МЕМЛЕКЕТТІК САЯСИ РЕЖИМДЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛІЛІК БЕЛГІЛЕРІ
Режимнің
белгілері
Тоталитарлық
жүйедегі көрінісі
Авторитарлық
жүйедегі көрінісі
Либералдық
жүйедегі көрінісі
Демократиялық
жүйедегі көрінісі
Билікті
атқарудың (іске
асырудың)
сипаты жəне
ауқымы.
Басқару
билігіне
адамдардың
көзқарасы.
Адамдар мен
басқару
билігінің өзара
əрекетінің
жалпы
сипаттамасы.
Қоғамдық
бірлестіктердің
мəртебесі
Жалпыға бірдей
бақылаудың
жоқтығы жəне
зорлық-
зомбылықтың
өктемділігі.
Қоғамдық
сананың басқару
билігіне
бағыныштылығы.
Барлық
құрылымдар
талқандалып
қиратылды.
Қоғам өмірінде
билік тарапынан
бақылауға
алынбаған салалар
пайда болады.
Қоғамды басқару
билігінен халық
шеттеледі.
Қоғамдағы
бірлестіктерге
кəсіпкерлік
мемлекеттік емес
сипат жағдайы
болғанда ғана іс-
əрекет етуге рұқсат
беріледі.
Бақылауға
алынбаған
салалардағы
тəуелді емес
топтармен өзара
мəмілеге келуге
тырысады жəне өзі
қорытынды-лайды.
Қоғам билікке
(өкіметке) ықпал
етеді.
Басқару билігіне
ұмтылмайтын
ұйымдардың бəріне
рұқсат беріледі.
Басқару билігі
заң бойынша
сайланған
азаматтар -
өкіллер
құзырымен
атқарылады.
Нақты
басқарушыларды,
яғни,
билеушілерді
халық сайлайды.
Қоғамдық
ұйымдардың
құрылымдары
саяси биліктің
негізгі тұғырына
айналды.
48
Қоғамдық
бірлестіктердің
мəртебесі
Басқару билігінің
бұйрығындағы
көрсетілгендерге
ғана рұқсат етіледі.
Саясатқа қатысы
жоқтарға ғана
рұқсат етіледі.
Басқару билігін
жойып
өзгертуден
басқаның бəріне
рұқсат етіледі.
Заңмен тыйым
салынбағанның
бəріне рұқсат
етіледі.
Саяси мінез
құлықтың
мұраттық сипаты.
Өкімет билігі өте
құдіретті болады.
Барлығы билейді.
Жеке
адамның
ынтасы,
құлшынысы
бірдей,
біркелкі болады
Өкімет билігі
құзыреттілікке
негізделеді.
Жеке адам
бойынсұну
жəне
құқықсыздық
жағдайында
болады.
Өкімет билігі
адамгершілік
негізделеді.
Жеке
адам
белсенді –
сыншыл –
конформист,
жауапсызды-
ғымен сипатта-
лады.
Өкімет билігі
заңды
бұлжытпай
орындауға
негізделеді
Жеке
адамның
іс-əрекеті
заңды
бұлжытпай
орындауға
негізделеді.
49
Жетінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ
Мемлекет типологиясы (жіктелуі, топтастырылуы) дегеніміз мемлекеттерді
өздеріне тəн айырымдық белгілері негізінде біріктіріп топтастыруға мүмкіндік
жасайтын, сөйтіп оның тарихи дамуындағы қисынын (логикасын) айқындайтын
ғылыми жіктеу болып табылады.
Мемлекеттерді типке бөлудің екі тəсілі бар:
1. Формациялық тəсіл; 2. Өркениеттік тəсіл. Мемлекеттерді формацияға
бөлу қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік құрылысының ерекшеліктеріне
байланысты. Мұндай тəсілді қолдану нəтижесінде қоғам таптарға бөлінеді де,
олардың əрқайсысының экономикалық жүйеде өзінің ерекше орны болады.
Құлдық дəуір коғамында негізінен екі үлкен тап: құл иеленушілер мен құлдар
болған. Жеке меншік құл иеленушілердің қолында болып, құлдар тек жұмыс
істейтін құрал ретінде пайдаланылған. Сондықтан мемлекет те негізінен, құл
иеленушілердің еркін білдіріп, солардың мүддесін қорғаған. Ондай мемлекетті
құл иеленушілік мемлекет дейді. Феодалдық қоғам феодалдар мен шаруаларға
бөлініп, ол қоғамның экономикалық негізін феодалдар жəне шаруалардың жеке
меншігі құраған. Бұл қауымды феодалдық қоғам деп атайды. Феодалдық
қоғамда да екі негізгі тап: феодалдар жəне оларға басыбайлы шаруалар болды.
Мұндай қоғамдағы мемлекет феодалдық мемлекет деп аталды. Себебі, ол
негізінен, феодалдардық еркін білдіріп, солардың мүддесін, меншігін қорғайды,
шаруаларды феодалдарға бағынуға мəжбүрледі. Буржуазиялық қоғам да
негізінен, екі таптан тұрады: буржуа жеке меншік иелері жəне өз еңбегінің
күшімен ғана өмір сүретін жұмысшылар, шаруалар, ой еңбегі қызметкерлері.
Мұндай қоғамда мемлекет, негізінен, жеке меншік иелерінің мүддесін
қорғайды. Сонымен қатар қоғамда таптардың арасында қайшылықтардың
асқынып кетпеуі үшін шаралар қолданылып, құқықтық тəртіп орнатуға қажетті
əрекеттер жүзеге асырылады.
Марксизм-ленинизм ілімі негізінде XX ғасырдың басында социалистік
мемлекет дүниеге келді. Мұндай мемлекеттің типі əр түрде қалыптасты. Оның
басқа типті мемлекеттерден түбегейлі ерекшелігі – еңбекшілердің, жұмысшы
табы мен шаруалардың еркін баянды етіп, солардың мүддесін қорғайтын
мемлекет ретінде жариялануы болды.
Формациялық тəсілді пайдаланып мемлекеттер типологиясын жасағанда
айырымдық белгі ретінде қоғамдық-экономикалық формация категориясын
яғни өндіріс тəсілінің əйтеуір біріне негізделген қоғамның тарихи түрі (типі)
алынады. Формациялық типология бойынша мемлекеттердің төрт түрі болады,
олар:
- құл иеленуші;
- феодалдық;
- буржуазиялық;
- социалистік.
Қазіргі кезде мемлекеттің шығыстық типі (түрі) деген қарастырылуда, ол
құл иеленуші мемлекеттен бұрын болған.
50
Мемлекет типтерін егжей-тегжейлі қарастырар болсак, онда төмендегідей
мемлекеттер сипаттарына тоқталамыз:
1. Шығыстық мемлекет (батыс елдері ғалымдарының зерттеулерінде осылай
аталады) (Египет (қазақша: Ежелгі Мысыр), Вавилои (қазақша: Ежелгі Бабьш).
Бұл мемлекеттердің географиялық орналасуы мен табиғаттық жағдайлары ірі-
ірі суландыру жүйелерін салу жұмыстарын ұйымдастыруды қажет еткен.
Сондықтан да бұл мемлекеттерде жерді суландыру құрылыстарына
мемлекеттік меншік болды жəне мұның өзі сол мемлекеттің экономикалық
негізін құрады. Осыдан барып шығыстық
мемлекеттің қызметтері
анықталды, ол қызметтер:
а) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
б) Салықтар мен алымдарды өндіріп алу (жинастыру);
в) Өзінің аумағын қорғау немесе бөгде мемлекеттің жер аумағын жаулап
алу;
г) Қауымдастар мен құл-күндердің қарсылықтарын басу.
Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі шығыстык деспотия түрінде
болатын. Бүкіл билік мұрагер монархка тиесілі болып, мемлекетті қуатты
əскери-бюрократтық аппараттық күшімен басқарған.
2. Құл иеленуші мемлекет (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим). Бұл мемлекеттердің
экономикасының негізі (базисі) тек өндіріс құралдары мен жабдықтары ғана
емес, сонымен бірге өндіруші күштер болып табылатын құлдар да құл
иеленушілердің меншігі болатын. Мұнда құл иеленушілер жəне құлдар негізгі
таптар еді, бұлардан басқа əлеуметтік топ – қоленершілер болатын жəне т.б.
Мемлекеттің қызметтері:
а) құл иеленушілердің жеке меншігін қорғау жəне қызметкерлерді қанауға
жағдайлар туғызу болатын;
б) құлдардың қарсылықтарын болдырмау, оларды басып, езу-жаншуды
ұйымдастыру;
в) тəртіпті сақтау, тəртіпке келтіру мақсатында идеологиялық күш жұмсап
ықпалын тигізіп отыру.
Бұл мемлекеттерде мемлекеттік билікті (өкіметті) ұйымдастырудың
монархия жəне республика түрінде болатын.
3. Феодалдық мемлекет, бұл мемлекеттердің экономикалық базисі (негізі) -
жерге, толық басыбайлы шаруаларға жарым-жартылай түріндегі меншік иесі
болу феодалдардың үлесі болатын. Мұндағы негізгі таптар феодалдар жəне
басыбайлы шаруалар еді. Аралық тап - қолөнершілер мен т.б. болатын.
Мемлекет қызметтері:
а) Феодаддық меншікті қорғау;
б) қаналушы таптың қарсылығын басу;
в) сыртқы шабуылдардан қорғану жəне басқаларды басып алушылық
(басқыншылық) соғыстарын жүргізу.
Мемлекеттік билікті (өкіметті) ұйымдастыру түрі - əртүрлі монархия.
Басқарудың республикалык түрі (нысаны) тек қала – республика болғандарда
кездесіп отырған (мысалы, Генуя, Псков).
51
4. Буржуазиялық (капиталистік) мемлекет. Мұндай
мемлекеттің
экономикалық базисі - өндіріс кұралдарына жеке меншіктің болуы, ал негізгі
таптары буржуазия мен жүмысшылар, əлеуметтік таптарына - люмпен -
пролетариат (қайыршыланғандар) жатады.
Мемлекет қызметтері:
а) экономикалық яғни белсенді түрде қатысып араласу арқылы экономиканы
мемлекеттік реттеу;
б) əлеуметтік (Халықтың кедей топтарына қолдау көрсету жəне т.б.).
Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі (нысаны) сан қилы
(республикадан монархияға шейін).
5. Социалистік мемлекет.
Экономикалық базисі (негізі) – жер жəне т.б. қоғамдық мемлекеттік меншікте
болды. Негізгі тап – жұмысшылар мен шаруалар. Əлеуметтік топ ретінде
интеллигенция алға шығады.
Кызметі:
а) мемлекеттің, қоғамның жəне еңбекшілердің мүддесін корғау;
б) экономикалық;
в) əлеуметтік.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру түрі (нысаны) - республика.
Мемлекеттер саяси режиміне байланысты төмендегідей түрлерге жіктеледі:
1. Тоталитарлық мемлекет – бұл мемлекетте билік диктаторлық немесе
билеуші элитаның қолына шоғырланған. Адам мемлекет алдында бишара,
мүсəпірлік халде болады. Бұл мемлекетте заң рұқсат еткеннен басқаның бəріне
тыйым салынған.
2. Авторитарлык мемлекет тоталитарлық мемлекеттен шектеулі болса да
демократиялығының көбірек болуымен ерекшеленеді.
3. Либералдық мемлекет жеке тұлғаның құқықтық əлеуетін аша түсуге
жағдайлар жасайды. Мұнда заңмен тыйым салынбағанның бəріне рұқсат
етілген қағидаты орын алған болып келеді.
4. Демократиялық мемлекет. Бұл мемлекетте азаматтар мемлекет істеріне
қатысады. Маңызды мемлекеттік органдардың бəрі халық бақылауында тұрады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шынайы (нақты) болып келеді.
Мемлекет жеке адам мен коғамға қызмет етумен болады.
Заң ғылымында "өркениет" ұғымына негізделген мемлекеттер типологиясына
басқаша тəсіл колдану баршьшық. "Өркениет" ұғымы діни, ұлттық
географиялык жəне басқалай да белгілерге (нышандарға) байланысты болып
келетін қоғамдық дамудың, материалдық жəне рухани мəдениеттің деңгейі
ретінде түсініледі. Өркениет өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтеді.
Бірінші – локальдық (жергілікті) өркениет, бұлардың əркайсысының өзіндік
өзара байланысқан əлеуметтік институттар жиынтығы болады, олардың ішінде
мемлекетте бар (Ежелгі мысырлық шумерлік, үнділік, эгейлік);
Екіншісі - өздеріне тəн мемлекет типтері сəйкес келетін ерекше өркениеттер
(үнділік, қытайлық, батыс-европалық, шығыс-европалық, исламдық жəне т.б.);
52
Үшіншісі – осы заманғы өркениет; мұндай өркениеттің мемлекеттіліктері тек
енді ғана қалыптасудың үстінде жəне оларға тəн нəрсе əлеуметтік-саяси
құрылымдардың дəстүрлері мен осы заманғыларының бірлесіп күнелтуі.
Өркениеттерді жəне олардың мемлекеттіліктерін типологиялау үшін əртүрлі
негіздер бар, мысалы – хронологиялық, генетикалық, кеңістіктік, діни деп
жіктеп айтуға болады.
Мемлекетті өркениетті тəсілмен сипаттағанда оның қоғамды басқару
жолдары қандай екені, экономиканы, мəдениетті дамытудағы атқаратын
қызметі айқындалады. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттер алғашқы
өркениеттегі жəне кейінгі өркениеттегі мемлекеттер деп екі топқа бөлінеді.
Алғашқы өркениеттегі мемлекет шексіз билікке негізделеді де, біріктіруші жəне
ұйымдастырушы күш ретінде қоғамның əлеуметтік жəне экономикалық
құрылымы анықталады. Бұл - көне грек, шумер, ассировавилон, иран, бирма,
жапон, т.б. елдердегі саяси ұйымдар. Кейінгі өркениеттегі мемлекеттік билік
алғашқы өркениеттідей аса қуатты барлық қоғамды қамтып, басқарған күшті
емес. Мемлекет көп жағдайда мəдени-діни жүйеге бағынған. Мемлекет
басшысы заңдарды, қағидаларды бекіткеннен кейін оларды өзі сақтауы керек,
əйтпесе, оның билігі заңсыз болып саналады. Бұларға Батыс Еуропа, Шығыс
Еуропа, Солтүстік Америка, т.б. мемлекеттері жатады.
Мемлекеттерді өркениет тəсілімен түрлерге бөлуде мемлекеттердің
мемлекеттік жəне əлеуметтік-экономикалық құрылысын қоғам дамуының
рухани ізгілік жəне мəдени факторларымен салыстыра отырып шешеді. Сонда:
Өркениет - əлеуметтік-мəдени жүйе. Бұған қоғамның тіршілік етудегі
болмысының əлеуметтік-экономикалық жағдайлары, этникалық (халықтық),
діни негіздері, адам мен табиғаттың үйлесу деңгейінің дəрежесі, сондай-ақ
тұлғаның (жеке адамның) экономикалық, саяси, əлеуметтік жəне рухани
бостандығының деңгейі кіреді.
Өркениет дегеніміз қоғамның салыстырмалы түрде тұйықталған жəне
локалдық (жергіліктілік) ахуалы.
Осы ахуал – діни, психологиялық, мəдени, географиялық жəне басқа да
белгілерінің ортақтығымен сипатталады. Бұл ахуалдың негізгі ерекшелігі – дін
мен оның ұйымдасу тұрпаттары (формалары) өзгеріссіз кала береді.
ӨРКЕНИЕТ
(А.Дж.Тойнби бойынша)
мысырлық
қытайлық
ирандық
басқалары
(барлығы 21)
сириялық
мексикандық
батыстық
қиыр шығыстық
православиелік
арабтық
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ АЗАМАТТЫҚ
ҚОҒАМ
Құқықтық мемлекет дегеніміз жеке адам жəне қоғам мүддесін корғайтын,
заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық
мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық
тəртіптің жəне заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекет – басқаша түсіндірсек ол жеке тұлға мен қоғамның
құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты
етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда
төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:
а) құқыктың басымдылығы;
б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;
в) мемлекеттік биліктің бөлінуі;
г) заң үстемдігі;
д) құқық пен заңның тұтастығы;
е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;
ж) азаматтық коғамның орнауы;
з) қоғамның құқықтық мəдениетінің жоғары болып, оның құқықтық
санасы деңгейінің биікке көтерілуі;
и) соттардың тəуелсіздігі;
к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.
Құқықтық мемлекетте барлық субъектілер өз əрекеттері бойынша жауапты
жəне құқықтық тендікті сақтай отырып құрылуы тиіс. Сондықтан күкықтық
мемлекетте субъектілердің əрекет ету қағидаттары төмендегідей болады:
а) "Заңда тікелей көрсетілген əрекеттерге ғана рұқсат берілген" қағидат
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ғана қатысты болып келеді.
б) Құқық субъектілерінің қайсысына болсын атап-атап көрсеткенде
азаматтар, занды тұлғалар мен басқалай да шаруашылық субъектілеріне
қатысты "заңмен тікелей тыйым салынбағанның бəріне рүқсат етілген"
қағидаты басшылыққа алынады.
Адам жəне азамат қүқықтары мен бостандықтарьш ең толық түрде
қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай-ақ билікті асыра
пайаалануға, оның диктатураға, деспотияға өзгеріп кетуіне жол бермеу үшін
мемлекеттің билікті дəйекті түрде құқық аркылы шектеп отыруы – құқықтық
мемлекеттің мақсаты болып табылады.
Елдегі атқарылатын барлық істер мен əрекеттерінде заң мен құқыққа
жүгінетін қиялдағы мемлекет құқықтық мемлекет идеясы ежелден бері бар
екендігін Платон өзінің "Заңдар" деген диалогіндегі "Заңы пəрменсіз жəне оның
өзі əлде біреудің билігінде кеткен мемлекеттің жуык арада күйрейтініне сенімім
54
кəміл. Ал, заңы - əміршілердің билеушісіне айналған жəне олар заңның құлы
болған мемлекет есен-сау болады жəне ондай мемлекетке игіліктердің
қандайын болса да құдайдың үйіп-төгері айдан анық деп есептеймін" деп
түйіндегенінен пайымдаймыз.
Францияның ұлы ойшылы Ш.Л. Монтескье өзінің "Заңдар рухы туралы",
"Заң рухы туралы қорғаныш" деген еңбектерінде, ағылшын философы Дж.Локк
өзінің "Мемлекетті басқару туралы екі трактаты" атты шығармасында, неміс
философтары Кант "Құқық туралы ілімнің метафизикалық бастаулары" деген
еңбегінде, Ф.Гегель "Құқық философиясы" деген еңбегінде құқықтьіқ
мемлекеттің негізгі қағидаттарын тұжырымдаған болатын.
Зорлық-зомбылықтарға, диктатура мен тиранияның орнауына жол бермеу
мақсатындағы құқықтық мемлекеттің ең басты кағидаты билік бөлінісі болып
табылады.
Билік бөлінісі қағидатының ең басты талабы саяси бостандықтарды
нығайтуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, қайсыбір əлеуметтік топтың,
мекеменің, немесе жеке адамның өздеріне берілген билікті асыра пайдалануына
жол бермеуге бағытталады. Осы талаптың орындалуы мемлекеттік билікті заң
шығарушы (халық сайлаған жəне заң қабылдау арқылы қоғамның даму
стратегиясын жасауға тиісті болып келетін), заң атқарушы (биліктің өкілді
органдары тағайыңдаған жəне қабылданған заңдарды жүзеге асыру мен жедел
шаруа істерімен айналысатын) жəне сот (құқықты қалпына келтіру мен
кінəлілердің əділ жазалануына кепіл болатын) тармақтарына бөлу арқылы іске
асырылады.
Есте болатыны мұндағы əрбір билік өз алдына дербес жəне бір-бірін
тежейтін бола тұра - өздерінің қызметтерін ерекше органдар жүйесі жəне
тежемелік əрі тепе-теңдік жүйелері түріндегі айрықша нысандар арқылы жүзеге
асырып отыруы тиіс.
ҚР Конституцияда бекітілген "тежемелік əрі тепе-теқдік" жүйесі
нақтыланған мемлекеттік билікке заң қабылдау, атқарушы жəне соттарға
қатысты кұқықтық шектеулердің жиынтығы болып табылады. Мысалы, заң
қабылдау билігіне қатысты "тежемелік əрі тепе-теңдік" жүйесінде Президент
үлкен роль атқарады, əсіресе бұл "заң қабылдау билігі" асығыс шешім
қабылдағанда Президент кідірте тұру ветосы құқығын қолданады. Ал енді
атқарушы билікке қатысты тежемелерге Президент билігінің мерзімі,
Президентке импичмент жариялау, Үкіметке сенімсіздік білдіру вотумы
жатады.
Парламент тарапынан болатын тежемелерге атқарушы органдардың
жауапты қызметкерлеріне заң қабылдау құрылымдары құрамына сайлануға,
коммерциялық істермен айналысуға тыйым салу ветолары жатады. Сот
билігіне Конституцияда, істерді жүргізу заңдарында көрсетілген мына
кағидаттар құқықтық шектеулер болады: кінəсіздік презумпциясы, қорғалуға
құқықты болу, азаматтардың заң мен сот алдында тең құқықтылығы, сот
ісін жүргізудің жария жəне жарыссөз түрінде болуға тиістілігі, сотқа
қарсылық білдіру жəне т.с.с. жатады.
55
Импичмент – дегеніміз жоғары лауазымды тұлғаға сенімсіздік білдіру, оны
лауазымнан тайдыру, оны заң алдындағы жауаптылыққа тарту.
Мемлекет пен түлғаның (адамның) өзара жауаптылығы қағидатын
түбегейлі қарастырған жөн. Бүл қағидатта мемлекет – саяси биліктің
сақтаушысы ретінде мемлекет пен азамат арасындағы қатынастардың өнегелік
құқықтық бастауларын білдіреді. Ал азамат болса сол қатынастардың іске
асырылуы кезіндегі қатысушысы болып табылады.
Мемлекет қоғам мен жеке тұлғаның бостандықтарын заңдар арқылы
арнайы белгілей отырып, сонымен бірге мемлекет өзінің де əрекет ету шектерін
белгілейді. Заңдар арқылы мемлекет өзіне міндеттерді қабылдауы тиіс. Бұл
міндеттер мемлекетке оның азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен басқа
мемлекеттермен болатын қатынастарында əділеттілік пен тең құқықтылықты
қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттік органдар құкыққа тəуелділікте бағынышты бола тұрып, оның
ұйғарымдарын бұза алмайды, ал оның ұйғарымдарын бұзғаны немесе
орындамағаны үшін жауапты болады.
Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі кепілдер жүйесі арқылы
қамтамасыз етіледі, ал мұның өзі əкімшілік тарапынан зорлықтардың болуына
жол бермейді. Мұндайларға Үкіметтің өкілді органдар алдында жауапты болуы,
мемлекеттің əртүрлі деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты адамдардың
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіргені үшін, билігін асыра
пайдаланғаны, қызмет бабын бас пайдасына пайдаланғаны үшін импичмент
жəне т.б. түрдегі тəртіптік, азаматтық құқықтық немесе қылмыстық
жауаптылыққа тартылатындығының заңдарда көрсетілулері жатады.
Мемлекеттік құрылымдардың міндеттемелерін орындау барысын көпшілік
(қоғам) тарапынан бақылау (қадағалау) нысандары референдум, сұрау салу,
сайлаушыларының алдында депутаттардың есеп берулері халық алдында
əкімдердің есеп берулері түрінде болуы мүмкін. Жеке тұлғаның мемлекет
алдындағы жауаптылығы да сондай құқықтық бастаулар негізінде құрылады.
Мемлекеттік көндіруді қолдану құқықтық сипат түрінде жүргізілуі тиіс, тұлға
бостандығының мөлшер шамасы сақталып, ол өз қалпын бұзбауы тиіс, ол
тұлғаның құқық бұзушылығы мөлшерінен аспауы жəне жасаған қүқық
бұзушьшығына сай қатаң жазалы болуы тиіс. Сонымен мемлекет пен тұлға
араларындағы қатынастар өзара жауаптылық негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның
орнығуы болып табылады.
Азаматтық қоғам дегеніміз имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, əлеуметтік-
экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы,
осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері
қанағаттандырылады.
Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық
қоғам болмаса құқықтық мемлекет те болмайды.
"Азаматтық коғам" ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары
Аристотель, Цицерон, Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс жəне т.б.
тұжырымдаған болатын.
56
Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық
идеясы, адамның дербестік идеясы, өз əрекеттерін құқықты құрмет тұта
отырып, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып
жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның
болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық
болған жағдайда ғана болуы мүмкін.
Егер де азаматтық коғамның толық сипаттамасын жасауға талпынар болсақ,
онда – азаматтық қоғам дегеніміз нақты адамға арнайы бағытталған, оның
бойында құқықтық дəстүрлер мен заңдарға, жалпы ізгілік, имандылық, өнегелік
идеяларына (мұраттарына) құрмет сезімін тудыратын, шығармашылық жəне
кəсіпкерлік істер азаттығын (бостандығын) қамтамасыз ететін, ондай істерде
сəттілікке жетуге мүмкіндіктер жасайтын, адам мен азамат құқықтарын жүзеге
асыруда мемлекет əрекеттерін шектеу мен қадағалаудың тетіктерін
(механизмдерін) табиғи түрде байланысты етіп жасайтын азат демократиялық
құқықтық қоғам.
Азаматтық қоғам құрылым ретінде мына жүйелерден тұрады:
а) əлеуметтік;
б) экономикалық;
в) саяси;
г) рухани-мəдени;
д) ақпараттық.
Бұдан да толығырақ алғанда азаматтық коғамның күрылымы мынадай
бөліктерден тұрады:
1. Мемлекеттік емес, əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар
(меншік, еңбек, кəсіпкерлік).
2. Мемлекетке тəуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т.б.).
3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.
4. Саяси партиялар мен қозғалыстар.
5. Тəрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру.
6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары.
7. Отбасы.
8. Шіркеу, мешіт, жəне т.с.с.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам жəне азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде
қамтамасыз ету;
- өзін-өзі басқаруы;
- оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында
болатын бəсекелестік;
- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы жəне көппікірлілік
(плюрализм);
- бүкіл жалпылык хабардар болу жəне ең алдымен ақпарат алуға адам
құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы;
- адамдардың тіршілік етуін қоғамның үйлестіруі (координация-
келісімділік) қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппаратта қызмет ету
57
субординация қағидатына қарай құрылған. Бұл қоғамдағы болмыстың
ұйымдастырылуынан айырмашылығы);
- экономиканың көп құрылымдығы (көп укладтығы);
- биліктің легитимділік пен демократиялық сипатта болуы;
- құқықтық мемлекет;
- мемлекеттің адамдарға лайықты деңгейде өмір сүруіне қажетті жағдайды
қамтамасыз ететін пəрменді əлеуметтік саясатының болуы жəне т.б.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның
қалыптасуы енді ғана басталуда. Сондықтан да көптеген келелі мəселелер
туындау үстінде, бұлардың шешімін табу мемлекетке, қоғамға жəне де
нақтылап айтқанда əрбір адамға байланысты.
Сонымен қорытып айтқанда азаматтық қоғам адамның тіршілік ету
болмысындағы жағдайларын, тұлғалар мен əлеуметтік топтардың алуан түрлі
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
Негізі:
Белгі нышандары:
Құқықтық мəдениет
Заңның үстемдігі
Азаматтық қоғам
Мемлекеттік биліктің бөлінуі
Заңдылық жəне құқықтық
тəртіп
Принциптері:
«Заңмен тыйым
салынғаннан басқаның
барлығына рұқсат етіледі»
(барлық азаматтарға жəне
заңды тұлғаларға арналған)
«Тек заңмен
белгіленгендерге ғана
рұқсат етіледі»
Тұлға мен мемлекеттің өзара
жауаптылығының болуы
Азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының шын
мəнділігі, олардың құқықтық
жəне əлеуметтік
қорғалатындығы
Саяси жəне идеологиялық
плюрализмнің болуы
Азаматтық қоғамның орын алуы
Ішкі заңдардың көпшілік
таныған халықаралық
құқықтық нормалар мен
принциптерге сəйкес келуі
58
қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастардың, формалды (занда көрсетілген) жəне формалды емес те
құрылымдарының жиынтығы.
қауым
əлеуметтік құрылымдар (сословие, əлеуметтік топтар, таптар)
қоғам - ел азаматтарының жиынтығы ретінде
азаматтардың əлемдік достастығы
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
саяси партиялар мен лоббилік ұйымдары (комитеттер, комиссиялар,
кеңестер), заң шығару жəне мемлекеттік органдар жанындағы
қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар (экологиялық, соғысқа қарсы,
құқық қорғаушы)
кəсіпкерлер одағы, тұтынушылардың құрама одақтары, қайырымдылық
қорлары
ғылыми жəне мəдени ұйымдар, спорт қоғамдастықтары
муниципалдық
коммуналар, сайлаушылардың
құрама
одақтары, саяси клубтары
тəуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары
мешіт, шіркеу жəне т.с.с.
отбасы
Достарыңызбен бөлісу: |