Конституциялық тəсілді қолдану арқылы саяси жүйе бөліктерінің ұйымдық
ерекшеліктері айқындалады. Мысалы, мемлекеттің механизмінің болуы оның
басқа саяси жүйе бөліктерінен ерекше екенін байқатады. Функционалдық (қызмет бағытына байланысты) тəсілді қолдану арқылы саяси ұйымның табиғи
сипаты анықталады. Реттеу рөлін зерттеу арқылы саяси ұйымның қоғамдық
қатынастарды
қалыптастырып, дамытудағы
кызметі
көрсетіледі.
Идеологиялық тəсілді қолдана отырып саяси ұйымның нақтылы қандай
таптар, əлеуметтік топтар, ұлттар үшін қызмет атқаратынын анықтауға болады.