төртіншіден, белсенді лексика, әлбетте, күнделікті өмірде ең жиі
қолданылатын сөздерден тұрады. Мұны сөз қолданудың жиілік
қағидаты деп атадық; бесіншіден, тілдің сөзжасамдық арсеналы
да ескерілуі тиіс, өйткені, әрбір тілдің сөзжасамдық ерекшелік-
тері бар. Мұны сөзжасам мүмкіндігі қағидаты деп атаған жөн;
алтыншыдан, күнделікті өмірде адам әйтеуір бір ортада әрекет
етеді, соған орай, сөз таңдаудың тақырыптық қағидаты шығады;
жетіншіден, тілдегі жекеленген сөздер тіркесуі және сөйлемге
айналып қажетті ойды білдіруі үшін грамматикалық минимум
да қажет. Сондықтан сөз іріктеуде грамматикалық қағидат та
ескерілгені жөн. Біздің ойымызша, қазіргі таңда жоғарыда кел-
тірілген қағидаттарға сәйкес қазақ тілін үйретудің бастапқы дең-
гейіне арналған лексикалық минимумдарды анықтау қажеттілігі
туындайды. Егер мұндай минимум анықталмаса, тілімізді үйрету-
дің әдістемесі тиісті жолға қойылады деп айту қиын. Сондықтан
қазақ тілін үйрету саласында еңбек етіп жүрген оқытушылар,
әдіскерлер, ғалымдар осындай лексикалық минимумды айқындау
бағытында ізденгендері жөн деп ойлаймыз. Ол үшін сала маман-
дарының өздері де, тіл үйренушілер де осы бастапқы минимумға
енетін сөздердің тізбесін жасауы қажет. Жүздеген, тіпті мыңдаған
адамдардан жиналған мұндай тізбе сараланып, сарапталып айта-
лық, қазақ тілінің ең белсенді қолданылатын алғашқы 100, 200,
500, 700, 900 сөзі тиянақталуы керек. Осы сөздерді қолданып оқу
құралдары мен оқулықтар әзірленуі тиіс. Лексикалық минимумға
енетін жекеленген сөздерден алдымен сөз тіркестері, сөйлем-
дер содан соң мәтіндер дайындалуы қажет. Егер біз қазақ тілін
үйренуді енді бастаған тыңдаушыға алғашқы 100 сөзден бастап
700-900 сөзге дейін жүйелі үйрете алсақ, онда оларды ауызекі тіл-
де еркін сөйлеу дағдысына жеткізе аламыз.
Лексикалық және грамматикалық бірліктердің сөйлеу әрекетін-
10
дегі тұрақтылығы, қайталанушылығы ол бірліктердің жиілігін қа-
лыптастырады. Тіл үйрету барысында мұғалімдер мен әдіскерлер
әр деңгейге тән осындай жиіліктің жүйесін оқу үдерісінде пайда-
лануы қажет. Бұл тіл мен сөйлеудің арасындағы өзіндік ерекшелік-
терді аңғартуға үлкен мысал бола алмақ. Жалпы тілдік жүйе бар
да, сөйлеу жүйесі бар. Әлгіндей жиілік сөйлеу жүйесінің көрінісі.
Осыдан сөйлеудің семантикалық жүйесі жасалмақ. Лексикалық
минимум қалыптастыру барысында біз осыларға айрықша назар
аударғанымыз жөн. Ол үшін ілгеріде аталған сөздер тізбесін жа-
саудың тәжірибелері жинақталуы қажет.
Тіл үйренушіге сол тілдің он мыңдаған, жүз мыңдаған сөздері-
нен бірнеше жүз, бірнеше мың сөз ғана іріктелініп алынып ұсы-
нылады. Бұл тіл үйретудегі ең алғашқы, ең маңызды әдістемелік
әрекет. Яғни, мұғалім ең алдымен нені және қаншалықты көлемде
ұсынуды біліп алуы қажет болса, екіншіден, сол көлемді қалай үй-
ретуді түйсінуі керек. Осы екеуін жетік меңгерген адам ғана жақсы
оқытушы, үздік әдіскер бола алады. Қазіргі кезеңде осындай лекси-
калық минимумдар анықталмағандықтан, күнделікті ауызекі тілде
мүлдем қолданылмайтын немесе аса сирек қолданылатын сөздер
оқулықтарымыз бен оқу құралдарымызда көптеп кездеседі. Лекси-
калық минимумға мән бермегендіктен де сол оқулықтыр мен оқу
құралдарында қажетсіз грамматикалық материалдар, қазақ халқы-
ның салт-дәстүрі, тарихына қатысты материалдар шамадан тыс
кездесіп жатады. Бұл тіл үйренушінің күнделікті қажетті лексика-
лық сұранысын ескермегендіктен туындайды. Біз міндетті лекси-
калық минимумды қалыптастыра алмасақ, қазақ тілін үйрету са-
ласындағы олқылықтарға бұдан кейінгі уақыттарда да жол беретін
боламыз. Сондықтан осыны болдырмау үшін төл әдістемемізді
жүйелі арнаға бұратын уақыт келді.
Тілдің байлығы бар да оның қызметі бар. Біз сол байлықтың
белгілі бір мөлшерін ғана алып тіл үйренушіге ұсынамыз. Тіл
үйренуші біз үйреткенді күнделікті өмірде қолдана алса, ол
сол тілдің қызметін пайдалана алғаны. Егер оқытушылар мен
әдіскерлер қазақ тілін үйретуде ең жиі қолданылатын бастапқы
11
лексикалық минимумға баса назар аударып, оны күнделікті жұ-
мыстарына негіз етсе, тіл үйретудің де сапалық деңгейі артар
еді. Біз осы жобаны жүзеге асыруда ең алдымен ғалымдардың,
әдіскерлердің, мұғалімдердің назарын осыған аударғымыз келді.
Әрине, бұл әдіс теме саласындағы бұрын белгісіз болып келген
беймәлім мәселе емес. Біздің мақсатымызды белгіліні нақтылау,
барды ұқсату деп ұғынған жөн. Күнделікті қажетті лексиканы
әр сабақта оқытушылар да ұсынып жүргенін білеміз. Оған қоса,
«ҚАЗТЕСТ» мамандары да лексикалық минимумдар дайындаған.
Бұл жұмыс үстіміздегі жылы Білім және ғылым министрлігінің
тапсырысымен орыстілді мектептерге арналған кешен ауқымын-
да да орындалыпты. Мұндай бастамашы әріптестерге сәттілік
тілейміз.
Біздің орталық 2015 жылдан бастап «Қазақ сөзі» жобасын жү-
зеге асырып келеді. Бұл жобаның негізгі мақсаты қазақ тілін үй-
ренушілерге ең қарапайым деңгейде білуге тиісті бастапқы сөздік
қорды ұсыну. Осы арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге
болады деп ойлаймыз:
- белсенді лексикаға тіл үйренушілердің жіті назарын аударады;
- тіл үйренудегі жүйелілікті қалыптастырады;
- тілді игерудің нәтижелі болуына бағыт береді;
- тек қажетті лексикалық бірліктерді меңгертеді;
- қазақ тілін үйрету әдістемесін жетілдіруге үлес қосады.
Әрине, әр бастаманың толықтырар тұстары боларын түсі-
неміз. Мұндай бастамашылық жұмыстар көпке ортақ, сондықтан
бұл бағытта болашақта атқарылар жұмыстарға ғалымдардың,
әдіскерлердің, мұғалімдердің атсалысқаны жөн.
|