық  норма  өзінде  тікелей  көрсетілмеген  қатынастарға  қолданылады. 
3)  Құқықтық  қатынас  —  субъективтік  құқықтар  мен  міндеттер  арқылы  пайда  болатын 
адамдар  арасындағы  байланыс.  Субъективтік  құқыққа  ие  болушы  соны  пайдалана  алатын 
тұлға,  ал  құқықтық  міндет  жүктелген  сол  міндетті  орындауға  тиіс  тұлға.  Құқықтық 
қатынаста хақысы бар тұлға жəне міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы. 4) 
Құқықтық қатынас — ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың 
еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік 
қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда 
болады  (қылмыстық  іс  заң  қорғаушы  органның  еркі  бойынша  қозғалады).  5)  Құқықтық 
қатынасты  мемлекет  қорғайды.  Құқықтық  нормалардың  талаптарын  жүзеге  асыруды 
қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын 
құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тəртібінің негізі болып саналады. 
Құқықтық  қатынастардың  түрлері:  1.Реттейтін  құқықтық  қатынастар  —  субъектілердің 
заңға  сəйкес  мінез-құлқы,  былайша  айтқанда,  құқықтық  нормалар  негізінде  жəне  соған 
сəйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тəртібінің негізін құрайды. Бұларға 
жататындар:  мемлекеттік,  мүліктік,  отбасы,  еңбек,  т.б.  құқықтық  қатынастар.  2.  Қорғайтын 
құқықтық  қатынастар  —  субъектілердің  заңсыз  əрекетінің  салдарынан  пайда  болады.  Оның 
мақсаты  —  қоғамдық  тəртіпті қорғау,  кінəліні  жазалау,  сөйтіп  əділдік  орнату.  3.  Абсолютті 
құқықтық  қатынастарда  тек  бір  тарап  белгілі  (құқық  иесі)  болады.  Басқалардың  барлығы 
міндетті  тарап  болып  саналады.  Мысалы,  бұларға  меншікке  байланысты  қатынастар 
жатады.4.Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы 
мен сатып алушы) болып келеді. 
Сонымен,  құқықтық  қатынастар  дегеніміз  —  субъектілердің  арасындағы  ерекше 
құқықтық  байланыс.  Осы  байланыстың  нəтижесінде  тараптардың  өзара  субъективтік 
құқықтары мен заңды міндеттері пайда болады. Осы байланысты мемлекет қамтамасыз етеді. 
Құқықтық  қатынастардың  құрамы  бірнеше  бөліктерден:  құқық  субьектісінен, 
субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады. 
Құқық  субъектісі  —  заңды  жəне  жеке  тұлға.  Заңды  тұлғаларға  жататындар  мемлекет 
органдары,  қоғамдық  бірлестіктер,  т.с.с.  Меншік,  шаруашылық  жүргізу  немесе  жедел 
басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жəне сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап 
беретін,  өз  атынан  мүліктік  жəне  мүліктік  емес  жеке  құқықтар  мен  міндеттерге  ие  болып, 
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға 
деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары жəне азаматтығы 
жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады. 
Субъективтік  құқық  —  тұлғалардың  мүдделерін  қанағаттандыру  үшін  оларға  белгілі 
шекте əрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. 

 
Сол  заңда  белгіленген  шек  аясында  тұлға  өз  мүддесін  қанағаттандыру  үшін  түрлі  іс-əрекет 
жасайды.  Жеке  тұлға  еңбек  етуге,  білім  алуға,  меншікке  ие  болуға,  үйленуге  хақылы. 
Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында əрекет жасай алады. Өзіне 
берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі. 
Заңды міндет — заң белгілеген əрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет 
басқа  тұлғаның  мүддесін  қанағаттандыру  үшін  жүктеледі.  Заңды  міндеті  бар  тұлға  оны  өз 
еркімен  орындамаса,  оған  мемлекеттің  мəжбүрлеу  күші  қолданылады.  Мысалы,  ата-ана  өз 
баласын  асырап,  бағып,  тəрбиелеуге  міндетті.  Егер  бүл  міндетін  орындамаса,  заңда 
белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі. 
Құқықтық  қатынастың  объектісі  (заты)  —  табиғат  құбылыстары  мүліктік,  өзіндік 
мүліктік  емес  игіліктер.  Субъективтік  құқық  пен  заңды  міндеттер  аталған  объектілерге 
бағытталған болып келеді. 
Субъективтік құқық — субъектілердің ықтимал мінез-құлықтарының түрі жəне мөлшері. 
Субъективтік  заңды  міндет  —  субъектілердің  тиісті  мінез-құлықтарының  түрі  жəне 
мөлшері. 
Құқықтық  қатынас  объектісі—табиғат  құбылыстары,  мүліктік,  өзіндік  мүліктік  емес 
игіліктер.  Субъективтік  құқық  пен  заңды  міндет  аталған  объектілерге  бағытталған  болып 
келеді. 
Заңды  айғақтар  (фактілер)  —  нақтылы  өмірлік  мəн-жайлар.  Сал  айғақтармен  құқық 
нормалары  құқықтық  қатынастардың  пайда  болуын,  өзгеруін  немесе  тоқтатылуын 
байланыстырады.  Кейде  бұл  айғақтың  құқықтық  нəтижесі  болады,  ал  кейде  бірнеше 
айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді  немесе жояды. Мысалы, 
зейнеттік  қатынастар  пайда  болуы  үшін  үш  айғақ  қажет:  жас,  стаж  жəне  зейнетақы 
тағайындау туралы акт. Айғақтардан мұндай жиынтығын айғақтық құрам деп атайды. 
Заңды  айғақтар  бірнеше  негіздер  арқылы  жіктеледі.  Нəтижесінің  сипатына  қарай  олар 
мына топтарға бөлінеді: 
Құқықты  құратын  (еңбек  шартын  жасауға  байланысты  жалдаушы  мен  жалданушының 
құқықтары мен міндеттері пайда болады); 
Құқықты тоқтататын (үй-жайды сату нəтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып 
алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айрылады). 
Құқық өзгертетін (үй айырбастау нəтижесінде құқықтық қатынастың объектісі өзгереді, 
соған сəйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді). 
Заңды  айғақтар  ерік  белгісіне  байланысты  да  жіктеледі.  Оған  жататыны  əрекет  (шарт, 
заңды  бұзу,  мұра  қалдыру,  т.с.с).  Əрекеттердің  өздері  заңды  жəне  заңсыз  болып  екіге 
бөлінеді.  Мысалы,  адамдардың  əскери  қызметте  болуы,  некеде  тұруы,  т.с.с.  заңда 
белгіленген  заңды  айғақтар  болып  табылады.  Заңды  айғақтарға  оқиғалар  да  жатуы  мүмкін. 
Олар — жер сілкіну, өрт, дауыл, су тасқыны оқиғалары. Əрине, мұндай мəн-жайлар тек заңда 
белгіленген (атап көрсетілген) болса ғана айғақтарға жатады. 
 
№20  Дəріс 
Тақырып: Құқықты жүзеге асыру жəне оның түрлері 
  Дəрістің мазмұны: 
1. Құқықты жүзеге асырудың түсінгі, оның түрлері мен əдістері. 
2.Құқықты жүзеге асырудың тікелей (жай) түрлері. 
Құқық  жүзеге  асыру  үшін  жасалады.  Құқықтық  қоғамда  бір  жағынан  мемлекет,  екінші 
жағынан  азаматтар  заң  жолымен  жүру  туралы  міндеттеме  алады.  Осыған  байланысты 
құқықты  жүзеге  асырудың  екі  жағы  болады,  сондықтан  ол  екі  бағытта  қарастырылады:  1) 
мемлекет  органдары,  лауазымды  адамдар  заң  бойынша  қызмет  істеуі  керек;  2)  азаматтар, 
олардың бірлестіктері жəне ұйымдары өз əрекеттері арқылы құқықты жүзеге асыруы тиіс. 
Құқықты  жүзеге  асырудың  ерекше  тəсілдері  бар.  1)  Құқықты  сақтау.  Құқықты  сақтау 
тыйым салатын нормалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тəсілдің мəні — тыйым салынған 
əрекетті жасаудан бой тарту; 2) Құқықты орындау. Құқықты орындаудың мəні — жүктелген 

 
міндетті жүзеге асыру үшін белсенді əрекеттер жасау. Мысалы, баланы тəрбиелеу үшін ата-
анасы  үнемі,  жүйелі  түрде  қызмет  істеп,  оны  оқытуы,  əдепке  баулуы  қажет;  3)  Құқықты 
пайдалану. Тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі. 
Егер  оларды  пайдаланғысы  келсе,  белсенді  немесе  енжар  əрекет  жасау  арқылы  құқықтық 
норманы жүзеге асырады. 
Құқықтарды  пайдаланудың  барысында  субъектілер  өздерінің  заңдарда  көрсетілетін 
құқықтарын  жүзеге  асырады.  Құқықты  пайдалану  тұлғаның  құқық  өкілеттігін  жүзеге 
асыруға  бағытталады.  Демек,  ол  тұлғаның  жүріс-тұрысы  өз  білігінше  мұнда  яки  белсенді, 
яки енжар түрінде болуы мүмкін. 
Құқықты  жүзеге  асырудың  осы  үш  түрінің  барысында  қоғамдық  қатынастардың 
субъектілері  өз  əрекеттері  арқылы  заң  нормаларын  тікелей  іске  асырады.  Мұны  құқықты 
тікелей  жүзеге  асыру  нысаны  деп  атайды.  Осындай  нысандар  түрінде  көптеген  (бірақ 
барлығы  емес)  құқық  нормалары  жүзеге  асырылып  жатады.  Болмыста  заң  нормаларын 
бұлжытпай  пайдалану  жəне  оларды  дəл  атқаруларды  толық  жүзеге  асырылуына 
жағдайлардың    жеткілікті  болмайтын  дəттері  кездеседі.  Ондайда  бұл  іске  мемлекеттік-
биліктік  өкілеттіктері  бар  құзырлы  органдардың  араласу  қажеттілігі  туындайды.  Мысалы, 
жоғары  оқу  орнына  студенттер  кабылдау,  жұмысқа  алу,  зейнетақы  тағайындау,  əскери 
қызметте міндеттерді атқару жөне тағы тағылар. 
4)  Құқықты  қолдану.  Бұл  билік  қызметін  жүргізу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Демек, 
құқықтық  норманы  мемлекет  органдары  қолданады.  Есте  болатын  жəйт:  тек  қана  ресми 
баспаларда  басылып  шыққан,  яғни,  жарияланған  нормативті  актіні  қолдануға  болады. 
Қолдану  екі  жолмен  жүзеге  асырылады:  1)  билік  жүргізетін  қызмет  арқылы.  Мысалы, 
милиционердің қылмыскерді ұстауы; 2) нақтылы істі шешу арқылы. 
 
№ 21 Дəріс 
Тақырып: Құқық нормаларын қолдану 
Дəріс
 мазмұны 
1.Құқықты қолдану – құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы (əдісі).  
2.Құқықты  қолдану  субъектілері:  мемлекеттік  органдар,  лауазымды  тұлғалар,  құқық  қорғау 
органдары. 
3. Құқықты қолдану сатылары.  
4. Құқыққолданбалы актілердің түрлері жəне түсінігі. 
Құқықты  қолдану  –  құзырлы  органдардың  нақты  жағдайда  құқық  нормаларын  жүзеге 
асыру жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі Мұның нəтижесінде дербес құқықтық 
акт (құқық қолдану актісі) қабылданады (жасалады). 
Құқықты  қолдану  арқылы  мемлекет  өз  қызметінде  екі  функцияны  жүзеге  асырады:  а) 
құқықтық  нормалар  ұйғарымдарының  орындалуын  ұйымдастыру,  дербес  актілер  арқылы 
позитивтік (оңтайлы) реттеуді жүргізу; б) құқықты бұзылудан сақтау жəне оны қорғау. 
Осыған  сəйкес  құқықты  қолданудың  екі  нысаны:  жедел  атқару  жəне  құқық  қорғауға 
жататын түрлері болады. 
Құқықты қолданудың белгілері (нышандары): 
1.   Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың ұйымдастырушылық-биліктік қызметі. Мұның 
өзі  болмыстық  ахуалдардың  шешімін  табуда  қолданылатын  айрықша  амалдармен 
байланысты,  сондықтан  да  білімділікті,  дағдылардың  қалыптасуын  талап  етеді.  Осыларды 
ескеріп  мемлекет  соншама  қызметтерді  жүзеге  асыру  үшін  арнайы  субъектілерге  билік 
өкілеттіктерін тиісінше береді.  Бұлар  мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық 
ұйымдар. 
Азаматтар  құқықты  қолдану  субъектілері  болып  табылмайды,  өйткені  мемлекет  оларға 
бұл қызметтерді атқаруға өкілеттік бермеген. 
2. Құқықты қолдану нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылады. 
3.   Қызметтің  жүзеге  асырылуы  ерекше  түрде  белгіленген  іс  жүргізу  заңдары  бойынша 
атқарылады. 

 
4.   Құқықты  қолдану  нəтижесінде  дербес  құқықтық  акт  -  құқық  қолдану  актісі 
қабылданады (жасалады). 
Құқықты қолданудың мынадай сатылары болады: 
а) істің нақты жағдайларын анықтау; 
б)  істің  заңдық  негізін  анықтау.  Бұған  құқық  нормасын  таңдап  алу,  оның  түпнұсқаға 
сəйкестігін тексеру, құқық нормасын түсіндіру жатады; 
в)  іс бойынша шешім қабылдау. 
Құқық қолдану актісі – құзырлы органның нақты заңдық іс бойынша қабылдаған ресми 
түрдегі шешімі. Құқық қолдану актілері көптүрлі болып келеді. 
Құқықты қолдану сатылары 
Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады: 1) Істің нақтылы мəн-жайларын анықтау; 2) 
істің  заңдық  негізін  анықтау;  3)  құқықтық  норманы  қолдану  арқылы  шешім  кабылдау;  4) 
шешімді жүзеге асыру. 
Бірінші  сатыда  заңды  айғақтар  жəне  заңды  құрам  анықталуы  тиіс.  Олар  –  басты  айғақ 
немесе  басты  айғақты  анықтайтындар.  Осы  айғақтар  заң  бойынша  істі  тиісті  түрде,  заңды 
жолмен шешуге жеткілікті болуы қажет. Кейде анықталынатын мəн-жайлардың көлемі заңда 
арнайы  көрсетіліп  белгіленеді.  Мысалы,  қылмыстық  іс  жүргізу  заңы  бойынша  сотта 
қылмыстық  істі  қарағанда  мына  жағдайлар  дəлелденуі  қажет:  а)  қылмыс  оқиғасы  (уақыты, 
орны,  жасалу  əдістері);  ə)  айыпкердің  кінəсі;  қылмыстың  себебі;  б)  айыпкердің 
жауапкершілігіне  əсер  ететін  мəн-жайлар;  в)  қылмыс  арқылы  келтірілген  зиянның  сипаты 
мен мөлшері; г) қылмысты жасауға түрткі болған мəн-жайлар. 
Екінші сатыда істің заңды негізі анықталуы тиіс: қолдануға қажетті құқықтық норманы 
табу;  оның  мəтінінің  дұрыстығын  анықтау-тексеру;  норманың  түпнұсқасы  екендігін 
айқындау;  оның  кеңістіктегі,  мерзімдегі  (уақыттағы)  күшін  жəне  субъектілерге 
қатыстылығын  анықтау;  норманың  мазмұнын  айқындау.  Осы  айтылған  əрекеттердің 
барлығы заңдылықты, құқықтық тəртіпті нығайту үшін қызмет істейді. 
Кейде  заңды  мəні  бар  əрекет  жасалса  да,  оны  шешуге  арналған  құқықтық  норма 
болмауы  мүмкін.  Мұны  заңдағы  олқылық  (кемшілік)  деп  атайды.  Заңда  қарастырылмаған 
жағдайда  заң  шығарушы  екі  тəсіл  қолданады.  Қылмыстық  заңда  ерекше  принцип  (қағидат) 
баянды  етілген.  Егер  заңда  оған  жаза,  шара  белгіленбесе,  қылмыс  немесе  теріс  қылық  жоқ 
деп есептеледі. Ал азаматтық заңдар бойынша іс-əрекет заңда қарастырылмаса да, тараптар 
үшін  оның  маңызы  бар  болса,  азаматтық  заңдардың  жалпы  мағынасына  байланысты 
тараптардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  туындатады.  Осыған  байланысты  заң 
ұқсастығы  жəне  құқық  ұқсастығы  (аналогия)  түсініктері  бар,  бұларды  қолдану  заңда 
қарастырылған. 
Заң  ұқсастығы  —  істі  ұқсас  қатынастарды  реттейтін  заңды  қолдану  арқылы  шешу. 
Құқық  ұқсастығы  —  істі  заңдардың  жалпы  бағытына  жəне  мағынасына  сүйене  отырып 
шешу. 
Құкықты қолданудың үшінші сатысы — қаралған іс бойынша құқық қолдану актісін 
қабылдау. Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Сондықтан бұл жұмысқа жауаптылықпен 
қарау жөн. Осы актілер заңға негізделініп, заң бойынша жасалуы қажет. Құқық қолданатын 
акт — мемлекет атынан жасалатын, нақты заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың 
құқықтары мен міндеттерінің бар-жоғын анықтайтын, соған сəйкес шараларды белгілейтін 
органның актісі болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет