II СЕМЕСТР
№16 Дəріс
Тақырып: Нормативтік құқықтық акт
Дəрістің
мазмұны:
1. Нормативтік актілер: түсінігі, түрлері
2. Нормативтік-құқықтық актілердің уақыттағы, кеңістіктегі жəне тұлғаларды қамту
өрісіндегі күші
3. Құқық нормасы мен нормативтік акті бабының арақатынасы
Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрыкша
кызмет аткаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға мүмкіндік береді.
"Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды" деген тұжырым – заң мен құқықты
ажыратудың қажет екендігінің белгісі. Құқықты қалыптастыратын қоғам. Құқық қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық қалыптасуының объективтік
барысын формалды заң шығару қызметімен шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы –
қоғамдық қатынастардың өздігінен шынайы қалыптасып, адамдардың жəне олардың
бірлестіктерінің байланыстары əдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен, белгілі көлемде жүріп
отыруына байланысты. Мұнда шындық, əділдік, дұрыстық – құқық қалыптасуының негізгі
принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғышарты, оның тиімді
болуының негізі - құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғүрлым құқықтың талаптарын
(əділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сəйкес болады.
Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, кұқықтық заң коғамдық
қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң
əділдікті, адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық
сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың жəне олардың арақатысын дұрыс
анықтаудың зор адамгершілік мəні бар. Сонымен қатар бұл мəселенің практикалық мəнін де
естен шығармаған жөн. Заңның құқық талаптарына сай келуі оның сапасын жоғары көтереді.
Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган ескеруі қажет.
Нормативтік-құқықтық актілердің уақытқа, кеңістіктегі, субъектілерге байланысты
(қамту өрісіндегі) күші
Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа байланысты күші мына түрде атқарылады:
Нормативтік құқықтық актінің өз күшіне ену сəті оның жарияланғанынан белгілі бір
мерзім еткеннен соң басталады, ол əдетте қағида бойынша 10 күн деп белгіленген.
Сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілердің өз күшіне енуі олардың қабылданған
немесе жарияланған сəтінен басталады (егер де бұл жөнінде актіде тікелей аталып
көрсетілген болса).
Нормативтік құқықтық актінің күшіне енуі сол актінің өзінде ол туралы арнайы
қабылданған акті арқылы көрсетілуі мүмкін. Мысалы, қазіргі қолданыстағы Қазақстан
Республикасы Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994-і жылы желтоқсан айында
қабылданған, ал күшіне енуі 1995-і жылдың 1-ші наурызынан басталды.
Нормативтік құқықтық акті күшінің тоқтатылуы мына жағдайларда болады.
1. Жаңа актінің кабылдануына байланысты. Жаңадан қабылданған акт қағида бойынша өзі
қабылданғаннан кейінгі пайда болған қоғамдық қатынастарға ғана өз күшін тарата (яғни
қолдана) алады.
Заңның кері күші болмайды. Мұның мағынасы – заң өзі қабыданғаннан бұрын пайда
болған қоғамдық қатынастарға қолданылмайды, яғни əлгі қатынастарға бұл заңның күші
жүрмейді – деп түсіну керек.
Дей тұрсақ та, бұл қағидаттан ерекшелік ретінде болатын қағидалар да бар, олар:
1. Нормативтік құқықтық актінің өзінде осы акт қағидаларын, осы акт қабылданғаннан
бұрын пайда болған қатынастарға қолданудың көзделгендігі арнайы түрде атап көрсетілген
жағдайларда заңның кері күші пайда болады.
2. Нормативтік құқықтық акт қылмыстық жауаптылықты жеңілдеткен жағдайда да заңның
кері күші болады.
3. Нормативтік құқықтық акт қылмыстық жауаптылықты жойған жағдайда да заңның кері
күші болады.
Нормативтік құқықтық актінің кеңістіктегі күшін сипаттауды осы ұғымға енетін кеңістік
аталымының мағынасын түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен, кеңістік дегеніміз мемлекет
шекарасы шегіндегі жер беті (бедері) белігі, оның қойнаулары ішкі-сыртқы су айдыны,
олардың үстіндегі əуе (атмосфера) кеңістігі жатады, халықаралык сулардағы ашық
теңіздерде жүзіп жүрген əскери жəне олардан басқа да кемелердің, ұшатын аппараттардың
аумағы, сондай-ақ елшіліктердің аумақтары.
Сондықтан да бұл аумактар құқық теориясында "экстерриториалдылық" деген ұғым
арқылы беріледі.
Нормативтік актілер күшінің "экстерриториалдылығы" құқықтық актілердің мемлекет
аумағынан да тысқары аумақтарға жайылып таралуын білдіреді. Мысалы, белгілі бір
саудадағы мəмілелерді: (келісімдерді), кейбір мұрагерлік туралы істерді сотта қарағанда
шетелдік заңдарды пайдалануға рұксат беріледі.
Қамту өрісі (субъектілер) – бұған азаматтар, азаматтығы жоқтар жəне шетелдіктер
жатады. Жалпы ереже бойынша нормативтік актілер мемлекет аумағындғы тұлғалардың
бəріне бірдей таралады.
Бұл қағидаттан да ерекшелік ретінде болатын өзгешеліктер бар. Мысалы, нормативтік
актілердін күшін қолдануда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға деген өзіндік
ерекшеліктер болады. Оларға кейбір құқықтар берілмейді, белгілі бір міндеттер жүктелмейді
(Мемлекеттік органдарды сайлауға, өздерінің оларға сайлауына, қарулы күштер қатарында
əскери қызметін өтеу (атқару) жəне т.б. құқықтары берілмейді).
Шет ел өкілдері (ел басылар жəне үкімет басшылары, елшіліктердің дипломатиялық
қызметкерлері, басқалай да шет елдік азаматтар дипломатиялық... (экстерриториалдық)
құқықтарға ие болады. Қазақстан Республикасы аумағында олардың жасаған құқық
бұзушылықтары
үшін
қылмыстық
жəне
əкімшілік
жөніндегі
жауаптылықтары
дипломатиялық жолдар арқылы шешіледі.
Құқық нормасы мен нормативтік құқықтық акт бабының арақатыснасы
Құқық нормасы өзінің білдірілудегі көрінісін нормативтік құқықтық актілер бабынан
табады. Алайда құқық нормасы мен құқықтық нормативтік актінің бабы бара-бар емес.
Көбінесе олар бірдей болмайды яғни үйлеспейді. Құқық нормасы жүріс-тұрыстың ережесі,
ол жорамал диспозиция жəне санкциядан тұрады. Ал, нормативтік актінің бабы - құқық
нормасын жүзеге асыратын құрал. Ол мемлекеттің ерік-ықтиярын білдірудің нысаны.
Құқық нормасы мазмұн бола тұра, оның нысаны ретінде көрінетін нормативтік акт
бабымен түрлі-түрлі арақатыстылықта болады.
Заң қабылдаушы жүріс-тұрыс ережесін баяндауда құқық нормасының логикалық
құрылымына жататын үш элементтің бəрін де бір нормативтік актінің бір ғана бабына
сиғызуы мүмкін; нормативтік актінің бір бабына бірнеше құқықтық норманын да
орналастырылуы ықтимал; құқық нормаларының элементтері өр түрлі нормативтік
актілердің əлденеше баптарында мазмұндалуы мүмкін; құқық нормалары элементтерін бір
ғана сол нормативтік актінің бірнешелеген баптарында да баяндалуы мүмкін.
Мазмұндау тəсілі бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының
арақатыстылығы (байланысы) үш нұсқада болуы ықтимал:
а) тікелей тəсіл - құқық нормасы нормативтік актінің бабында тікелей баяндалған
жағдайда осы тəсіл орын алады.
ə) сілтеме тəсіл - нормативтік актінің бабы бүкіл норманы баяндамастан, осы нормативтік
актінің басқа бабына сілтеме жасағанда осы тəсіл орын алады. Мысалы, ҚР
Конституциясының 45-бабы 2 тармағы;
б) бланкеттік тəсіл - нормативтік актінің бабы норманы баяндамайды жəне нақты бапқа
сілтеме жасамайды, оның орнына, қандай бір нормативтік актінің бүкіл бір түріне сілтеме
жасай салғанда осы тəсіл орын алады. Мəселен, ҚР Конституциясының 6-бабы, 3 тармағы.
Құқық қабылдаушы орган құқық нормаларының логикалық үйлесімді жүйесін құруды
қамтамасыз ету қажеттілігін басшылыққа алады. Сөйтіп оған нормативтік құқықтық актінің
баяндалу тілін бағындырады. Мұның өзі құқық қабылдаушы органның алдына бірнеше
арнайы міндеттер қояды: құқық нормаларын логикалық түрде бір нормадан кейін келесі
норманың жасалуын, жалпылықтан нақтылыққа қарай жылжу түріне келтіреді. Əртүрлі
құқықтық нормаларды жасақтау барысында заңдық жөні бар қағидалардың бірнеше
нормаларда
қайталанулары
болдырылмайды.
Нормативтік
акт
тілінің
логикалық
айқындылығына сөйтіп қол жеткізіледі. Құқық нормалары ең ұқыпты осындай тəсілдер
арқылы жасалады. Құқық нормаларынан орын алған өз-өзінен айқын жəне жалпының бəріне
белгілі қағидаларын, фактілерін, жағдайларын шығарып тастап, ондайларды болғызбайды.
Осында аталған мəселелерді шешу ісі ұдайы да үнемі жүріп жатады. Кемшіліктер мен
олқылықтар да жіберіліп, олар түзетіліп те жатады. Сондықтан да құқық нормаларының
нормативтік акт баптарында үйлеспеушіліктердің орын алуы кездесіп жатады.
№17 Дəріс
Тақырып: Құқықшығармашылық жəне нормативтік құқықтық акілердің жүйелілігі
Дəрістің
мазмұны:
1.Құқық шығармашылық ұғымы, түрлері жəне қағидалары
2.Құқық шығармашылықтың негізгі сатылары
3.Нормативтік құқықтық актілердің (заңдық) жүйелілігінің түсінігі.
4.Нормативтік құқықтық актілер жүйелеудің түрлері: инкорпорация, кодификация,
консолидация
5.Заңдық (заң шығарушылық) техника жəне оның құқықшығармашылық жəне жүйелілік
заңшығарушылықтағы маңызы.
Құқық шығармашылығы мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарының бірі. Заң
ғылымында
құқық
шығармашылық
екі
аспекті
тұрғысынан
түсініледі.
Құқық
шығармашылығы мағынасы құзырлы органдардың құқықтық нормаларды тікелей жасау
процесі Ал кең мағынада құқық шығармашылық дегеніміз процесс деп қаралады. Ол құқық
шығармашылық түпкі ойдың туындаған сəтінен басталады да құқықтық норманың нақты
жүзеге асырылуына шейін созылады (яғни оны даярлау, қабылдау, жариялау жəне т.с.с.
дейін).
Құқық шығармашылығын ұғынудағы тəсілдердің айырмашылығына қарамастан, бұл
əрқашанда құқық өкілеттігі бар органдардың белгілі бір нормативтік актілерді даярлау,
қайтадан өңдеп даярлау жəне баспадан шығару бойынша атқарған қызметтік əрекеттері
болып табылады.
Құқық шығармашылық қызметі негізгі екі бөліктен тұрады.
Біріншісі—
заңдық
мəні
бар
əрекеттермен
байланысты
болмайтын
құқық
шығармашылықтың ұйымдық мəселелері кіреді (нормативтік актінің жобасын даярлау, оны
талқылау жəне т.с.с).
Екіншісі — өз негізінде құқықтық қағидаттарға (принциптерге) сүйенеді. Ал оның
қызмет етуінің басталу сəті болып нормативтік акт жобасын даярлау туралы шешімнің
бекітілуі саналады.
Осы екі бөлік бір-бірімен тығыз байланысты жəне жалпы контексте қарастырғанда
құқықтық құжатты талқылауға, қабылдауға жəне жариялауға дайындау процесі тұтас рəсім
болып табылады. Осыған сəйкес құқық шығармашылық процесін негізгі екі сатыға бөледі.
Біріншісі - нормативтік актінің жобасын жасауда мемлекеттік ерік-ықтиярды алдын ала
қалыптастыру қарастырылады. Осы сатыдағы барлық іс-əрекеттер дайындық сипатта болады
жəне олар құқықтық салдарды туындатпайды.
Екінші саты - құқық нормаларында мемлекеттің ерік-ықтиярын ресми түрде бекіту,
мұның өзі нормативтік актінің жобасын жалпыға бірдей міндетті сипаты бар құқықтық актіге
айналдыру болып табылады.
Құқық шығармашылығы төмендегідей ерекшеліктер арқылы сипатталады:
- белсенді түрдегі, шығармашылықты білдіретін, мемлекеттік қызмет болып табылады;
- оның шығаратын негізгі өнімі - ең алдымен нормативтік актілерде іске асырылатын
заңдық нормалар;
- қоғамды басқарудың ең манызды құралы, оның даму стратегиясы осы жағдайда
қалыптасады, мінез-құлықтың (жүріс-тұрыстың) маңызды ережелері қабылданады;
- құқық шығармашылықтың деңгейі мен мəдениеті, осыған сəйкес қабылданылатын
нормативтік актілердің сапасы да – қоғамның өркениеттенуі мен демократиялануының
көрсеткіші;
- құқықтық нормаларды жасау, өзгерту жəне оның күшін жоюда объективті əлеуметтік
қажеттіліктерді жəне коғам мүдделерін танып білуге негізделген мемлекеттің ерекше
нысанды қызметі. Құқық шығармашылық ісі белгілі қағидаттарға: демократизмге,
жариялылыққа, кəсіпқойлыққа, заңдылыққа жəне құқық қолданудағы іс-тəжірибемен
(практикамен) байланыстыруға негізделінеді.
Осы қағидаттардың сипаттарын қарастырайық:
1) демократизм - азаматтардың құқық шығармашылық ісіне қатысу деңгейін
сипаттайды; қоғамдағы рəсімді нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды;
2) жариялылық - құқық шығармашылық ісінің қалың жұртшылыққа ашықтығын
білдіреді;
3) кəсіпкерлік - осындай қызметпен құзыретті адамдар - заңгерлер, басқару ісінің
мамандары, экономистер (барлығы да білікті ғалымдар болуы қажет) жəне т.б. айналысады.
4) заңдылық - осы құқық шығармашылық ісімен айналысу қызметі Конституция мен
басқа да заңдар аясында атқарылуы тиіс;
5) ғылымилық-нормативтік актілерді даярлау барысында əлеуметтік-экономикалық,
саяси жəне басқалай да ахуалдарды зерттеу аса маңызды болады; қоғамның дамуындағы
объективтік қажеттіліктерді жете зерттеудің құқық шығармашылық ісіне тигізер ықпалы зор
болады.
Осы параметрлерді анықтау үшін түрлі-түрлі əлеуметтік-құқықтық эксперименттер,
социологиялық (əлеуметнамалық) сұраулар жүргізу, анкеталау жəне т.с.с. көрсетілген
факторларды ескеріп барып қабылданған құқықтық ұйғарымдар дəлелді жəне тиімді болады,
Құқық қолдану іс-тəжірибелерімен болатын байланыс – заң шығарушы орган құқық
қолданушылармен байланыс орнатпаса өз еңбектерінің нəтижелерінен бейхабардар болады.
Қабылданған құқықтық шешімдердің тиімділігі жөнінде қорытындыларды жасауда, өз
жұмыстарындағы олқылықтар мен кемшіліктерді түзетуде тəжірибені пайдалану ісі ақсайды.
Құқық қолдану іс-тəжірибесі заң шығарушының тарабынан жіберілген олқылықтар мен
кемшіліктерді табуға мүмкіндік береді, құқық шығармашылық ісіндегі қажеттіліктерді
көрсетеді.
Субъектілерге байланысты құқық шығармашылық мынадай түрлерге бөлінеді:
1) халықтың тікелей құқық шығармашылығы – бұл мемлекет пен коғам болмысының ең
маңызды мəселелері бойынша референдум – бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өткізіледі;
2) мемлекеттің өкілетті органдарының тікелей құқық белгілеу қызметі;
3) мемлекеттік органдардың өздеріне тəуелсіз əдет-ғұрып түрінде қалыптасқан немесе
мемлекеттік емес ұйымдар даярлаған нормаларды бекітуі (санкциялауы).
Заң қабылдау ісі құқық шығармашылықтың құрамдас бөлігі болып көрінеді. Заң
шығармашылықтың мағынасы - ең жоғары заң қабылдау органының (парламенттің) ең
жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық актіні қабылдауы. Мұның өзі негізгі төрт
сатыдан тұрады:
1) заң шығару бастамасы;
2) заң жобасын талқылау;
3) заңды қабылдау;
4) заңды жариялау.
Заң қабылдаудағы осы сатылардың барлығының орындалуы Қазақстан Республикасы
Конституциясында өз көріністерін тапқан.
Заң шығару бастамасы құқығы – құзырлы органдардың, қоғамдық ұйымдар мен
жекелеген адамдардың парламентке заңдар немесе басқалай да актілер шығару жөнінде
немесе өзгерту, күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге құқықтылығы. Мұндай ұсыныстар
енгізудің соңы бұл мəселенің парламентте міндетті түрде қаралуымен аяқталады. Бұл заң
шығару бастамасы ұсыныс немесе дайын заң жобасын парламентке беру түрінде көрінеді.
Заң қабылдаудың ең жоғары органы мұндайда жаңағы ұсыныс немесе жобаны өз өндірісіне
алуы тиіс. Мұндай ұсыныстар қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сəйкес заң шығару бастамасы
құқығы ҚР парламент депутаттарына, ҚР үкіметіне тиесілі.
Заң жобасын талқылау ең алдымен Мəжілісте өтеді. Мəжіліс депутаттарының жалпы
санының көпшілік дауысымен қарастырылып барып қабылданған заң жобасы Сенатқа
жіберіледі. Онда алпыс күн ішінде қаралуы тиіс. Сенат депутаттарының жалпы санының
көпшілік дауысымен қабылданғаннан соң заң жобасы Заңға айналады, сөйтіп 10-күннің
ішінде президентке қол қоюға тапсырылады.
Қазақстан Республикасының Заңдары республика Президенті қол қойғаннан кейін өз
күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті заңға 15 күннің ішінде қол қояды,
халыққа таратылады, жарияланады. Мұндай болмаған жағдайда заңды немесе оның
жекелеген баптарын қайта талқылауға, дауысқа салуға парламентке жіберіледі.
Егер де парламент əрбір палата депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен
осының алдында қабылданған шешімін растаған болса, онда Президент 7 күннің ішінде заңға
қол қояды. Егерде президент заңға қарсы болып ол қарсылығы қабыл алынса, онда заң
қабылданбаған болып саналады да президент ұсынған редакцияда қабылданған болып
саналады.
ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу парламенттің əрбір палатасы
депутаттарының жалпы санының төрттен үшінен кем емес дауыстарымен қабылданады.
Конституциялық заңдар Конституцияда көзделіп қарастырылған мəселелер бойынша
өрбір палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыспен
қабылданады.
Конституциялық заңдарды қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
жөне Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мəселелерді қарауда заң
жобасының екіден кем емес оқылуын жүргізу міндетті (ҚР Конституциясының 62-ші бабы).
Барлық заңдар оған Президент қол қойғаннан кейінгі жеті күн ішінде ресми түрде
жариялануға жатады.
Заңдар ресми жарияланғанынан он күн өткеннен соң өз күшіне енеді. Егер де заңның өз
күшіне енуінің басқаша нақты тəртібі сол заңда белгіленсе, онда заң өз күшіне сол тəртіп
бойынша енеді.
Əрбір мемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық нормалар мен құқықтық нормативтік
актілер болады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп
отыру қажет. Мұндай қызметті "заңдарды жүйелеу" яғни құқықтық нормативтік актілерді
нақты іс-тəжірибелерде пайдалану мақсатында оларды "тəртіпке салу" деген ұғымын
білдіреді. Заң ғылымында заңдарды жүйелеудің негізгі екі түрі бар: инкорпорация жəне
кодификация.
Инкорпорация - нормативтік материалдарды белгілі бір тəртіппен бірыңғай жинақтарға
жиынтықтау жəне біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер əдетте əліпбилік
тəртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады.
Инкорпорациялық жиынтықтауда нормативтік материал əртүрлі жинақтарға толық
немесе бірен-сарандап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған актілердің
мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен, кейде олардың
мəнінің мазмұндалу түрінің өзгертілуі де мүмкін болады.
Инкорпорациялауда құқықтық акт мазмұны жағынан өзгертілмейді, оның өзгертулері
сырттай болады: актінің бастапқы мəтініне ресми түрде енгізілген өзгерістер кіргізіледі,
өздерінің күшін жойған баптар, уақытша ғана маңызды болған тармақтар, сондай-ақ ашық
түрде қайшылықтары барлары жəне тағы соған ұқсастары алынып тасталынады.
Инкорпорациялық өңдеуден өткен актілердің заңдық күші олардың қабылданған
мерзімінен бастап сақталады. Субъектілері бойынша инкорпорация официоздық (жартылай
ресми) инкорпорация жəне ресми емес инкорпорация деп жіктелінеді.
Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған
мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды
(күші барларын) жариялау жəне қайтадан баспа арқылы шығарудың тəсілі. Сондықтан ресми
инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық
жəне пəндік түрінде болады.
Хронологиялық ресми инкорпорация - нормативтік актілердің белгілі бір тəртібіне
келтірілуін олардың ресми жариялануы барысында жасауды көздейді.
Пəндік ресми инкорпорация - жүйелеудің күрделілеу түрі. Мұның нəтижесінде
мемлекеттік билікті басқарудың ең жоғары органдары шығарған күші бар нормативтік
актілерінің томдары, жинақтары жасалынады.
Бұл томдар мен жинақтарға нормативтік құқықтық актілер пəндік қағидат бойынша,
қатаң түрде тақырыптар бағыттарын сақтай отырып орналастырылады. Мысалы:
мемлекеттік құрылысты реттейтін, əкімшілік жауапкершілік, халық шаруашылығы
салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді біріктіру.
Ресми емес инкорпорация - мұнда жүйелерді арнайы тапсырма алмай-ақ жекелеген
ведомство, ғылыми жəне оқу орындары, жеке тұлғалар жасай береді. Сондықтан да ресми
емес инкорпорациялық жинақтарды заңдар негіздері (қайнар көздері) ретінде бағалауға
болмайды. Құқық шығармашылығы істерінде, құқық қолдануларда бұларды нормативтік
актілер жариялаудың нысаны ретінде қарастырып сілтемелер жасауға болмайды.
Кодификация - жүйелеудің ең күрделі жəне жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды
түбегейлі
түрде
ішкі-сыртқы
мəн-мағыналарын
өңдеу
барысында
жаңартылған
кодификациялық акті даярлау жəне қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып
табылады.
Осындай кодификациялаудың нəтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген
тұтас
актіге
жинақталады,
оны
тиісті
мемлекеттік
органдар
қабылдап
алады.
Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар, қағидалар
жəне т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция - басты кодификациялық акт. Бұлардан басқа
қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, қылмыстық істерді жүргізу, азаматтық
істерді жүргізу жөне т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші бар актілер ретінде
танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде қолданыстағы "Жол жүру
ережелері", "Темір жол жарғысы" жəне т.б. жатады.
Кодификациялық актілерде құқықтың белгілі бір салаларындағы əртекті қоғамдық
қатынастарды тəртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып
келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы жəне орнықтылығымен ерекшеленеді. Ағымдағы
барлық
заңдар
осы
кодификациялық
актіде
тұтастыққа,
орнықтылыққа
қарай
бағдарландырылған, əрі қатарластыра бағындырылған.
Кодификацияның айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктері:
1. Кодификацияны тек өкілетті мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырады жəне ол
ресми сипатта болады.
2. Кодификациялаудың нəтижесінде бірнеше актілер əр түрлі нормаларға біріктіріледі,
сөйтіп түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт жасалады. Оның мəтіні түп нұсқадағыдай
ресми. Құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы тиіс.
3. Кодификация
оқтын-оқтын
жүзеге
асырылып
отырады,
ол
нормативтік
материалдардың жиналып қордалануына жəне объективтік қажеттілікке байланысты
жасалады.
Кодификацияны салалық жəне арнайы деп айырмалайды:
Салалық кодификация - қандай бір белгілі заңдар саласының немесе оның салашасының
нормативтік материалдарын біріктіру болып табылады (ҚР Азаматтық Кодексі; ҚР
Қылмыстық Кодексі жəне тағы басқалар).
Арнайы кодификация - белгілі құқықтық институттың немесе бірнеше құқықтық
институттың нормаларын біріктіреді (ҚР Су Кодексі, ҚР Орман Кодексі жəне тағы басқалар).
Достарыңызбен бөлісу: |