Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



Pdf көрінісі
бет25/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Морфем талданым:
-
оқы етістігінің көсемше түрі оқи болса, сонда көсемшенің 
көрсеткіші дауысты 
и дыбысы болғаны ма? Онда көсемшенің бір 
«көрсеткіші 
дауыссыз й [y]» деген ереже қайда қалады?
-оқы етістігінің тұйық рай түрі оқу болса, сонда тұйық райдың 
көрсеткіші дауысты 
у дыбысы болғаны ма? Онда тұйық райдың 
«көрсеткіші 
дауыссыз у [w]» деген ереже қайда қалады?
Ең сорақысы, осы жердегі «дауысты 
ы дауысты у-мен алма-
сады» деп түсіндіретін ереженің барын қайтерсің! Ал 
оқы етісті-
гі дауысты 
ұ-ға (жарайды, тіптен, көз елес ы дауыстысы бола қой-
сын) аяқталып тұрғаны, оған келіп дауыссыз 
у[w] тіркесіп, тұйық 
рай 
оқұу [oquw] жасалатыны қаперімізге кірмей-ақ қойды. 
Қазақтың 
ұу дыбыс тіркесінің естілімі орыстың у дауыстысы-
ның, қазақтың 
ый(-ій) дыбыс тіркесінің естілімі орыстың ы(-и) 
дауыстысының естілімімен жалған ұқсас екеніне сеніп қалған-
быз (жоқ, сеніп қалғансыз!).
Буын талданым:
-миы сөзінің буын құрамы ми-ы болып, алғашқы буын дауыс-
ты 
и дыбысына аяқталып, келесі буын дауысты ы дыбысынан 
басталып тұр ма? Онда қазақ сөзінің ішінде 
«буын дауысты ды-
быстан басталмайды» (А.Байтұрсынұлы) деген ережені қайда 
қоямыз? Оның үстіне сөз соңында «дауысты буын тұрған деген 
не?» деп, аң-таң боламыз.
-суы сөзінің буын құрамы су-ы болып, алғашқы буын дауыс-


72
ты 
у дыбысына аяқталып, келесі буын дауысты ы дыбысынан 
басталып тұр ма? Ендеше қазақ сөзінің ішінде
 «буын дауысты 
дыбыс тан басталмайды» деген ережені тағы еске сала кетеміз. 
Оның үстіне «сөз соңында дауысты буын неге тұр?» деп, тағы аң-
таң боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет