Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



Pdf көрінісі
бет12/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
арнайы бір тақырыпқа сай келмейді. Сондай-ақ технология за-
маны болғандықтан, мобильді қосымшалардағы тыңдалым мате-
риалдар арқылы тілді меңгертуге болады.
Ұсыныс:
Мобильді қосымша бағдарламалары арқылы тақырыптық 
тыңдалым материалдарын кеңінен шығару. Себебі:
1. Уақыт жағынан тиімді, тіл үйренуші кез-келген бос уақы-
тында қолдана алады;
2. Әлемнің кез-келген түкпірінде, тіпті, интернет байланысты 
болмаған жағдайда қолдана алады.
Тыңдалым материалын берудің қысқаша сипаттамасы:


39
Ж.Ізтұяқ 
Жамбыл облысы әкімдігінің 
Тілдерді дамыту басқармасы
 Тілдерді оқыту орталығының директоры
Жаңа инновациялық технологияларды оқыту үдерісіне 
енгізу және оның тиімділігі
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі оқу орындарында тілді мең-
герту жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәсе-
лесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың жаңа 
технологиялары жасалынып, оқыту орталықтарының тәжіри-
бесіне де енгізілуде. Тілдерді оқыту орталығы оқытушыларының 
инновациялық даярлығын қалыптастыру – олардың жаңа педа-
гогикалық технологияны меңгеруінің алғы шарты. Ал оқытушы-
лардың жаңа технологияларды меңгеруі мен оны оқыту үрдісі-
не енгізуі – уақыт талабы. Өйткені инновациялық технологияны 
меңгеру оқытушылардың іскерлігін, ізденісін туғызып, шығар-
машылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, тіл үйренушілердің білім 
сапасын арттыруға өз үлесін қосады. 
Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының Тіл-
дерді оқыту орталығы – облыс әкімінің қолдауымен толығымен 
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бірден бір орталық. 
Оқыту орталығында мемлекеттік тілді оқытатын 3 оқу кабинеті 
және ағылшын тілін оқытатын 1 лингафондық оқу кабинеті бар. 
Әрбір оқу кабинеттері 10+1 компьютер кешенімен, интерак-
тивті тақтамен, стендтермен жабдықталған. Орталықтың арнайы 
кітап хана қорында 6 000-ға жуық оқу әдістемелік кешендер, түр-
лі сала бойынша сөздіктер, көркем және әлем әдебиеттері, түрлі 
энциклопедиялар жинақталған. Орталықтың 8 аудандық оқыту 
бөлімшелері ашылған: Қордай, Шу, Меркі, Талас, Сарысу, Жам-
был, Жуалы және Байзақ аудандарында. Барлық аудандық оқыту 
бөлімшелеріндегі оқу кабинеттері де бүгінгі заман талабына сай 
жабдықталған.


40
Орталықтың жалпы штатында 43 қызметкер жұмыс істейді. 
Оның ішінде 19 оқытушы, 4 әдіскер және 8 аудандық бөлімше 
меңгерушілері қазақ және ағылшын тілі сабақтарынан дәріс бе-
реді. Оқу курстары Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
стандартына сәйкес 5 деңгейлік (А1, А2, В1, В2, С1) бірүлгі 
бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады.
Осы кезекте, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет