МеМлекеттік басҚаРу жӘнe МeМлeкeттік ҚызМeт халықаралық ғылыми-сараптама журналы халықаралық тoқсан сайын шығатын журнал


«Қазақстанда  мемлекеттік  этносаясатты  іске  асыру  және  этноконфессиялық



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата31.03.2017
өлшемі4,67 Mb.
#10661
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

«Қазақстанда  мемлекеттік  этносаясатты  іске  асыру  және  этноконфессиялық 

қатынастарды  реттеу»  тақырыбына  біліктілікті  арттырудың  үш  күндік  аймақтық 

семинар-тренингі болып өтті. Семинар-тренингті Тоғжанов Е.Л. – Қазақстан Республикасы 

Президенті  Әкімшілігі  ҚХА  Төрағасының  орынбасары  –  Хатшылығының  меңгерушісі 

және  Атырау  облысы  әкімінің  орынбасары  Айдарбеков  С.  К.  ашты.  Семинар  жұмысына 

этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастар  мәселелерімен  айналысатын  мемлекеттік 

қызметшілер,  этномәдени  және  басқа  қоғамдық  бірлестіктердің  басшылары,  ғылыми-

сараптама  топтарының,  ЖОО,  Батыс  өңірінің  БАҚ  өкілдері  қатысты.  Семинар  аяқталған 

соң  оның  қатысушыларына  Академия  сертификаттары  тапсырылды.

2012  жылдың  16  мамыры  күні  Қазақстан  Республикасы  президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясында ҚР бғМ Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық 

сараптама  орталығының  президенті  а. Қ. жұмабековтің  «Мемлекеттік  ғылыми-

техникалық  сараптама  жүйесі  және  оны  енгізудің  нәтижелері»  тақырыбында  қонақ 

дәрісі өтті. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландырудың базалық, гранттық 

және  бағдарламалық-мақсатты  Ережесі,  мемлекеттік  ғылыми-техникалық  сараптаманы, 

технологиялық процестің кезеңдері мен үрдісін және өзге де басқаларын ұйымдастыру мен 

өткізу Ережелері талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Гранттық қаржыландырушы ғылыми 

зерттеулерді  қатысуға  өтінімдерді  дайындау  жөнінде  нақты  ұсыныстар  берілді.

2012 жылдың 11 мамыры күні академия ректоры б. с. абдрасилов Қазақстандағы 

корея Республикасының төтенше және Өкілетті елшісі пэк Чухен мырзамен кездесті. 

Кездесу  барысында  Академия  мен  Корея  дамыту  институты  (KDI),  Кореяның  мемлекеттік 

қызметшілерінің  біліктілігін  арттыру  институты  (COTI)  арасындағы  ынтымақтастықтың 

келешегі  талқыланды.  Сеул  Мемлекеттік  басқару  қауымдастығымен  (SAPA)  «Үкімет,  саясат 

және тиімділік: Қазақстан мен Корея тәжірибесі» тақырыбында халықаралық конференциясын 

бірлесіп  өткізу  туралы  келісімге  қол  жеткізілді.



2012  жылдың  11  мамыры  күні  академияда  Швейцария  Қаржы  министрлігінің 

Федералдық  қаржы  басқармасының  жетекшісі  Ф.  Цурбургердің  «Швейцарияның 

федералдық  қаржы  жүйесі  және  қазыналық  саясаты»  тақырыбында  қонақ  дәрісі 

өтті.    Ф.  Цурбургер  қаржы  жүйесіндегі  белгілі  басшы  болып  табылады,  Швейцарияны 

Халықаралық валюталық қордың Атқарушы кеңесінде атқарушы басшы ретінде Швейцарияны 

танытты  (1998–2006  жж.).    2012  жылдың  1  тамызынан  бастап  Ф.  Цурбургер    Швейцария 

Ұлттық  банкінің  Басқармасы  мүшелерінің  бірі  болып  тағайындалады.  Дәріске  Қазақстан 

Республикасы  Президенті  Әкімшілігінің,  Премьер-Министрі  Кеңсесінің,  орталық  мемлекеттік 

органдарының  жауапты  қызметкерлері,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік  басқару  академиясының  ректоры,  сондай-ақ  оқытушылары  қатысты. 

2012  жылдың  7–9  мамыры  күндері    ректор  Б.  С.  Абдрасиловтың  Украинаға  сапары 

аясында  Украина  Президентінің  жанындағы  Ұлттық  Мемлекеттік  басқару  академиясының 

президенті  Ю.  В.  Ковбасюкпен,  Украинаның  Мемлекеттік  қызмет  мәселелері  жөніндегі 

ұлттық  агенттігі  төрағасының  бірінші  орынбасары  И.  В.  Поповпен  кездесуі  болып  өтті. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы  мен 

Украина Президентінің жанындағы Ұлттық Мемлекеттік басқару академиясының арасындағы 

ынтымақтастық  туралы  Шарттың  шеңберінде  екі  жақты  қарым-қатынасқа  жаңа  серпін  беру 

туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар,  украин жағы Қазақстан Республикасы 

Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясында  қашықтықтан  оқытуды 

дамыту  мәселелері  бойынша  көмек  көрсетуге  дайын  екендігін  білдірді. 



2012  жылдың  3  мамырында  Қазақстан  Республикасы  президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік және жергілікті басқару институтында 

ректор  б.  с.  абдрасиловтың  бірінші  курс  магистранттарымен  кездесуі  болып  өтті. 

Ректор өз сөзінде таяу жылдағы Академияны дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асырудың 

негізгі  бағыттарын  айқындады:  Мемлекеттік  басқару  саласында  кадрларды  дайындауда 

жаңа  халықаралық  танылған  (MPA,  MPP,  DPA,  DPP)  бағдарлама  бойынша  оқытуға  көшу; 

Академияның  профессор-оқытушылар  құрамының  шетел  оқу  орындарында-серіктестерінде 

біліктілігін арттыру; материалды-техникалық базаларды нығайту; оқу процесін ақпараттандыру 

және  т.б. 

Мемлекет  Басшысы  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XIX  сессиясында  берген 

тапсырмасына  сәйкес,  Академия  ректоры  магистранттарды  шет  тілдерін  тереңірек  оқуға, 

заманауи  ақпараттық  технологияларды  игеруге  бағыттады.



акадеМия жаңалыҚтаРы

новости акадеМии

AcAdemy neWs

акадеМия жаңалыҚтаРы

новости акадеМии

AcAdemy neWs

ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ

ãîñóäàðñòâåííîå

óïðàâëåíèå è

ãîñóäàðñòâåííàÿ

ñëóæáà

152


153

2012  жылдың  3  мамыры  күні  Павлодар  облысы  әкімі  Ерлан  Арынның  Академияның 

Мемлекеттік  саясаттың  ұлттық  мектебінің    өңірге  кәсіби  практикадан  өтуге  келген 

тыңдаушыларымен  кездесуі  болып  өтті.  Өңірдің  басшысы  қонақтарды  өңірдің  әлеуметтік-

экономикалық  дамуының  жағдайы  мен  бағдарламасымен  таныстырды.  Практикадан  өту 

кезеңінде  практикант-тыңдаушылар  Ақсу,  Екібастұз  қалаларын  аралады,  ірі  өндірістік 

кәсіпорындарында  болды,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  мүшелерімен,  облыстық 

мәслихат  депуттарымен  кездесті,  салалық  басқарудың  жұмыстарымен  танысты.  Павлодар 

облысы – өңірлердің проблемаларын шешу бойынша алынған білімді практикада қолдануға 

мүмкіндік  алған  болашақ  саяси  көшбасшылардың  алғашқы  өңірі.  Павлодар  облысынан 

өзге,  МСҰМ  тыңдаушылары  сондай-ақ  Қарағанды  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында 

болды.

2012  жылы  2  мамырда  Академияның  Сот  төрелігі  институтында  оқу  жоспарларын, 

оқу  процесінің  әдістемесін  талқылау,  семинар,  практикалық  сабақтарды  жүргізу  мен 

магистранттардың  Астана  қаласының  аудандық  соттарында  өндірістік  практикадан  өту 

мәселелерін қарау мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық істері 

жөніндегі  қадағалаушы  сот  алқасының  төрағасы  А.  А.  Қасымовпен  кездесуі    болып  өтті. 

Кездесудің  негізгі  міндеті  –  оқу-әдістемелік,  ғылыми  процестің  сот  төрелігі  саласындағы 

терең  теориялық  білімді,  кең  ой-өрісі  бар  жаңа  көзқарастағы  мамандарды  даярлаудың 

практикалық  бағыттылығымен  тұтастығын  қамтамасыз  ететін  білім  беру  бағдарламаларын 

әзірлеу  болды.

2012  жылдың  сәуір  айында  Академияның  Дипломатия  институтында  екі  «Елші 

сағаты»  өтті,  онда  дәріс  оқығандар:  Қазақстан  Республикасындағы  Ирак  Республикасының 

Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  Раджих  Сабер  Аббуд  аль-Мусауи  мырза  мен  Қазақстан 

Республикасындағы  Армения  Республикасының  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  Василий 

Хачатурович  Казарян  мырза.  Өз  сөздерінде  Елшілер  қазіргі  халықаралық  саясат  туралы, 

өз  елдерінің  екі  жақтық  қарым-қатынасты  дамыту  ісіне  үлесі  туралы,  мамандарды  даярлау 

жүйесі  туралы  айтып  өтті,  магистранттардың  жанжалдарды  реттеуге  қатысты  сұрақтарына 

жауап  берді. 



2012 жылдың 28 сәуірінде Академияда Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясының 

қорытындысына арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік этносаясатын ғылыми-

аналитикалық  қамтамасыз  ету:  міндеттері  мен  келешегі»  тақырыбында  дөңгелек  үстел 

өтті.  Дөңгелек  үстелге  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  Ғылыми-сарапшылық  кеңесінің 

(бұдан  әрі  –  ҒСК)  мүшелері,  облыстардың  ғылыми-сарапшылық  топтарының  жетекшілері, 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының 

профессор-оқытушылар  құрамы  қатысты.  Дөңгелек  үстел  отырысында  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  Төрағасының  орынбасары,  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкімшілігінің 

ҚХА  Хатшылығы  меңгерушісі  Ералы  Тоғжанов  және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының  ректоры  Болатбек  Абдрасилов,  Лара 

Шейко  –  «ІADE»  білім  беруді  дамыту  халықаралық  қауымдастығының  президенті  (Чехия); 

Любомир  Цивин  –  Чехия  қаржы  университетінің  проректоры  (Чехия);  Любовь  Шашкова  – 

Қазақстан  Республикасының  Жазушылар  одағы  мүшесі  сөз  сөйледі.

2012  жылдың  26  сәуірінде  Академияның  Мемлекеттік  және  жергілікті  басқару 

институтында  Колумбия  университетінің  профессоры  Р.  Ф.  Абазовтың  «Тиімді  мемлекеттік 

басқару және адам дамуының мәселелері» тақырыбына дәрісі болып өтті. Дәріс барысында 

қазіргі  технологияларды  қолдану  әдістері  көрсетілді. 



2012  жылдың  26  сәуірі  күні  Академияда  Президенттің  жыл  сайынғы  Қазақстан 

халқына  Жолдауының  шеңберінде  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстандық 

жолдың  жаңа  кезеңі»  тақырыбында  жас  ғалымдар,  докторанттар  мен  магистранттардың 

ғылыми-практикалық  конференциясы  өтті.  Осы  конференцияның  мақсаты  елді  әлеуметтік-

экономикалық жаңғыртудың басты бағыттарын іске асыруға жас зерттеушілерді тарту болды. 

Конференцияға  қатысқандар  және  құттықтау  сөз  сөйлегендер:  ҚР  Мемлекеттік  қызмет 

істері  агенттігі  төрағасының  орынбасары  А.  А.  Көмекбаев,  ҚР  Президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік  басқару  академиясының  ректоры  Б.  С.  Абдрасилов.  Конференцияның 

аяқталуы  барысында  ең  үздік  баяндамалардың  авторларына  Академияның  1-2-3-дәрежелі 

дипломдары  тапсырылды. 



2012  жылдың  21  сәуірі  күні  Академияда  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

жанындағы  Мемлекеттік  қызмет  және  басқару  академиялары,  сондай-ақ  әр  түрлі 

жылдардағы  МБҰЖМ  түлектерінің  Құрылтай  жиналысы  өтті.  Осы  жиналысқа  100-ден  аса 

түлектер,  сондай-ақ  Академияның  магистранттары  мен  докторанттары  қатысты.  Жиналыс 

қатысушылары  Түлектер  қауымдастығын  құру  жөніндегі  шешімді  бірауыздан  қабылдады, 

сонымен  қатар  Қауымдастық  Жарғысының  жобасы  мақұлданды.



2012  жылдың  17  сәуірі  күні  Академияда  Қазақстан  мен  Орталық  Азиядағы  Фридрих 

Эберт  атындағы  қордың  өкілдерімен  кездесу  өткізілді.  Кездесу  барысында  Академия  мен 

Қордың  арасындағы  одан  арғы  ынтымақтастығының  келешегі,  сондай-ақ  ортақ  ғылыми-

зерттеу  жұмыстарын  өткізуге  халықаралық  сарапшыларды  тарту  мәселелері  талқыланды. 



2012 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік 

басқару  академиясында  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  «Қазақстан  жолы:  тұрақтылық, 

бірлік,  жаңғырту»  тақырыбындағы  кезекті  XIX  сессиясы  қарсаңында  және  екі  жақты  өзара 

байланысты бұдан әрі нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Академияның 

арасындағы  ұзақ  мерзімді  ынтымақтастық  туралы  Келісімге  қол  қою  рәсімі  өтті.  Келісімге 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  тарапынан  Төраға  орынбасары  –  ҚР  Президенті  Әкімшілігі 

ҚХА Хатшылығының меңгерушісі – Е. Л. Тоғжанов қол қойды. Академия тарапынан Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының  ректоры                                                                                                                    

Б.  С.  Абдрасилов  қол  қойды. 

2012  жылдың  13  сәуірі  күні  Академияда  ректор  Б.  С.  Абдрасилов  басшылық  әкімшілік 

лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының түлектерімен 

кездесті.  Кездесу  барысында  осы  курстардың  мазмұнын  жетілдіру,  тиімділігін  арттыру  үшін 

жаңа білім беру технологияларын қолдану мәселелері талқыланды. Орталық және жергілікті 

мемлекеттік  басқару  органдарында  қызмет  атқаратын  38  түлекке  қайта  даярлау  курстарын 

тамамдағаны  туралы  куәліктер  берілді. 



2012  жылдың  12  сәуірінде  Академия  ректоры  Б.  С.  Абдрасиловтың,  Академияның 

профессор-оқытушылар  құрамы  мен  қызметкерлері  «Халықаралық  бағдарламалар 

орталығы» АҚ-ның президенті Саясат Нұрбекпен кездесуі  болып өтті. Кездесу қатысушылары 

«Болашақ»  бағдарламасы  арқылы  Академияның  профессор-оқытушылар  құрамының 

біліктілігін  арттыруға  жаңа  тәсілдер  бойынша  басым  міндеттерді  талқылады.   

2012 жылдың 9-11 сәуірі күндері Академияда «Экономикадағы құрылымдық өзгерістер 

және экономикалық өсім» тақырыбында  РМҚА-ның профессоры, экономика ғылымдарының 

докторы, РЖҒА академигі О. И. Маликованың қатысуымен семинар-тренинг өтті. Семинарда 

экономикалық өсім мен өнеркәсіп саясатының серпінді өзгерісінің теориялық жағы зерттелді 

және  практикалық  жағы  қарастырылды;  Қазақстанның,  ЕО  елдері  мен  Ресейдің  2020 

жылға  дейінгі,  сондай-ақ  Оңтүстік-Шығыс  Азия  елдерінің  экономикасындағы  құрылымдық 

өзгерістері  зерттелді.  Семинар  жұмысына  ҚР-ның  орталық  мемлекеттік  және  жергілікті 

атқарушы  органдарынан  мемлекеттік  қызметшілер,  сондай-ақ  Академияның  докторанттары 

қатысты.  Семинар  аяқталған  соң  тыңдаушыларға  сертификаттар  берілді.

2012 жылдың 6 сәуірі күні Академияның Сот төрелігі институтында «ТМД Экономикалық 

Соты  дамуының  жағдайы  мен  келешегі»  тақырыбында  ТМД  Экономикалық  Сотының 

құрылғанына  20  жыл  толуына  арналған  мерекелік  іс-шаралардың  шеңберінде  ТМД 

Экономикалық  Соты  төрағасының  орынбасары  С.  Ж.  Жолдыбаевпен  оқытушылармен, 

ғылыми  қызметкерлер  және  азаматтық  істер,  атап  айтқанда  экономикалық  дауларды 

қарайтын  аудандық  және  оған  теңестірілген    соттардың  судьяларының  біліктілігін  арттыру 

курстарының тыңдаушыларымен кездесуі болып өтті.  Қонақ «ТМД экономикалық соттарының 

жай-күйі  мен  даму  келешегі  »    тақырыбына  дәріс  оқыды.



2012  жылдың  6  сәуірінде  Ғылыми  кеңестің  отырысында  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясының  Даму  тұжырымдамасы 

бекітілді,  оның  мақсаты  –  білім  беру  мен  ғылыми  қызметті  жетілдіру.  Бұл  үшін  Академияда 

халықаралық  деңгейдегі  білім  бағдарламалары  (Master’s  in  Public  Administration,  Master’s 



акадеМия жаңалыҚтаРы

новости акадеМии

AcAdemy neWs

акадеМия жаңалыҚтаРы

новости акадеМии

AcAdemy neWs

ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ

ãîñóäàðñòâåííîå

óïðàâëåíèå è

ãîñóäàðñòâåííàÿ

ñëóæáà

154


155

in  Public  Policy  және  т.б.)  енгізілетін  болады.  Қолданыстағы  бағдарламалар  мемлекеттік 

органдардың  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  жаңа  мазмұнмен  толығады.  Академияның 

профессор-оқытушылар  құрамының  жаңаруы  мен  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша 

әлемдік жетекші мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет мектептерінде оқытушылардың 

біліктілігін арттыру көзделуде. Тұжырымдама орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың 

қызметкерлері  үшін  қайта  даярлау  мен  біліктілігін  арттырудың  бірыңғай  жүйесін  құруды 

және  уақыт  талаптарына  сәйкес  мемлекеттік  қызметшілерді  даярлау  деңгейін  арттыруға 

бағытталған  басқа  да  жаңалықтар  енгізуді  көздейді.

2012  жылғы  28–30  наурызда  Академияда  «Полиэтносты  және  поликонфессиялық 

қоғамдағы  ақпараттық  қауіпсіздік»  тақырыбында  семинар-тренинг  өтті. 

Іс-шараға    халықаралық    сарапшылар,  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың 

ақпараттық  қауіпсіздік  мәселелерімен  айналысатын  басшылары  және  мамандары  қатысты. 

Семинардың  мақсаты  –  қатысушылардың  полиэтносты  және  поликонфессиялық  қоғамдағы 

ақпараттық  қауіпсіздік  саласындағы  кәсіби  білімі  мен  біліктілік  деңгейін  арттыру.



29  наурызда  «Қазақстандық  полиэтностық  қоғамда  этноұлттық  саясатты  ақпараттық 

қамтамасыз  ету  ерекшеліктері»  дөңгелек  үстелінің  отырысы  болып  өтті.  Отырысқа  ҚХА 

төрағасының  орынбасары  –  Хатшылығының  меңгерушісі  Е.  Л.  Тоғжанов,  ҚР  Мәжілісінің 

депутаты  З.  А.  Саяпова,  ҚР  МАМ  Ақпарат  және  мұрағаттар  комитетінің  төрағасы                                     

Б.  С.  Кальянбеков,  Л.  Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ  радио  және  теледидар  кафедрасының 

меңгерушісі, Журналистер - экономика сарапшылары клубының төрағасы Г. М. Шалахметов 

және  басқалар  қатысты.  Семинар-тренинг  аяқталған  соң  қатысушыларға  Академия 

сертификаттары  тапсырылды. 

2012 жылы 27 наурызда Академияда экономикалық және әкімшілік мәселелері жөніндегі 

вице-ректоры  болып  С.  Е.  Жолдасбаев  тағайындалды,  ол  Академияға  келер  алдында 

«Парасат»  ұлттық  ғылыми-технологиялық  холдингінің  құрамына  кіретін  «Ғылым  қоры»                

АҚ-ның  басқару  төрағасы  қызметін  атқарған.

2012  жылғы  16  наурызда  М.  Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінде  «Этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастар  саласының  өзекті 

қырлары  жөніндегі  бірқатар  мәселелер  талқыланатын  «Қоғамның  этносаралық  және 

конфессияаралық  мәдениетін  қалыптастыру  тәжірибесі,  проблемалары  және  келешегі» 

атты  халықаралық  конференциясы  өтті. 

2012  жылғы  15  наурызда  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік 

басқару  және  өзін-өзі  басқару:  жай-күйі  мен  жетілдіру  жолдары»  тақырыбында  дөңгелек 

үстел  өтті.  Дөңгелек  үстел  жұмысына  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  депутаттары:                                 

И.  П.  Аронова,  Е.  Я.  Каппель,  А.  С.  Соловьева,  Астана  қаласының  Есіл  ауданының  әкімі                                                                                     

С. С. Мұстафин, Қазақстан Республикасы Парламентінің экс-сенаторы э. ғ. к. Л. Н. Бурлаков, 

сонымен  қатар  Академияның  МЖБИ  директоры  З.  Л.  Федотова,  МЖБ  кафедрасының 

меңгерушісі  А.  Б.  Майдырова,  кафедра  оқытушылары,  магистранттары  қатысты.  Жергілікті 

мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  жүйесінің  жай-күйі  мен  оны  одан  әрі  іске  асыру 

мәселелері  бойынша  пікірлер  алмасу  жүргізілді.

2012 жылғы 14 наурызда Шымкент қаласында «Қазақстандағы мемлекеттік этносаясатты 

жүзеге  асыру  және  этноконфессиялық  қатынастарды  реттеу»  тақырыбындағы  аймақтық 

семинар-тренинг  өтті.  Семинардың  мақсаты  –  қатысушылардың  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2012  жылғы  27  қаңтардағы  халыққа  Жолдауы  аясында  қазіргі  таңдағы 

тегеуріндер  мен  қатерлер  жағдайында  этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастар 

саласындағы  кәсіби  білімі  мен  біліктілік  деңгейін  арттыру. 

Семинарға  жергілікті  атқарушы  органдардың  этносаралық  және  конфессияаралық 

қатынастар  мәселесімен  айналысатын  басшылары  мен  мамандары,  этномәдени  бірлестік 

басшылары,  сондай-ақ  оңтүстік  өңірінің  Қазақстан  халқы  ассамблеяларының  ғылыми-

сарапшылық  топ  өкілдері  қатысты.  Семинар-тренинг  соңында  оны  сәтті  аяқтаған 

қатысушыларға  бекітілген  үлгідегі  сертификаттар  табыс  етілді.

новости акадеМии

30–31 мая 2012 года в г. Талдыкоргане, в акимате Алматинской области в рамках 

международных  мероприятий  «Память  во  имя  будущего»,  посвященных  80-летию 

памяти  жертв  массового  голода  и  75-летию  депортациям  народов  в  Казахстан  состоялся 

двухдневный зональный семинар-тренинг по повышению квалификации государственных и 

гражданских служащих, общественников на тему: «Реализация государственной этнополитики 

и  регулирование  этноконфессиональных  отношений  в  Казахстане».  Цель  семинара  – 

повышение  уровня  профессиональных  знаний,  умений  и  навыков  слушателей  в  сфере 

межэтнических и межконфессиональных отношений, а также изучение принципов, методов, 

процедур, организационных форм регулятивного взаимодействия органов государственного 

управления  и  общественных  организаций  по  укреплению  политической  стабильности  и 

консолидации казахстанского общества. 

По завершению семинара-тренинга участникам были вручены сертификаты Академии. 

25 мая 2012 года в Академии состоялся круглый стол на тему: «Сравнительный 

обзор  международных  тенденций  и  рекомендаций  по  наращиванию  потенциала 

Академии  в  подготовке  госслужащих».  Модератором  круглого  стола  выступил 

Д.  Мирогианнис,  руководитель  Проекта  Европейского  Союза  «Реформа  и  модернизация 

государственной  службы  Республики  Казахстан».  В  обсуждении  участвовали  эксперты 

Лондонской школы экономики и политических наук (LSE), Национальной школы управления 

Франции (ENA), университета Кембридж (Великобритания), DBB Akademie и профессорско-

преподавательский состав Академии. Также в работе круглого стола приняли участие второй 

секретарь представительства ЕС в РК Д. Салкова и ректор Академии Б. Абдрасилов. Проведено 

всестороннее  обсуждение  вопросов  институционального  совершенствования  деятельности 

Академии  по  модернизации  профессионального  потенциала  государственных  служащих  и 

реализации Концепции новой модели государственной службы Республики Казахстан. 



24 мая 2012 года в Академии состоялась встреча с руководителями четырнадцати 

региональных  центров  обучения  государственных  служащих  (РЦО).  В  ходе  встречи 

обсуждались вопросы взаимодействия Академии и РЦО, создания единой системы обучения 

государственных  служащих  в  соответствии  с  Концепцией  новой  модели  государственной 

службы,  повышения  квалификации  преподавателей  РЦО  (Training  of  Trainers),  структуры  и 

содержания программ обучения, раскрытия в процессе обучения тем по оценке эффективности.

Ректором  Академии  Б.  С.  Абдрасиловым  было  внесено  предложение  о  создании  трех 

региональных центров как опорных баз РЦО для эффективного обмена опытом и обучения 

преподавателей новым методам преподавания для достижения целей, поставленных Главой 

государства. В ходе встречи была достигнута договоренность о создании Координационного 

совета  с  участием  представителей  Академии  и  РЦО  для  координации  дальнейшего 

взаимодействия в сфере обучения государственных служащих. 

24  мая  2012  года  в  рамках  V  Астанинского  экономического  форума  в  Академии, 

при  поддержке  Агентства  Республики  Казахстан  по  делам  государственной 

службы,  Фонда  им.  Ф.  Эберта,  ПРООН  и  Проекта  ЕС  «Реформа  и  модернизация 

государственной службы Республики Казахстан», было проведено заседание Панельной 

сессии «Модернизация государственной службы в условиях меняющегося мира». С докладами 

выступили А. Байменов, глава представительства ЕС в Казахстане А. Бушез, председатель 

Комитета  по  экономической  реформе  и  региональному  развитию  Мажилиса  Парламента 

РК  С.  Аимбетов,  руководитель  программы  демократического  управления  Центра  ПРООН  в 

Братиславе А. Пинто, эксперт Всемирного банка (США) Г. Рейд и другие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет