ЖАН-ЖАҚТЫ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМЫҒАН ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ Г.Е.Беккалиева педагог-психолог Өскемен қаласы әкімдігінің №18 «Еркетай» балабақаша-бөбекжайы КМҚК Отбасылық тәрбиенің басты мақсаты - өмір жолында кездесетін қиындықтар мен кедергілерді лайықты түрде жеңуге көмектесетін қасиеттерді қалыптастыру; нақтырақ міндеті-олардың әдеттегі тұлға ретінде қалыптасуына қажетті тәрбие, білім, дағды мен іскерлікті меңгертуі. Отбасыдағы тәрбиенің басты міндеттері болып: Баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету: оның дене дамуы, зияткерлік, рухани-адамгершілік және жалпы мәдениеттік дамуына қамқорлық жасау; Баланың денсаулығын сақтауға қамқорлық жасау; Оның талабын, мүддесін және икемділігін дамыту; Қоғамда өмір сүріп, еңбектенуіне, әлеуметтенуіне көмектесу; Еңбек тәрбиесі; Бала тұлғасында шығармашылық потенциалды дамыту; Айналасындағы адамдармен адамгершіліктік, эмоционалдық, толеранттық қарым-қатынасын орнықтыру және қолдау көрсету. Өзін-өзі тәрбиелеу мен есейген кезінде өзін-өзі дамытуға дайындығы. Бала үшін отбасы - оның туған ұясы және өмір сүретін негізгі ортасы (материалдық және рухани). Дәл осы отбасыда бала қоршаған дүние туралы алғашқы түсініктерді алады. 215 Отбасы – белгілі бір рухани-психологиялық ахуал, бұл бала үшін адамдармен қарым-қатынас жасау мектебі. Дәл осы отбасыда баланың жақсылық пен жамандық, тәртіптілік, материалдық және рухани құндылықтарға сыйластықпен қарау туралы түсініктері қалыптасады. Отбасыдағы жақын адамдарымен ол махаббат, достық, жауапкершілік, әділдік сезімдерін бірге сезінеді. Бұл жерде ата-ана махаббат сезімдерінінің көрсету мөлшері маңызды. Ата-анасының махаббатын толық ала алмаған бала көбінесе мейірімсіз, ашушаң, басқа адамның сезімдеріне жаны ашымайтын, ұжымға сыймайтын, кейде тұйық, өте ұялшақ болып өседі. Ал шексіз махаббат, еркелету, құрметтеуді көріп өскен бала кішкентай адам өзінің бойында өзімшілдік пен менмендікті, ерке-шолжаңдылықты, екіжүзділікті қалыптастыра бастайды. Отбасылық тәрбиенің негізгі қағидалары және ережелері Тәрбиелеу қағидалары бұл-тәрбиелеу үдерісінің мазмұнына, әдістеріне және ұйымдастырылуына деген негізгі талаптарды көрсететін барынша жалпы негізгі ережелер. Ізгілік қағидасы баланың жеке тұлғасын кез келген адамдағы сияқты абсолюттік адами қасиет ретінде мойындауды болжайды. Бұл ата-анадан өз балаларының бірегейлігін, олардың адами өмірлерінің қайталанбастығын түсіну мен мойындауды талап етеді. Мұрагерлік қағидасы бұл - баланың тек тұқым қуалаушылық психофизикалық мінездемеге ие болуы ғана емес. Мұрагерліктегі бастысы бұлнақты адами қауымға тән мінез-құлық нормаларынан, салт-дәстүрден, құндылықтардан және өмір қағидаларынан және қызметтерінен құралған сананың бастапқы түрлерін иемдену. Белсенділік қағидасы баланың мақсаттарын, оның ішінде оның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруды жүзеге асыру үшін жағдай жасауды болжайды. Отбасы баланың тамаққа, жылуға, демалуға, мейірімге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Отбасында ол қимыл-қозғалысқа деген қажеттілігін қанағаттандырады. Органикалық және сабақтастық қағидасы - отбасылық тәрбиенің ең маңызды қағидаларының бірі-баланың алдындағы тәжірбие білімдерін меңгеру болып табылады. Ол әрдайым баланың дүниені сезінуі және дүниетанымы, оның жеке тәжірбиесі негізінде құрылуы керек. Отбасында көбіне бұл қағиданы саналы түрде емес, түйсікпен ұстанады. Тәрбиеші мен педагогтің міндеті-баланың өз санасында жаңа ұғымдар қалыптастыруына, өз қызметін ұйымдастыруына және нәтижесінде өзінің дара жолы бойымен жаңа білімге қол жеткізуіне көмектесу. Пікірлерді пайдалану қағидасы тәрбиешіден (ата-анадан) проблемалық жағдайдан шығу жайындағы өз пікірінің барысын балаға көрсетуді талап етеді. Шын мәнінде, олар балаға ештеңені бермейді, тек ғана балаға өзінің мәнін, өзінің білімін, өз ойының барысын ғана көрсетеді. Баланы өз қызметін жетілдіруге шабыттандырады, жұмылдырады және өзіндік өз-өзін тануын дамытуға жол салады. 216 Резонанс қағидасы баланың өз мүмкіндіктерін үздіксіз көрсетуге арналған сансыз көп жағдайлар жасау. Бұл отбасылық тәрбиенің ең маңызды қағидасы. Оны жүзеге асырудың арқасында бала өзінің өсіп келе жатқан мүмкіндіктерін көреді. Ол болашақтағы өзін жасап, оны іске асыруға тырысады. Өздігінен даму жолы осылайша басталады. Креативтік қағидасы отбасында балалардың еркін дамуы мен қабілеттерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайды жасауды көздейді. Қазіргі заман отбасы тәрбиесіне кері әсер етуші факторлар Ата-аналардың рухани деңгейінің төмендігі Ата-аналардың отбасы педагогикасынан аз мәліметтенуі Кітапты рухани байлығы ретінде сезінбейтін ұрпақтардың өсуі Адами ізгілік нормаларына жат шетелдік фильмдердің баланы қатыгездікке тәрбиелеуі Теледидар алдында отыратын, біртекті ойлайтын, нәрсіз жадау ұрпақтың көбейіп бара жатуы Балалардың қажетті, қажетсіз ақпарат алуы Экономикадағы кері процесстер Отбасылық тәрбие әдістері Талап ету- отбасылық тәрбиенің ең көп тараған әдісі болып табылады. Талап ету тікелей («істе», «бар», «жина») және жанама («кеңес», «өтіну», «тілек») болуы мүмкін. - отбасында ерлі-зайыптылар арасында да, сонымен қатар ата-аналар мен балалар арасында да сабырлы да салмақты қарым-қатынас болу керек; - қойылған талап қысқаша болу керек, оның дұрыстығына және болмай қоймайтындығына күмән тумау керек. - тілектестік қарым-қатынаспен: байсалды түрде, ата-ананың көзіндегі мейіріммен талап етілу керек. Сендіру - ата-ананың баласының санасына және сезімдеріне жүгінетін әдіс. Өз орнымен және қажетті уақытта айтылған бір-ақ ауыз сөз, айтылған көп ақылдан әсерлі болуы мүмкін. Айтқаны нанарлықтай болу үшін ата-ана баламен әңгімелесу кезінде келесі ережелерді ұстануы қажет. - баламен сезімдер тілінде әңгімелесу қажет, яғни бұл дегеніміз - ата-ана ең алдымен : Баланы тыңдай білу керек: ол қандай күйде? Қандай сезімде? Өзін баланың орнына қоя білу керек: сіз осындай жағдайда қандай сезімде болар едіңіз – ашулы ма, ренішті ме? Бұл сезімді балаға «Сен қазір ренжіп (ашуланып, ауырып тұрсың, қарны ашып тұрған болар...) тұрсың ,-деп айту керек. Балаға: «Сен ....істегің келеді»,- дегенді айтып оның бұл тілектерін қанағаттандыруға көмектесу қажет екендігін білу керек. Үйрету-отбасылық тәрбиелеудің маңызды әдісі. Ол ата-ананың түсіндіруі мен жеке үлгі өнегесін бекітеді. Үйрету дегеніміз, яғни -баланың жағымды әрекеті үшін жағдай жасау. 217 Ынталандыру - балаға жақсыны жаманнан, рұқсат етілгенді тиым салынғаннан айыра білуге үйрететін отбасылық тәрбие әдістерінің тағы да бір. Орнымен пайдаланылған ынталандыру, мінез-құлықтың жағымды әдістерін бекітеді, осы арқылы баланың белсенді тілалғыштыққа деген дайындығын қалыптастырады. Уақтылы және ебін тауып ынталандыру қажет Нақты анықтамаларды ынталандыру көзделеді, мәселен: «мейірімді», «сыпайы» және т.б, бұл сөздермен қылықтардың өнегелілік мәні атап өтіледі. Қандай да болсын ынталандырудың шегі болу керек, баланы асыра мақтаудың қажеті жоқ. Баланың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Жазалау. Жазалау баланың қылығына сәйкес болу керек және жағымсыз мінез-құлық тәжірбиесін бұзуға, жағымсыз қасиеттердің дамуын тежеуге бағытталуы қажет. Жазалау тәрбиелеудің міндетті әдісі болып табылмайды. Жазалау былайша жүзеге асырылуы мүмкін: сын айту, еркелетпеу, баламен сөйлесуден уақытша бас тарту, жақсы көретін ісімен айналысуға, құрдастарымен араласуға тиым салу. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарына арналған «Отбасылық тәрбиенің негіздері» жадынамасы Отбасы бұл-балаларды тәрбиелеуге арналған материалдық және рухани ұйым, жұбайлық өмірдің бақыты мен қуанышы. Бала отбасының мүшесі болу керек, бірақ оның орталығы емес. Балаға деген махаббатта шектен шығу болмау керек. басты заңдылық – әркім отбасының әрбір мүшесіне қамқорлық жасайды, ал отбасының әрбір мүшесі өз мүмкіндіктеріне қарай барлық отбасына қамқорлық жасайды. Отбасында баланы тәрбиелеу бұл – ата-аналардың үздіксіз өздігінен білім алу үдерісі және олардың өмірлік тәжірбиесін балаға ықпал ету құралына өзгерту. Баланың дамуы бұл – оның дербестігінің дамуы. Баланың мінез-құлқының негіздері бұл – оның әдеттері. Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың талаптарындағы қарама-қайшылықтар аса зиянды. Отбасында ешкім ешкімге дауыс көтермейтін, тыныш, тілектестік психологиялық ахуал жасау маңызды. Баланы өзіңнің күшіңнің үлгі-өнегесімен емес, өзіңнің үлгі-өнегеңнің күшімен жетелеу керек. Баланы отбасындағы кішкентайлар мен ересектерге қамқорлық жасауға үйретіңіз. Баланың денсаулығын қадағалаңыз. Оны өзінің денсаулығына, жеке басының дамуына қамқорлық жасауға үйретіңіз. Баламен қарым-қатынас жасаған кезде адал және ақ ниетті болыңыз. Өзіңіз дөрекілік көрсетпеңіз және балағаттамаңыз. Сіздің әдетіңіз балаңыздың дағдысына айналары сөзсіз. Бөтен адамдар туралы нашар әдепсіз пікір айтпаңыз. 218 Басқа адамдарға қатысты әдепті мінез-құлық көрсетіңіз бұл – өз балаңыз үшін мейірімділік пен адамгершілік сабақтары болады. Өз балаңыздың көзінше біреуден кешірім сұраудан қорықпаңыз. Мінез-құлық бұл – адамның шынайы бет-бейнесі көрінетін айна екеніндігін естен шығармаңыз. Әрине, баланы тәрбиелеу оңай іс емес. Көбіне ата-аналар өз балалары ұшыраған қиын жағдайлардың барлығынан, адамзаттық қасиетке ие деген құрметпен, өзінің адами бет-бейнесін жоғалтпай шығулары үшін тырысулары қажет. Балалар бір-бірімен темпераменті, білім деңгейі, өмірлік тәжірбиесі, қоршаған әлемді қабылдау ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленеді. Өсе келе баланың өзі де өзгереді. Ата-аналық көрегенділікті, даналық пен төзімділікті жоғалтып алмау үшін, әр әке-шеше бұл өзгерістерді байқап, отбасылық тәрбиеде жаңа әдістер таңдауы қажет. Бұл қасиеттер балалары неше жаста болғанына қарамастан, ата-аналар үшін әрдайым керек.