Мемлекеттің мəні мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты



бет21/22
Дата10.02.2022
өлшемі78,29 Kb.
#25229
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Коммуникативтік  тəсілді  қолдану  аркылы  саяси  ұйымның  саяси  жүйеге

60
жататын басқа үйымдармен қарым-қатынасының дəрежесін, деңгейін, көлемін,


мазмұнын түсінуге болады.
Саяси  жүйе  дегеніміз  саяси  билікті  жəне  азамат  пен  мемлекеттің  өзара
байланысын  ұйымдастырушы, сонымен  бірге  өздері  өзара  əрекеттесуде
болатын 
нормалар 
мен 
идеялардың 
осыларға 
негізделген 
саяси
институттардың, мекемелер мен əрекеттердің жиынтығы.
Осы  аталып  отырған  көп  қалыпты  қүрылымның  негізгі  тағайыны
адамдардың  саясаттағы  əрекеттерінің  бірлігін, тұтастығын  қамтамасыз  ету
болып табылады.
Əдебиеттерде саяси жүйе төрт тараптың диалектикалық ынтымағы (бірлігі)
деп атап көрсетіледі:
1.Институционалдық (мемлекет, саяси 
партиялар, əлеуметтік-
экономикалық  жəне  басқалай  да  үйымдар) Осылардың  бəрі  жиынтық  түрінде
коғамның саяси үйымын құрайды.
2. Реттеуші (күқық, саяси  нормалар  мен  дəстүрлер, имандылық
нормаларының кейбіреулері жəне т.б.).
3. Қызметтік (функционалдык) саяси  режимнің  негізін  құрайтын  саяси  іс-
əрекет əдістері.
4. Идеологиялық (ең алдымен осы қоғамда ұстемдік кұрған саяси сана).
Осындай тəсілді негізге ала отырып саяси жүйе құрамының негізгі кұрамдас
бөліктерін  ажыратып  көрсеткенде  саяси  жəне  құқықтық  нормаларды, саяси
құрылымды, саяси  іс-əрекетті, саяси  сананы  жөне  саяси  мəдениетті  атауға
болады.
1. Саяси  жəне  құқықтық  нормалар - бұларға  мінез-кұлықтың  калыптасып
болған немесе анықталып белгіленген, саяси катынастарды реттеудің тəсілдері,
бар  жəне  əрекет  үстіндегі  конституциялар, кодекстер, заңдар, партиялардың
жарғылары мен бағдарламалары, саяси үрдістер мен рəсімдер жатады.
2. Саяси құрылым - бұларға саяси жəне мемлекеттік ұйымдар, институттар,
мекемелер мен олардың араларындағы қатынастар жатады.
3. Саяси  іс-əрекет - бұған  адамдардың  қоғамдағы  саяси  биліктің  қызмет
етуін  қамтамасыз  етуге, өзгертіп  кайта  құруға  жəне  қоғамдағы  саяси  билікті
жүзеге асыру жүйесін корғауға бағытталған əртүрлі əрекеттері жатады.
4. Саяси  сана  мен  саяси  мəдениет - мұндағы  ескерілетіні  саяси  билік
механизмінің іс-əрекетін көрсететің руханият көріністерінің көп түрлілігі жəне
олардың  саяси  қатынастар  аясында  адамдардың  жүріс-тұрысын  бағыттап
отыратындығы түсініледі.
Саяси  мəдениет - саяси  билік  мүшелері  қабылдаған  жəне  өздерінің  іс-
əрекеттері  мен  қатынастарында  пайдаланатын  саяси  идеялардан, рəміздерден,
нанымдардан тұратын құндылықтар жүйесі.
Қоғамның саяси жүйесі - белгілі саяси қызметтерді атқарып, оларды жүзеге
асыратын  мемлекеттік  жəне  мемлекеттік  емес  институттар  жүйесі. Мемлекет,
партиялар, кəсіподақтар  жəне  қоғамдық  болмыста  іс  түйіні  билікті  күшпен
тартып  алулармен, одан  ажырап  қалмау  жəне  пайдалану  əрекеттерімен
байланысты  ұйымдар  мен  қозғалыстар  жоғарыда  аталған  институттарға
жатады. Саяси  жүйе  ішкі-сыртқы  саясатты  жүргізуді  камтамасыз  етеді,

61
əлеуметтік  топтарды  калыптастырады, олардың  мүдделерін  білдіреді  жəне


оларды қорғайды. Саяси жүйенің сипаты əлеуметтік ортамен тығыз байланыста
болады, өйткені өзі содан туындап, соған қызмет етеді.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі субъектілері ретінде мемлекет, партиялар
жəне қоғамдық қозғалыстар ең алдыңғы қатарға шығады.
Мемлекет - саяси жүйеде бастауыш рөл атқарады, өйткені, онын өзіне ғана
тəн  ерекше  белгілері  болады: біріншіден - қоғамды  интеграциялауға
(біріктіруге) қабілетінің  болуы, бұл  қабілет  коғамда  болатын  əлеуметтік
өзгешеліктерге, мүдделер тартысы дегенге қарамастан өз ықпалымен əсер етеді;
екіншіден - мемлекет - билік  органы. Ол  белсенді  түрде  коғамдық
қатынастарды  ұйымдастыру  ережелерін, белгіленген  нормаларды  сақтағаны
(бұзғаны) немесе  бұзғаны  үшін  санкцияларды, көтермелеу  мен  жаза
қолдануларды  жүзеге  асырады; үшіншіден - қоғамда  онын  құқық
шығармашылық  кызметі  болады; төртіншіден - мемлекеттік  биліктің
көпшілікке тəндігі, жалпылық істерді басқарудың кəсібилендірілуі, мемлекеттік
органдарға, олардын қызметкерлеріне өкілеттіктерді ерікті немесе еріксіз беру,
басқа адамдарға сол өкілеттіктерді басқаруға беру; бесіншіден - саяси кеңістік
шегінің ерекшелігі (өзгешелігі) мен оның айқындығы.
Мемлекеттің географиялық шегі болады; оның билігі жүретін аумағы, езінің
азаматтарын - мемлекет  мүшелерін  қамтитын -заңдық  ықпалы  болады. Осы
зандық  ықпал  бойынша  мемлекет  алдында  əлгі  мүшелерінің  заң  бекіткен
міндеттері, құқыктары  болады, олар  алым  салықтар  төлейді  жəне  тағы
сондайлар. Басқаша  айтқанда, мемлекеттің  зандық  ықпалы  бойынша  оның
органдарының  бар  болуы  мен  əрекет  етуіне  материалдық  мүмкіндіктер
тудырылады, камтамасыз етіледі.
Саяси  жүйеде  мемлекеттің  алатын  орны  ерекше. Мемлекет  барша  елдің
ресми  өкілі  болып  саналады, себебі  ол  қоғамды  қандай  да  болсын  ерекше
бөліктерге бөлмей қоғамның, халыктың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет
атқарады. Мемлекеттің  тарихи  даму  барысында  қалыптасқан, тек  оның  өзіне
ғана тəн құрылымы бар. Мемлекет өз қызметін атқару үшін ерекше ұйымдардан
тұрады: ол  мемлекет  органдары. Саяси  жүйенің  басқа  бөліктерінің  мұндай
құрылымы  болмайды. Мұны - мемлекеттің  механизмі  дейді. Осы  механизм
арқылы  мемлекет  өзінің  сан  алуан, түрлі  бағыттағы  қызметін  атқарады.
Мемлекет  тек  қоғамның  ішінде  ғана  емес, басқа  мемлекеттермен  қарым-
қатынас, алыс-берістер  жасауға  байланысты  да  қызмет  атқарады. Тек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет