Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



Pdf көрінісі
бет26/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Тасымал талданым:
-жиын сөзі жи-ын болып тасымалданып, тасымал жігі екі да-
уыстының арасынан өтіп тұрады ма? Онда 
«қазақ сөзінің ішін-
де екі дауысты қатар тұрмайды» деген ережені қайда қоямыз? 
Оның үстіне «сөз соңында тұйық буын тұрған деген не?» деп, әрі-
сәрі боламыз.
-суық сөзі су-ық болып тасымалданып, тасымал жігі екі 
дауыс тының арасынан өтіп тұрады ма? Ендеше 
«қазақ сөзінің 
ішінде екі дауысты қатар тұрмайды» деген ережені тағы қай-
талаймыз. Оның үстіне «сөз соңында тұйық буын неге тұр?» деп, 
әрі-сәрінің үстіне дел-сал боламыз.
Көріп отырғанымыздай, аттаған сайын сұрақ белгісі алды-
мыздан шығып отыр. Бұл – бүгінгі қазақ жазуының, жұмсартып 
айтқанда, күманды тұстары көп деген сөз. Сондықтан да бүгінгі 
әліпби ауыстыру науқанын жазу реформасына айналдару керек 
деп отырмыз.
Бұл кірме таңбалардың бір тобы ғана, соның өзі тіліміздің ұзын 
тұрқын түгел бұзып болған екен. 
Анық тіркестер:
Көмескі тіркес-
тер
ай
ій
айт
ійт
тай
тый
тій
айақ
ыйық
қайық
қыйық
кійік
сайа
сыйа
сайла
сыйла
Анық тіркестер:
Көмескі тіркес-
тер
ау
ұу
тау
тұу
асау
ысұу
үсүу
айау
айұу
айау
ұйұу
үйүу
тауыс
тұуыс
Дауысты Ы [ɪ] және İ [i] дыбыстарының жазылымы.
Жуан (қысаң) әуезді Ы [ɪ] мен үнді (жуысыңқы) Й [y] 
дауыссызы ның тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын бұзбай, 
тасымал ретін сақтау үшін ЫЙ [ɪy] болып жазылады: 


73
Сөз басында: иық (ыйық) [ɪ-yɪq];
Сөз ортасында: тиын (ты-йын) [tɪ-yɪn], қыйын (қы-йын), [qɪ-
yɪn], жыйын (жы-йын) [jɪ-yɪn];
Сөз соңында: тый (тый), ылғый (ыл-ғый) [ɪl-ğɪy], сыный (сы-
ный) [sɪ-nɪy], ысый (ы-сый) [ɪ-sɪy];
Жіңішке (қысаң) әуезді İ мен үнді (жуысыңқы) Й дауыссызы-
ның тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын бұзбай, тасымал 
ретін сақтау үшін İЙ болып жазылады:: 
Сөз басында: и (ій) [iy], иіс (і-йіс) [i-yis], ирек (ій-рек) [iy-rek], 
ие (і-йе) [i-ye], ине (ій-не) [iy-ne]; 
Сөз ортасында: киім (кі-йім) [ki-yim], шие (ші-йе) [şi-ye], тиін 
(ті-йін) [ti-yin], сирек (сій-рек) [siy-rek];
Сөз соңында: ти (тій) [tiy], би (бій) [biy], бәлки (бәл-кій) [bäl-
kiy], іскери (іс-ке-рій) [is-ke-riy].
Дауысты Ұ[u] және Ү[ü] дыбыстарының жазылымы
Жуан (қысаң) әуезді Ұ[u] мен үнді (жуысыңқы) У[w] дауыссы-
зының тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын сақтап, тасымал 
ретін бұзбау үшін ҰУ[uw] болып жазылады: 
Сөз басында: у (ұу) [uw], уық (ұ-уық) [u-wuq], уыс (ұ-уыс) 
[u-wus], уақыт (ұ-уа-қыт) [u-wa-qɪt];
Сөз ортасында: ту (тұу) [tuw], туыс (тұ-уыс) [tu-wus], суық (сұ-
уық) [su-wuq], жуан (жұ-уан) [ju-wan], шаруа (ша-рұ-уа) [şa-ru-
wa], оқушы (о-құу-шы) [o-quw-şɪ];
Сөз соңында: су (сұу) [suw], бу (бұу) [buw], алу (а-лұу) [a-luw], 
толу (то-лұу) [to-luw], оқу (о-құу) [o-quw], қару (қа-рұу) [qa-ruw];
Жіңішке (қысаң) әуезді Ү[ü] мен үнді (жуысыңқы) У[w] дауыс-
сызының тіркесі сөздің морфем және буын тұрқын сақтап, тасы-
мал ретін бұзбау үшін ÜW болып жазылады:: 
Сөз басында: уіл (ү-уіл) [ü-wül], уәде (ү-уә-де) [ü-wә-de], ү-уәж 
(үуәж) [ü-wәj], уәли (ү-уә-лій) [ü-wә-liy], уәзір (ү-уә-зір) [ü-wә-zir]; 
Сөз ортасында: сурет (сүу-рет) [süw-ret], келуші (ке-ліу-ші) 


74
[ke-lüw-şi], сенумен (се-нүу-мен) [se-nüw-men], секіруге (се-кі-
рүу-ге) [se-ki-rüw-ge], келуі (ке-лү-уі) [ke-lü-wi];
Сөз соңында: елу (е-лүу) [e-lüw], білу (бі-лүу) [bi-lüw], ескеру 
(ес-ке-рүу) [es-ke-rüw], кешіру (ке-ші-рүу) [ke-şi-rüw].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет