Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


ОЙЫНШЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ



бет59/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70
ОЙЫНШЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Бала ойыны үшін қажетті құрал – ойыншық. Ойыншық бала ойынының қызықты әрі көңілді өтуі үшін оған серік. Ойыншық баланың түрлі бейнелер жасауына және жүзеге асырмақ рольдерін дұрыс көрсетуіне көмектеседі. Ойыншық арқылы жасамақ бейне ақиқат шындық түрінде беріледі. Қолындағы қуыршағын құндақтап, оны аймалап, еміренген кезде бала өзін бейне бір «мамасындай» сезінеді. Ойыншық атқа мініп алғанда, бала өзін салт атты келе жатқандай қиялдайтынын сан көрген боларсыңдар. Ойыншықтың педагогикалық мәні орасан зор. Ата-ана, тәрбиешілер ойыншық арқылы баланың дүниетанымын кеңейтеді, олардың ойын, түсінігін. Қиялын дамытады. Сондықтан да Н. К. Крупская ойыншыққа ерекше мән беріп, ойыншық баланың өмірді тануына жәрдемдеседі, оған көмектеседі деп қарады. М. Горький балаға өмір туралы түсінік беріп, өзінің елі туралы ұғындырып отырудың қажеттілігін айта келіп, оны ойыншық арқылы ешбір қиналмастан, әп-сәтте меңгеруге болатындығын сан рет ескертті. Күрделі ұғымдар мен қиын түсініктерді балаға ойын мен ойыншық арқылы жеткізу өте жеңіл де қолайлы. Ретімен дұрыс сұрыпталып алынған ойыншық баланың ерік қасиеттерін еңбекке деген сүйіспеншілігін, ұжымдыққа тәрбиелеудегі моральдық сапаларын қалыптастыруға әсер етеді. Құрылыс ойыншықтары, құрастыру балаларды ұйымдастырып, бір мақсатта еңбектенуіне ықпал етеді. Көркемөнер шығармалары жөніндегі ойындар балаларға өте жақын, сондықтан көркемөнер туралы ойындар баланың эстетикалық талабын өсіру үшін пайдалы. Ойыншық — баланың серігі. Бүлдіршіндер ішкі сырларын ойыншығымен бөлісіп, сырласады,сөйлеседі. Ойыншық деген сөз баланың, жанындағы суреттеулердің белгісі деген сөз. Балаға ұйпалауына көнетін, не қылса, соған жарайтын жабайы ойыншық ұнайды. Әшекейлі ойыншық баланың ішін пыстыртады. «Балаға нағыз қолайлы ойыншық бір үйім құм» деген бір педагогтың сөзі дұрыс сөз. Бала төрт айлығында-ақ қолына ұстаған ойыншықтарының түрі мен түсін ажырата алатын қалге жетеді. (Оған көптеген адамдар сенбеуі де мүмкін. Бірақ солай). Ол өзіне ұнаған ойыншыққа көзінің қиығын (қиығын деген жету бағытына қарай қарау) салып қолымен ұстауда тырысады, оны ұстай-ды, қолымен аузына апарады, жалайды да. Одан кейін тастай салуы да мүмкін. Ғылыми деректерге сүйенсек ана құрсағында жақсы дамыған, қозғалысқа келген, ананың көңіл-күйі жоғары болып туған балаларда ерте қозғалады, атааналарына өздерінің сезімдерін байқатады. Өздері қозғалысқа келе бастады. (Бұл алты ай мерзімде байқалатын белгілер). Ал - 9-10 айлығында бала жеке 188 сөздерді "апа", "ата", "ат", "дала", "мам" деген сөздерді анық айта бастайды. Содан келіп бала мен ата-ана арасындағы қарапайым қатынас-қозғалыстарды бастайды. Оны тек жақсылық деу керек. Қолындағы ойыншыққа қызығады, көзін шұқиды, аузын сипайды, лақтырады, қайта алады. Осы кезден бастап баланың ойын ойлауға, сөйлеуге, еңбектенуге деген талпыныс деп атауға болады. Ойыншықтармен күрделі ойын ойнауы, қозғалуы, лақтыруы, сындыруы әдепке айналуы да мүмкін, Екі-жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан кезде тәрбиешінің алдында баланың жеке-дара ойнайтын ойынын дамыту міндеті тұрады, мұның өзі неғұрлым есейген балалардың бірлесіп ойнауына қолайлы алғы шарт болып табылады. Бұл кезеңде балаларды ойыншықтармен әрекет жасап, оларды орынды пайдалануға үйрету маңызды, әр түрлі ойыншықпен қызықтырып, олармен ойнау мүмкіндіктерін, яғни олармен ойнау тәсілін көрсету қажет. Осымен қатар басқа балалар ойнап жатқанда оларға бөгет жасауға, ойыншықтарын тартып алуға болмайтындығын балаларға түсіндірген жөн. Оның әрекетіне тұрақты болуын, өз ойынына беріліп ойнауын қалыптастыру қажет. Ойыншыққа бейнеленетін образ – адам, хайуанаттар, әр түрлі заттар мен бұйымдар болып табылады. Ойыншық баланың танымын кеңейтіп, түсінігін нақтылап, қиялын дамытып ойынның тақырыбын ойлап табуына көмектеседі. Ойыншық ойынның идеясын белгілеуге әсер етеді. Образдық ойыншықтар қай жастағы балаға болсын, керек нәресте кезінен бастап, ересейгенге дейін қажет. Образды ойыншықтардың ішінде ең бірінші орында қуыршақ тұрады. Образды ойыншықтар кішкентай сәбиді де, естияр және ересек баланы да қуантып, олардың ойынға белсенді араласуына, қызыға ойнауына жағдай жасайды. Бұрандала ойыншық машинамен бірге жүгіріп немесе жіп тағып алып жүргізіп ойнайды. Бала үшін ойыншықтың қарап тұрғанынан жүгіріп, қимялдап ойнағаны әлде қайда қызықты. Ойын әрекетін дамытып байыту мақсатымен бақылаулар, экскурсиялар, қуыршақтармен ойын сабақтар өткізу керек, олардың мазмұнын ойыншықтар әрекеттерінің өзі белгілейді; қуыршақты тамақтандыруға, ұйқыға жатқызуға, емдеуге болады, Қуыршақпен шағын инсценировкалар жасап көрсету балаларды мінез-құлықтың кейбір ерекшелігімен ойыншықтарды тартып алмай, сұрап алу; ойнап болған соң ойыншықтарды орындарына қою және т. б. таныстырады. Балалардың ойындары мен өзара қарым-қатынастарын қалыптастырудың барысында көтермелеу, қайсыбір баланың қолайлы ісәрекетіне (дұрыс құрастырылған пирамидаға, матрешкаға және басқаларға) олардың назарын аудару қажет. Ойынның жеке бала үшін ғана емес, бірнеше бланы бір жерге топтастырып, бірлесіп ұжым болып ойнауына мүмкіндік жасау үшін де, ойыншық баланы қуанышқа бөлеп, орлардың ойындарын тиісті арнаға бағыттап отыру үшін кітаптың, журналдың қаншалық мәні болса да, бұлар үшін ойынышықтың мәні соншалық. 189 Ойыншыққа қойылатын педагогикалық, көркемдік арнайы талаптар бар. Олар: 1. Ойыншық тәрбие мақсатына лайық болу керек. 2. Ойыншық өзінің мазмұны, түр-сипаты мен пішіні жағынан тартымды жасалып, баланы қызықтырарлықтай, қуанышқа бөлерліктей болуға тиіс. 3. Ойынның баланы ұжымшылдыққа тәрбиелерліктей әсер туғызып баланың бойына жағымды әдеттер мен дағдыларды қалыптастырып, олардың жеке басын тәрбиелеуге көмектесерліктей болуы керек. 4. Ойыншық баланың басқа халықтарды құрметтеп, оған деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталуы тиіс. Ол үшін жасалатын ойыншық әрбір халытың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетерліктей етіп жасалуы керек. 5. Ойыншық баланың көркемдік сезімін, әдемілікті, сұлулықты танудың сезімін тәрбиелейтіндей болуы тиіс. Өмірді түсінуіне көмектесіп, эмоциялық сезіміне әсер етуі тиіс. 6. Ойыншық баланың шығармашылық ойын дамытуға ықпал етерлік болсын. Бала қуыршақтың киімінің шешіліп киілуін немес шашының таралып, өрілуін тәуір көреді. Сондықтан әрбір ойыншықты бейнелеген зат – типтік мүсіенді бейнелерлік болуға тиіс. 7. Ойыншықта күлкілі сықақ, көңілді шаттық туғызарлық бейнелер жасалуға тиіс, бірақ мазаққа, карикатураға айналдырып жіберуге болмайды. Ойыншық баланың қимыл, белсенді әрекет жасауына көмектесерліктей болуға тиіс. Әрбір ойыншық, оның мазмұны неге арналғаны, материалына, байланысты айқындалады. Ойыншыққа тиісті гигиеналық талаптар да қойылады: 1) Ойыншық баланы жарақаттарлықтай, қолын кесіп кетерліктей, яғни олардың денесіне нұсқан келтірерліктей болмауға тиісті. 2) Ойыншықтың бояуы ашық әдемі болуға тиіс, бірақ олардың денсаулығына әсер етпейтіндей болсын. Өйткені бала ойыншықты аузына салып немесе ұстап жүргенде денесін уландырарлықтай болмасын. Ойыншық тез тазаратындай болуы керек. Жууға, дезинфекция жасауға, сүртуге жарарлық болғаны жөн. 3) Ойыншықтың нақтылығы мен төзімділігі де керек. Егер ойыншық тым әлсіз, сынғыш болса, баланы әуре сарсаңға салып, олардың жылап, ашулануына себеп болады. Ойыншықты іріктеп, таңдап алу кезінде тәрбиеші сол ойыншықтарға қойылатын педагогикалық, көркемдік, гигиеналық талаптарды басшылыққа алуға тиіс. Ойыншықты тұтыну, пайдалану баланың жасына байланысты. Бала неғұрлым есейген сайын ойыншықтың шандыққа қабысып, оған ұқсай түсуін қалайды. орта және ересектер тобындағы бала жай құрастырылған машинадан гөрі моторлы, рульді машинаны ұнатады. Бұрандала машинаның моторына, механизмге қызыға қарайды. Ересектер тобындағы балалар үшін ойыншық таңдағанда сюжетті ойындар ойнарлықтай ойыншықтар таңдау керек. Мысалы, зоопарк, көше тәртібі, жол белгілері т.б. 190 Балалардың көңілді ойнауы үшін және өмірі қуанышқа толы болуы үшін «көңілді ойыншықтар» немесе «ермек ойыншық» сияқтылардың мәні зор. Әрине, әрбір ойыншық бала үшін қызықты, ермек етерліктей болуға тиіс. Ойыншықты жасаудағы мақсаттың өзі бала өмірін қуанышқа толтырып, қызық ету ғой. Сондықтан ойыншық баланы көңілдендіріп, сезімін тәрбиелеп, ойынға қатыса аларлықтай болуға тиіс. Мысалы, билейтін торғай, әр түрлі үн шығаратын үйрек т.с.с. Ойын үшін әр түрлі костюмдер керек. Бірақ жасалмақ бейненің барлық детальдарын көрсетерлік болуы міндетті емес. Бейнені нұсқайтын шартты түрдегі бірер белгі болса жетеді. Кіші топта қуыршақ ойыншықтары басты орын алады. Қуыршақтың жұмсақ целлулоидтан жасалғаны қолайлы. Қуыршақтың киімі гүлді, ашық түсті маталардан тігілгені жөн. Бұл жастағы бала әдетте қуыршақты киіндіріп, шешіндіруге онша төселмегендіктен, оның киімдері мейлінше жеңіл киіндіріп, шешіндірерліктей болғаны дұрыс. Қуыршаққа арналған ойыншық, мебельдер қарапайым, мықты болғаны жөн. Өйткені орындыққа балалардың өздері отыратын кездері де аз болмайды. Топта – аю, қоян сияқты ойншықтардың болғаны жөн. Сюжетті ойындарда тамақтандырып, күтіп, емдеп, серуенде бірге қыдырады. Сол себепті оларға қимыл қозғалысқа шақырарлықтай ойыншықтар керек. Орта тобындағы балалардың таным түсінігін кеңейту, айналасын, өмірді тану, ұжымдық қарым-қатынас жасау тұрғысындағы ойынға баулитын ойыншықтар болуына мән беріледі. Айталық, сәбилер тобында және қуыршақтармен ойнаса, мұнда қуыршақ және оған керекті жиһаздар қажет. Баланың жасының өсуіне қарай олардың танымы да, түсінігі де дами түседі. Осыны ескеріп 4-5 жастағылар үшін ойыншық сұрыптағанда, бұл жастың өзіне тән ерекшелігін мейлінше қадағалаған мақұл. Бұл – ұжымдық ойынға бастайтын шақ. Сәбилер тобында ойыншықты жинауға, тазартуға тәрбиеші жәрдемдессе, естиярлар тобындағылар оны өздері атқара алады. Тек берілген тапсырманың нақты болуын және оның орындалуын қадағалау керек. Тәрбиешінің мұнда бақылауы, талап етуі басым болды, сонымен бірге ойыншықтарға ұқыпты болуға да мән бергені жөн. Ересектер тобындағыларға ойыншық таңдау, сұрыптау - өте жауапты мәселе. Мұнда «саяхат жасау», «Театр», «Мектеп» сияқты ойынға лайық ойыншықтар қажет. Қуыршаққа киім тігу, спорт ойындары, шаңғы тебу, тапқырлық т.б. ойындары және оқу жұмысына лайық ойындар таңдалады. Жазу, есептеу, қолын жаттықтыру, әліппе оқыту және т.с.с. Қандайда халықтың ойыншықтары олардың педагогикалық даналығын, халық шығармашылығын, оның тамаша талантың танытудың бір түрі болып отыр. Бұл ойыншықтар алуан боляулы, ойнауға қолайлы, ертегі шарттарына лайық болғандықтан балалар оған сүйіспеншілікпен қарап, қуанышпен қабыл алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет