Мемлекеттік инвестициялық


Взотехяол огаі-тэр мек фармацев тнка



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,64 Mb.
#7937
1   2   3   4   5   6

Взотехяол огаі-тэр мек фармацев тнка 

ь* 

Акпзрагтых: техлологжлар

й  

Жана  матеркаддар. 



нанотехнологнілар 

(баека  іа  



техноло* 

гихл ар>

■  


« ^н ай -газ 

секторы»а 

аркал 

гая 

м аш ква 



жасау 

т#хвяк2льис кызметтер

■  

Ядролык технологиялар



■  

Тау-кен кепгеиія* дризлгаи  тм н олоти ялар

5-сурет  -   Ғылыми  жабдықталған  жобаларды  гранттар  арқылы 

қолдау


56

Сонғы  жылдары  да  тауарлар  мен  кызметтердің  өндірудің  өсуі 

кен-тау өндіру  внеркәсібінің есебінен қамтамасыз етілуде, және, оның 

ішінде  мұнай  мен  газды  өндірудің  каркындылыгы  есебінен.  Бұл 

жагдайда  макроэкономикалық  саясат  төмен  инфляцияны  қамтамасыз 

етуге,  Қазақстан  экономикасына  тікелей  инвестициялардың  келуіне 

жэне  экспорттың  өсуі  үшін  ынталандырушы  жагдайлар  жасауга 

бағытталуы керек.

57


Қ азақстан 

эконом икасы ны ң 

н ақты  


секторына 

инвестицияны тарту механизмі мен  м ем лекеттік реттеу

Нарықтық  қатынастарды  қалыптастыру  кезеңінде  экономиканы

инвестициялау 

процесін 

реттеуде 

басты 

рөл 


осы 

процесті


ынталандыруға 

шақырылған 

өзінің 

мақсатты 



бағытталған 

саясатыменн 

мемлекетке 

беріледі. 

Меншіктік 

қатынастардың 

өзгеруімен,  экономиканы  нарыктық реформалау  бойынша  шараларды 

іске  асырумен  байланысты  мемлекеттің  рөлі  жеткілікті  белсенді 

болып  калуы  керек және заңдылық пен тәртіптіліктің  гаранты ретінде 

қызметін  шектемеуі  қажет.  Сол  уақытта  серпінді  қайта  құрушылык 

қажеттіліктеріне  жауап  бере  алатын  мемлекеттік  реттеу  қоғамдык 

экспериментгеудің  негізі  және  оның  катализаторы  бола  тұрып,

өзгермелі жағдайларды есепке алуы керек.

Инвестициялық қызметті реттеу процесінде мемлекет бір уақытта 

бірнеше қызметтерді орындауы керек, әсіресе:

- ссудалық  пайыз,  ақша,  несие  және  амортизациялық  саясаттар 

аркылы 

іске 


асырьілатын 

дамыған 


нарықтық 

экономикада 

инвестициялау  процесін  басқару  бойынша басты  макроэкономикалык 

қызметінде  жеке  бизнес  капитал  салымындағы  жалпы  көлемін  реттеу

(ынталандыру немесе шектеу);

- салықтық  және  несиелік  жеңілдіктер,  мысалы,  инвестициялық 

ахуал  арқылы  белгілі  бір  кәсіпорын,  сала  және  сфера  қызметіне 

капитал салымын таңцамалы ынталандыру;

- ірі  корпорациялардың  қызметі  мен  жоспарларын  келістіру

жолымен  белгілі  бір  өндірістік  куаттылыкты  кіргізу  немесе  шығару 

мақсатымен инвестициялық процеске тікелей әкімшілдік араласу.

- Мемлекеттік  инвестициялық  реттеуді  экономикалық  өсу  мен 

макроэкономикалық тұрактандыру  мақсатында  инвестициялық  нарық 

қатысушыларына  тікелей  жэне  жанама  әрекет  ету  эдістері  мен 

формаларын  мемлекеттің  біртіндеп  және  мақсатты  бағытгап  қолдану 

процесі деп түсінуге болады.

Экономиканың  нақты  секторын  дамыту  және  қалпына  келтіру, 

бір  жағынан,  мемлекеттік  органдардың  инвесторлармен,  басқа 

жағынан  экономикалык  қатынастардың  басқа да  қатысушылары  және 

шаруашылықтандыру 

субъектілерімен 

өзара 


қатынастары 

механизмдері 

мен 

принциптерін 



регламенттайтын 

және 


инвестициялық  қызметтің  ұлттық  құқықтық  режимін  анықтайтын 

заңдамасыз  іске  асырылмайтын  ұзақмерзімді  инвестициясыз  мүмкін 

емес.

58


Инвестициялык  кызметті  реттеу  сферасындағы  құқықтык  база 

үшін 


қазақстандық 

нарықта 


отандық, 

сондайақ 

шетелдік 

инвесторлардың  қызмет  етуінің  біркелкі  режимі  мінезді.  Қазақстанда 

инвестициялык  қызметті  реттейтін,  базалық  нормативті  акт  2003 

жылы  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  «Инвестициялар 

туралы»  Заңы  саналады.  Ол  инвесторларға  келесідей  кепілдіктердің

түрлерін береді.

Біріншіден,  Қазақстан  территориясында  кәсіпкерлік  қызмет 

шарттары  мен  мүделерін  және  инвестицияға  олардың _қүқықгарын 

толық  және  шартсыз  қорғау;  оның  шегінен  заңды  түрде  алған 

табыстарын,  пайдаларын  жэне  басқада  ақшалай  табыстарын  аудару 

жэне  пайдалану  (әрине,  заңдамада  қарастырылған  салықтар  мен

алымдарын төлеғеннен кейін).

Екіьшіден,  инвесторға  қозғалмайтын  мүлікпен  мәмілені  тіркеу 

туралы,  жарғылары  туралы,  заңды  тұлғаларды  тіркеу,  сонымен 

қатарзаңмен  қорғалған  комерциялық  және  басқа  да  құпиялар 

қарастырылатын  ақпараттан  басқа,  берілген  лицензиялар  туралы 

ақпараттарды еркін алуға құқық кепілденеді.

Үшіншіден,  инвесторлар  акциялар  мен  басқа  да  бағалы 

кағаздарды 

сатьш 


алуға, 

республикалық 

жэне 

коммуналдық 



меншіктегі  объектілерді  жекешелендіруге,  қызмет  етіп  отырған  заңға 

сэйкес  құрылыстық  үйлерді,  ғимараттарды  жэне  қозғалмайтын 

мүліктің  басқа  да  тірлерін  сатып  алуға  құқығы  бар.  Инвестордың 

мүлкі  және  шетелдік  капиталдың  қатысуымен  жұмыс  істейтін 

кэсіпорындар  күиггеп  тартып  алуға  жатпайды,  соның  ішінде 

ұлттандыру  жэне  реквизициялау  кезінде  де  (ҚР-ның  республикалык 

заңдар  мен  халықаралық  келісімдермен  бекітілгеннегіздемелермен 

байланысты  жағдайларды  есепке  алмағанда).  Бұл  жағдайларда

мүліктің нарықтық кұны кайтарылады.

Төртіншіден,  инвесторлар  өз  кұқықтары  мен  міндеттерін  басқа

тұлғаларға беруге құқылы.

Бесіншіден,  инвесторларға  келесідей  жагдайларда  салықтык

жеңідіктер  беріледі,  қарастырылып  отырған  инвестициялық  іс- 

әрекеттің  басымдылықты  қызмет  түрлерінің  тізіміне  сэйкес  болса; 

жаңа  технологияны  қолданумен  қызмет  етіп  тұрған  өндірістерді 

кеңейту  жэне  даңарту,  жаңа  кэсіпорындарды 



кұру 

үшін  республика 

кэсіпорындарының фиктивті активтеріне инвестиция салатын болса.

Алтыншыдан, приоритетті  жобаларды іске асыратын инвесторлар 

үшін кедендік салықты төлеу бойынша жеңілдіктер қарастырылған.

Инвестициялык  қызметті  реттеу  бойынша  шаралар  жүйесінде 

басымдылықты  мэнді  мемлекеттік  инвестициялык  стратегияны  кұру

59


және  мемлекеттік  реттеудің  барлық  жүйесін  оны  өткізуге  бейімдеу 

алады.


Әлеуметті-экономикалық 

дамудағы 

ұзақмерзімді 

мақсаттар 

әрдайым  қысқамерзімді  мақсаттарға  сәйкес  келе  бермейді.  Елдің 

әлеуметті-экономикалық  дамуындағы  түбеғейлі  өзгерістерге  жетуде 

әлеуметтік  параметрлерді  қатаң  сақтау  кезінде  ақша-несиелік, 

бюджетгі-салықтык  құралдарды  белсенді  қолдана  отырып,  елдің 

нақгы  секторында  іскерлік  белсенділікті  ынталандырумен  қатар, 

инвестицияның мәнді  өсуін  ғана қарастырып  қоймайтын ұзақмерзімді 

инвестициялық 

стратегияны 

жүргізу 

қажет. 


Мұның 

барлығы 


мемлекеттің  реттеу  қызметін  мәнді  күшейту  кезінде  ғана  мүмкін

болады.


6-сурет  —  Мемлекеттік  инвестициялық  реттеу  әдістерінің 

қурылымдық схемасы

60


Орта- және ұзақ мерзімді  инвестициялық стратегия Қазақстанның 

ұлттық 


экономикалық 

мүддесін 

өткізуге 

багытталуы, 

ел 

экономикасының 



бәсекеқабілеттілігін  жоғарлату  және  тұракты 

экономикалық 

өсуі 

негізінде 



халықтың 

өмір 


сүру  деңгейін 

жоғарлатуды  қамтамасыз ету керек.  Осыдан басқа,  барлық бар ұлттық 

инвестициялық  ресурстарды  мобилизациялауға,  шетел  капиталын 

тартуға  және  оларды  рационалды  бөлу  мен  қолдануға  бағытталған 

шаралар  кешенін  жүргізу  керек.  Бұл  шараларды  іске  асыруға 

мемлекеттің  бюджеттік,  салықтық,  несиелік,  валюталық,  ақшалай 

саясаттарынң  барлық  құралдары  бағытталуы  қажет.  Қазақстан 

экономикасының әлі ресурстарды жинақтаудан алыс екенін есепке ала 

отырып,  инвестициялық  қызметті  мемлекеттік  реттеу  механизмдері 

осы мақсаттарға жетуге бағытталуы қажет.

Мемлекеттік  инвестициялар -   қажетті  әлеуметтік  өзгерістер  мен 

өндірістік  және  әлеуметтік  инфрақұрылымдардың  нақты  салаларын 

қолдау мен  салыстырмалы дамытуды  қамтамасыз  ететін экономиканы 

реттеудің маңызды факторы.  Мемлекеттік инвестициялардың мақсаты 

кумулятивті  процесті  қалыптастыруда  дамудың  ішкі  факторларына

мүмкіндік беру.

Нақты  секторда  инвестициялық  белсенділікті  ынталандыру 

мақсатында 

мемлекет 

экономиканы 

қайта 

құру 


процесін 

белсендендіруді, сонымен  қатар экономикадағы  мемлекеттік меншікті 

басқару  мен  тиімді  қызмет  етуін  жоғарлатуды  қарастыратын 

«агрессивті»  өнеркәсіптік  саясатты  жүргізуі  қажет.  Экономикалык 

реформалау  жылдары  Қазақстанның  өнеркәсіптік  құрылымы  мәнді 

өзгеріске  ұшырады.  Мұнай,  газ,  қара  және  түсті  металлургия 

өнімдерін  өндіру  және  өңдеумен  байланысты  салалардың  үлес 

салмақтары 

өсті. 

Макроэкономикапық 



тұрақтылыққа 

жетуге 


байланысты, стратегиялық акценттер экономикалық өсуді  қамтамасыз 

етуге 


ауыстырылуда. 

Бұл 


экономикалық 

реформалардың 

экономиканың 

нгақты 


секторына 

ауысуын 


қарастырады. 

Қазакстанның  өнеркәсібіндегі  құрылымдық  өзгерістер  талап  етеді: 

жаңа  мемлекеттік  өнеркәсіптік  саясаттың  жүргізілуін,  шыгарылған 

ұллтық  өнімді  өткізу  нарығы  мен  оны  қамтамасыз  ету  үшін  ақшалай

қаражаттарды іздестіру.

Мемлекеттік 

дотациялар 

мен 


субсидиялардың 

көмегімен 

мемлекеттік 

кәсіпорындардың, 

дамудың 

басымдылықты 

аудандарында  меншіктің  аралас  түрлерін  дамыту  үшін  накты 

секторды  қолдау  көрсету  мақсатты.  Жекелеп  алғанда,  олар  қосымша 

жұмыс  орындарын  құруға,  қайта  игеріліп  отырған  аймақтарды 

дамытуды  ынталандыруға,  ауыл  шаруашылығындағы,  көліктегі  және

61


өндіру  өнеркәсіптерінін  кейбір  салаларындағы  шығындардың  бір

бөлігін жабуға бағытталады.

Экономиканың  нақты  секторында  инвестициялық  қызметті

жандандыру  үшін  монополияны  шектеу,  шаруашылықтандырудын 

баламалы  формаларын  дамыту  жолымен  өндірістік  сферада  бәсекені 

белсенді  ынталандыру  қажет.  Бағаларды  реттеу  әртүрлі  тарифтер 

белгілеу  жолымен  тауарлар  мен  қызметтердің  белгілі  бір  түрлері 

бойынша  мемлекетпен  жүргізіледі.  Бұл  ең  бірінші,  экономиканың 

мемлекеттік секторының өнімдеріне тиесілі.

Мемлекеттік  реттеудің  маңызды  әдісі  мақсатты  республикалык 

бағдарламаларды  арнайы  бюджеттік  қорлар  арқылы  қаржыландыру 

болып  табылады.  Бүл  қорлар  қаржы  жүйесінің  икемділігі  мен 

маневрлігін жоғарлатады. 

§Я|


Мақсатты  қаржылық  қорлар  жеке  және  заңды  түлғалардың 

өзіндік  аударымдары,  займдар,  сауда-саттық  жұргізуден  түсетін

салықтық

заңданамалармен

басқа да көздер есебінен қүрылады.

Қазіргі  жағдайда  экономиканың  нақты  секторын  мемлекеттік 

қолдау  жеңілдетілген  салық  салу,  несиелеу,  сақтандыру  жүйелерін, 

сондай-ақ  республикалық  және  жергілікті  деңгейлерде  қаражаттар 

бөлумен  нақты  тауар  өндіруші  мен  накты  өндірістің  баға  белгілеуін 

мемлекеттік реттеу қарастырады.

Инвестицияны  мемлекеттік  реттеудің  тікелей  әдісін  мемлекеттік 

контрактілі 

жүйе  атқарады. 

Мемлекеттік  тапсырыспен  сәйкес 

экспортқа  жеткізілетін  тауарлар  бойынша,  мемлекеттік  тапсырыс 

жасаған  үйымның  бюджетінен  кэсіпорынға  экспорттық  өнім  өндіру 

бойынша  шығындарды  қайтару  керек,  залалды  экспорт  жағдайында 

дотация бөлінуі керек.

Мемлекеттік 

контрактілерді 

қаржыландыруға 

мемлекеттік 

бюджет  қаражаггарынан  бөлек,  мақсатты  қорлар  қаражаттары  мен 

банктік  несиелерді  тарту  мақсатты.  Контрактілі  жүйенің  негізінде 

подряд  және  субподряд  механизмдерін  құру  жолыменен  сыртқы 

саудада, аймақтар арасындағы өазара қатынастар жүргізілуі мүмкін.

Қызмет  үшін  ресурстарды  қалыптастыруды  реттеудің  маңызды 

әдісі ретінде жергілікті бюджеттердің қаражаттарьш  қолдану шығады. 

Республикалық және жергілікті бюджетдің өзара  қатынастары  әртүрлі 

жолдармен  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  жергілікті  деңгейлердің 

қарыздық міндеггемелерін  кепілдеу,  муниципалдық  облигациялармен 

төленетін  жергілікті  экімшіліктің  пайыз  сомаларын  салықган  босату 

арқылы, 

жергілікті 

жобаларды 

тікелей 


мақсатты 

орталықтан

62


каржыландыру 

және 


жергілікті 

органдардың 

өздерімен 

іске 


асырылатын  жобалар  мен  бағдарламаларды  каржыландыру  үшін 

максатты  дотациялар  мен  несиелер  бөлу  арқылы  элемдік  тэжірибеде 

мемлекеттік  реттеудің  тікелей  әдісіне  сыртқы  сауданы  квоталау  мен

лицензиялауды жатқызады.

Инвестициялық 

процестерді 

экономикалық 

реттеудегі

мемлекеттің 

рөлінің 


күшеюі 

үкіметпен 

қарастырылатын

инвестициялық бағдарламаларды өткізу мен капитал салымына кеткен

шығындардың  толық  көлемінде  қаржыландыруды  қарастырады.  Бүл

сұрақты  шешу  бюджеттік  жоспарлау  сапасын  жалпы  жақсартумен,

белгіленген  бюджеттік  тапшылық  деңгейі  шегінде  шығындарды 

қаржыландыру  мен  мемлекеттік  бюджет  кірістерін  қалыптастыру 

бойынша  жобаламаларды  орындаумен  байланысты.  Сонымен  бірге 

бұл  инфляцияны  төмендету  мақсатында  инвестицияға  мемлекеттік 

шыгыстарды  секвестрлеу  (каржыландыруды  жеткізбеу)  жолымен

тапшылық  мөлшерін  қысқартудын  қалыптасқан  тәжірибесінен  бас 

тартуды  қарастырады.  Бұл  шараны  өткізу,  біздің  ойымызша, 

мемлекеттік 

инвестициялық 

тапсырысты 

тұрақтандыруға, 

инвестициялық  нарықтағы  мемлекеттік  сектордың  қалпына  келуі  мен 

одан әрі кеңеюін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Капитал  қозғалысын  мемлекеттік  реттеудің  маңызды  элементі 

және  оны  экономиканың  нақты  секторын  дамытуға  бағыттау  капиатл 

шоғырлануы  мен  оның  икемді  оперативті  қозғалысын,  инвестицияға 

жинақтарды  трансформациялау  механизмдерімен  қамтамасыз  ететін

ақша-несие жүйесі болып табылады.

Ақша—несие  жүйесінің  негізгі  қызметі  материалдық  жэне

материалдық  емес  өндірісті  жэне  халықаралық  қатынастарды  үздіксіз

жэне  тиімді  ақша  ресурстарымен  қамтамасыз  ету  болып  табылады. 

Толығымен, 

ақша-несие 

жүйесі 


банктік 

жэне 


банктік 

емес, 


зейнеткерлік,  сақтандыру  жэне  пошталы-жинактау  жүйелемелері

түрінде көрсетіледі.

Елдің  банктік  жүйесі  ¥лттық  банк,  оның  территориялык 

бөлімшелері  мен банктердің жинағы, олардың бірлестіктері,  биржалар 

жэне  ақша  ресурстарымен  сауда  жасайтын  аудандар  түрінде 

көрсетіледі, олардың іс—эрекеттері Үлттық банкпен регламенттеледі.

Банктік  емес  жүйесі  іс—эрекеттері  салыстырмалы  банктік 

заңнамамен регламенттелетін институттар түрінде көрсетіледі. Оларға 

жататындар: 

пошталы-жинақтау 

жүйесінің 

институттары, 

ломбардтар,  несиелік  кооперациялар  (несие  серіктестіктері  мен  озара 

несиелер 

қоғамының 

кеңестері), 

қаржылық 

компаниялар 

(факторингтік, венчурлық жэне т.с.с.) жэне т.б.

63


Сонымен қатар қаржылық нарықта сактандыру және зеинеткерлік 

жүйелер  қызмет  етеді.  Олардың  қызметтері  заңдылық  актілермен 

регламенттеледі.  Оларга  бірінші  кезекте  сақтандыру  қорлары  мен 

компанияларын,  инвестициялық  компанияларды  және  қорларды, 

зейнеткерлік  қорларды  жатқызуга  болады.  Ақша-несие  жүйесінің 

аталып  кеткен  субъектілері  ақша  ағымдарын  бөлу  мен  қүруға 

қатысады.  Мамандандырылған  несие-қаржылық институттар  несиелі- 

есептік  қызметі  бойынша  ¥лтты қ  банкке  бағынышты,  ал  кәсіби 

қызметтерінің  басқа  тірлері  бойынша  -   бағыныштылығына  қарай 

сәйкестендірілген ведомстваларға бағынышты болып  келеді.

Иквестицияның 

маңызды 


көзі 

банктік 


жүйеде 

шоғырландырылған  қаржылық  ресурстар  болуы  керек.  Банктік 

жүйеде  жинақталған  қаражаттарды  ауыл  шаруашылығы  мен  өңдеу 

өнеркәсіптеріне  ¥лтты қ  банктегі  олардың  активтерін  залогқа  қоя 

отырып,  үлкен  жэне  сенімді  банктер  арқылы  бағыттау  қажет. 

Қаржылық  жэне  өнеркәсіптік  капиталдардың  бірігуі  бойынша 

шараларды  заадылық  қолдаумен  жолдау  қажет.  Мысалы,  ҚР-ның 

«Банктер  мен  банктік  қызмет  туралы»  заңына  өзгерістер  мен 

түзетулер 

енгізу, 


банктердің 

өнеркәсіптік 

кәсіпорындардың 

акцияларын сатып алуға қатысуына шектеуді алып тастайтын.

Мемлекеттің  кең  қатысуымен  банктер  қызметінің  неғүрлым 

маңызды  сфералары  болып  табылуы  мүмкін:  қайда  жеке  капитал 

бармайтын,  экономиканың  нақты  секторын,  ауыл  шаруашылығын, 

инфрақүрылымдық салаларды несиелеу.

Банктік 

жүйенің  экономиканың 

нақты 

секторына  аудару 



коммерциялық  банктердің  келесідей  позитивті  өзгеуіне  алып  келеді 

және мәнді мүмкіндік береді:

- банктерді  несиелеуге ғана емес, сонымен қатар  инвестицияіауға 

бағыттау;

- банктердің жаңа инвестициялық технологияларын пайдалану;

- нақтылау  негізінде қаржылы-өнеркәсіптік топтарды жаңғырту;

- ақты секторда ақша айналымын көтеру;

- ссудалық 

пайызды 

Үлттық 


банктің 

есептік 


ставкасына 

неғүрлым нақты бағыттау;

- тәжірибеге 

банктік 


тәуекелдерді 

төмендетудің 

тиімді 

механизмдерін енгігу;



- банкте  барлық  үқсас  қызметтерді  бағыттау  -   несиелеу, 

инвестициялау, инвестициялық жобалардың қаржылық менеджменті;

- банк 

өкілдерін 



қаржыландыратын 

кэсіпорындардың 

менеджентіне енгізу;

- менеджментті түбегейлі жетілдіру.

64


Негізгі  институционалды  инвесторлардың  бірі  зейнеткерлік 

жинақтау 

қорлары 

болып 


табылады, 

олардың 


қаражаттарды 

экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталуы мүмкін.

Инвестициялық  ресурстарды  реттеу  үшін  ойластырылған  салық 

саясатына  үлкен  мэн  беріледі.  Салықтық  реформа  өте  өзекті,  ең 

алдымен  кәсіпорындар  үшін,  фискалды  саясаттан  инвестициялык

белсенділікті ынталандыру элементіне өту керек.

Экономиканың  нақты  секторына  инвестицияны  жоғарлату 

мүддесінде  іске  асырылатын  салықгық  реформалардың  негізгі

принциптері болуы керек: 

- салық  салынатын  объектілердің  санын  кенейте  отырып,  салык



салу дңгейін төмендету;

- салалық 

және 

уақытша 


мінездегі 

салықтар 

бойынша

шартталмаған жеңілдіктердің санын минимумға дейін жеткізу;



- шетелдік  инвесторлар  үшін  жеңілдетілген  салық  салудың

ерекше түрақты режимін белгілеу.

Инвестициялық  процестерді  мемлекеттік  реттеудің  маңызды

жанама  әдістерінің  бірі  салық  алудан  босатылған,  пайданын  бір

бөлігін аудару жолымен қалыптасатын сәйкестендірілген қор есебінен

өндіріс  құралдарының  рухани  жэне  табиға  тозуларын  қалпына

келтіруді қамтамасыз ететін амортизациялық саясат болып табылады.

Инвестициялык  белсенділіктің  төмендеу  әсерінен  Қазақстан

экономикасының  нақты  секторындағы  негізгі  капитал  өте  ескірген,

экономиканың  барлық  секторында  техникалық  деградациялау  жүріп

жатыр.

Қазақстанның нақты секторын дамыту мен  қайта қалпына келтіру 



ушін  амортизациялық  саясат  ауданында  әлемдік  тәжірибені  қолдану 

қажет.  Тездетілген  амортизация  саясаты,  яғни  негізгі  капиталдың 

кұнын  неғұрлым  қысқа  мерзімде  жоғары  ставкамен  аударуға  рұқсат 

беру  саясаты  көптеген  елдерде  қолданылады.  Негізгі  капиталды

тездетіп амортизациялаудың екі тәсілі әйгілі.

Бірінші тәсілінде  негізгі  капиталдың нормативті  мерзімі  жасанды 

қысқарту  жэне  сэйкесінше  амортизация  нормасы  өсіріледі.  Негізгі 

капиалдың 

барлық 

түрі 


үшін 

амортизация 

мерзімі 

мэнді 


кыскартылды:  ұзақ  уакыт  қызмет  ететін  ауыр  жабдықтар  үшін  —  10 

жыл;  орташа  жабдықтар  үшін  5  жыл,  тез  рухани  тозуға  ұшырайтын 

өндірістік  және  конторлық  жабдықтар  үшін  3  жыл.  Үкімет 

сәйкестендірілген  жабдықтардың  түрлері  үшін  7,  5,  3  жылдық  схема 

бойынша амортизациялық  аударым  мерзімдерін  бекітті  және  көліктік 

құралдар  мен  персоналды  ЭЕМ-ның  ғылыми  жабдыктары  үшін 

ерекше жеңілдіктер берді.

65


Амортизацияны  тездетудің  екінші  тәсілі  жабдықтың  қызмет  ету 

нормативті  мерзімін  қысқартпай-ақ,  жекеленген  фирмаларға  бірінші 

жьшы амортизациялық аударымды жоғарлатылған  мөлшерде жасауға, 

бірақ  одан  кейінгі  жылдары  сәйкесінше  оларды  төмендетуге  рұқсат

беру.

Р есп у б л и к а н ы ң  

қазіргі  жағдайында,  әсіресе оның басымдылықты 

салаларында 

тездетілген 

амортизациялық 

нормасын 

қолдану 

неғұрлым  тиімді  болып  келеді.  Негізгі  қорларды  қайта  бағалау  мен 

оларды  әрі  қарай  индексациялау  инвестицияның  күрделі  көзі  болуы

мүмкін. 


. *

Амортизациялық  аударымды  есептеудегі  неғүрлым  маңызды 

кезең  амортизация  нормасы  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  олар 

мәнді  емес  3-5  %,  соның  ішінде  негізгі  қорлардың  активті  бөлігі 

бойынша  амортизациялық  аударым  нормасы  10 

%

  шегінде  болады, 

өнеркәсіпте  машиналар  мен  жабдықтардың  тозуы  43  %-ға  жетті,  ал 

жекеленген  салаларда,  мысалы,  металлургиялық  кешенде  50  %-дан 

жоғары.

Техниканың  5-7  жыл  қызмет  ету  мерзімімен  негізгі  өндірістік 



қорлардың активті бөлігі бойынша амортизациялық норма  15-20 %-ға

дейін  көтерілу  керек.қалыптасқан  жағдайда  кәсіпорындар  өмір  сүру

үшін  амортизациялық  аударымдарды  есептеуді  негіздеу  кажет. 

Амортизацияны  өсірген  кезде  негізгі  қорларды  толық  қалпына 

келтіруге  әрбір  келесі  жылдардағы  инфляция  нормасын  болжауды 

есепке  ала  отырып  жыл  сайын  индексациялануы  керек.  Инфляция 

жағдайында  амортизациялық аударымның  нақты  көлемдерін олардың 

нормативті 

деңгейіне 

жеткізуге 

мүмікндік 

беретін 


механизм 

жеткілікті жақсы анық.

Ол қарастыру керек:

I  негізгі қорларды кезеңді қайта бағалау;

- амортизациялық аударымдарды мерзімді индексациялау;

- инвестициялық  тауарлар  мен  қызметтерге  бағаның  өсуімен

сәикес амортизация нормасын өсіру.

Осыған  орай,  инвестициялық  белсенділікті  жандандыру  үшін 

келесілерді  енгізетін  мемлекеттік реттеудің тездетілген шаралар жүесі 

қажет:


I  

мемлекеттік  және  жеке  инвестицияларды  рационалды  қолдану, 

мемлекетгік 

инвестициялық 

бағдарламаларды 

қалыптастыру 

механизмдерін жетілдіру;

отандық  тауарлардың  бәсекеқабілеттілігін  жоғарлату  және 



экономикада  үдайы  өндіру  процестерін  калпына  келтіру  мақсатымен 

инвестициялық қызметтердің нақты бағыттарын анықгау;

66


. инвестицияга  жинактарды  аударудын 

т и і м д і  

жүяелсрін 

к ұ р :  

мсн  бағалы  қагаздар  нарыгын  дамытуга  мсмлекст  жагынан  комеғ

ВІрСіТІЯу;  £  

..  ^  


_______

- экономиканың  нақты  сскторына  банктердін  инвестициялык

кьпметтерін 

күшейту 


максатымен 

банктік 


сфераны 

кайт<» 


үйымдастыру;

- өндірістік 

сферага 

бағытталған 

инвестицияларіи 

кепілдендірудін 

тиімді 

жүйесін 


кұру 

бойынша 


жұмыстарьш

жалгастыру;

- инвестициялық  салымға  кәсіпорындардың  өз  қаражаттарын 

көбейту үшін амортизациялық саясатты жетілдіру.

67


Әдебиеттер

Назарбаев 



Н. 

Ә. 


Қазақстан 

-  


2030. 

Барлық


қазақстандыктардың 

гүлденуі, 

қауіпсіздігі 

мен 


әл-ауқатының 

жақсаруы  :  Ел  Президентінің Қазақстан  халқына Жолдауы. -  Алматы,

1999.  .

2 «Шетелдік ннвестнциялар» туралы Заң (1991).

3  Инвестициялық  жекешелендіру  қорлары  туралы  ережелер

(1993).


4  ҚР  Президентінің  «ҚР  шетел  инвестициялары  бойынша  жаңа 

ұлтгык 


агенттік кұру туралы» Жарлыгы (1992).

5

  ҚР «ҚР-ғы инвестициялық қорлар туралы» Заңы (1997).



6  ҚР  «Тікелей  инвестицияларды  мемлекеттік  колдау  туралы» 

Заны (1997).

7  Кенжегузин  М.  Б.,  Додонов  В.  Ю.,  Шевелев  С.  А. 

Формирование  и  реализация  казахстанской  модели  устоймивого 

экономического  роста:  концептуальные  подходы.  -   Алматы  : 

Институт экономики МОН РК, 2001. 

- ^

8  Рынок  :  проблемы  и  перспекгивы  развития  под  ред. 



Кенжегузина М.  Б. — Алматы  : Институт экономики МОН РК, 2002.

9 Аткинсон  Э.  Б., Стигму Д.  Э.  Лекции  по  экономической  теории 

государственного сектора. М.,  1995.

10

  Брузати  Л.  Ж.  Этика  и  эффективность  в  отношениях  между 



деловыми  кругами  и  правительством.  Департамент  государственного 

управления.  Школа  менеджмента  университета  Баккони.  Милан,

1996.-С. 30. 

;ТЩЯ

11  Кошанов  А.  К.,  Жатканбаев  Е.  Б  ,  Болатханова  3.  А. 

Формирование  государственного  предпринимательства  в  Республике

Казахстан  в условиях смешанной экономнки — Алматы, 2000.

12 Лизшиц А.  Я.  Введение в рыночную экономику -  М.,  1992.

13 


Мамыров 

Н. 


К., 

Ихданов 


Ж. 

О. 


Государственное 

регулирование экономики  в условиях Казахстана

14  Мамыров  Н.  К., Саханова  А.  Н.,  Ахметова  Ш.  С.  ,  Брузати  Л. 

Государство и бизнес. Алматы,  1998. -  С. 90.

15  Мамыров  Н.  К.,  Саханова  А.  Н.,  Ахметова  Ш.  С.,  Брузати.

Цикл учебников «Государство  и бизнес».  Книга  первая -  Государство, 

предпринимательство и общество, Издательство «Экономика», 2002.

16  Мамыров  Н.  К.,  Саханова  А.  Н.,  Ахметова  Ш.  С.,  Брузати. 

Цикл  учебников  «Государство  и  бизнес».  Книга  вторая  -   Отношения 

между  правительством  и  обществом,  Издательство  «Экономика»,



2002

.

68



Мазмұны

Кіріспе


Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және

3

4



6

инвестициялық қызметі

Инвистициялық бизнес-жоспарлау

Инвестициялық жобалаудың негізгі ережелері

13

Шетел капиталын тарту -  ұлттық экономикадағы 



инвестициялық нарықты қалыптастырудың негізгі к ө зі. 

28 


Экономиканы модернизациялауға тікелей шетелдік 

инвестицияларды пайдаланудың қазіргі жағдайы 

40

Қазақстан Республикасының индустриалды -инновациялық 



дамуы: экономикалық өсу мәселелері мен шетел

инвестициясын тарту 

53

Қазақстан экономикасының нақты секторына инвестицияны



тарту механизмі мен мемлекеттік реттеу 

58

Әдебиеттер 



68

С. М. Хасенова

М ЕМ ЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫ Қ

СТРАТЕГИЯСЫ

2 бөлім


Оқу кұралы

Техникалық редактор Б. В. Нургожина 

Жауапты хатшы А. К. Темиргалинова

Басуға 22.05.2014 ж.

Әріп түрі Т ітез.

Пішім 29,7 х 42  !4. Офсеггік қағаз. 

Шартты баспа табағы 3,17 Таралымы 500 дана

Тапсырыс № 2279

«КЕРЕКУ» Баспасы 

С.Торайғыров атындағы 

Павлодар мемлекеттік университеті 

140008, Павлодар қ., Ломов к., 64



Бекітемін

ағы


ПМУ-

жөніғ


'і»Ліцой'

Құрастырушы 

С. М. Хасенова

Менеджмент кафедрасы

Мемлекеттік инвестициялық стратегиясы

Оку құралы

2 бөлім

Кафедра мәжілісінде бекітілді 20/^ ж . 



У&

  № 


/<Р

хаттама


і

жүктеу/скачать 3,64 Mb.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет