Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация


ІІ БӨЛІМ 70 Ә.Жүнісбек



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
ІІ БӨЛІМ


70
Ә.Жүнісбек
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
бас ғылыми қызметкері,филология ғылымдарының
докторы, профессор
КІРМЕ ТАҢБАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 
ТАЛДАНЫМЫ
Өтпелі дәуір кезіндегі кез келген ауқымды шара, ол эконо-
микалық шара болсын, әлеуметтік шара болсын, елді бір дүр-
ліктірмей қоймайды. Өйткені ондай шараның, жұртшылық жап-
пай қатыспаса да, өз жақтаушылары мен қарсыластары болады. 
Әліпби ауыстыру мәселесі де осы жайды басынан кешіріп отыр. 
Сондықтан оған таң қалуға болмайды, тек оның себебін дұрыс 
түсінуге тырысуымыз керек.
Ендеше бұл бағыттағы шараны тек әліпби ауыстыру деп қа-
рамай, кең қамтып, жазу реформасына айналдыру қажет. Сон-
дықтан әңгімені тек әліпби ауыстыру төңірегінде ғана қалдырмай 
немесе бір таңбаны екінші таңбаға қалай ауыстырамыз дегенге 
ғана саймай, жазу төңрегіндегі өзге де мәселелерді қамтып отыру 
керек болады. 
Қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ. 
Өйткені ол «қазақ әліпбиі» емес, «қазақ-орыс әліпбиі», тіптен 
ақиқатын айтып «орыс-қазақ әліпбиі» десе де болады. Өйткені 
әліпбиіміз бір тілдің емес, әлдеқашан қос тілдің әліпбиі болып 
орнығып алды. 
Тіл мамандары қазақ жазуына жасалар болашақ реформаны 
(тек қана әліпби ауыстыру емес) тіл бұзар емле-ережелерден 
құтылудың бір амалы деп түсініп отыр. Өйткені кез келген қазақ 
тілінің оқулығын алыңыз да бетін ашыңызшы. Қайран қаласыз! 
Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары деп 7-8 әріпті бөліп қояды. 
Сонда не, өзге дыбыстардың бәрі қазақтікі емес пе? Қазақ дыбыс-
тарын осылай бөлектеудің өзі шәкірт санасын тұмшалап, есей-
генде мәңгүрт қылады. Сөйтіп, 26 (28) дыбысымыздың бәрінің де 
(!) дыбысталуы сол іспеттес орыс тілінің (сол іспеттес араб, ағыл-


71
шын т.б.) дыбыстарына баспа-бас ұқсай қоймайтыны, дыбыс-
тардың өзара тіркесім емле-ережелері мүлдем бөлек екендігі не 
тіл мамандары – біздің санамызға жетпей-ақ қойды, не оқулық 
авторларының қаперіне ілінбей-ақ қойды.
Сондықтан да әліпби ауыстыруды әліпби сауатымызды ашудан 
бастауымыз керек. Әліпби сауат ашу арқылы төл сөздеріміздің 
жазылымына орынсыз еніп кеткен кірме таңбалардан бастаған 
жөн. Әзірге ерін үндестігі мен өзге дыбыстардың үйлесім түр-
леніміне тоқталмай қоя тұрамыз.
Сонымен, жоғарыда ескерткеніміздей, оқытушы-мұғалім қа-
уымның назарына төмендегі жайды ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет