Мемлекет жəне құқық теориясы құқық салаларының жəне заң ғылымдарының



Pdf көрінісі
бет13/21
Дата22.12.2016
өлшемі1,59 Mb.
#266
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

 
№22 Дəріс 
Тақырып: Нормативтік құқықтық актілерді талқылау 
    Дəрістің мазмұны: 
1.Нормативтік құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. 
2. Құқықты талқылаудың тəсілдері (əдістері). 
3. Талқылау көлемі (қортындысы) 

 
Құқықтық  нормаларды  түсіндіру  дегеніміз  күрделі  ерік-ықтиярлық  процесс,  оның 
мақсаты құқық нормасының дəл мағынасын анықтау болып табылады. 
Түсіндірудің объектісі (заты) заңдар мен заңдарға сəйкес шығарылған актілер. Түсіндіру 
екі бөліктен - анықтау (айқындау) жөне түсінік берулерден тұрады. 
Түсіндіру-анықтау  дегеніміз  іштей  ойлау  процесі,  ол  субъектінің  санасында  жүріп 
жатады.  өйткені  мұның  құқықты  қолданушы  ойланып  барып  жасайды.  Мұндай  анықтауды 
құқық қолданушы тұлға өзі үшін жəне іштей жасайды, сондықтан да оның сырттай көрінісі 
болмайды.  Анықтау  -  құқықты  барлық  нысандарында  (бұлжытпай  атқару,  пайдалануларда) 
жүзеге  асырудың  қажетті  шарты  болып  табылады.  Анықтау  əрқашанда  түсінік  беруден 
бұрын жүргізіледі. 
Түсіндіру - түсінік беру - түсіндірушінің өзіне емес, қатынасқа түсуші басқа тұлғаларға 
бағытталады.  Түсінік  беру  нəтижесі  жазбаша:  ресми  акт,  құжат,  құқықтық  акті  немесе 
ауызекі: кеңес, ұсыныс түрлерінде беріледі. 
Сонымен, құқық нормасына түсінік беру — нормативтік құқықтық актілерде білдірілген 
мемлекеттік  ерік-ықтиярдын  мағынасын  түсіндіру  жəне  оны  жазбаша  мазмұндау  болып 
табылады. 
Құқық  нормаларын  талқылаудың  қажеттілігі  олардың  белгілерінің,  сырт  көріністерінің 
ерекшеліктеріне  байланысты.  Құқық  нормаларының  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі  — 
олардың  жалпылама,  қиялдық  (абстрактылы)  сипаты,  олардың  күшінің  көптеген 
субъектілерге  жəне  өмірлік  жағдайларда  қолданылуы.  Сондықтан  құқықтық  нормаларды 
қолдану  барысында  олар  қиялдағы  (абстрактылы)  болғандықтан  нормалардың  мазмұнын 
нақтыландыру  қажеттігі  туады.  Сөйтіп,  құқықтық  норманың  мазмұнын  нақтылы  өмірлік 
жағдайға жақындату керек болады. 
Əрбір құқықтық норма қоғамдағы қатынастардың белгілі бір түрін реттейді жөне де бұл 
реттеу  жалпылама  болады.  Ал  қоғамдық  қатынастардың  белгілі  түрі  сан  алуан  нақтылы 
қатынастардан тұрады. Əр нақтылы қатынастың өзіндік ерекшелігі бар. Құқықтық норманы 
нақтылы  қатынасқа  қолданғанда  оның  ерекшеліктеріне  байланысты  кейбір  жағдайларды 
анықтау  қажеттілігі,  қолданылатын  құқықтық  норманың  мағынасы  қандай  екені  туралы 
сауалдар  туындайды.  Сол  сауалдарға  құқықтық  норманы  талқылау  арқылы  дұрыс  жауап 
беруге болады. 
Қоғамдық өмірде жаңа қатынастар пайда болып отырады. Оларды заң дер кезінде реттеп 
үлгірмеуі  де  мүмкін.  Бірақ  мұндай  қатынастарды  қолданыста  жүрген  заңның  мазмұны 
қамтуы ықтимал. Бұл жағдайды да құқықтық норманың мазмұнын талдау арқылы анықтауға 
болады.  Демек,  əлгі  құқықтық  мазмұны  заң  ұқсастығы  бойынша  тікелей  көрсетілмеген 
қоғамдық қатынастарға да қолданылуы мүмкін. 
Талқылаудың  қажеттілігі  құқықтық  норманың  сыртқы  ресмилендірілуіне,  тілінің 
ерекшелігіне байланысты да тууы мүмкін. Заң шығарушының ойы-пікірі сөз, сөйлем арқылы 
жазылады.  Кейде  қолданылған  сөздің  бір  ғана  мағынасы  болады,  ал  кейде  оның  бірнеше 
мағынасы  болады.  Құқықтық  норманы  нақтылы  қатынасқа  қолданғанда  осы  жағдайды  да 
ескеру  аса  қажет  болады.  Кейде  бір  түсінік,  ұғым  бірнеше  сөздермен  берілуі  мүмкін. 
Мысалы, "міндет", "қажет", "солай істеу керек", "тыйым салынады", я болмаса, "қақысы бар, 
"қақылы", "істей алады" т.с.с. 
Түсіндіру  түрлері:  1.  Субъектілері  бойынша:  а)  ресми  –  түсіндіруді  өкілеттік  берілген 
(алған)  субъектілер:  мемлекеттік  орган,  лауазымды  тұлғалар,  қоғамдық  ұйымдар  береді. 
Ресми түсіндірудің заңдық маңызы болады жəне ол құқықтық салдарға апарады. 
Ресми түсіндіру нормативтік, қазуалды, аутентикалық жəне легалды түрлерінде болады. 
Нормативтік  түсіндіру  құқықтық  нормаларды  жаңадан  жасауға  алып  бармайды.  Ол  тек 
бар  құқықтық  нормаларға  түсінік  береді,  мағынасын  аша  түседі.  Бұл  түсіндіру  жалпы 
сипатта жəне құқық нормаларын түсіну (ұғыну) мен əдеттегі қолдануларының біркелкі түрде 
болуын қамтамасыз етуі тиіс. 
Казуалды түсіндіру жалпы сипатта болмайды, жалпыға бірдей міндетті де емес (маңызы 
бойынша), оның маңызы құқық нормасын нақты жағдайды ескере отырып түсіндіруге саяды. 

 
Казуалды  түсіндіруді  құзырлы  орган  тек  атап  көрсетілген  нақты  істің  қарастырылуы, 
барысына байланысты береді. Ол бойынша əдейі шешім қабылдау мəселесіне арнайды. 
Аутентикалық  түсіндіру  -  қолдануға  алынған  норма  мағынасына  түсінік  беру  сол 
норманы қабылдаған органнан шыққандығын білдіреді. 
Легалды түсіндіру ісін осы түсіндіруді атқаруға (орындауға) тапсырма алған субъектілер 
жүзеге асырады. Легалды түсіндіру заңға сəйкес сипатта болады. 
б) Бейресми түсіндіру  - құқықтық нормаға түсінік беруді өкілеттік алмаған субъектінің 
жүзеге  асыруы.  Мұндай  түсіндірулер  жалпыға  бірдей  міндетті  болмайды  жəне  заңдық 
салдарды туындатпайды. 
Бейресми түсіндіру əдеттегі, кəсіби, доктриналды (ғылыми) түрде болады. 
2. Жасалу тəсілдері бойынша түсіндірудің түрлері: 
а) грамматикалық-нормативтік  акт  мəтінін  талдау,  заң  аталымдарының  (терминдердің) 
мағынасын анықтау ретінде; 
б) логикалық  (қисындық)  -  заңның  жекелеген  қағидаларының  логикалық  (қисындық) 
байланыстары пайымдалып зерттелінеді. 
в) жүйелі  —  құқық  нормалары  мазмұнын  осы  нормативтік 
актілі 
институт,  құқық 
саласымен  өзара  байланыстыра  отырып  олардың  алған  орны  мен  маңызын  тұтастай 
анықтауға арнайды; 
г)  арнайы  заңдық  –  заң  ғылымы  мен  заң  қабылдау  техникасының  кəсіби  білімдеріне 
негізделеді; 
д) тарихи-саяси  актінің  жасалуы  кезіндегі  тарихи  жағдайларға  байланысты  болған 
заңдық  ерік-ықтияр,  саяси  күштердің  ара  салмағы  мен  олардың  орналасулары  жəне  т.б. 
жайлар анықталады. 
3. Көлемі бойынша: 
а) адекваттық  (дəлме-дəл,  барабар)  түсіндіру  -  мұнда  заң  "рухы  мен  оның  əрбір  əрпі" 
бір-біріне  дəл  келеді,  яғни  құқық  нормасының  сөз  түріндегі  білдірулері  мен  оның  шын 
мағынасы жəне мəні құқық нормасына пара-пар, тең болып келеді; 
б) кеңейтілген  -  құқық  нормасының  ақиқат  мағынасы  мен  мəні  оның  сөз  арқылы 
білдіруінен едəуір кен болады; 
в) шектелген  -  құқық  нормасының  ақиқат  мағынасы  мен  мəні  оның  сөз  түріндегі 
білдіруінен  едəуір  шағын  болады;  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  72-6абына 
сəйкес Конституция нормаларына ресми түсіндірулерді Конституциялық Кеңес береді. 
 
 
 
 
№23 Дəріс 
Тақырып: Құқықтық сана 
 Дəрістің мазмұны: 
1. Құқықтық сана – қоғамдық сананың түрі 
2. Құқық пен құқықтық сананың əрекеттесуінің формалары. 
3.Құқықтық сананың құрылысы 
4.Құқықтық сананың деформацияға ұшырауы 
Құқықтық  сана  —  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  жүзеге  асырылып  жүрген 
заңдарға,  оларды  қолдануға,  азаматтардың  құқықтарымен  бостандықтарына  жəне  қалаулы 
құқыққа,  басқа  да  құқықтық  құбылыстарға  құқық  сезімдерінің,  көзқарастарының, 
пікірлерінің, бағаларының жүйесі. 
Құқықтық  сана  коғамдық  сананың  жеке  бір  саласы  болып  табылады.  Ол  құқықтық 
болмысты  заң  білімдері,  құқықты  бағалау  жəне  оны  жүзеге  асыру  практикасы,  құқықтық 
мақсаттар,  құндылық  бағдары  түрінде  бейнелейді.  Осы  аталған  бес  бейне  (заң  білімдері; 
құқықты  бағалау  жəне  оны  жүзеге  асыру  практикасы;  құқықтық  мақсаттар;  құндылық 

 
бағдары  (əрине  бұлар  құқықтық  сананы  бейнелейтіндер)  заңдық  мəні  бар  жағдайлар 
туындағанда адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді. 
Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, əлеуметтік бірліктердің коғамда 
бар  жəне  олардың  тілек-ықыластарына  сай  келетін  құқыққа  қатыстылықтарын  білдіретін 
көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы. 
Құқықтық сананың функциялары: 
а) танымдық; 
б) бағалау; 
в) реттеу. 
Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты 
тану жүріп жатқандығы жатады; 
Құқықтық  сананың  бағалау  функциясына  құқықтық  сананың  көмегі  арқылы  заңды 
маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады. 
Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады: 
- құқыққа жəне заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына); 
-  маңайындағылардың  құқықтық  жүріс-тұрыстарына  қатысты  (қылмыстылыққа, 
қылмыстарға, қылмыскерлерге); 
- құқық қорғау органдарына қатысты; 
- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға). 
Құқықтық  сананың  реттеу  функциясы  дəлелдер  жүйесі,  бағалаулықтар  бағдарлары, 
құқықтық  мақсаттар  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бұлар  жүріс-тұрысты  ерекше  реттеуші 
түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар. 
Мұндағы  айрықша  рөлді  құқықтық  мақсат  орындайды.  Ал  құқықтық  мақсат  — 
субьектілердің заңды немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарға бару-бармауға бейімділігі. Ал, 
мұндай  бейімділіктің  құқық  субъектісінің  бойында  қалыптасуы  бірсыпыра  əлеуметтік  жəне 
психофизиологиялық себептерге байланысты болады. 
Құқықтық  сананың  құрылымы  негізгі  екі  элементтен:  құқықтық  психология  жəне 
құқықтық идеологиялардан тұрады. 
Құқықтық  психология  -  сана-сезім,  күшті  сезім  (эмоция),  əсерленушілік  (қуану-ренжу, 
қайғыру,  уайымдау,  ашулану-разы  болу,  ауан,  көңіл  күйі  (шаттық,  сергектік,  шадымандық 
жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мəн-
жайлар  көрсеткіштері  қоғам  болмысында  бар  заң  нормалары  мен  оларды  жүзеге  асыру 
практикасымен (іс тəжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл 
ең  "таралған"  түрі.  Құқықты  жете  түсінудің  мұндай  түрі  азды-көпті  дəрежеде  заң 
элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн. 
Құқықтық  идеология  дегеніміз  заңдық  идеялардың,  теориялардың,  көзқарастардың 
жиынтығы.  Бұл  жиынтыққа  кіргендер  -  концептуалдық  жəне  жүйеге  келтірілген  түрде 
объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология 
құқыққа тұтас əлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе 
философиялық мəн беру арқылы сипатталады. 
Идеология  аясынан  жөне  идеология  арқылы  бəрінен  бұрын  əлеуметтік  топтар  мен 
таптардың, халықтар мен мемлекеттердің жəне əлемдік бірлестіктердің мұқтаждықтары мен 
мүдделері көрініс табады. 
Гегельдің 
құқық 
философиясы, 
мемлекет 
жəне 
құқықтың 
табиғи-құқықтық, 
позитивистік  маркстік  доктринасы  (ғылымы),  осы  заманғы  көптеген  құқықтық  сана 
концепциялары  (көзқарастары,  тұжырымдамалары)  құқық  арқылы  болмысты  түсіну  тəсілі 
ретінде құқықтық идеологияның қызмет атқарғандығына мысал бола алады. 
Бүгінгі  күнге  құқықтық  мемлекет  доктринасы  (ғылымы)  көптеген  мемлекеттер  (оның 
ішінде  Қазақстан  Республикасы  да  бар)  дамуының  идеологиялық  негізі  болып  табылады. 
Саяси-құқыктық  идеологиясыз  осы  заманғы  өркениетті  қоғамның  болуы  мүмкін  емес. 
Сонымен, жоғары идеологиялық құжаттар бола алатындар мысалына АҚШ Конституциясын, 
ГФР  Конституциясын,  француздардың  1789-ы  жылғы  Адам  жəне  азамат  құқықтары 

 
Декларациясын  жатқызуға  болады.  Аталған  құжаттар  батыс  елдері  демократиясы  мен 
құқықтар жүйесінің идеологиялық тұғыры болып табылады. 
Сонымен,  ұлттық-құқықтық  идеология  -  қоғамның  ең  маңызды  мəдени-құқықтық 
құндылықтарын  сипаттайды,  бұлар  болса  əлемнің  өркениетті  халықтарының  құрамына 
(семьясына) кіру үшін берілген өзінше бір "рұқсат құжат". 
Құқықтық сананың түрлері: 
1. Субъектілері бойынша: 
- дербес (жеке); 
- топтамалық; 
- қоғамдық. 
2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша: 
-  əдеттегі  (үйреншікті-эмпирикалық)  құқықтық  сана  -  адамдардың  құқық  жөніндегі 
жаппай көпшілік түсінігі; 
-  кəсіби  құқықтық  сана  –  кəсіпқой-заңгерлер  араларында  қалыптасатын  құқықтық 
ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дəстүрлер, стереотиптер; 
-
 
ғылыми-құқықтық  сана  -  құқықты  жүйелі  түрде  теория  бойынша  игергендігін 
білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар; 
 
№24 Дəріс  
Тақырып: Құқықтық мəдениет жəне құқықтық нигилизм 
 Дəрістің мазмұны: 
1.Құқықтық  мəдениеттің түснігі: элементтері жəне деңгейлері. 
2 Құқықтық мəдениеттің функциялары: танымдық, бағалылық жəне реттеуші.  
3.Құқықтық нигилизм жəне оның себептері.  
4.Құқықтық нигилизм мен құқықтық демогоияны жеңу жолдары. 
Құқықтық  мемлекеттің  ең  маңызды  белгісі  -  халықтың  құқықтық  мəдениетінің,  құқық 
қорғаушылары  мен  басқа  да  лауазымды  тұлғалардың  кəсіби  мəдениетінің  болуы.  Бұл  белгі 
құқықтық мемлекетті құрудың міндетті шарты. 
Құқықтық  мəдениет  —  қоғамның  құқықтық  болмысының  сапалық  күйі.  Бұл  күй 
құқықтық актілердің, құқықтық жəне құқық қолданушылық қызметтің қаншалықты деңгейде 
екендігін білдіреді. 
Осы  сапалық  күй  тұлғаның  құқықтық  санасын,  құқықтық  дамуын,  оның  жүріс-тұрыс 
еркіндігі дəрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы деңгейін де білдіреді. Жəне 
де  бұл  күй  қоғам  дамуына  жəне  қоғамның  тіршілік  ету  жағдайларына  ықпал  жасап  қолдау 
көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де көрсетеді. 
Тұлғаның  құқықтық  мəдениеті  -  құқықты  білу,  ұғыну  (түсіну)  жəне  құрметтеуден 
(құрмет  тұтудан)  тұрады.  Ал  мұның  өзі  құқықтық  ұйғарымдарды  жете  түсініп  барып 
орындаудан білінеді (көрінеді). 
Құқықтық мəдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс-қимыл, əрекет жасау үстіндегі заң 
қондырғысы  компоненттерінің  жиынтығы  жөне  құқық  жөнінде,  оның  жүзеге  асырылуы 
туралы,  мемлекет  органдарының,  лауазым  иелерінің  іс-əрекеттері  жөнінде  адамдардың 
жалпы түсінігі мен пайымдаулары. 
Құқықтық  мəдениет  (тар  мағынада)  дегеніміз  тұлғаның  құқық  туралы  ой-пікірлері, 
сезімдері  мен  пайымдаулары  жəне  де  саналы  түрдегі  қажеттіліктері.  Осы  қажеттіліктер 
тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады. 
Құқықтық 
мəдениеттің 
антиподы 
құқықтық 
нигилизм 
болады; 
нигилизм 
(немқұрайдылық  –  қоғамда  құқық  пен  заңдылықтың  девальвацияға  ұшырауынан 
(құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың əлеуметтік реттеуші рөлін жете 
бағаламаудан көрінеді. 
Құқықтық  нигилизм  —  құқықтың  əлеуметтік  жəне  тұлғалық  құндылығын  жоққа 
шығаратын,  оны  коғамдық  қатынастарды  реттеудің  ең  жетілдірілмеген  тəсілі  деп  санайтын 
қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады. 

 
Құқықтық  нигилизмнің  (немқұрайдылықтың)  бірнеше  түрі  бар,  ол  құқықтың  рөлі  мен 
маңызына  парықсыз,  ықылассыз  (немқұрайдылықпен)  қараудан  оған  (құқыққа)  толығынан 
сенбеу жəне құқықты ешбір дəлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап 
жатқан түрлері болады. 
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері: 
1.  Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей 
бұзу. 
2.  Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау. 
3.  Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау. 
4.  Заңдылықты  саяси,  идеологиялық  жəне  прагматикалық  пайдалылыққа  əдейі 
ауыстырып жіберу. 
5.  Адам құқықтарын бұзу, əсіресе  адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен 
қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын жəне тағы басқа да құқықтарды бұзу. 
6.  Құқықтық  формалды  талаптар  мен  құқықтық  шындықтар  арасының  алшақтығы, 
мұндағы талаптардың орындалмай қалуы. 
Құқықтық  нигилизмді  (немқұрайдылықты)  жеңудің  негізгі  жолдары  -  азаматтардың 
жалпы  жəне  құқықтық  мəдениетін  көтеру,  олардың  имандылық  өнегелік  жəне  құқықтық 
санасын  жоғары  сапаға  жеткізу;  заңдарды  жетілдіру;  құқық  бұзушылықтардың  алдын  алу, 
сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тəртіпті нығайту; 
тұлғалардың  құқықтарды  құрметтеуі  мен  оларды  барлық  мүмкіндіктерді  қолданып 
қорғауына қол жеткізу; халыққа жаппай құқықтық білім беру жəне тəрбиелеу ісін біліктілігі 
жоғары  əрі  өз  ісіне  адал,  жан  аямай  берілгендік  танытатын  тұлғалар  категориясынан  ғана 
маман заңгерлерді даярлау, олардың кəсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны əрі қарай 
дамыту,  сөйтіп  ақырғы  қорытындыда  қоғамды  асқынған  əлеуметтік,  экономикалық,  саяси, 
рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу. 
 
№25 Дəріс 
Тақырып: Құқықтағы кемтік жəне оларды толтыру əдістері 
 Дəрістің мазмұны: 
1. Құқықтағы кемістіктер түсінігі жəне оның жоюдың əдіс-тəсілдері  
2.Құқықтағы кемтікті құқықшығармашылық    қызмет арқылы толтыру. 
3. Заңның аналогиясы жəне құқықтың аналогиясы 
Құқықтану  практикасында  (іс-тəжірибелерінде)  заңдық  сипаты  бар  белгілі  бір 
жағдайлардың  құқық  нормаларымен  реттелінбеген  кездері  ұшырасады.  Мұндай  жағдайлар 
құқықтағы олқылықтар деп аталады. 
Құқықтағы  ақтаңдақ  (олқылық)  дегеніміз  күші  бар  заң  жүйесінде  құқықтық  реттеуді 
талап ететін мəселені шешу үшін қажет құқық нормасының болмауы. 
Құқықтағы ақтаңдақты (олқылықты) болдырмаудың мынадай əдістері бар: 
1.  Заң  ұқсастығы  —  ұқсас  құқықтық  норманы  қолданудың  барысында  пайдалану 
(қолдану). 
2.  Құқық  ұқсастығы  -  нақты  істің  шешімін  құқықтың  жалпы  қағидаттарының  негізінде 
табу (адамгершілік (гуманизм), əділдік, заң алдындағы теңқұқықтылық жəне т.б.). 
Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығы төтенше жағдайларда қолданылуы мүмкін. 
Қылмыстық  құқықта  құқық  ұқсастығы  мен  заң  ұқсастығына  тыйым  салынады,  өйткені 
"заңда  көрсетілмеген  қылмыс  жоқ"  деген  мызғымайтын  қағидат  бар,  ол  тұлғаны  (адамды) 
қорғаудың  кепілі  болып  қызмет  етеді.  Құқықтың  басқа  салаларында  ұқсастыққа  жол 
беріледі.  Ал  азаматтық  жəне  азаматтық  істерді  жүргізу  құқығында  ұқсастықты  қолдану 
тікелей баянды етілген (бекітілген). 
 
№26 Дəріс 
Тақырып: Заңды мінезқұлық 
    Дəрістің мазмұны: 

 
1.Заңды мінезқұлықтың ұғымы, белгілері 
2. Заңды мінезқұлықтың түрлері  
Заңды  мінез-құлық  —  құқық  нормаларының  нұсқауларына  сəйкес  келетін  жеке 
тұлғаның  мінез-құлқы.  Заңды  мінез-құлық  арқылы  заң  орындалады,  жүзеге  асырылады. 
Заңның  талаптары  орындалмаса,  ол  жансыз.  Тұлғаның  заңды  мінез-құлқының  көлемі  мен 
үлгісі құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген. Егер адамдардың мінез-құлықтары 
құқық нормаларының талаптарына сəйкес келсе, онда құқықтық тəртіп нығаяды. 
Заңды  мінез-құлық  арқылы  қоғам  басқарылады,  оның  өмірі  қалыпты  жағдайда 
жүргізіледі,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтары  жүзеге  асырылады.  Мұны 
азаматтардың  көбі  түсінеді,  сондықтан  пайда  болатын,  жүзеге  асырылатын  құқықтық 
қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады. 
Азаматтар  заңның  талабын  белсенділікпен  немесе  енжарлықпен  орындайды.  Соған 
сəйкес  мінез-құлық  екіге  бөлінеді:  1)  белсенді  заңды  мінез-құлық;  2)  бəсең  (енжар)  заңды 
мінез-құлық. 
Белсенді заңды мінез-құлық — лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен 
белгілі мақсатқа бейімделген заңды əрекеттері. Ондай əрекеттер қосымша уақыт, күш, кейде 
қаражат  жұмсаумен  байланысты.  Осындай  мінез-құлық  басым  болуы  үшін  қазіргі  кезеңде 
қажетті  шарттар  баршылық.  Ол  —  егеменді,  дербес  мемлекет  пен  ұлттық  құқық  жүйесінің 
қалыптасуы,  экономикалық  дағдарысты  тоқтату  үшін  барлық  күш-жігерді  жұмсаудың 
қажеттігі,  асқынып  бара  жатқан  қылмысқа  қарсы  азаматтардың  əлінше  күресу  борышы. 
Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау — заманымыздың талабы. Белсенді 
түрдегі  заңды  мінез-құлықтың  көріністері  сан  алуан.  Ол  —  лауазымды  тұлғалардың  өз 
міндеттерін  адал  ниетпен,  сапалы  атқарып,  азаматтардың  өздеріне  жүктеген  міндеттерін 
қалтқысыз,  саналы  түрде  орындауы,  сонымен  қатар  құқықтарын  жүзеге  асыра  отырып, 
мемлекеттің,  қоғамдық  бірлестіктердің  жұмысына  белсене  катысып,  əлінше  көмектесу, 
заңдардың  жобаларын  талқылауда  бой  көрсетіп,  өз  пікірін  ортаға  салу—міне,  құқықтық 
белсенділікке осындай əрекеттер жатады. 
Енжар заңды мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді 
қалай  болса  солай  орындайды.  Ал  өзінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  жүзеге  асыруға 
енжарлықпен, немқұрайдылықпен қарайды. Мысалы, сайлауға, заңның жобасын талқылауға 
катыспайды, отбасын құрғысы келмейді, оқып-білім алуға ерінеді, тіпті, жақсы істеп, табыс 
та  тапқысы  келмейді.  Əрине,  мұндай  мінез-құлық  заңға  қайшы  келмесе  де,  адамның  ең 
алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске 
аспай  қалады.  Мұндай  мінез-құлықтан  қоғам  да  ештеңе  ұтпайды.  Демек,  екі  тарап  та 
ұтылыста  болады.  Мұндай  енжар  мінез-құлық  басым  болса,  мемлекетке  де  зиян  келеді. 
Азаматтардың енжарлығын, немқұрайдылығын пайдаланып, қара ниетті лауазымды тұлғалар 
мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға əрекет жасаулары мүмкін. 
Əрине,  тек  насихатпен  адамдардың  енжар  мінез-құлқын  белсенділікке  айналдыру  оңай 
емес.  Ең  алдымен  белсенділік  жастайынан  қалыптасатын  қасиет.  Оның  негізгі  шарты  — 
еңбекке  баулу.  Заңдар  да  адал,  ақ  ниетпен  істелген  жұмыс  үшін  көтермелеу  шараларын 
белгілесе, ол құқықтық белсенділікке негіз болады. 
Заңды мінез-құлық бірнеше түрде болуы мүмкін. 
Құқықтық 
сананың 
деңгейіне 
байланысты 
заңды 
мінез-құлық 
(жүріс-тұрыс) 
төмендегідей түрлерге жіктеледі: 
1.  Маргиналдық  (маргинал  -  жік  аралық)  заңды  мінез-құлық  -  бұл  мінез-құлық  бəрінен 
бұрын  заң  бойынша  жазаланудан  қорқу  мен  өз  есебінен  жаңылып  қалмау  мақсатына 
негізделеді.  Маргиналдық  мінез-құлықты  адамдар  қайсы  сəтте  де  болса  заңды  оп-оңай 
аттайды (бұзады), сəті келсе, ыңғайлы жағдай туа қалса құқықтық талаптарды орындамауға 
да дайын тұрады. 
2.  Конформистік  құқыққа  сай  мінез-құлық.  Мұндай  мінез-құлық  адамның  құқықтық 
талаптарға  конформистік  түрде  бас  июіне  (көніп  бағынуына)  негізделеді.  Мұндай  мінезді 
адамның ұстанатын қағидаты "бəрі қандай болса, мен де сондаймын" болады. Мұндай мінез-

 
құлық  құқықтық  нормаларды  жете  түсінбей,  олардың  байыбына  бармай  бұлжытпауға 
(сақтауға) негізделеді. 
3.  Жағымды  құқыққа  сай  мінез-құлық  -  мұндай  мінез-құлық  қоғамда  бар  құқық 
нормаларының əділ жəне əділеттілігіне деген мызғымас сенімге, құқықты құрметтеуге жəне 
оны  терең  білуге  негізделеді.  Мұндай  мінез-құлық  құқықтың  əдеттегі  қалып  бойынша, 
əртүрлі  себептермен  дəлелдердің  іштей  арпалысуынсыз  орындалуынан  (атқарылуынан) 
көрінеді. 
          4  Құқыққа  сай,  əлеуметтік  тұрғыдан  белсенді  мінез-құлықтың  мұндай  түрі  құқықтың 
құндылығының  қажеттілігі  жөніндегі  мызғымас  сенім  мен  құкықты  құрметтеуге  ғана  емес, 
сонымен бірге құқыққа дəлелді түрде қарау мен оны жете түсінуге негізделген. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет