Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



Pdf көрінісі
бет23/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
протеза құбылысы қажет. Сол сияқты дискурс ішінде дауыссыз-
дардың арасына дауыстының қыстырылуын көрсететін эпенте-
за, бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының 
алдыңғысының түсіп қалуын білдіретін элизия және оған қара-
ма-қарсы (қазақ тілінде сирек кездессе де) аферезис пен сөз ішін-
дегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуында көрініс 
табатын метатеза және сөз ішінде біркелкі (ұқсас) буындардың 
бірінің түсіп қалуынан көрінетін гаплология құбылыстарының 
қыр-сырын білу керек. Мысалы: арластыр (а-ра-лас-тыр).
Дискурстағы сөздер сөйлеу кезінде тұтасып немесе жеке-жеке 
тұрмай, топ құрап, әрқайсысы өзіндік екпін, ырғақпен айтылаты-
нын аңғаруға болады. Қазақ тілінде бунақтағы сөздердің жұбын 
жазбай, араларында қатар келген дыбыстарды үндестіріп, бір 
ырғақ, екпінмен айтудың маңызы зор. Олай болмаған жағдайда 
дискурс құрамындағы сөздердің байланыс реті бұзылады да, тіл 
табиғи жарасымынан айрылады, құлаққа жағымсыз естіледі, бәрі-
нен бұрын, айтылған ой көмескіленіп, тіпті, түсініксіз болып ке-
туі де қиын емес. Мысалы: Бүгін мемлекет басшысы // Ақордада // 
еліміздегі дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті. Бас қосуда 
Президент // Қазақстанның даму барысы мен // алдағы мақсат-мін-
деттеріне тоқталса, // елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың 
өкілдері // республикадағы жағдайға өз бағаларын берді. 
Қазақ тіліндегі екпін көбінесе сөздің соңғы буынына қойыла-
ды. Дегенмен сөз аяғында келген қосымшаның барлығы бірдей 
екпінді қабылдай бермейтіні салыстырмалы деректерден айқын 
көрінеді (-дай қосымшасы, көмектес септік жалғаулары, т.б.). 
Мысалы: Соңғы’ кездері’ іске’р адамдарды’ қала’ инфрақұрылы-
мыны’ң даму’ қарқыны’ көбіре’к мазала’йды еке’н. Кездесуде’ 
«жылды’ң ең үзді’к кәсіпкері’» атағы’н жеңі’п алға’н адамда’р 
арнайы’ мақта’у қағазы’мен марапатталды’.
Орфография мен орфоэпия бір-бірімен тығыз байланысты, өйт-
кені сауатсыз жазу мәтінді дұрыс оқуға және оны дұрыс қабылдауға 


65
кесірін тигізеді. Ауызша сөйлеу тілінде ең маңыздысы – айтылған 
ойдың мағынасын түсіну, ал сөздерді дұрыс айтпау бұған кедергі 
келтіреді. Сіз қаншама біліктілікті, жан-жақты және ақылды болға-
ныңызбен, егер сөздерді дұрыс айтпай, екпінді қате қойсаңыз, бір 
сөзбен айтқанда, акцентпен сөйлесеңіз, онда сіз өз ойыңызды жет-
кізуде қойылған мақсатқа жеткен жоқсыз. «Акцент (лат. аccentus, 
нем. akzent – екпін) әртүрлі екі тілдің әдеби жүйесінің тоғысуынан 
пайда болады. Мысалы, қазақ тіліндегі «қ» дыбысының «к» (қаз 
– каз, қар - кар), «ұ», «ү» дыбысының «у» (үй – уй, үш – уш) бо-
лып дыбысталуы «орыс акценті» деп аталады. Акцент диалектілік 
сөйлеудің әсерінен әдеби тіл жүйесінің бұзылуына да әкеп соғады 
(шана – чана, шалғы – чалғы)» [4, 49 б.]. 
Әдеби тілдің ауызша орфоэпиялық нормаларынан жөнсіз 
ауытқулар, ең алдымен, сөз қалай жазылса, солай дыбыстаудан, 
жазу жүйесі мен ауызша сөз жүйесінің өзді-өзіне тән ерекшелік-
теріне мән бермеуден туындап жатады. Сондықтан дұрыс сөйлеу-
ге бағыт-бағдар көрсететін құралдың бірі – орфоэпиялық сөздік 
қазіргі қоғамымыз үшін аса қажет. Бір ізге түскен арнаулы ере-
желер мен орфоэпиялық сөздіктер жазылу мен айтылудың ара-
сындағы айырмашылықты айқындап, сөздердің ауызша дыбыста-
лу нормасын көрсетіп, оларды жөнге салып отырады. Дегенмен 
«адам орфоэпиялық нормаларды, олар жөніндегі ережелерді, не-
гізінен, жаттау арқылы емес, құлақпен тыңдап, үйрену арқылы 
игереді. Бұл ретте күнде тыңдайтын теледидар үнінің орны ай-
рықша» [5, 15 б.]. 
Мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз нормалары 
мен тұрмыстық қатынастағы дискурстық тіліне тән дыбыстау нор-
маларын араластырмай, сауатты сөйлей білу де тілдік қарым-қа-
тынас үшін аса маңызды. Бұл ретте сөзді дұрыс айту нормалары 
мен орфоэпиялық ережелерді қамтыған Р. Сыздықтың «Сөз сазы» 
еңбегін атап айтуға болады. Аталған еңбекте қазіргі қазақ тілінде-
гі сөздердің әдеби нормаға сәйкес айтылу үлгілері мүмкіндігінше 
толық қамтылған. Сөздердің, сөз тіркестері мен сөйлемдердің ин-
тонациялық безендірілу үлгілері берілген. Жаңа сападағы орфоэ-
пиялық сөздіктер қазақ тіл білімінің фонетика, интонология, сөз 


66
мәдениеті салалары бойынша жүргізілген соңғы зерттеу нәтиже-
лерінің негізінде жасалған.
Сонымен, сөз табиғи естілу үшін, дыбыс түрленімінің бар-
лығын сақтап сөйлеу керек. Дыбыс түрленімін тудыратын себеп-
тердің қатарына дыбыстың сөз бен сөз тіркесіндегі орны, көрші 
дыбыстың әсері, логика-экспрессив үстемелер және әуен жатады. 
«Анықтықты дикторлар, негізінен, сөйлеу техникасын жетілдіру 
мен сөз логикасына көңіл қою амалдары арқылы қамтамасыз 
етсе, әсемдік пен әсерлілік, негізінен, сөзді дұрыс әрі көркемдеп 
айту арқылы жүзеге асырылады. Дыбыстар әуезін (гармониясын) 
сақтау – сахна сөзі мен радио, теледидар сөздеріне мамандық 
тұрғыдан қойылатын талаптардың бірі» [2, 15 б.].
Дауыстың динамикалық диапазоны; дыбыстың тасымалдануы; 
дауыс ырғағындағы икемділік, шапшаңдық; дауыстың шарық-
тауы кәсіби дауысқа тән негізгі сапалық белгілер болса, «инто-
нация сөзге рең береді, ал сөздің дұрыс құрылуы интонациялық 
мүмкіндіктерге жол ашады» [2, 62 б.].
Жалпы, мемлекеттік қызметші тілінде қолданылатын дискурс-
тың екі тәсілінің оқуға негізделген түрінде ауызша қызметі айқын 
байқалады, ал айтуға негізделген түрінде арнаулы ақпарат жа-
саушы мемлекеттік қызметші қызметі анық көрінеді. Мұндайда 
оқылым барысында кітаби-жазба тілдің кез келген үлгісі қолда-
ныла беруі мүмкін, ал айтылым кезінде дискурстық сөйлеу тілі 
стилінің кез келген үлгісі пайдаланыла беруі мүмкін. Мемлекеттік 
қызметші ресми сөйлесімде ақпараттарды «байыпты», «байсал-
ды», «салқынқанды» интонациялық мәнермен баяндайды. Мәтін 
интонациясын дұрыс қою және мәтінді дұрыс оқу немесе сөзді 
дұрыс айту ережесі мәтін мазмұнына қатысты белгілі бір ақпарат 
береді. Сондықтан мемлекеттік қызметшіні оқытуда ресми сөй-
леу мен жазуға ерекше назар аудару қажет. 
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға бо-
лады: мемлекеттік қызметшінің тіл мәдениеті күнделікті әдісте-
мелік жұмысты талап ететін күрделі мәселе. Ересек аудиторияға 
жататын мемлекеттік қызметшілерге арналған тілдік игертудің 


67
әдіс-тәсілдері қажеттілікпен байланысып жатқанда ғана тілдік 
құзыреттілікті көтеруге жұмсалады деп ойлаймыз.
Қазақстан Республикасында қазақ тілі балабақшадан баста-
лып, жоғары оқу орнына дейін оқылса да, жоғары білімді мем-
лекеттік қызметшілердің қазақ тілінде жазу, сөйлеу дағдылары 
қалыптаспаған. 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекет-
тік басқару академиясы жүргізген мониторинг нәтижелері семи-
нарларға қатысқан 5000 мемлекеттік қызметшінің 30 пайызының 
ғана қызмет қағаздарын ресми стильде толтырып, өз бетімен 
аналитикалық сараптамалық жазылымдарды құрастырып, еркін 
түрде коммуникацияға түсе алатын дағдыларының бар екендігін 
көрсетті. Ал 70 пайызының оқу, жазу, қарым-қатынасқа түсу, яғни 
тілдік құзыреттіліктерін арттыру қажеттілігі анықталды.
Аталған қажеттілік Академиямен жан-жақты зерттеліп, ересек 
аудиторияны, соның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің тілдік 
дағдысын арттыру арқылы құзыреттіліктерін арттыратын оқыту 
әдіс-тәсілдері, әдістемелері әзірленді.
2016 жылдың 13 маусым – 7 қазан аралығында көрсетілген 
әдіс темелермен министрліктерден жинақталған 300 мемлекеттік 
қызметші интенсивті-тренингтік, қашықтықтан оқытудың бағ-
дар ламалары бойынша тілдік білім алды. 
Оқытудың негізгі бағыты – мемлекеттік қызметшілердің қа-
зақ тілінде оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау дағдыларын қалыптастыру 
арқылы тілдік құзыреттілікті дамыту.
Баяндамада ересек аудиторияға, соның ішінде, мемлекеттік 
қыз метшілерге қазақ тілін сапалы оқыту әдістемелері қарастыры-
лып, мемлекеттік қызметке дейінгі тілдік білім беру мен мемле-
кеттік қызметшілерді оқытуды салыстыра отырып, сапалы оқыту-
дың әдістемелерін ұсынды. 
Сонымен қатар баяндамада мемлекеттік қызметшінің тілдік 
құзыреттілігін қазақ тілінде оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын артты-
ру арқылы игерту жолдары көрсетілген. 
Ұсыныстар:


68
1. Мемлекеттік қызметшілерді оқытуға арналған бағдарлама-
лар мобильді (икемді болуы тиіс). Мемлекеттік қызметке қандай 
семинарлар қажет, сондай бағдарламалар әзірленуі тиіс.
Облыстардағы мемлекеттік қызметшілерді Казтестпен ғана 
оқытпай, Академияның тілдік біліктілікті арттыру бағдарламала-
рымен де оқыту керек. Казтестті мемлекеттік қызметке орнала-
сатын мемлекеттік қызметшінің тілдік білім деңгейін анықтауда 
қолданған дұрыс, ал кәсіби, салалық тілдік білім беру Академия-
ның бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет