Мемлекеттік емтихан сұрақтары


сұрақ. Қозғалысқа берілген есептер



бет13/22
Дата01.11.2022
өлшемі169,73 Kb.
#46639
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
8 сұрақ. Қозғалысқа берілген есептер
Жылдамдык, уақыт, қашықтық шамаларына байланысты есептер 4 сыныпта қарастырылады. Жылдамдықпен таныстырғанда жұмысты оқушылар өздерінің жаяу жүргендегі жылдамдығын таба білетіндей етіп ұйымдастыру керек. Ол үшін аулада немесе спорт залында «тұйық жол» сызу керек. Жолдың бойынан әр 10 м қашықтықты белгілеп, одан әр оқушы қандай жол жүргенін табу оңай болады. Мұғалім балаларға жол бойымен жүруді ұсынады, мысалы, 4 мин бойы балалар 10 метрлік бойынша жүрілген жолды өздері оңай ақ табатын болады. Сабақта балалардың әрқайсысы 1 минутта қандай қашықтық жүретінін есептеп шығара алады. Оқушы 1 мин жүріп өткен қашықтық оның жылдамдық деп аталатынын мұғалім айтады.
Бұл тақырып бойынша балалар мына байланыстарды ұғынулары тиіс:
Қашықтық пен жүрілген уақыт белгілі болса, жылдамдық бөлу амалы бойынша табылады; жылдамдық пен жүрілген уақыт белгілі болса, қашықтықты көбейту амалымен; ал қашықтық пен жылдамдық белгілі болса, уақыт бөлу амалымен табылады. Осы есептермен жұмыс жасағанда сызба түріндегі иллюстрацияны пайдалану тиімді, өйткені сызба есепте айтылған өмірде болатын жағдайды адамның көз алдына келтіруге көмектеседі. 4 сыныпта кездесу қозғалысына және карама – қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған есептер
енгізіледі.
1.Дайындық жұмысы тұрақты шаманы табуға есеп құрастырады.
2. Мазмұнымен таныстыру – есеп не туралы айтылған? Не белгілі? Не белгісіз? Есеп не сұрайды?
3.Есепті талдау – белгілі болса, нені табуға болады? Қандай амал қолданамыз?
4.Қысқаша белгілеуін сызба арқылы жазамыз.
5. Шешуі.
6. Тексеру кері есеп құрастыру арқылы.
Мысалы: ара қашықтығы 237км болатын екі қаладан бір мезгілде бір – біріне қарама – қарсы велосипедші мен мотоциклші шықты. Олар үш сағаттан кейін кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы 19км/сағ. Мотоциклшінің жылдамдығын тап.
Есепті талдау:
Жылдамдығы, уақыты белгілі болса, нені (қашықтықты) табуға болады? Қандай амал? Көбейту.
Екі қаланың арақашықтығы және велосипедшінің жүрген жолы белгілі болса (қалған жолды, яғни мотоциклшінің жүрген жолын) онда нені табуға болады? Қандай амал? Азайту.
Енді есетін сұрағына жауап беруге болама? Қашықтық, уақыт белгілі, жылдамдықты табуға болама? (болады) Қандай амал? Бөлу.
Шешуі:
1.19 * 3 = 57 км — велосипедшінің жүрген жолы;
2. 237 – 57 = 180км — мотоциклшінің жүрген жолы;
3. 180 /3 = 60км/сағ – мотоциклшінің жылдамдығы.
Пропорционал шамалармен байланысты есептермен жұмыс жүргізу методикасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет