Мемлекеттік емтихан сұрақтары


Масса және сыйымдылык өлшемдері



бет11/22
Дата01.11.2022
өлшемі169,73 Kb.
#46639
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Масса және сыйымдылык өлшемдері


Масса өлшем бірлігі : кг , тонна , центнер.
Кг - заттың касиетін сипаттайтын шаманын бірі - масса жайында түсінік беру және оның бiрлiгi килограммен таныстыру , таразының көмегімен заттың салмағын өлшеудiн ереркшеліктерімен таныстыру.


Литр - заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі - сыйымдылық жайында түсінік беру және оның бірлігі - литрмен таныстыру.


Сыйымдылық туралы қарапайым түсінік беру максатында әңгіме жүргізу. Дүкеншi сүт сатқанда немен өлшейді ? Оның литрмен өлшенетінін айтып практикалык жұмыска ауысу.


Аудан және оның бiрлiктерi
Аудан карапайым шамалардың, соның iшiнде геометриялық шамалардың мысалы болып табылады. Алдымен, аудан - заттың касиетін сипаттайтынын түсіндірген жөн. Әр түрлі заттарды үстелге қойып, олардың әрқайсысының үстел бетiнiң бiраз жерін алып тұрғанын көрсетуге болады. Жазық фигураларды беттестіру кезінде «артық» , «кем» , «тең» деп айтуға болады, аудандары әр түрлі болса , бiрiнiң iшiне бiрi толык сыйып тұрады, ал аудандары бірдей болса , онда екеуі дәлме - дәл келеді.
Палетка дегенiмiз - тең шаршыларға бөлінген мөлдiр пластинка, Палетканы өлшенетін фигураға салып, барлық алып тұрған шаршылардың жалпы санын екiге бөлiп, нәтижелерді косу керек.
Балалар көпбұрыштың ауданы мен периметрі ұғымдарын шатастырмауы үшiн, геометриялық фигуралардың ауданы мен периметрін қатар табуға арналған жаттығулар қарастырылады. Аудан шаршы сантиметрмен немесе шаршы дециметрмен өлшеу колайсыз болғанда біршама iрi аудан бiрлiгi шаршы метрді пайдаланады.
1м - 10 дм
1м - 100 см
1 м² - 100 дм²
1м² - 10000 см 2
Егiстiктiн ауданы гектармен, армен өлшенедi .
100 м² - 1 а (ар)
10000 м² - 1 га ( гектар )


Уақыт және оны өлшеу
Бастауыш мектепте қарастырылатын шамалардың бірі - уакыт аралығы. Сағаттын қыска тiлi сагаттық тiл деп аталды. Ұзын тiлi минуттык тiл деп аталады. Ол кішкене екі сызықшаның аралығын 1 минутта жылдып етеді. 1 сағатта 60 минут бар. Ал 24 сағат 1 тәулікті құрайды . Уақыттың бұлардан басқа бiрлiктерi де бар : тәулік , ай , жыл , мүшел , ғасыр.
Сағат үлгісінің көмегімен күннің шыккан уақытынан бастап , ұясына батканға дейінгі және түнгi уакыттан күн шыққанға дейінгі уақытта бір тәулік ететінін түсіндіріп береді .
Секунд. Уакыттын жана бiрлiгi секунд жайында түсінік беру. 1 минуттың канша уақыт екенін секундтық тiлi бар сагатты пайдаланып көрсету керек. Минуттан да кіші өлшем бірлігі бар екенін , ол- секунд екені, 1 мин- 60 сек болатыны айтылады. 7 күн - 1апта , 30 не 3 күн -1 ай , 12 жыл -1 мүшел , 100 жыл - 1ғасыр
Көлем. Сыйымдылық пен көлем және олардың өлшем бірліктерi л , см жайында түсінік қалыптастыру . 1 л- 1000 см³ 1 литр суды кұйганда ыдыс толса , ол ыдыстың көлемі 1000 см³ болғаны . Текшенің көлемін табу үшін онын қырын көбейткіш ретінде үш рет алып , көбейтiндiнiң мәнін табу керек . Оның ұзындығын енiне көбейтіп және шыккан нәтиженi биiктiгiне көбейту керек.V = a * b * c




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет