Мемлекеттік инвестициялық



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,64 Mb.
#7937
1   2   3   4   5   6

сүйенгеніңіз жөн болады:

- клиенттеріңіз;

- бәсеке;

- сіздің компанияңыз.

Өндірістік 

іскерлік. 

Бұл 

бөлімде 


материалдық-техникалық 

құралдарды, 

орналасатын 

жерге 


және 

қондырғыларга 

деген 

қажеттілікті  және  компанияның  мақсатына  жетудегі  керекті  еңбек 



ресурстары сипатталуы керек.

11

Техникалық сұрақтардан аулақ болыңыз:

- мүлік пен қондыргы;

- өндіру немесе қызмет көрсету.

Басқару.  Сіздің  кәсіпорыныңыздағы  басқарушы  құрам  мен 

жұмыс  істейтін  негізгі  адамдардың  тапқырлықпен  ерекшеленетінін 

және бизнесті сәттілікпен жүргізе алатынын көрсетіңіз:

- негізгі жетекшілері;

- ұйымның құрылымы мен бақылауы.

Инвестицияга  деген  қажеттілік.  Бұл  бөлімде  компанияның

алдында  тұрган  мақсаттарына  жету  үшін  керекті  қосымша  қаржылар 

бағаланады.  Барлық  есептеулер  мен  болжамдалатын  сомалар  мұқият

құжатталып,  «Қаржы»  бөлімінде  келтірілген  мәліметтеріне  сәйкес 

болуы  керек.  Егер  сізге  инвестициялар  қажет  болса,  онда  осы  жерде 

жариялауға болады. Йнвестициялардың қажеттігі.

Мүмкін  болса,  келесі  сұрақтарға  жауап  беру  үшін  қаржылық 

болжауларды қолдануыңызға болады:

- сырттан қаржыландьфудың қандай көлемі сізге керекті;

- компанияның 

басқару 

персоналының 

жеке 

қаржылық 



міндеттемелері қандай;

- үлестік  қатысу  мен  несиемен  қаржыландырудың  керекті 

қатынасы қандай;

- инвестициялар қалай қолданылады;

- несие берушілерге ақша қашан және қалай қайтарылады.

Қаржы. 


Бұл 

бөлімде  бүкіл  бизнес-жоспардын  дәлелденуі

жүргізілу 

керек. 


Жорамалдаудың 

негізіндегі 

қаржылық 

болжамдардың 

керектігі 

болжамдардың 

өзінен 

кем 


түспейді. 

Мөлшерлеп  өз  болжауларыңызды  керекті  құжаттармен  келістіріңіз. 

Барлық  қаржылық  құжаттар  теңге  және  сол  сияқты  доллар  түрінде 

келтірілуі  қажеттігіне  көңіл  бөліңіз.  Болжамдаған  айырбас  курсын  әр 

кезең бойынша көрсетіңіз:

- алдыңғы кезең бойынша қаржылық құжаттар;

- болжамдалатын қаржылық құжаттар;

- болжамдау.

Бақылау сұракгары мен тапсырмалар.

1) Бизнес-жоспардың анықтамасын беріңіз.

2) Бизнес-жоспардың  техникалық-экономикалық  негіздемеден 

негізгі айырмашылықгары неде?

3) Сырткы орта дегеніміз не?

4) Жобаның ішкі ортасын қалай түсінесіз?

5) Бизнес-жоспардың құрылымы қандай?

12


3 Инвестициялық жобалаудың негізгі ережелері

3.1 Жоба мен жобалық цикл түсініктері

Халықаралық  тәжірибеде  кэсіпорынның  даму  жоспары  бизнес- 

жоспар  ретінде  көрсетіледі,  ол  негізінен  кэсіпорынның  даму 

жоспарының  құрылымдастырылган  сипаты  болып  табылады.  Егер 

жоба  инвестицияны  тартумен  байланысты  болса,  онда  ол  ол 

«инвестициялық жоба» деп  аталады.  Әдетте  кэсіпорынның  кез  келген 

жобасы,  қалай  болса  да,  инвестицияның  тартуымен  байланысть: 

болады.  Жалпы  түсінігі  бойынша  жоба  —  бұл  белгілі  бір  мақсатқа 

жетелейтін  кәсіпорынның  іскерлігін  өзгерту  жайлы  арнайы  ұсыныс 

Жобаларды  әдет  бойынша  тактикалық  және  стратегиялық  деп 

ажыратады. 

Соңгысының 

қатарына 

меншік 


түрінің 

өзгерісік 

(арендалық  кәсіпорынды,  акционерлік  қогамды,  жеке  кәсіпорынды. 

біріккен  кәсіпорындарды  және  т.с.с.  құру)  немесе  өндіріс  сипатының

түбегейлі  (жаңа  өнім  өндірісі,  толық  автоматтандырылган  өндіріске 

көшу 


т.с.с.) 

өзгерісін 

қарастыратын 

жобаларды 

жатқызады 

Тактикалық 

жобалар, 

әдетте, 


шыгарылатын 

өнім 


көлемінін 

өзгеруімен,  өнім  сапасын  жогарылатумен  және  қондыргыларды 

жаңартуымен  байланысты  болады.  Отандық  тәжірибеде  жоба түсінігі

жаңа түсінік емес.

Бұрынгы уақытта оның айырмашылыгы кэсіпорынның дамуынын

негізгі  багыттарын  заң  бойынша  осы  кәсіпорыннан  жогары  деңгейде 

тұрган  экономикалық саланың  анықтайтыны  болып  табылатын.  Жаңа 

экономикалық жагдайларда кәсіпорын, ягни оның иелері  жэне жогары 

басқару  құрамы  өз  келешектерін,  барлық  стратегиялық  және 

тактикалық  мәселелерін  өз  бетінше  шешеді.  Мұндай  іскерлік 

инвестициялық  жобалау  тұргысынан  ерекше  ұйымдастырылуы  тиіс. 

Кэсіпорынның  нақты  бір  жобага  қатысты  инвестициялық  іскерлігінін 

жалпы  реттелуі  жобалық цикл түрінде  қалыптасады  жэне ол  циклдын

келесі кезеңдерге ие.

Жобаның  тұжырымдалуы.  (кей  уакытта  «идентификациялау» 

термині қолданылады).  Бұл кезеңде  кәсіпорын  жетекшілерінің жогары 

құрамы 

кэсіпорынның 



агымдагы 

жагдайына 

талдау 

жасап. 


кэсіпорынның  ары  қарай  дамуының  пайдалы  багыттарын  анықтайды. 

Талдау  нәтижесі  бизнес  идеясы  түрінде  рәсімделіп,  кэсіпорыннын 

неғұрлым  маңызды  міндеттерін  шешуге  багытталады.  Бұл  кезеңде 

идеяны  жүзеге  асыруга  қатысты  едәуір  дэлелді  аргументациялар 

болуы  қажет.  Кэсіпорынның  одан  эрі  дамуы  жөнінде  бірнеше  идея 

пайда болуы  мүмкін.  Егер олардың барлыгы бірдей дәрежеде  пайдалы 

жэне іске асырымды болса, онда даярлаудың соңгы  кезеңінде олардык

13


ішінен  неғұрлым  тиімдірегін  қабылдау  үшін  бір  мезгілде  бірнеше 

инвестициялык жобалар әзірленеді.

Жобаны 

дайындау. 



Жобаның 

бизнес-идеясы 

бірінші 

тексерілімнен  өткеннен  кейін,  оң  немесе теріс деген  тиянақты  шешім 

қабылдауга  болғанга  дейін  оны  (яғни  бизнес-идеяны)  ары  карай 

дамыту'  керек.  Бұл  кезеңде  жоба жоспарының барлық бағыттарында -  

коммерциялық, 

техникатық, 

каржылық, 

экономикалық, 

институционалдық  және  т.б.  оны  бірте-бірте  нақтылау  мен  жетілдіру 

талап етіледі.  Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін 

бастапқы  акпараттарды  іздеу  немесе  жинақтау  аса  маңызды  болып 

табылады.  Жобаның сәтті  іске  асуы  жобаны  талдау  процесінде  пайда 

болатын 

мәліметтерді 

дұрыс 

өңцей 


алуға 

және 


бастапқы 

ақпараттардың шынайылығына тәуелді екенін түсіну керек.

Жобаны  сараптау.  Жобаның  жүзеге  асыру  алдында  оның  білікті 

сараптамасы  — жобаның  өмірлік  циклына  аса  қажетті  саты  жүргізілу 

керек. 

Егер 


жоба  негізінен 

стратегиялық 

инвестор  есебінен 

қаржыландырылатын 

(несиелік 

немесе 


тікелей) 

болса, 


онда 

инвестордьщ өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске 

асыру  процесінде  ақшасының  көп  бөлігін  жоғалтудан  гөрі,  бұл 

кезенде беделді  бір  консалтингтік  фирмаға  ақшасының кейбір  бөлігін 

жұмсауды  қалауы  мүмкін.  Егер  кәсіпорын  инвестициялық  жобаны 

негізінен  өз  ақша  құралдарының  көмегімен  іске  асыруды  жоспарласа, 

онда  жобаның  негізгі  жағдайларының  дұрыстығын  тексеру  үшін  де 

сараптама қажет.

Жобаны  іске  асыру.  Бұл  кезең  бизнес-идеяның дамуынан  бастап 

жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің 

барлық  түрінің  орындалуын  қадағалау  және  мемлекеттің  ішіндегі 

реттеуші  органдар  мен  шетелдік  немесе  отандық  инвесторларының 

бақылауы  кіреді.  Берілген  кезең жобаның іске  асуының негізгі  бөлігін 

де  қамтиды,  ал  оның  мақсаты  бастапкы  инвестицияны  жабу  үшін 

жоба  өндіретін  ақша  ағымдарының  жеткіліктігін  тексеру  және 

инвесторлардың  салған  ақшаларынан  күтетін  қайтарылымдарын 

қамтамасыздандыру.

Нәтижелерді  бағалау.  Бұл  жобаның  соңында,  сондай-ақ  жобаны 

орындау  процесі  кезінде  жүргізіледі.  Бұл  қызмет  түрінің  негізгі 

мақсаты жобаға салынған  идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу 

дәрежесі  арасындағы  нақты  кері  байланысты  алу  болып  табылады. 

Мұндай  салыстырулардың  нәтижесінде  жобаны  құрастырушылар  аса 

кұнды  тәжірибе  жинақтайды.  Бұл  тәжірибені  басқа  жобаларды  іске

асырғанда да колдануға мүмкіндік береді.



14

3.2 Инвестициялық жобалардыц түрлері

Жобалық  талдау  тәжірибесі  жобаларды  әзірлеу  тэжірибесін 

жалпылауға  және  типтік  жобаларды  атап  айтуга  мүмкіндік  береді. 

Шетелдік  тэжірибеде  кездесетін  инвестициялық  жобалардың  негізгі 

түрлері төменде келтірілген.

Тұрақты  масштабтағы  бизнестің  табиғи  жалғасуы  ретінде 

ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған үқсас жобалар ұзақ 

және  күрделі  дәлелдемелерді,  шешім  қабылдауды  талап  етпейді. 

Үқсас  қондырғылардың  бірнеше  түрі  бар  болса жэне  олардың  ішінен 

біреуінің  басымдылығын  дәлелдеу  керек  болса,  көп  бапамалылық 

пайда болуы мүмкін.

Ағымдағы 

өндірістік 

щығындарды 

азайту 

мақсатында 



қондырғыларды  ауыстыру.  Осындай  жобапардың  мақсаты  жұмыс 

істеп  жатқан  қондырғының  орнына  неғұрлым  жетілгенін  қолдану, 

бірақ  онысы  моральдық  тозған  қондырғыға  қарағанда  салыстырмалы 

түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген 

жобаны  бөлшектеп  кажет  етеді,  өйткеңі  техникалық  мағынада 

неғұрлым  жетілдірілген  қондырғы  қаржылық  жағынан  неғұрлым

тиімді бола бермейді.

Өнім  шығаруды  арттыру  және  қызмет  көрсету  нарығын  кеңейту. 

Жобалардың  бұл  түрі  әдегге  кәсіпорын  басқармасының  жоғарғы 

деңгейі  қабылдайтын  жауапты  шешімді  тапап  етеді.  Жобаның 

коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты 

дәлелдемесімен  жэне сату  көлемін арттырудың табыстың өсуіне  алып 

келу-келмеуін  анықтай  отырып,  жобаның  қаржылық  тиімділігін

тиянақгы талдау керек.

Жаңа 

өнім 


шыгару 

мақсатында 

кәсіпорынды 

кеңейту.


Жобалардың  бұл  түрі  жаңа  стратегиялық  шешімдердің  нэтижесі 

болып  табылады  және  бизнестің  мэнінің  өзгерісін  қозғауы  мүмкін. 

Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезендері теңдей дэрежеде 

маңызды  болып  келеді.  Жобалардың  осы  түрлерін  эзірлеген  кезде 

жіберілген  қате  кэсіпорьшды  неғұрлым  сэтсіз  жағдайларга  алып 

келетінін атап өткен жөн.

Экологиялық  жүгі  бар  жобалар.  Инвестициялық  жобалау 

барысында  экологиялық  талдау  жасау  аса  қажетті  элемент  болып 

табылады.  Экологиялық  жүгі  бар  жобалар  өздерінің  табиғаты 

бойынша  қоршаған  ортаны  ластауымен 

эрқашан 

байланысты 

болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.

Шешуді  және  қаржы  критерийлерінің  көмегімен  дэлелдеуді 

қажет  ететін  негізгі  дилемма  жобалардың  қай  түріне  назар  аудару

керек:


15

- капиталдык  шығындарды  көбейте  отырып,  қондырғының  аса 

жетілген жэне  кымбат түрін қолдану немесе;

- ағымдағы  шығындарды  көбейте  отырып,  аса  қымбат  емес 

қондырғыны қолдану.

Шешім 

қабылдаудағы 



маңыздылығы 

аса 


жоғары 

емес 


жобалардың түрі.  Мұндай  жобалар  жаңа  офис  салу,  жана  автомобиль

сатып алу және т.с.с. қамтиды. 

Щ

Щ



3.3 Жобаны  әзірлеудің және талдаудың алдын ала  кезеңі

Болашақ 


инвестициялық 

жобаның 


бизнес-идеясы 

тркырымдалғаннан  кейін,  кәсіпорын  сол  бизнес-идеясын  іске  асыра 

ала ма деген  сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның 

тиісті  экономикалық  саласының  жағдайы  мен  сала  шеңберіндегі 

кәсіпорынның салыстырмалы  жағдайын талдау керек.  Талдаудың осы

түрі  инвестициялық  жобаны  әзірлеу  мен  оны  талдаудың  алдын  ала 

кезеңінің мазмұнын құрайды.

Батыстық  жобаларды  талдау  тәжірибесінде  әдетте  төмендегі

критерийлерді қолданады:

- саланың пісіп-жетілуі;

- кәсіпорынның  бэсекеге  жарамдылығы  (оның  нарық-  тағы 

жағдайы). 

Саланың  пісіп-жетілуін  оны  даму  жағдайының  төрт  түрінің 



біреуіне  жатқызу 

арқылы  талдау  қалыптасқан 

эмбрионалдық, 

өспелілік,  пісіп-жетілген  немесе  ескірген.  Өдетте  кәсіпорынның 

негізгі  алты жағдайын қолданады:  басым, мықты, жағымды, тұрақсыз, 

элсіз,  өмір  сүре  алмайтын.  Кэсіпорынның  пісіп-жетілу  критерийі  мен 

бәсекелік  қабілетін  с&пыстыру  арқылы  кэсіпорынның  өмір  сүру 

циклының  матрицасын  құруға болады  жэне ол матрица конструктивті 

сипатқа  ие  болады:  кәсіпорынның  жағдайын  қалыптастырып  қана 

қоймай,  ары  қарай  дамуы  бойынша  қағидалық  кеңестер  береді. 

Жобаны  талдаудың  алдын  ала  кезеңінің  соңғы  нэтижесі  көрсетілген 

критерийлер  бойынша  нақты  бір  кәсіпорынның  жағдайын  белгілеу 

болып  табылады,  яғни  берілген  кэсіпорынның  матрицадағы  қандай 

нақты  «торға»  жататындығын  білдіреді.  Талдаудын  алдын  ала  кезеңі 

уақыт  бойынша  ұзақ  болмауы  керек  жэне  алдын  ала  кезеңінде 

жасалатын  қорытындылар  сапалық  бағаларға  негізделеді.  Соган 

қарамастан, бұл кезең келесі  екі себепке байланысты қажет:

- стратегиялық инвестормен  ары  қарай  қатынас  жасау барысында 

саланың  пісіп-жетілуі  мен  кәсіпорынның  бэсекелік  жағдайы  туралы

мәселелер  міндетті  түрде  қозғалады  және  бұған  алдын  ала дайындалу 

керек; 

/

16



егер  кәсіпорынның  басқарушылары  (менеджерлері)  талдауга 

назар  аудармаса,  онда  стратегиялық  инвестор  бұл  жұмысты  өзі 

атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.

Экономика салаларының пісіп-жетілуінің мысалдары.

Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір 

жалпы 

сызбага 


сәйкес 

келеді, 


ол 

жобаның 


коммерциялық, 

техникалық,  қаржылық,  экономикалық  және  институционалдық 

орындалуын 

багалайтын 

арнайы 

болімшелерден 



түрады. 

Стратегиялық 

инвестордың  көзқарасы 

бойынша, 

дұрыс  жоба 

тәуекелді  талдаумен  аяқталуы  керек.  Сызбада  қолданылатын  «жоба 

қабылданбайды»  резолюциясы  шарттық  сипатта  болатынын  атап 

өткен  жөн.  Шындыгында  да  жоба  бастапқы  қалпымен  кабылданбауы 

қажет.  Сонымен  қатар  жобаның  түрі,  мысалы,  оның  техникалық 

орындалмауы  жагынан  өзгеруі  мүмкін  және  жаңартылган  жобаны 

талдау басынан басталуы керек.

Қағида  бойынша,  маркетингтік  талдаудың  мәні  екі  қарапайым

сұрақтың жауабына байланысты:

1)  Жобаны  іске  асыру  нәтижесі  болып  табылатын  өнімді  сата

аламыз ба?

2)  Бұдан  біз  инвестициялық  жобаны  ақгауға  жеткілікті  көлемде

пайда көре аламыз ба?

Соңғы  жылдардың  статистикалық  мәліметтері  бойынша,  үшінші

әлем елдеріндегі  фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі  80 

%

құрайды.  Банкротқа  ұшыраудың  негізгі  себебі  -   маркетингтің

жетюлікті болмауында.

Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:

1)  Жоба  қандай  нарыққа  фокусталған?  Халықаралық  нарық  па

немесе ішкі нарық па?

2)  Жоба  халықаралык  нарық  пен  ішкі  нарық  арасындағы

балансты ойластыра ма?

3) Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның

мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?

4)  Егер  жоба  ішкі  нарыққа  фокусталған  болса,  онда  оның

мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатына жауап бере ме?

5)  Егер  жоба  мемлекеттің  саясатымен  сәйкес  келмейтін  болса,

онда оны ары қарай қарастыру керек пе?

Жобалар  қолданыстағы  нарықта  іске  асатындықтан,  жобаларда

олардың  сипаттамасы  келтірілуі  болу  керек.  Маркетингтік  талдауда

да, 

тұтынушылар 



мен 

бәсекедестерді 

талдау 

болуы 


қажет.

Тұтынушыларды  талдау  т^ггынуіііылардың  сұранымын,  нарықтың

потенциалды сегменттері мен сатып алу  процесінің сипатын анықтауы

ю

і і


керек.  Ол  үшін  жобаны  жасаушы  нарықты  мұқият  зерттеп,  оган  әсер 

ететін  институционалды 

шектеулер  мен  нарық  қүрылымынын

шенберінде негізгі бәсекелестерін талдау керек.

Маркетингтік  талдау  нәтижесінің  негізінде  маркетингтік  жоспар

кұрылады.  Ол  жоспарда  өнімді  әзірлеу  стратегиясы,  бага  белгілеу, 

тауардың  нарыққа  жылжуы  мен  өтуі  анықталуы  тиіс.  Бұл  «аралас 

маркетинг»  элементтері  түтасқа  бірігіп,  нарықта  өнімге  негұрлым 

бәсекеге  ыңгайлы  жагдай  жасауы  керек.  Маркетингтік  жоспар 

фирманың  басқа  да  шыгаратын  өнімдерінің  бар  болуын  және  фирма 

кызметінің 

ұйымдастырушылық, 

қаржылық, 

өндірістік 

және 

жабдықтау  аспектілерін  есепке  алу  керек.  Маркетингтік  жоспар 



шеңберінде  мүмкіндігінше  бәсекелестерінің  әрекеттерін  және  оның 

осы  жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін  әсерін  болжау керек. 

Маркетингтік  талдау  сұранысты  алдын  ала  болжауды  қамтиды. 

Инвестициялық  жобаны  даярлау  барысьшда  жобаның  дәлдігін 

қалаулы  дәлдікке  жету  шыгындарымен  салыстыра  отырьш  анықтау 

керек.  Шешім  қабылдау  процесі  белгісіздік  жагдайында  іске  асса да, 

дұрыс  болжау  осы  белгісіздік  дәрежесін  азайтады.  Инвестициялық 

жобалаудың  барлық маркетингтік  аспектілерін  қарастырудың  мүмкін 

еместігін  түсіне  отырып,  маркетингтің  негізгі  магыналық бөлімдеріне

тоқталайык.  Маркетингтің  барлық  сұрақтарының  түйісуі  келесі 

блоктарды  атап  көрсетуге  мүмкіндік  береді:  нарықты  талдау, 

бәсекелік  ортаны  талдау,  өнімнің  маркетингтік  жоспарьш  жасау. 

Аталган  бөлімдердің  кажетті  шарты  қолданылатьга  ақпараттардын 

шынайы-  лығы  болып  табылады.  Төменде  көрсетілген  блоктардың 

қысқаша  сипаттамасы  көрсетілген.  Нарықты  зерттеу  мақсаты  —

 

тұтынушылардың  сұранымын  анықтау,  маркетинг  бойынша  шешім 



қабылдауды  жеделдету  және  сапаны  жоғарылату  үшін  нарық 

сегменттері  мен  сатып  алу  процесін  анықтау.  Сұрыныс  пен  өнімді 

өткізуді талдауда келесі сұрақтар қарастырылуы керек:

- потенциалды сатып алушы кім;

- өнімді сатып алу себептері қандай;

- сатып алу қалай жүргізіледі;

- қандай  акпараттар  керек  және  оларды  қалай  жинауга  болады. 

Нарықты 


құрылымдық 

зерттеуді 

мемлекеттік 

немесе 


жеке

Ш

кәсіпорындардың, 



жергілікті, 

ұлттық 


немесе 

халықаралык 

компаниялардың, 

дәстүрлі 

немесе 

жаңа, 


маркіленген 

немесе 


маркіленбеген  өнімдердің  бәсекелестерін  анықтаудан  бастау  керек. 

Нарықка  енген  жаңа  қатысушылардың  (болашақ  бәсекелестер) 

мүмкіндіктері  мен  мәнін  және  тауар  алмастырушылар  тарапынан 

(мысалы,  мақта  мен  синтетика,  алкагольсыз  сусындар  мен  жеміс-



18

жидек  шырындары)  бәсекені  багалау  керек.  Міндетті  түрде  жауап 

беретін негізгі сұрақтар мыналар:

- Берілген өнімнің нарықтық құрылымы қандай?

- Берілген саладагы бәсекенің базасы қандай?

- Бәсекелік  ортага  институционалды  шектеулер  қалай  әсер  етеді? 

Маркетингтік  жоспар  жобаның  құрамдас  бөлігі  болу  керек.  Оньі 

жасау кезінде маркетолог келесі сұрақтарга жауап  беруі тиіс:

- Өнім қаншалықты жақсы өңделген?

- Бага белгілеудің дұрыс стратегиясы анықталды ма?

- Тауарды нарыққа ұсынудың дұрыс стратегиясы анықгалды ма?

- Өнімді  өткізу жүйесі  сатушы  мен  сатып  алушы  арасында тиімді

байланыс қалыптастыра ала ма?

- «Аралас  маркетинг»  элементтері  істі  жүргізіп  отырган 

біртұтас


маркетингтік жоспарга біріктірілді ме?

Қорыта  келгенде,  маркетингтік  болім  жобаларды  талдауды 

анықтаушылық  мэнге  ие,  өйткені  жобаның  өмірге  қабілеттілігік 

бағалау үшін  керекті  нарықгық  ақпараттарды  алуға  мүмкіндік  береді 

Көп  жағдайда сапасыз маркетингтік талдау  нәтижесінде  фирма едәуір 

ақша 


құралдарын 

шығындап, 

жабдықтау 

мен 


өнімді 

өткізу 


операцияларын  іске  асыруға  күш  жұмсағачымен,  ойдагы 

пайдага


ешқашан жете алмайтын жағдайлар кездеседі.

Инвестициялық  жобаны  техникалық  талдау  міндетіяе  мыналар

жатады:

- жоба  мақсаттарының  көзқарастарына  неғұрлым  сәйкес  келетін



технологияларды анықгау;

- жергілікті  жағдайларды  талдау,  оның  ішінде  шикізатқа,

энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;

- жобаның 

іске 

асуы 


мен 

жоспарлаудың 

потенциалдь:

мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық  талдауды,  әдетте,  кэсіпорынның  жеке  сарапшылар 

тобы  арнайы  мамандарды  шақыру  арқылы  жүргізеді.  Техникалық

талдаудың  стандартты  процедурасы  қолда бар  жеке  технологиялардь:

талдаудан басталады.

Сонымен қатар келесі  критерийлерді басшылыққа алу керек:

- технология  өзін  алдын  ала  жақсы  жағынан  көрсетуі  тиіс,  яғни 

стандартты болу керек;

- технология 

импорттық 

қондырғылар 

мен 

шикізаттарғг.



бағытталмауы керек.

Егер  өз  технологиясын  қолдану  мүмкін  болмаса,  онда  томендеп

схемалардың  бірі  бойынша  біреуімен  шетелдік  технология  мен

қондырғыларды  тарту  мүмкіндігіне  талдау  жүргізіледі  шетег



19

фирмасымен  бірлескен  кәсіпорын-бөлшектеп  инвестицияландыру 

және  барлық  технологиялармен  камтамасыз  ету,  технологиялык 

«ноу-хауды»  іске  асыратын  жаңа қондырғыны сатып алу,  «Тигп-кеу» 

қондырғы 

сатып 

алу, 


зауыт 

салу, 


технологиялық  процесті

қалыптастыру,  «Ргосіисі-іп-һапсі»  -  «Іит-кеу»  кэсіпорынның  қажегті

дайын  өнім  шығарғанға  дейін  персоналды  оқыту,  өндіріс  үшін

лицензиялар  сатып  алу,  шетелдік  технолог  тарапынан  техникалық 

көмек. 



ШШЩ



Технология 

таңдау 


ережесі 

кейбір 


альтернативті 

технологияларды 

кешендік 

талдауды 

жэне 

қандай 


да 

бір 


агрегатталған  критерийдің  негізінде  жақсы  вариантты  таңдауды 

қарастырады.  Альтернативті  технологиялардың  ішінен  таңдаудың

негізгі  факторлары  технологияны  қолдануының  келесі  аспектілеріне 

негізделеді. 

"

Сәйкес  масштабтарда  таңдалған  технологияларды  бұрынғы



бойынша  қолдану  (нақты  бір  нарық  үшін  масштабтар  аса  үлкен

болуы 


мүмкін). 

Шикізатқа 

қол 

жеткізушілік 



(потенциалды

жабдықтаушылардың  саны  қанша,  олардың  өндірістік  қуаттылығы

қандай,  шикізаттың сапасы,  шикізатгы  басқа тұтынушылардың саны

қанша, шикізаттың құны, жеткізудің эдісі  мен құны, қоршаған ортаға 

қатысты тәуекелі).

Коммуникациялар мен коммуналды қызметтер. Технологияларды

сатып  отырған  ұйымның  патенті  мен  лицензиясы  бар  екендігіне  көз 

жеткізу  керек.  Ең  болмағанда  технологияны  сатушының  өндіріспен 

серіктесе жүруі. Технологияның жергілікті  жағдайларына бейімделуі 

(температура,  ылғалдылық,  т.с.с.).  Жүктемелік  фактор  (пайыз 

түрінде  номиналды  қуаттылықтан  жобаның  жағдайларымен)  жэне 

толық  өнімділікке  сэйкес,  тұрақты  жағдайына  шығу  үшін  уакытгың 

керектігі.  Экология  мен  қауіпсіздік.  Капиталдық  жэне  өндірістік

шығындары.

Инвестициялық  жобаньщ  бұл  бөлімінің  көлемді  жэне  еңбек 

сыйымдылығы 

жоғары. 

Бұл 


мәселені 

түпкілікті 

қарастыруға 

жекелеген 

тараулар 

арналады. 

Қаржылық 

талдаудың 

өзара 

байланысты мәселелер кешенін қарастырайық.



Инвестициялык жобалаудың каржылық бөлімінің жалпы  нұсқасы 

қарапайым тізбекке негізделген:

-кәсіпоры н  қызметінің  соңғы  3  (дұрысы  5  жыл)  жыл  ішіндегі 

қаржылық жағдайына талдау жасау;

- инвестициялық  жобаны  дайындау  кезеніндегі  кәсіпорын-  ның 

каржылык жағдайына талдау жасау;

- негізгі өнім өндірісінің залалсыздыгына талдау жасау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет